Студенттерге берілетін тапсырмалар



1. Әлемдік саясат түсінігі мен халықаралық қатынастар жүйесі.

2. Халықаралық саяси институттар, олардың ерекшеліктері мен мақсатттары, түрлері.

3. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.

4. Тәуелсіз Қазақстанның саяси проблемалары.

5. Қазақстан және аймақтық мемлекетаралық құрылымдар.

6. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

7. Американ ғалымы П.Гуревич қоғам ішіндегі қатынастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себепті атап өтті.

8. Халықаралық қатынастағы «ұлттық мүдде» ұғымы.

Cеминар №14. Әлемдік геосаяси кеңістіктегі қазіргі Қазақстан.

ҚР сыртқы саясат басымдықтары

Сабақтың жоспары:

Геосаясат

2. Әлемдік геосаяси кеңістіктегі қазіргі Қазақстан.

3. ҚР сыртқы саясат басымдықтары.

Сабақтың мазмұны:

Геосаясат . Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы- саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың қүралын көреді. «География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшелінеді. Министрлер келеді және кетеді, тіпті диктаторлар да қайтыс болады, ал тау тізбектері өзгеріссіз қалады»- деп жазады американдық геосаясаткер Спайкмен.

Осы заманға түсініктегі геосаясат- негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты. 

Чжень Кунь Фу геосаясат туралы ойын былай білдіреді: «геосаяси тұрғыда ойлау- өркениеттің гүлденуімен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды».

Геосаясаттын негізін салушының бірі- неміс ғалымы Фридрих Ратцель.Ол өзінің «Саяси география» атты еңбегінде мемлекет - бұл топыраққа тамырландырылған тірі организм деп жазады. Мемлекет- бұл кеңістіктік құбылыс, сол кеңістікпен басқарылады және тіршілік етеді, оны сипаттайтын, салыстыратын, өлшейтін география деп жазады. Ол бірінші болып ірі елдерде географиялық экспансия тенденциясы пайда болатындығын айтты. Нағыз әлемдік держава оның ойынша теңізге ие елдер- Рим, Испания, Англия болады. Мемлекеттің кеңеюі немесе тарылуы- табиғи процесс,өмірлік циклмен байланысты. Ф.Ратцель мемлекеттің кеңістіктік дамуының мына жеті принципін атап көрсетті:

· мемлекет кеңістігі оның мәдениеті дамуымен бірге өседі;

· мемлекет өсуі сауда мен қоғам өмірінің барлық саласы дамуын қажет етеді;

· мемлекет өсуі ұзақ мемлекеттерді қосып алу арқылы жүзеге асады;

· шекара- бұл мемлекеттің перифериялық органы, ол оның өсуінің, күші мен әлсіздігінің белгісі, ол оның организміне өзгеріс әкелу мүмкіндігі;

· мемлекет өзіне қоршаған ортаның ең құнды элементтерін иеленуге тырысады: жағалау аймағын, өзен аңғарын, ресурсқа бай ауданды;

· территориялық даму дамыған өркениеттен келеді;

· бірігу тенденциясы- мемлекеттің өзіндік сипаты, барлық уақытта өз күшінде болады.

Рудольф Челлен алғаш рет «геосаясат» ұғымын енгізген швед ғалымы болып табылады. Ол «геосаясат» ұғымы бұл мемлекет кеңістікке енгізілген географиялық организм ретінде қарастыратын ғылым деп түсіндірді. Оның негізгі тезисі, мемлекет тірі организм, оны өзінің «Мемлекет өмір формасы ретінде» деген кітабында дамытты. Ф.Ратцель мемлкетті өзінің биологиялық жүйесінде организмнің төменгі типіне теңесі, ал Р.Челлен мемлекет тарихтан байқағанымыздай адам сияқты, сезетін және ойлайтын жәндік деді. Осында ол барлық организмнің мәні «өмір сүру үшін күрес», сондықтан да мемлекет те «өмір сүру үшін күресді» деп тұжырым жасайды. Оның «өмір сүру үшін күресі» кеңістік үшін күрес. Үлкен мемлекеттер өз кеңістігін ұзақтар негізінде кеңейтіп отырады деп санады. Басқа сөзбен айтқанда мемлекет организмінің өсуі соғыс арқылы өтеді, бұл фактілер жанында адамдар әлсіз деп айтады.

Челлен автаркия заңын енгізді.мемлекеттің өмір сүруі үшін күш маңызды фактор, ол заңнан да күшті деп санады. Оның ойынша заңның өзі күш арқылы сақталынады. Егер заң мемлекетке адамгершілік-рационалды элементтерді енгізсе, ал күш табиғи органикалық импульстерді береді деп санады. Ол жаһандану геосаясатында үш негізгі географиялық фактор шешуші рөл атқарады деп санады: олар кеңею, территориялық монолиттілік, еркін қозғалу /Англия мен Ресейді салыстыру керек/.

Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономикалық көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызады. Екі ірі державалар арасында ұлан-байтақ аумақта орналасқан біздің еліміз белсенді саясат жүргізудің қосымша мүмкіндігін алады. Мұндай саясат ұзақ мерзімді мүдделерді қамтамасыз етудегі табандылықпен қатар жоғары деңгейдегі ептілік пен табандылықты талап етеді. Әлемдік теңіз комуникацияларына тікелей жолдың жоқтығы, халықтың шашырап орналасуы, аумақтың көлемімен салыстырғанда қазақстандық экономиканың ауқымының аздаға сияқты әлсіз тұстарымыз баршылық. Бір жағынан географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді.

Cеминар №15.  Стратегия – 2050. Қазақстан Республикасының жаңа саяси бағыты

Сабақтың жоспары:

1. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жаңа бағыттың экономикалық сясаты. Әлеуметтік саясаттың жаңа кағидалары. Мемлекеттілікті әрі карай бекіту және Қазақстандық демократияның дамуы.

2. ҚР сыртқы саяси мен аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті нығайту. Экономикалық және сауда дипломатиясының дамуы. Күшті және сәтті мемлекет. Демократияландыру мен либералдандырудың тұрақты процесі. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясы.

3. КР Мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері. Студенттік жастар саясатының нысаны ретінде. Жастардын саяси қатысуы. Жастар ұйымдары. Қазіргі жастардың саяси мәдениеті.

Сабақтың мазмұны:

Мемлекеттердің даму қарқыны мен бағыты көп жағдайда стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі қалыптасқан, қуатты да табысты, әрі әлемдік қоғамдастық таныған мемлекет құрылды.

Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992ж.), «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997ж.), «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» (2010ж.) және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сияқты  стратегиялық бағдарлама-ларында айқындалған. Демек, дамудың эволюциялық жолына бағытталынған және болашақ даму міндеттерін айқындайтын Қазақстанның саяси даму стратегиялары кешендік және жүйелілік сипатқа ие болып табылады.

«Қазақстан - 2030» Президенттік стратегиясы  ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік орнаған, халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған жетудiң жолдары мен әдiстерiн айқындаған құжат. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай он бес жыл ішінде мықты стратегияға ие болып, әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере алдық. «Қазақстан-2030» стратегиясының жеті ұзақмерзімді басымдылықтары: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірігуі; экономикалық даму; денсаулық пен білім беру және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы; экономикалық ресурстар; инфрақұрылымның дамуы; кәсіби үкіметтің қалыптасуы жүзеге асырылды (1-слайд). Биылғы Жолдауда «Қазақстан-2030» стратегиясына, «осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді» - деп жоғары баға берілген.

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» бөлімінде міндеттердің жаңа парадигмасын ұсынып, қайда бет алдық? деген сұраққа жауап берілді. «Қазақстан-2050» стратегиясында жаңа саяси бағыттың мақсатының бірі ретінде «мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» - басымдылығы ұсынылған.

 

 

«Қазақстан-2050» стратегиясында біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру, ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс - деп атап көрсетілген.

 

 

«Қазақстан-2050» стратегиясында жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мақсаты алға қойылды.

 

 

Стратегияда орталықсыздандыру идеясы ұсынып, орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту – деп ескертеді.

 

 

 

Жолдауда  өркениетті жолмен жүру үшін қоғамды одан әрі демократия-лануына бағыт ұстау міндетті қойылған. Сонымен бірге, парламенттің өкілеттіктерін күшейту саясатын жалғастыру қажеттілігі атап айтылған.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы: Білім, 1997. - 256 б.

2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.- 372 б.

3 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. -178 б.

4 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Бағдарламалық мақала, 2012 жыл, 10-шілде.

5 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивтік дәрісі, 2012 жыл, 6 қыркүйек.

6 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Астана, 2012 жыл, 14 желтоқсан.

7 Антология мировой политической мысли в 5 томах. / Нац. обществ.-научный фонд. Академ. политических наук. – М.: Мысль, 1997.

8 Алексеева Т.А.Современные политические теории. М., 2000

9  Арон Р. Основные этапы развития социологической науки. М., 1992.

10  Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану. Оқулық.  Алматы, 2005.-264б.

11 Байдельдинов Л.А., Бурханов К.Н., Соловьев А.В. Политология. Учебное пособие. Алматы: Қазақ университетi, 2000

12 Бачинин В.А. Политология. Энципклопед. словарь. М.,2005г. -288с.

13  Дегтярев А.А. Основы политической теории. М., 1998

14  Жамбылов Д. Саясаттану негiздерi, Алматы: Жеті Жарғы,2003.-288б.

15  Казахстанская политологическая энциклопедия. Алматы, 1998.

16  Нартов Н. Геополитика. М,1999г.

17  Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулегулов А.. Эволюция политической системы Казахстана. в 2-х томах. Алматы,2001г.

18  Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы, перспективы. Алматы, 1999.

19  История политических и правовых учений: Учебник для вузов / Под. общ.ред. В.С. Нерсесянца. М., 1997

20 Общая и прикладная политология /Под. ред. проф. Жукова В.И., проф. Краснова Б.И. М.: МГСУ, 2001г.-992с.

21  Основы политической науки: Уч. Пособие. Часть 1,2 / Под. ред. В.П.Пугачева. М., 2003.

22  Политология / Под. ред. М.А. Василика. М., 1999.

23  Гаджиев К.С. Политология: Учебник. М.: Высшее образов., 2005.-406с.

24  Политология: Курс лекций /Под.ред.проф. Т.Мустафина. Алматы, 1994.

25  Политология. Энциклопедический словарь. М., 2003.

26  Соловьев А.И. Политология. Политическая теория. Политические технологии. М,2001г.

27  Политология. Под общей редакцией А.Н.Нысанбаева. Алматы,1998

28  Мальцев В.А. Основы политологии. М,2005г.

29  Хейвуд Э. Политология. /Перевод под редакцией проф. Г.Г.Водолазова и доцента В.Ю.Бельского/. М.:ЮНИТИ-ДАНА,2005г.-544с.


Дата добавления: 2018-10-25; просмотров: 483; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!