Студенттерге берілетін тапсырмалар



1 тапсырма. Саяси режим ұғымы туралы саясаттанушылардың пікірлерін сәйкестіндіріңіз:

  Саясаттанушылар     Олардың пікірлері
1 Немiс заңгерi Е.Левенштейн A бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған.
2 Француз саясаттанушылары М.Дюверже мен А.Ориу B режимді партиялар санымен байланыстырды
3 Американ саясаттанушысы К.Бекстер C саяси режимді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада саяси режимді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады.
4 Француз саясаттанушысы М.Дюверже D режимді басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы деп санады.
5 Американ ғалымы Д.Истон E саяси режимді басқару жүйесi деп есептейдi.

Cеминар №7. Демократия: тарихы және қазіргі жағдайы

Сабақтың жоспары:

1. Демократия ұғымы мен алғышарттары.

2. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.

3. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

4. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия.

5. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тіке және өкілетті демократия.

6. Қазақстандағы демократияландыруыдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.

7. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары.

Сабақтың мазмұны:

Әлемдегi үкiметтердiң барлығы дерлiк өзiнiң демократиялық табиғаты туралы айтады. Көбiнесе бұл демагогия, бiрақ негiзсiз де емес, өйткенi тiптi қатал әскери тәртiптiң өзi де халық үндеуiне көңiл аударуға мәжбүр болады. Нәтижесiнде «демократия» грек тiлiнде «халық билiгi» мағынасын иеленiп, өте кең ауқымды мәнге ие болады. АҚШ президентi Линкольн «демократия- халық билiгi, халық сайлаған және халық үшiн» - деп жазады.

Демократияның мына екiншi анықтамасы, ол мүшелерi басқару мен шешiм қабылдауға көпшiлiгi қатысатын кез келген ұйым құрылысының формасы. Бұл мағынада партиялық, кәсiподақтық, өндiрiстiк, тiптi отбасылық демократия туралы айтылады. Бұл кең мағынадағы түсiнiк барлық ұйым, билiк және басқару бар жерде болады.

Үшiншi анықтамасы бойынша демократия қоғамдық құрылыс идеалы мен соған сай дүниетанымның белгiлi бiр құндылықтар жүйесiне негiзделiнедi. Бұл құндылықтарға теңдiк, бостандық, адам құқығы, халық егемендiгi жатады.

Төртiншi анықтама негiзiне демократиялық мақсат пен идеалды жүзеге асырушы, халық билiгi үшiн әлеуметтiк және саяси қозғалыстар алынады.

Классикалық демократияның алғашқы тарихи формасы ежелгi Грециядағы б.з.д. V ғасырда пайда болған қала-мемлекеттер. Классикалық демократия толық дәстүрлi қоғамда өмiр сүрдi. Ең алдымен ол шығарушы саяси тәртiп болды. Шетелдiктер мен әйелдердiң ешбiр саяси құқығы болмады. Дегенмен ең негiзгi шектеу- ол азаматтыққа тек ерiктi адамдардың ие болуы.      

Классикалық демократияның екiншi ерекшелiгi- бұл көлемi қазiргi аудан орталықтарымен бiрдей жекелеген қала мемлекеттерде ғана өмiр сүрдi. Сондай-ақ азаматтықтың шектеулiгi мемлекеттiк ұйымдарға саяси шешiм қабылдау процесiне азаматтарды кең және тiкелей қатыстыруға мүмкiндiк бердi, әрi бұл классикалық демократияның негiзгi белгiсi болып табылады. Саяси өмiрдiң маңызды мәселелерi халық жиналысы талдауына шығарылды, әрi дауыс беру арқылы шешiлдi. Полистерде жедел басқару үшiн нақты мерзiмге қатал шектелген өкiлеттiгi бар магистрлар сайланды. Әрбiр азаматтың оған сайлану мүмкiндiгi болды. Тек жекелеген адамдардың ғана екiншi мерзiмге қайта сайлануға құқығы болды. Айта кететiн жайт, ертедегi Афина саяси тәртiбi тек ғалымдар қызығушылығын тудырып ғана қоймады, ол демократиялық тәжiрибеге де ықпал еттi. Классикалық демократияда оппозиция болмады, басқаша ойлаушыларға «остракизм» тәжiрибесi пайдаланылды, яғни қаладан қуу, кейде қатал жазалау да қолданылады /Сократ өз өмiрiн түрмеде аяқтады/. Классикалық демократияның құлау себебi полистер тәуелсiздiгiн эллинизм дәуiрiндегi iрi мемлекеттерден сақтап тұра алмады. Содан полистiк құрылыстардың әлеуметтiк-экономикалық алғышарттары жойылды. Мiне сондықтан да ортағасыр демократиялық ұйымдарды бiлмедi. Батыс Европада ХVІІ ғасырда қазiргi либералды демократияның идеясы мен конституционализм тәжiрибесi қалыптаса бастады. Бұл дегенiмiз бiрiншiден, билiктi жiберу шаралары жүйелi негiзге арқа сүйеуi керек, екiншiден, басқарудың барлық қызметтерiн бiр қолға жинауға болмайды деген сөз. Конституционализм бастамасы абсолюттiк монархия мен жарысушы олигархияда қалыптасқан болатын. Онда заңшығарушы, атқарушы, сот билiктерiн пайдалануға нормативтiк шектеулер ендiрiлген едi. Келе келе бұл шектеулер жаңа саяси құрылыстың негiзiне айналды.

«Билiктi бөлу» идеясы француз ағартушыларының кейбiр өкiлдерi еңбектерiнде қалыптастырылды. Оның өмiрге ендiрген АҚШ конституциясы, онда әр билiк тармағына екiншiсiн бақылау мүмкiндiгi берiлдi. Батыс Европаның бiр қатар елдерiнде «билiктi бөлу» сақталынбады. Мұнда мұрагер монархтар мен аристократтар рөлi бiрте-бiрте шектетiлдi, олардың билiктiк қызметтерi премьер-министрге, парламенттегi көпшiлiк партия лидерiне берiлдi. Жабық саяси тәртiптен ашыққа өту ұзақ, қиын жол болды, әрi екi президенттiк және парламенттiк басқару формаларын өмiрге алып келдi. 1900 жылы тек 6 елде АҚШ, Канада, Франция, Швецария, Бельгия және Жаңа Зеландияда атқарушы билiктi алып жүрушiлер тек халық пен оның демократиялық сайланған өкiлдерi алдында жауапты болды.

Әсiресе либералды демократияны ендiрушi тәртiп ретiнде қалыптастыру, яғни барлық азаматтар үшiн сайлау құқығын кеңейту ұзаққа созылды. Мысалы, Ұлыбританияда бұл жолдағы мәндi тосқауыл 1832 жылы реформа туралы Актiмен жойылды, дегенмен тек 1948 жылы сайлау заңы елде «бiр адам-бiр дауыс» деген принциптi енгiздi. Әсiресе әйелдердiң ерлермен сайлау құқығын теңестiруi ұзаққа созылды. Алғаш мұндай реформаны жүргiзген Жаңа Зеландия /1893/ мен Австралия /1902/. Олардан соң Скандинавия елдерi, мәселен Финландия /1906/ оны қолға алды. Франция, Италия, Бельгияда ерлердiң сайлау құқығының басымдылығы екiншi дүние жүзiлiк соғысқа дейiн сақтаса, ал Швецарияда 1971 жылға дейiн сақталды.

Өткен ғасырдан бастап өлемде либералды демократия саны бiрте-бiрте өстi. Бұл процесс бiр қалыптық сипатқа ие болмады, сондықтан «демократияландыру толқыны» туралы зерттеушiлер айта бастады. Оның алғашқысы, әрi ең ұзағы ХІХ ғасырды толығымен және ХХ ғасырдың 20 жылдарын қамтыды. 1930 жылы либералды демократия саны әлемде - 21-ге жеттi: АҚШ, Ұлыбритания және оның үш доминаттары, 14 Европа елдерi, Коста-Рика, Уругвай. Бұл толқыннан соң Европаны фашизм оты қаптады. Германия мен Италия жеңiлуi Батыс Европаның көптеген елдерiнде демократияны қайта қалпына келтiрдi. Бiрақ Шығыс Европа мен Шығыс Азияда эгалитарлы-авторитарлы тәртiптер орнады. Сөйтiп 40-50 жылдары демократиялан-дырудың екiншi ағымы басталды, ол Индонезиядан Сирияға дейiнгi елдердi қамтыды. Бұл кезең ұзақ болмады. Үшiншi әлем елдерiнiң азғанасы ғана либералды демократияны сақтап қала алды. 80 жылдары үшiншi ағым Латын Америкасы елдерiнде басталды, сөйтiп оларда эгалитарлы-авторитарлы тәртiп құлады.

Демократияландырудың алғышарттары.

Демократия қалыптасуы үшiн бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, дiни, сыртқы саяси жағдайлар керек.

1. Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:

¨ өндiрiс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы;

¨ әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастың болуы;

¨ урбанизацияланудың жоғарғы деңгейi;

¨ өндiрiс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдiгi.

2. Демократия дамуының әлеуметтiк алғышарттары:

¨ халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейi;

¨ әлеуметтiк теңсiздiк деңгейiнiң төмендеуi;

¨ қоғам құрылысында әлеуметтiк плюрализмнiң болуы;

¨ тұрғындардың сауаттылығы, жалпы бiлiмдiлiгi.

3. Тұрғындардың саяси мәдениетi де демократияның маңызды алғышарты:

¨ саясат туралы, оның әр түрлi салалары жөнiнде белгiлi бiр деңгейде бiлiмнiң болуы;

¨ саяси құбылыстарға, партиялар мен қозғалыстар, жекелеген тұлғалар қызметтерiне дербес баға беру қабiлетiнiң болуы;

¨ саяси қатысу белсендiлiгi;

¨ билiк құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениетi.

4. Демократияландырудың сыртқы саяси алғышарттары:

¨ әскери араласу;

¨ саяси ықпал;

¨ экономикалық ықпал;

¨ мәдени-ақпараттық ықпал;

¨ демократия дамуына практикалық көмек, қолайлы көршiлiк қатынас.

Қазiргi кезеңдегi демократиялық басқару формасының сөзсiз қажеттiлiгiн айта келе, Л.А.Байдельдинов демократияның әлеуметтiк құндылығына төмендегiлердi жатқызады: 

· демократия тұрғындардың өз өмiрiнiң негiзгi мәселерiн шешуге бiршама толық қатысуын қамтамасыз етедi;

· ол азаматтар тарапынан саяси өзiндiк қызмет формасы мен тәсiлi ретiнде жеңiл меңгерiледi;

· ол саяси қатынас субьектiлерiнiң белсендiлiгi үшiн қажеттi әлеуметтiк, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, жалпымәдени жағдайларды өзiнде иеленедi;

· демократия саяси қызметтiң ашықтық және ресмилiк жағдайын жасайды, оның жариялылығы мен азаматтардың ақиқат мүдделерiмен толығуын арттырып отырады;

· демократиялық жүйе өзiне саяси жаңалықтарды оңай сiңiредi, әлеуметтiк-саяси жағдайдағы өзгерiстердi қабылдауға бейiм. Ол үздiксiз дамиды;

· демократия күрделi эшелондап орналастырылған саяси жүйе, маневр үшiн кең аумақты жасаушы;

· демократиялық жүйе үшiн тұрақтылықты қамтамасыз етушi саяси ықпал етудiң әр түрлi күштерi, тәсiлдерi, әдiстерi және арсенал байлығы тән;

· демократиялық жүйе ымыраға келушi шешiмнiң құрастырылуына, консенсус жеңiсiне көмектеседi, ол әлеуметтiк-саяси жағдайды үйлесiмдiредi, реттейдi.

«Демократияландыру дегенiмiз Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың шарты, әлбетте кепiлдiгi емес, тек шарты ғана»,- дей келе президентiмiз Н.Ә.Назарбаев елiмiздегi демократия тәжiрибесiнiң ұлтаралық қатынастарды үйлесiмдендiрудегi жетiстiктерiн атап көрсеттi:

· Қазақстанның егемендiгi жекелеген ұлттардың емес, күллi халықтың тұтастығы мен бiрлiгiне негiзделетiнi жөнiндегi принциптi конституциялық тұрғыда бекiттiк. Мұның өзi ұлтына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етедi; 

· Қазақстанда ғана ресми түрде де, тұрмыс саласында да екi тiл бiрдей қатар өмiр сүрiп жатыр. Бұл салиқалы заңнаманың ғана жемiсi емес, сондай-ақ заңды сындарлы да салмақты қолдана бiлудiң нәтижесi;

· Ұлтаралық қатынастар мәдениетi тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы ақпараттық орта адамды қорлап, шамына тиетiн таптаурын қағидалардан таза;

· Барлық ұлттық мәдениеттердiң төлтумалылығын түлету мен дамыту арқылы мемлекетiмiздiң сан жұрттық бiрегей келбетiн сақтап қалуға деген ыстық ықыласы;

· Осы айтылған тұжырымдардың бәрiнiң материалдық (2000ж. ұлттық мәдениеттердi дамыту үшiн мемлекеттiк бюджеттен 9 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлiнсе, ал, демеушiлiк қаражаттан 4 млрд. 800 млн. теңге жұмсалды) жағынан қолдауға ие болуы. Демек, мәдениет дегенiмiз сөз ғана емес, сонымен бiрге нақтылы iс екен.

· Мемлекет басқару жүйесiн, ең алдымен кадрларды iрiктеу жүйесiн демократияландыруы. ТМД-да тұңғыш рет мемлекеттiк қызметке кадрларды конкурс негiзiнде iрiктеудiң обьективтi жүйесi бiздiң елiмiзде жасалынды;

· Сайып келгенде, iс жүзiнде ²өзiмнiң ұлттық ²Менiмдi² және өзiме азаматтық берген ел хақында патриотизмiмдi сақтау² қағидасының түзiлуi.

Демократия т ү рлерi: охлократия, либералды-демократиялық, консервативтi.

Демократиялық саяси тәртiп мына төмендегiдей нег i зг i элементтерд i қамтиды:

· саяси бәсеке, яғни екi немесе одан да көп саяси партиялардың болуы, әрi олар билiк үшiн еркiн бәсекелiк күресуi;

· саяси өк i лд i л i к, саяси шешiм қабылдау күрделiлiгi қазiргi кезеңде қарапайым адамдардың оған қатысу мүмкiндiгiн шектейдi. Сондықтан бұл процесс халық мүддесiн билiкте қорғаушы өкiлдер арқылы орындалады;

 · жаппай сайлау құқығы, демократия талабы ешбiр азаматты сайлауға қатысудан тыс қалдырмау;

· адам құқығы мен бостандығына кепiлдiк беру және теңдiктi қамтамасыз ету. Кандидаттар мен саяси партиялар арасындағы саяси бәсекенi конституциялық тұрғыда қамтамасыз ету. Сонымен бiрге сөз, баспасөз, ассоциация, ақпарат, коммуникация бостандығы;

· азаматтық қоғамды дамыту. Халықтық бақылау ұйымдарының қызметтерiн жетiлдiру;

   · көпшiлiк басқаруы және азшылық құқығын қорғау. Демократия халық еркiн қорғау.

 

Cеминар №8.  Сайлау және сайлау жүйелері

Сабақтың жоспары:

1. Сайлау саяси институт ретінде.

2. Сайлаудың кызметтері және жіктелуі.

3. Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорпионалды және аралас.

4. Сайлау кұкығы және кағидалары.

5. Сайлау үрдісі және сайлау науқаны.

6. Сайлау технологиялары және оның түрлері.

7. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері.

Сабақтың мазмұны:

Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып болып отыр, өйткенi:

1. сайлау- қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына

әкелу мүмкiндiгi;

2. сайлау- демократия дамуының көрсеткiшi;

3. сайлау- қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi;

4. сайлау- азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына ұсыну.

Дегенмен орыс философы А.Ильин айтуы бойынша «барлық халық барлық уақытта жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес». Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк және рухани факторларға тәуелдi. Оларға:

1. Экономикалық факторларға - жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың, ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi жатады.

2. Әлеуметтiк факторлар- қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық ауқатты, күштi ²орта таптың² өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық, отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.

3. Сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне - халықтың патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып табылады.

 Сонымен бiрге сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң көптеген қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен:

¨ Саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң деңгейi мен сипатын;

¨ Билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және жағымсыздығын;

¨ Сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ барлық елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипатына қарай сайлаудың мынадай түрлерiн ажыратуға болады:

Азаматтық қоғам мемлекеттке бағынышты жағдайдағы сайлау, ол авторитарлы тәртiптерге тән. Мұнда депутаттар құрамы, сайлау алды бағдарлама мазмұны туралы барлық шешiмдердi елдiң саяси басшысы (хунта, олигархия, монополиялы партия) алдын-ала қабылдайды. Кандидаттар жасырын, сайлаушылар оның өзiн де, бағдарламасын да бiлмейдi. Олар сайлаушылар өкiлдерi емес, қайта билеушi партиялық-мемлекеттiк құрылым өкiлi ретiнде әрекет етедi. Сайлаудың бұл түрiнiң классикалық үлгiсiн КСРО көрсетедi, сонымен бiрге Пакистан, Филиппин, Индонезияды кездеседi.

Мемлекет пен азаматтық қоғам күштерi тепе-теңдiгiнiң тұрақсыз жағдайындағы сайлау. Ол көбiнесе демократиялық тәртiп тамыры бекiмеген, ал мемлекет басшысының демократиялық талпынысы антидемократиялық күштермен қақтығыста болған елдерде кездеседi. Мұнда халық сайлаған билiктiң өкiлдiк органдары кейде өзiнiң әрекет етуiн күштеу нәтижесiнде тоқтатуға мәжбүр болады. Мұндай екi даму жолы пайда болуы мүмкiн:

¨ бәсекелесушi күштерге (демократиялық, антидемократиялық, оппозициялық) демократияны мойындауы үшiн уақыт беру керек. Яғни оппозициялық партиялар мен саясаткерлерге өз саяси бейнесiн қалыптастыруына, бәсекеге араласуына, билiк құрылымына өтуiне мүмкiндiк беру керек. Олар сонда демократия басқарудың ең лигитимдi формасы екендiгiн мойындайды. Бұл процестегi негiзгi нәрсе авторитаризмнен демократияға өту бiрте-бiрте халықтың қолдауынан айырыла отырып өту керек. Азаматтық қоғам демократиялық сайлаумен қалыптасады. Демократияға өту мерзiмi әр түрлi болуы мүмкiн. Көппартиялық практикалық тәжiрибе өз болған сайын, Бұл жол мен уақыт та алыстай бередi.

¨ кейбiр елдерде демократияға асығыс өту авторитаризм мен квазидемократияға өтуге алып келедi. Заңның жетiлмеуi, сайлау барысын қоғамдық бақылайтын демократиялық дәстүр мен механизмнiң жоқ болуы, мемлект пен азаматтық қоғам күштерiнiң тұрақсыздығы дауыс беруде көптеген бұзушылықтарды, бұрмалаушылықтарды тудырады.

Мемлекет пен азаматтық қоғамға бағынышты жағдайдағы, яғни демократиялық тәртiп тұсындағы сайлау. Азаматтық қоғам дамуының жағдайы ретiнде мемлекет, қоғам мен индивид дамуының тепе-теңдiгi, құқықтарының бiрдейлiгi әрекет етедi. Олардың арасында болуы мүмкiн конфликттер тек заң арқылы шешiледi, күштеу мен зорлық көрсетуге орын берiлмейдi. Демократиялық сайлауға тән мына сипаттарды бөлiп алуға болады: билiкке таласушылардың өзара сенiмi және демократиялық сайлау арқылы билеушi элитаны қалыптастыру дәстүрiн құрметтеу.

 Сайлау классификациясы.

Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде заңшығарушы, атқарушы және сот ұ йымдарын сайлау деп классификациялауға болады. Заңшығарушы  ұйымдарды /парламент/ сайлау көп елдерге тән. Қазақстан Республикасында заңшығарушы ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да сайланбалы.

Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк жетекшiлерi - президент және жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында президент сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер) президент тағайындайды.

Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi.

Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұ йымын (парламент, президент) және жергiлiктi ұ йымын (әкiм) сайлау болып бөлiнедi.

Сайлау сенiм көрсету жүйесi- белгiлi бiр саяси субьектiнiң жеңiске жетуi үшiн дауыс берудiң белгiлi бiр түрiн пайдалануына қарай бiрнеше топқа бөлуге болады. Дауыс беруге қарай сайлауды: балама (альтернативтi), коммулятивтi, лимиттiк деп бөлемiз.

Балама дауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны белгiлi бiр кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады.

Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны, тiркелген кандидаттар санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр кандидатқа беруге немесе өз еркiмен барлық кандидатқа әр түрлi көрсеткiшпен бөлiп беруге құқылы.

Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген кандидаттар санынан кем болады. Мұнда коммулятивтiк дауыс берудегi сияқты сайлаушы дауыстың барлығын бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте бөлiп бере алады. Лимиттiк дауыс беру 1993 жылы Ресейде Федерация Кеңесiн сайлауда пайдаланылды, әрбiр сайлаушыда екi дауыстан бар, бiрақ бiр кандидатқа екеуiн де беруге болмайды.

Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады. Жаппай сайлау бүкiл мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Оқшау сайлау белгiлi бiр себептерге байланысты (қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау заңы бұзылған жағдайда) белгiлi бiр участоктерде сайлау өткiзiлуi мүмкiн.

Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс болуы мүмкiн.

Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары.

Саяси билiк ұйымдарын сайлаудың негiзгi мақсаты- қоғамды басқаруға өзiнiң алдыңғы қатарлы өкiлдерiн тарту ғана емес, сондай-ақ бiрқатар күрделi әлеуметтiк-саяси қызметтердi орындау.

1. Әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялау қызметi. Ең алдымен сайлаулар әр түрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялаудың ерекше механизмiн көрсетедi. Сайлау науқаны кезеңiнде адамдар өмiрлiк маңызы бар мәселелердi ойлайды, сондықтан кандидаттар тұғырнамалары осы мәселелердi жинақтауы, әрбiр әлеуметтiк топтардың мүдделерiн қамти бiлуi тиiс. Демек сайлау өзiнше нарық (рынок) болып табылады, яғни кандидат өзiнiң сайлау алды бағдарламасын өкiлдiкке айырбастайды. Бiрақ сайлаушылар үшiн бағдарлама ғана құнды болып табылады.

2. Әр түрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметi. Әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерi әр түрлi болып қана қоймай, ол қарама-қайшылықты болуы да мүмкiн, сайлау тұрғындардың әр түрлi топтары мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметiн атқарады. Сайлау алды күрес саяси бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. Мұнда сайлау әлеуметтiк конфликттердi институттандыру мен шешудiң тәсiлi болып табылады. Яғни конфликттер ашық, жария жүргiзiледi, ал бүкiл қоғам оның судьясы болады, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi.

3. Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi. Теория бойынша қоғамның әр бiр мүшесi қандай да бiр әлеуметтiк қауымдастықтың мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға құқылы. Бiрақ шын мәнiнде Бұл бәрiнiң қолынан келе бермейдi. Сайлау процесiнде өз өкiлдiгiн қолдау базасын қалыптастыру өте маңызды, ол коммуникациялық каналдар мен сайлаушылармен өзара әрекетте болуға байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, онда ол саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады.

4. Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандырылу мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол электораттардың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек.

Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:

1. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, нәсiлiне, дiнге көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi.

Белсендi сайлау құқығы- ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

 Бәсең сайлау құқығы- ол заң белгiлеген шектеулер:

¨  жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды);

¨ қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар);

¨ моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар);

¨ тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер.

2. Сайлау қ ұ қығындағы тепе-теңдiк қағидасы. Яғни сайлаушылардың барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге, сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады.

3. Төте сайлау қ ұ қығы қағидасы, азаматтардың тiкелей сайлауынан көрiнедi. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президент, Парламент мәжiлiсi депутаттары, мәслихат депутаттары төте сайлау құқығы негiзiнде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламенттiң жоғары палатасы Сенат депутаттарын сайлауға енгiзiлген.

4. Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау қағидасы. Бұл қағида дауыс берушiлердi сыртқы қысымдар болудан қорғайды, егер жасырын дауыс беру қағидасы бұзылса заң алдында жауап бередi.

5. Бәсекелестiк қағидасы - сайлауға бәсекелесушi партиялар, қозғалыстар, кандидаттар т.б. қатысуы. Олардың арасында бейбiт бәсеке болып, жеңгенi өкiлдiк орынға ие болады.

Сайлау жүйелері.

Сайлау жүйесiнiң екi түрi қалыптасқан:

1. мажоритарлық;

2. тепе-тең (пропорционалды).

Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мәнi әр бiр округтегi депутаттық орын белгiленген көпшiлiк дауысты жинаған партия кандидаттарына берiледi, ал қалған азшылық дауысты жинаған партия кандидаттары ұсынылмай (орынсыз) қалады.

 Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң: абсолюттiк көпшiлiк және бiршама көпшiлiк деген екi жүйесi бар.

 Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мынадай артықшылықтары бар:

¨ депутаттар мен сайлаушылар арасында тығыз, тiкелей байланыс қалыптасады, көбiнесе жекелiк сипатқа ие болады. Депутат өзiнiң сайлау округын, оның проблемалары мен мүдделерiн жақсы бiледi. Депутаттың өз сайлаушыларымен тiкелей тығыз байланысы, оның парламенттегi ықпалын күшейтедi, оған сыртқы ықпалдардың әсерiн әлсiретедi, саяси қысымға ұшырамайды.

¨ Мажоритарлық сайлау жүйесi ең күштi саяси ағымның жеңуiне мүмкiндiк бередi, парламентке орта және ұсақ ықпалдағы партиялардың өтуiне мүмкiндiк бермейдi, сөйтiп екi немесе үш партиялық жүйенi қалыптастырады, атқарушы билiктiң қызметiнде жетiстiктерге жетуiне мүмкiндiктер жасайды.

Бiрақ, мажоритарлық сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi де бар:

¨ ең алдымен ол елдегi саяси күштердiң ақиқат жағдайын көрсетуге қабiлетсiз. Себебi олардың көпшiлiгi парламенттiк қызметтен тыс қалады. Сонымен бiрге қоғамда кейбiр азшылық топтар өкiлсiз қалуы мүмкiн, яғни олардың мүддесiн қорғаушылар заңшығарушы билiк құрылымында жоқ деген сөз.

¨ мажоритарлық сайлау жүйесi депутаттардың жалпыхалықтық, жалпы мемлекеттiк мүдделерден топтық және өлкелiк мүдделердi жоғары қоюға итермелейдi. Бұл парламенттiң жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк ұйым ретiндегi рөлiн әлсiретедi.

¨ Мажоритарлық сайлау жүйесi сайлаушылардың саяси еркiн манипуляциялауға жол бередi, көбiнесе сайлаудың нәтижесi сайлау округтарын дұрыстап бөлуге байланысты.

Тепе-тең сайлау жүйесiнiң мәнi мандаттар партиялар арасында жинаған дауыстарына сай бөлiнедi.

 Тепе-тең сайлау жүйесiнiң артықшылықтары: парламент деңгейiнде саяси күштердiң ақиқат өкiлдерi болуына мүмкiндiк бередi. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау нәтижесiнде жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке алынады. Тепе-тең сайлау жүйесi азаматтық қоғам мен саяси жүйе, мемлекет арасындағы байланысты нығайтады, плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi.

Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi:

Дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң сайлаушылар мен парламент депутаттары арасындағы байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-канцеляриялық жолмен әзiрленедi, бұл кандидаттың партиялық-аппараттық құрылымға тәуелдiлiгiн күшейтедi. Бұл бюрократиялық шешiм мен алаяқтық мүмкiндiктерiн күшейтедi, тұрғындардың өкiлдiлiк ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi.

Тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде қолдаушылары жоқ саяси күштердiң парламентке келуi Үкiметтi құруда қиындықтар тудырады. Күштi партиялардың жоқ болуы, көппартиялық коалициялардың құрылуына алып келедi, бұл партиялардың бағыттары мен бағдарламалары әр қилы, сонда да олар келiсiмге барады. Бiрақ бұл келiсiмдер тұрақты емес, ол Үкiмет қызметiне де әсер етiп, қайшылықтар тудырады.

Мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiн жоя отырып өзiнше бiр аралас сайлау жүйелерi де қалыптасқан:

ұсақ партиялар өкiлдiлiгiн шектеу үшiн төменгi шек- сайлау өлшемi анықталынады.

көпмандатты округ орнына азмандатты құрылады. Сайлауға қатысу құқығы 4-5 партияға ғана берiледi.

кандидаттар тiзiмiне партия емес, оның өкiлдерi ендiрiледi, сондықтан дауыс беруде партиялық бағдарламаны емес, жеке адамдарды таңдау жүзеге асырылады.

Ел көлемiнде депутаттық мандаттардың бiр бөлiгi мажоритарлық жүйе бойынша, екiншi бөлiгi партиялық тiзiм бойынша жинаған дауыс негiзiнде бөлiнедi. Сөйтiп, мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiнен айырылып, тек артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туындайды.

 

Cеминар №9. Құқықтык мемлекет және азаматтык қоғам

Сабақтың жоспары:

1. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы.

2. Құқықтық мемлекет құндылықтары мен негізгі принциптері.

3. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты.

4. ҚР құқықтық мемлекет

5. ҚР азаматтық қоғамның қалыптасуы

Сабақтың мазмұны:

Мемлекет – бұл саяси тұтастығы белгілі құрылымы бар, саяси билікті ұйымдастырушы және белгілі – бір территорияда әлеуметтік процесстерді басқарады.

Мемлекеттің пайда болуының концепциялары:

патриархалдық – (негізін салушы ағылшын саяси ойшылы Роберт Филмер XVIII ғ.)

Мемлекеттік биліктің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпаның үлкен қауымдастыққа, мемлекетке дейінгі опекундық, әкеліп билік ретінде пайымдайды.

теократиялық – мемлекеттің шығуын құдай болжамымен ұштастырады

договорлық – (Т. Гоббсом, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо дамытты) – мемлекетті қоғамдық өмірді ұйымдастыру және ондағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында басқарушы мен бағынушының арасында жасалған келісім нәтижесі дей қарастырады.

жаулаушылық теориясы (Е. Джоринг, Л. Гумплович) – мемлекеттің пайда болуын тікелей саяси әрекеттің – ішкі немесе сыртқы күштеу, басып алудың нәтижесі деп түсіндіреді.

психологиялық теория (Ж. Бюрдо) – мемлекет тамырын идеядан, адамзат генасының тумысынан табады.

ә леуметтік-экономикалық (К. Маркс) – мемлекеттің шығуын қоғамның антогонистік топтарға бөлуінен, еңбек бөлінісінің салдарынан және жеке меншіктің шығуынан түсіндіреді.

Мемлекеттің пайда болуының факторлары: экономикалық, экологиялық, демографиялық, психологиялық, сыртқы.

Мемлекеттің белгілері: территория, шекара, халқы.

Мемлекеттің функциясы:

ішкі: экономикалық, әлеуметтік, халық билігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіпті қорғау, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық консолидация әлеуметтік арбитраж, экологиялық, мәдени-білімділік.

сыртқы: глобальдық мәселелерді шешуге қатысуы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, өзара тиімді келісімдерді дамыту, халықаралық қатынастарда мемлекет мүддесін қорғау.

Атқаратын функциясы бойынша:

ішкі функцияны ж ү ргізетін органдар:

1. құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау (полиция, сот, прокуратура).

2. әлеуметтік-экономикалық реттеу (финанс – салық апппараты, байланыс органы, коммунальдық қызмет, транспорт т.б.).

3. рухани өндіріс (білім, мәдениет ошақтары, информация органы т.б.).

сыртқы функцияны ж ү ргізетін органдар:

1.қарулы күштер

2.барлау

3.мемлекетаралық қатынастар органы.

Мемлекеттің типтері:

Басқару формасы бойынша

монархиялық:

1. абсолюттік

2. конституциялық

Республика:

1. президенттік

2. парламенттік

3. аралас

Саяси режимі бойынша:

1. тоталитарлық

2. авториторлық

3. демократиялық

Ә кімшілік-территориялық ұ йымдастыруы бойынша:

1. унитарлық

2. федерациялық

3. конфедерациялық


Дата добавления: 2018-10-25; просмотров: 635; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!