А ртериал ды гипертензи я синдром ы кезіндегі диагностик алау а лгоритм і



Ішкі аурулар

Жөтел кезіндегі рационалды диагностикалау а лгоритм і

 

$$$001

Обструктивті бронхитте  қандай механизм басты болып табылады?

A) Ісік

B) Дискинезия

C) Дискриния

D) Бронхоспазм

E) Гиперплазия

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$002

16 жасар ұл, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?

А) Staphylococcus aureus

В) Steptococcus pneumoniae

С) Klebsiella  pneumoniae

D) Micoplasma pneumoniae

Е) Haemophilus influenzae

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И. 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$003

38 жасар әйел, аз қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Оң балтырында диаметрі 2х2 см анық емес тығыз түзіліс бар. Тынысы жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде перкуторлы екі жақта да VI қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар. Бауыры 12-9-8 см, көкбауыр 9-6 см. Рентгенограммада: екі жақтың жоғарғы бөлімдерінде өкпе паренхимасының диффузды зақымдануы анықталады. Бронхөкпелік лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Өкпе ісігі

В) Фиброзидаушы альвеолит

С) Өкпе туберкулезі

D) Актиномикоз

E) Өкпе саркоидозы

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$004

56 жасар ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, температураның жоғарылауына, ентігуге шағымданады. Қарағанда: терісі көгерген, мұрын қанттарының кернелуі бар. Дене температурсы 39,80С. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Оң және сол жауырын бұрышынан төмен өкпеде перкуторлы дыбыс қысқарған, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауы: эритроциттер-4,2х1012/л,гемоглобин-145г/л,лейкоциттер-14,2х109/л,таяқша ядролылар 10 %, сегментядролылар 62%, лимфоциттер-23%, моноциттер-5%, ЭТЖ 38 мм/сағ 

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?

А) Микоплазма

B) Саңырауқұлақтар

C) Пневмококк

D) Стафилококк

E) Вирустар

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$005

59 жасар ер адам, ентігуге, қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге, кеудесінің оң жағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,60С. Тыныс жиілігі минутына  34 рет. Өкпенің оң жақ жоғарғы бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына 116 соққы. Қан талдауында: лейкоциттер-18х109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпе жоғарғы бөлігінде инфильтрация анықталады.

Көрсетілгендер ішінде қайсы ем ЕҢ тиімді болып табылады?

А) Ровамицин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке

В) Ципрофлоксацин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке

С) Линкомицин 30% 2 мл тәулігіне 2 рет бұлшық етке

D) Амоксациллин/сульбактам 1500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға

E) Цефтриаксон 500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

 

$$$006

30 жаста ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, қалтырауға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлімінде перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталуы, аускультативті әлсіреген тыныс фонында майда көпіршікті сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер - 4,2х1012/л, гемоглобин – 132 г/л, лейкоциттер 11,6х109/л, таяқша ядролылар – 9 %, сегментті ядролылар – 66%, лимфоциттер – 21%, моноциттер – 4%, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ төменгі бөлімінде гомогенді күңгірттену.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді антибиотик қайсысы?

A) Азитромицин 500 мг күніне 1 рет ішке

B) Ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет ішке

C) Цефазолин 1 грамм 2 рет бұлшық етке

D) Линкомицин 30% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке

E) Гентамицин 4% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И. 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= РА

 

Өкпедегі ошақты түзілістер кезіндегі рационалды диагностикалау а лгоритм і

$$$007

Пневмококты пневмонияға ЕҢ сәйкес келетін патоморфологиялық көрініс қандай?

А) Өкпелер деструкциясы

В) Фиброзды қабыну

С) Көптеген некроз ошақтары

D) Инфаркт тәрізді өкпе некрозы

E) Интерстициальді зақымдану

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И. 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$008

Ер адам 48 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, аускультатияда ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммда: оң жақ S6, S9 сегменттерінде домалақ формалы, диаметрі 3 см сұйықтық деңгейімен екі қуыс анықталды. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Аталған микроорганизмдер ішінде көрсетілген аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғышы қайсысы?

А) Staphylococcus aureus

В) Steptococcus pneumoniae

С) Klebsiella  pneumoniae

D) Micoplasma pneumoniae

Е) Haemophilus influenzae

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$009

39 жасар әйел, ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, еріндері көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде екі жақ жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: крепитация естіледі. Жалпы қан талдауы: эритроциттер – 8х1012/л, гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 16х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенограммада – өкпе негізінде күңгірт шыны тәрізді ошақты өзгерістер, ұсақ  кистозды түзілістер анықталады.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Өкпе ісігі

В) Фиброздаушы альвеолит

С) Туберкулез

D) Актиномикоз

E) Саркоидоз

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$010

Ер адам 70 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 40,10С. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлімдерінде дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің (S2) сегментінде сұйықтық деңгейімен домалақ формалы қуыс анықталады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер -18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілгендер ішінде этиологиялық критерилері бойынша ЕҢ ықтимал болжам диагноз қайсысы?

А) Стафилококты пневмония

В) Пневмококты пневмония

С) Фридлендерлік пневмония

D) Микоплазмалық пневмония

Е) Гемофильді пневмония

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$011

Ер адам 47 жаста, күшті жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, тырналған іздер бар. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінің өлшемі 1 см, тығыз. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Оң жақ өкпеде үшінші қабырғааралықтан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген. Жалпы қан талдауы: эритроциттер–3,2х1012/л, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер–8,6х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі болып табылатын қайсысы?

А) Ультрадыбысты зерттеу

В) Рентгенографиялық зерттеу 

С) Компьютерлік томография

D) Өкпе бронхоскопиясы

E) Радиоизотопты сканирлеу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

  

$$$012

Ер адам 56 жаста, қақырықпен жөтелге, түнгі тершеңдікке шағымданады. 2 апта бұрын құрт  инвазиясы анықталған. Қарап тексергенде: терісі бозғылт. Тыныс алу жиілігі минутына 28 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғаарлықтан төменгі бөлікте дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада оң жақ өкпенің S6 сегментінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, эозинофильдер 12%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Қақырық талдауында эозинофильдер бар. 

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді дәрілік препараттар тобы қайсы?

А) Макролидтер

В) Цефалоспориндер

С) Фторхинолондар

D) Аминогликозидтер

E) Жартылай синтетикалық  пенициллиндер

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

 

Тұншығу ұстамасы кезіндегі рационал ды диагностик алау а лгоритм і

 

$$$013

Бронх демікпесінің дисгормоналды түрі даму үшін қандай себеб ЕҢ болжамды?

A) Жүйелі глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

B) Жүйелі глюкокортикоидтардың үлкен дозалары

C) Бүйрек үсті безінің қыртысты қабат қызметінің жеткіліксіздігі

D) Кортизонға тіндік тұрақтылық

E) Ингаляциялық глюкокортикоидтарды пайдалану

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$014

46 жасар ер кісі. Құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, ысқырықты тынысқа, ентігуге шағымданады. 2 жыл бұрын бірінші тұншығу ұстамасы пайда болды, содан кейін 3-4 айда 1 рет қайталанып отырды. Үйінде кілемдер, көп кітаптар бар. Объективті: Тыныс жиілігі минутына 32 рет, дем шығаруы ұзартылған ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы кернелген, перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс, екі жақтан құрғақ ысқырықты және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Төменде көрсетілген себебтердің ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Тағамдық

B) Тұрмыстық

C) Саңырауқұлақтық

D) Шаңдық

E) Эпидермальді

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$015

38 жастағы әйелге жедел жәрдем дәрігері шақырылды. Еттекір күндерінде тұншығу ұстамасына, бас ауруына, қозғыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: бұл шағымдар жүктілікті үзгеннен 3 айдан кейін пайда болды. Объективті: науқас мазасыз, терісі ылғалды, көгерген, сырылдар арақашықтықта естіледі, қолына сүйеніп отыр. Тыныс жиілігі минутына 24 рет. Аускультацияда өкпесінде көптеген құрғақ сырылдар. Пульс минутына 100 соққы.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Истериялық демікпе

B) Дизовариальді бронх демікпесі

C) Жүрек демікпесі

D) Инфекционды-тәуелді бронх демікпесі

E) Бронх демікпесінің атопиялық түрі

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$0 16

Дәрігер 40 жастағы әйел бухгалтерге шақырылды. Бұрын тағайындалған флютиказон ингаляцияларына қарамастан арақашықтықта естілетін тұншығу ұстамаларының күшеюіне шағымданады. Объективті: бозғылт, қолына сүйеніп отыр. Өкпені тындағанда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Бронх демікпесі

B) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

C) Тыныс жолдарының бөгде денесі

D) Фиброздаушы альвеолит

E) Өкпенің саркоидозы

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$017

Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Спирометрия

B) Пикфлоуметрия

C) Рентгенография

D) Қақырық анализі

E) Томография

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$018

40 жастағы ер кісі. Дем шығаруының қиындауымен тұншығу ұстамасына шағымданады. Беклометазон пропионат 250 мкг күніне 2 рет, формотерол 12 мг күніне 2 рет қабылдайды. Бес кү бұрын респмраторлы инфекциямен ауырғаннан кейін, ұстамалар қайталанып, жиіленді. Объективті: аускультацияда құрғақ сырылдар көбейіп, пикфлуометрия көрсеткіштері таңертең 380% 1 минутта керек көрсеткіштен, кешке – 480% керек көрсеткіштен.

Қандай дәрілік затты қосу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Флютикозон дипропионат күніне 800 мкг дейін

B) Амоксациллин/клавунат 625 мг күніне 3 рет

C) Эуфиллин 150 мг күніне 3 рет

D) Лоратидин 10 мг тәулігіне 1 рет

E) Ацикловир 400 мг тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 

Ұзаққа созылған гипертермия кезіндегі диагностик алау а лгоритм і

$$$019

Лимфогрануломатоз диагнозын нақтылау үшін көрстеілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қайсысы?

A) Лимфа түйінінің биопсиясы

B) Компьютерлік томография

C) Сүйек кемігінің стернальды пункциясы

D) Лимфа түйіндерін радиоизотопты сканирлеу

E) Рентгенконтрасты затпен лимфография

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$020

26 жасар ер адам, іріңді жағымсыз иіспен қақырықты жөтелге шағымданады. Нашақор. 4 айдан бері субфебрильді температура, іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Қарап тексергенде: беті ісінген, терісі мен шырышты қабаттары көгерген, саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары - «сағат әйнегі» тәрізді. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Перкуторлы сол өкпенің ортаңғы бөлігінде тұйықталу, амфорикалық тыныс, ылғалды сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 108 г/л, лейкоциттер 14,5х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Өкпе ргі

B) Кавернозды туберкулез

C) Шіріген киста

D) Плевра эмпиемасы

E) Өкпе абсцессі

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$021

30 жасар ер адам, омыртқасындағы, әсіресе бел аймағындағы қозғалыстың шектелуі мен тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Алғаш рет 5 жыл бұрын пайда болған, субфебрильді температурамен бірге жүретін.Жылу процедураларымен емделген. Бір жылдан кейін омыртқаларындағы құрысулар күшейе түскен. Қарап тексергенде: боз, салмағы 62 кг, бойы 172 см. Омыртқасында қозғалыс қатты шектелген, арқа мен сан бұлшықеттерінінің  айқын атрофиясы.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Ревматоидты артрит

B) Псориаздық артрит

C) Омыртқа остеохондрозы

D) Анкилоздаушы спондилоартрит

E) Туберкулезді спондилоартрит

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$022

25 жасар қыз, әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфибрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақта пульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.

Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Ангиография

B) Тамырларды ультрадыбысты зерттеу

C) Компьютерлік томография

D) Рентгенография

E) Магнитті резонансты томография

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$023

45 жасар әйел, буындарында ісіну мен ауру сезімі, таңертеңгілік құрысулар, дімкәстікке, 4 айдан бері субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Алақан-саусақ, проксиамльды саусақаралық буданда, білезіктерінде, сол жақ тізе буында, тобық-табан және өкше-бақайаралық буындарында ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, жұмсақ ісіктер мен жергілікті температура көтерілуі бар. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 98 г/л, лейкоциттер 4,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.

Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Латекс тест

B) Валер-Роузе реакциясы

C) Sm-антигеніне антиденелер

D) Антинуклеярлы антиденелер

E) Нативті ДНҚ-ға антиденелер

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$024

20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.

Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) LE - жасушалар

B) Ақуыз және оның фракциялары

C) Sm-антигеніне антиденелер

D) Антинуклеярлы антиденелер

E) Нативті ДНҚ-ға антиденелер

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

А ртериал ды гипертензи я синдром ы кезіндегі диагностик алау а лгоритм і

$$$025

Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет түріндегі жанама әсер қайсы антигипертензивті препаратқа тән?

A) Нифедипин 20 мг

B) Амлодипин 5 мг

C) Периндоприл 4 мг

D) Бисопролол 5 мг

E) Лозартан 50 мг

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$026

18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке.  яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде  II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Қолқа коарктациясы

B) Гиперальдостеронизм

C) Түйінді периартериит

D) Спецификалық аортоартериит

E) Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$027

32 жасар әйел, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Феохромоцитома

B) Гиперкортицизм

C) Қолқа коарктациясы

D) Гиперальдостеронизм

E) Бүйрек артерияларының стенозы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$028

Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б.

Аталған  препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Бета-адреноблокаторлар

B) Ұзақ әсерлі нитраттар

C) Кальций антагонистері

D) Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары

E) Тиазидті диуретиктер

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$029

55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген

Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Бисопролол 5 мг

B) Амлодипин 5 мг

C) Периндоприл 4 мг

D) Индапамид 2,5 мг

E) Лозартан 50 мг

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$030

35 жасар әйел, қатты бас ауруына, шөлдеуге, жүрек қағысына, төс артындағы ауру сезіміне, айқын әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде бір жыл бойы гипертензиялық криздер, криз жиі көп мөлшерде зәр шығарумен аяқталады. Қарағанда: қозған, терісі боз, ылғалды. Дене температурасы 37,80С. Пульсі 115 соққы минутына. Артериальдықан қысымы 180/110 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған Қан талдауында: эритроциттер 5,2х1012/л, гемоглабин 145 г/л, лейкоциттер 16,3х109\л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қандағы қант 6,7 ммоль/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

A) Рентгенография

B) Электрокардиография

C) Ультрадыбысты зерттеу

D) Радиоизотопты сканирлеу

E) Магнитті-резонансты томография

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

Жүрек ырғақтары бұзылыстары кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$031

Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфаркті кезінде ЕҢ жиі қарыншалар фибрилляциясына әкеледі?

A) Жүрекше жыбырлауы

B) Жүрекшк тыпырлауы

C) Синустық тахикардия

D) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

E) Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$032

60 жасар ер адам, ентігуге, бас айналуына, қысқа мерзімді талмаға шағымданады. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, пульсі сирек, ырғақты минутына 52 рет, артериалды қан қысымы 100/70 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. ЭКГ: Р тісшесі мен QRS комплексі арасында байланыс жоқ. Р-Р интервалы 0,75 секунд, R-R интервалы 1,2 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

A) Синоаурикулярлы бөгет

B) Толық атриовентрикулярлы бөгет

C) Атриовентрикулярлы бөгет I дәрежесі

D) Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі I тип

E) Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі IІ тип

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$033

56 жасар ер адам, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 142 рет, артериалды қан қысымы 140/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: R-R интервалдары 0,40 секунд, Р тісшесі кейбір QRS комплекстерінің алында жоқ немесе  әрбір QRS комплексінің алдында кейде артында кездеседі, QRS комплексі 0,11 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

A) Жыпылықтаушы аритмия

B) Жүрекше тыпырлауы

C) Суправентикулярлы экстрасистолия

D) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

E) Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$034

Ер адам 55 жаста, төс артындағысолжауырынға берілетін, физикалық күшпен байланысы жоқ күйдірген ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: Жүректің соғу жиілігі минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, дұрыс,минутына 90 рет, жүректің электрлік өсі күрт оңға ауытқыған. QRS комплексі 0,14 секунд. II, III, aVF, V1-V3 әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы биік, дискордантты ST сегменті және T тісшесімен. I, II, aVL, V5, V6 әкетпелерінде R тісшесі төмен амплитудалы және терең S тісшелер.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал бөгет қайсысы?

A) Қарынша ішілік бөгет

B) Гис шоғырының оң аяқшасының бөгеті

C) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгеті

D) Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгеті

E) Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес бөгеті

{Дұрыс жауап} = B    

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$035

35 жастағы әйел, ентігу, түнгі тұншығу ұстамасына, қан түкіруге, жүрек қағысына шағымданады. Қарап тексергенде: еріндері көгерген, беттері қызыл шыраймен. Аускультативті: шапалақтаушы I тон, өкпе артериясы тұсында II тонның акценті, екі жармалы қақпашаның шертіп ашылуы, жүрек ұшында диастолалық шу. ЭКГ: ырғағы дұрыс емес, электрлік осі қалыпты жағдайда, Р тісшесі жоқ, майда f толқындары, R-R интервалыт 0,75-тен 0,45-ке дейін, R тісшесінің амплитудасы әртүрлі, P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Бисопролол

B) Лидокаин

C) Дилтиазем

D) Верапамил

E) Дигоксин 

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004) 

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = РА

 

$$$036

Ер адам 62 жаста, жүрек қағысындағы бөгеліске шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 92 рет, артериалды қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқада II тонның акцентіЫрғағы дұрыс емес. Электрокардиограммада: синустық тахикардия, минутына 100 соққы, кезексіз QRST комплекстері, QRS комплексі 0,13 секунд. Т тісшесі QRS комплексіне дискордантты. QRST кейін толық компенсаторлық үзіліс.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Лидокаин

В) Новокаинамид

C) Амиодарон 

D) Верапамил

E) Нифидипин

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

 

Кеуде қуысы ауруы кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$037

Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфарктінің диагностикасын қиындатуы мүмкін?

A) WPW синдромы

B) Жүрекше жыпылықтауы

C) Қарыншалық экстрасистолия

D) Гис шоғыры сол аяқшасының толық бөгеті

E) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$038

48 жасар ер адам, тегіс жермен 600 метр жүргенде және 3-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық, тоқтағанда басылатын төс артындағы басып ауыруына шағымданады. Ауру сезімі 3 аптадан бері. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75, артериалды қан қысымы 120/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

A) Алғаш пайда болған стенокардия

B) Жедел миокард инфаркті

C) Күш түсу стенокардиясы  ФК III

D) Вазоспастикалық стенокардия

E) Үдемелі стенокардия

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$039

Ер адам 55 жаста, 300 метр жүргенде және екінші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-10 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. 6 айдан бері ауырады, кейде нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі 80 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 130/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

A) Алғаш пайда болған стенокардия

B) Күш түсу стенокардиясы  ФК I

C) Күш түсу стенокардиясы  ФК II

D) Күш түсу стенокардиясы  ФК III

E) Күш түсу стенокардиясы  ФК IV

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$040

Ер адам, 45жаста. Таңға жақын төс артында қатты басып ауыру, жүрек қағысы, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: акроцианоз, суық жабысқақ тер, жүректің соғу жиілігі 90 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі минутына 85 рет. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Күш түсу стенокардиясы  

B) Вазоспастикалық стенокардия

C) Үдемелі стенокардия

D) Алғаш пайда болған стенокардия

E) Жедел коронарлы жетіспеушілік

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$041

Ер адам 60 жаста, төс артындағы, төменгі жаққа берілетін қатты ауру сезімінен кенеттен оянды, 2 рет изокет қабылдады, ауру сезімі басылмады. Айқын әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синустық тахикардия минутына 95 ретке дейін. Жүректің электрлік осі көлденең.  II, III, aVF әкетпелерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы, I, aVL, V2-V4 әкетпелерінде ST сегментінің депрессиясы.

Көрсетілген тексерулер ішінде бірінші орындағы ЕҢ спецификалысы қайсысы?

А) Миоглобин деңгейі

B) Лактатдегидрогеназа деңгейі

C) Тропонин Т ферментінің деңгейі

D) Тропонина I ферментінің деңгейі

E) Кератинфосфокиназы деңгейі

Е) МВ-кретининфосфокиназа деңгейі

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} =(Руководство для врачей скорой помощи. В.А Михайлович,

-С.П.б: Невский диалект -2005

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= РА

 

$$$042

55 жасар әйелде, физикалық күшпен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин ішкенде басылатын жүрек тұсында қысып ауыру пайда болады. Анамнезінде Аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюі. Қарап тексергенде: Артериалдық қан қысымы 160/90 мм.с.б.б. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

A) Велоэргометрия

В) Обзиданмен сынама

C) Эхокардиография

D) Коронароангиография

E) Тәуліктік мониторлау

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

 

Жүрек ақаулары кезіндеі диагностикалау алгоритмі

$$$043

Атриовентрикулярлы тарылуда қандай жүрек ырғағының бұзылысы ЕҢ тән?

A) Экстрасистолия

B) Жүрекше жыпылықтауы

C) Жүрекше тыпырлауы

D) Синусты брадикардия

E) Пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$044

30 жасар әйел, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы шаншып ауруға шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол қыры бойымен мезосистолалық сыртыл және үрлеуші  систолалық шу естіледі, шу тік қалыпта, Вальсальва сынамасында күшейеді және жүресінен отырғанда азаяды. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде T тісшесі теріс.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Екі жармалы қақпаша пролапсы

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$045

24 жасар әйел, жүрек тұсындағы шаншып ауруға, жүрек қағысына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 92 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң жиегі бойымен, жоғарғы - III қабырға бойымен, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқа орналасқан. Жүрек ұшында I тон шамалы әлсіреген, систоланың көп бөлігін алатын, нәзік систолалық шу естіледі. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, 95 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. P-mitrale, сол қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Екі жармалы қақпаша пролапсы

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$046

29 жасар әйел, ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 14 жасында полиартритпен ауырған. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, ұшында диастолалық шу. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, минутына 95 рет. Электрлік өсі қалыпты. P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы. Жүрек рентгенографиясы: контрасталған өңеш кіші радиус доғасымен ауытқуы.

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша тесігінің тарылуы

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

 

$$$047

28 жасар ер адам. Шағымдары жоқ. Профилактикалық тексеруге келген. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүректің соғу жиілігі минутына 89 рет, пульсі 75 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, диастола басында жоғарғы жиілікті тон, ұшында қатаң диастолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қандай?

A) Рентгенография

B) Эхокардиография

C) Допплерография

D) Фонокардиография

E) Электрокардиография

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$048

36 жастағы әйел ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: тынысы минутына 28 рет. Пульсі минутына 92 рет. Оң тізе буыны ісінген, ауырсынумен, қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 2 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол- ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа орналасқан. І тон ұшында күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, жүрек ұшында пресистолалық және барлық систоланы алатын үрлемелі систолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде қандай зерттеу ЕҢ информативті болып табылады? 

A) Серомукоид

B) Сиал сынамасы

C) Жалпы қан талдауы
D) Антистрептолизин-О
E) Ақуыз және оның фракциялары

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 184; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!