Студенттерге берілетін тапсырмалар



1-тапсырма. Мына саяси партия жіктемелерінің негіздемелері қайсысы?

А. Марксистер                          1. ең басым және орындау мүмкіндігі бар қызметі

Б. Институттық                         2. идеологиялық және саяси сипаты

В. Функционалистер                3. партияның таптық табиғаты

Г. Либералдық бағыт                4. ұйымдық-құрылымдық өлшем

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз?

1. Саяси партияның негізгі белгілері; 2. Саяси партияның құрылымы; 3. Саяси партияның қызметтері; 4. Саяси партия қалыптасуына кері ықпал ететін факторлар.

3-тапсырма. Саяси партияның қызметтерін атаңыз

4-тапсырма. ҚР саяси партия туралы Заңындағы «Саяси партия құру, қайта ұйымдастыру және тарату» деген 2-ші тарауда қандай талаптар қойылған?

5-тапсырма. ҚР саяси партия туралы Заңындағы «Саяси партияның қызметі» деген 3-ші тарауда қандай талаптар қойылған?

6-тапсырма. ҚР саяси партия туралы Заңындағы «Мемлекет пен саяси партиялар» деген 4-ші бабында олардың қатынастары қалай реттелген?

7-тапсырма. ҚР саяси партия туралы Заңындағы «Саяси партиялардың құрылуы мен қызмет ету негіздері» деген 5-ші бабында қандай талаптар қойылған?

8-тапсырма. Мына саяси партия типологияларына түсініктеме беріңіз.

М.Дюверженнің саяси партия типологиясы

2. Дж. Сартори саяси партия типологиясы

9-тапсырма. Мына анықтамаларды сәйкестендіріңіз:

А. Саяси партия түрлері                         1. американдық, жартылай президенттік, парламенттік

Б. Сайлау жүйесінің түрлері                  2. коммулятивті, лимиттік, балама

В. Дауыс беру түрлері                            3. ашық, жабық, тұрақты, базалық, шалғай

Г. Саяси процесс түрлері                       4. можаритарлық, тепе-тең

Д. Президент институтының моделдері 5. кадрлық, бұқаралық

Е. Партиялық жүйенің түрлері             6. республика, монархия

Ж. Басқару формасының түрлері         7. унитарлы, конфедерация, федерация

З. Мемлекеттік құрылыс түрлері          8. монопартизм, мультипаризм, бипартизм

И. Республиканың түрлері                    9. абсолюттік, конституциялық

К. Монархияның түрлері                      10. президенттік, парламенттік

Л. Саяси шешімнің түрлері                  11. саяси, мемлекеттік

К. Биліктің түрлері                               12. декларация, директива, бағдарлама

10-тапсырма. Мына кесте бойынша саяси партияның типологиясын жасаңыз

Саяси партия типологиялары Партиялар
Әлеуметтік ақиқаттылыққа қатынасына қарай  
Идеологиялық бағытына қарай  
Саяси билікке қатысуына қарай  
Саяси темпераментіне қарай  

11-тапсырма. Мына партиялық жүйелерге сипаттама беріңіз:

Көппартиялық жүйе

Екіпартиялық жүйе

Бірпартиялық жүйе

 

Cеминар №11.  Саясаттағы конфликті мен дағдарыстар

Сабақтың жоспары:

1. Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы ролі.

2. Саяси конфликтілер, олардың қоғамдық өмірдегі орны.

3. Саяси конфликт құрылымы.

4. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметі.

5. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметтері.

Саяси конфликт динамикасы.

7. Саяси конфликтілердің алдын алу амалдары мен көздері.

8. Саяси дағдарыс. Сыртқы және ішкі саяси дағдарыстар.

9. Саяси дағдарыстардың алдын алу тәсілдері.

Сабақтың мазмұны:

Конфликт дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.

Саясаттану ғылымында Ұзақ жылдар бойы қоғамдағы қайшылықтар, дағдарыстар, конфликттер, төңкерiстер, яғни мемлекеттегi тұрақсыздық, ойдағыдай дамымауы ауру болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бiрқалыпты, тұрақты дамуы керек деп санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негiзгi құндылық болып саналды.

Бiрақ ол мүмкiн нәрсе емес едi, өйткенi қоғамда әр түрлi әлеуметтiк топтар, таптар, қабаттар тұратын болғандықтан, олардың мақсат-мүдделерi, талап-тiлектерi де соншалықты әр түрлi болып келедi. Бұл әр түрлiлiк, сәйкес келмеушiлiктер айырмашылықтарды тудырады, олар дер кезiнде шешiлмей конфликттерге айналып отырады.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Егер әртүрлi топтар оларды қандай саяси, идеология, дiни, этникалық немесе топтық мүдделердiң бiрiктiретiндiгiне қарамастан қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игiлiкке қол жеткiзу мен өзiнiң ұлттық мүдделерiн iске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауiптi жағдайға әкеп соғады»- деп конфликттердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiн баса айтады.

Адамзат конфликттi зерттеуге өте ертеден-ақ көңiл бөлген, б.з.д. Vll-Vl ғасырлардағы қытайлық философтар дүниедегi нәрселердiң бәрiнiң қозғалысының көзi оң (ян) және терiс (инь) бастаулар болады деп айтады. Ежелгi грек ойшылы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресiнен туады және ол күрес жаппай, барлығы мүмкiндiгiне қарай күрес арқылы болып өтедi деп жазады. Бұл пiкiрдi Сократ, Платон, Эпикур де мойындаған.

Қоғамдағы конфликттi зерттеуге Н.Макиавелли ерекше көңiл бөлдi. Рим тарихына арналған еңбегiнде конфликттiң әр түрлi деңгейiн қарастыра отырып, оның қоғам дамуындағы маңыздылығын айтты. ХVlll ғасырдағы саяси конфликттi зерттеушi ойшылдар оны үстемдiк пен тәуелдiлiкке әкеп тiредi және ол мемлекет реттеуiмен шешiлiп отырады деп есептедi. Конфликттi әлеуметтiк құбылыс ретiнде зерттеген А.Смит болды. Бұл зерттеуiн «Халық байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кiтабында жүргiзген. А.Смит конфликттiң негiзiне- қоғамның таптарға қысым жасауы мен экономикалық бәсекелестiктi жатқызады, әрi оны қоғамның қозғаушы күшi деп есептедi. Конфликттi зерттеуде Гегельдiң iлiмi ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресiн жоғары бағалады.

Конфликттiң өзiнiң теориялық негiзiн ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегi әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан конфликттi дарвиннiң теориясы негiзiнде түсiндiрдi. Кейiнен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сөйтiп конфликтке әлеуметтiк-психологиялық көзқарас таратылды. Одан кейiн әлеуметтануға функционализм күштi ықпал еттi, ол конфликттi жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеудi соңғы орынға шығарды.

Сөйтiп конфликттi зерттеудiң мынадай төрт концепциясы қалыптасты:

1. «Конфликттiң жағымды-функционалды» концепциясы /Л.Козер/;

2. «Қоғамның конфликттiк моделi» концепциясы /Р.Дарендорф/;

3. «Конфликттiң жалпы теориясы» концепциясы /К.Боулдинг/;

4. «Конфликттiң маркстiк теориясы» /К.Маркс,Ф.Энгельс/.

Л.Козер шиленiстерге құндылықтар, мәртебе, билiк, қаржы-қаражат үшiн күрестердi жатқызды. Л.Козер концепциясының мәнi- қоғамға әлеуметтiк теңсiздiк, мәңгiлiк психологиялық қанағаттанбаушылық тән, сондықтан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезiмдiк- көңiл күйiнiң тұрақсыздығы пайда болады, олардың қарым-қатынасы бұзылады. Сондықтан Л.Козер әлеуметтiк конфликтке белгiлi әлеуметтiк пен индивид сезiмдерiнiң қайшылығын жатқызады.

Немiс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф «қоғамның конфликттiк моделi» атты теорияны қалыптастырды. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық конфликттер» деген еңбегiнде билiктi бөлуге байланысты адамдар арасында теңсiздiк пайда болады, олар конфликтке әкелiп, қоғамның құрылымын өзгертедi деп санады. Бұл өзгерiстердi конфликтер өздерi-ақ жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкерiске жол бермеу керек деп есептедi. Сонымен бiрге жаншылған конфликттер қоғам организмiндегi қатерлi iсiкке айналады деп жазады.

Қоғам өмiрiнiң iшкi және халықаралық жағдайына да қолдануға қолайлысы К.Боулдингтiң «конфликттiң жалпы теориясы» концепциясы болып табылады. Бұл теория оның «Конфликт және қорғау. Жалпы теория» деген кiтабында қалыптасқан. Оның пiкiрi бойынша конфликт қоғамдық өмiрден ажыратылмайды. Әлеуметтiк конфликттiң мәнi адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикiлжiң болмасын тiтiркендiргiштер, қоздырғыштардың әрекеттерi арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның нәтижесiнде қоғамдық құрылыс түбiрiмен өзгерiске түседi деп санаған. Сонымен бiрге, К.Боулдинг конфликттiң алдын-алу керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген.

Саяси конфликттерге ерекше көп көңiл бөлген марксизм. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Коммунистiк партияның манифесi» атты еңбектерiнде тап күресi таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.

Конфликт шығуының бiрнеше себептерi бар, мәселен:

¨ Конфликттiң бiрiншi себебiне, адамдардың қоғамдағы мәртебесi, қызметi, билiкке қатынасының теңсiздiгi жатады. Қоғамда адамдардың бiр тобы үстемдiк етедi, екiншiсi көпшiлiк адамдар бағынады, алғашқылардың айтқанын iстейдi.

¨  Конфликттiң екiншi себебi, қоғамдағы адамдардың сұраныстарының, мұқтаждықтарының, мүдделерiнiң өтелмеуi немесе қанағаттандырылмауы. Бұдан байқайтынымыз конфликт мәңгiлiк, өйткенi қоғамдағы барлық адамдардың, барлық уақытта мүдделерiнiң, талап-тiлектерiнiң орындалуы мүмкiн емес. Ондай қоғам еш жерде жоқ.

¨  Конфликттiң үшiншi себебi, қоғамда әр түрлi әлеуметтiк, этникалық, дiни т.б. бiрлестiктерге жататын адамдардың өмiр сүруi. Осы жоғарыдағы ерекшелiктерiне сай қоғамнан орын алуы мүмкiн, онда өздерiнiң жағдайларына қанағаттанбай, басқалардың қысымын сезiнуi. Бұл конфликттiк ахуалды тудырады.

¨ Конфликттiң төртiншi себебi адам санасында. Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен жеке адамның түсiнiктерiнiң сай келмеуi, адамдар үмiтiнiң ақталмауы, iшкi сезiмдерiнiң сай келмеуi.

Саяси конфликт- саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтарының, құндылықтары, мақсаты мен көзқарастарының қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен күресулер. Саяси конфликт ұғымы бiр субьектiлердiң екiншiсiмен саяси қатынас жүйесiне ықпал ету мақсатындағы күресiн бiлдiредi. Саяси конфликт әлеуметтiк конфликттен ерекшелiгi, ол барлық азаматтар үшiн мiндеттi, мүдделер мен мемлекеттiк билiк субьектiлерi арасындағы өзара әрекет. Саяси конфликттердiң обьектiсi мен пәнi саяси және мемлекеттiк билiк, оны иелену, билiк институттарының құрылымы, әлеуметтiк топтардың саяси статусы, саяси құндылықтар мен рәмiздер болып табылады. Мұнда әңгiме адамзат индивидi, топтар, билiктi алып жүрушi ұйымдар туралы болып отыр. Әрбiр саяси жүйе өзiндiк саяси статустық құрылымға ие: бiрi үстемдiк етедi, бiрi бағынады, бiрi басқарады, бiрi басқарылады т.б. Бұл моделдердiң әрқайсысына билiк субьектiсi мен оның обьектiсi- үстемдiк етушi мен бағынушы арасындағы қарама-қайшылық енгiзiлген. Бұл саяси конфликттiң көзi болып табылады. Оның болуы обьективтi және субьективтi себептер мен жағдайларға байланысты.

Саяси конфликттер даму барысында бiрнеше кезеңдерден өтедi. Алғашқы кезеңдерiнде конфликттерге негiз туады. Оларға қажеттi көңiл бөлiнбесе өрши түседi. Мысалы, адамдардың өмiр сүру деңгейi төмендейдi, құқық сақтау, адамгершiлiк тәртiптер бұзылады. Әдiлетсiздiктi бұрынырақ сезетiн қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерiнiң келiспеушiлiктерiн бiлдiре бастайды. Екiншi кезеңiнде, келiспеушiлiк, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкiн. Конфликттер кезiнде басқарушы топтың әр түрлi қылмыстары ашылып, беделдерi кетiп, сенiмсiздiк туады. Одан кейiн, үшiншiден екi жақта ашық қарсылық, қақтығыстар болуы мүмкiн. Екi жақты да адамдардың көпшiлiк топтары қолдап, даудың шеңберi кеңеюi мүмкiн. Егер мұның бәрiне жол табылып, шешiлмесе, қарулы қақтығысқа айналады.

Сондықтан қазiргi кезде конфликттi шешудiң екi жолы қалыптасқан:

1. Конфликттi мәмiлеге келу арқылы бейбiт жолмен шешу. Мәмiле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешiрiмдiлiк бiлдiрiп, ымыраға келуiн айтады. Онда екi жақ бiр-бiрiн ұғынысып, өзара кешiрiмдiлiк жасап, ортақ келiсiмге келуге тырысады.

2. Зорлық негiзiнде бiтiстiру, келiстiру. Мұндай жағдай бiр жақтың күшi айтарлықтай басым болғанда, екiншi жақ жеңiлгенде немесе оны толық жойып жiбергенде туады. 

 Екi жақты татуластырудың кең тараған түрi- келiссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пiкiрi, дәлелдерi белгiлi болады, күштiң арақатынасы айқындалады, келiсiм шарттары анықталынады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшiн оның мәнiн, ерекшелiктерiн, әлеуметтiк негiзiн және т.б. зерттеп бiлген жөн.

Қоғамда саяси жанжалдар болуы көбiнесе оппозицияның бар-жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес дәуiрiнде көппартиялық оппозиция ерсi сияқты көрiнетiн. Ал демократиялық елдерде олар қажеттi шарт. Олар болмаса билiк ұйымдарына сенiмсiздiк туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тiлектерi, көзқарастары ескерiледi. Сондықтан философ Дж.Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса диктатура қалады деп тегiн айтпаған.

Конфликт болған соң, одан қайткен күнде де шығу керек. Ол адамзаттық келiсiм негiзiнде шешiлуi тиiс. Оның екi жолы бар:

1. араздық, жаулық қаупiн бұзып, сенiм жағдайын туғызу;

2. барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынасын бiр қалыпты жағдайға түсiру. Зорлықтан аулақ болу. Конфликттi шешудiң әр түрлi әдiстерi қалыптасқан, мәселен:

Бiрiншiден, конфликттен қашу әдiсi. Мысалы, белгiлi бiр саяси қайраткердiң саяси аренадан өз еркiмен кетуi, елден эмиграция, «қарсыласымен» кездесуден қашу т.б. Бұл әдiс конфликттi толық шеше алмайды, оның негiзгi қарама-қайшылығын сақтап қалады.

Екiншiден, бұл оны жоққа шығару немесе орнын ауыстыру әдiсi. Бұл тәсiл конфликттi бiр саладан екiншiсiне ауыстыруға мүмкiндiк бередi.

Үшiншiден, конфронтация әдiсi. Бұл әдiс конфликттi саяси тәртiбiмен қосып жойылуына алып келедi /1917 ж. революция мен 1991 ж. КССР-дегi қайта құрулар/.

 Төртiншiден, конфликттi тоқтата тұру әдiсi, конфликтушi жақтар назарын басқа жаққа ауыстыру, көбiнесе күш жинау үшiн, уақыт ұту үшiн қолданылады.

Бесiншiден, конфликттi реттеу әдiсi, қақтығысушы жақтардың бағыттары мен мүдделерiнiң жақындастырылуы. Бұл татуластырушылық шара болып табылады. Мұнда конфликттi шешуге келiсiмдiк комиссия, конфликт жөнiндегi менеджерлер, жеке саяси қайраткерлер, мемлекеттер болуы керек. Бұл конфликттi шешу тәсiл Гаага конвенциясында (1907 ж.) тiркелген.

Алтыншы, арбитраж немесе үшiншi бiреудiң қатысуымен конфликттi шешу әдiсi. Конфликтушi екi жақтың өз тартыстарын шешудi үшiншi бiр жаққа беруi.

  

Cеминар №12. Әлемдік саясат және халыкаралық катынас

Сабақтың жоспары:

1.Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, халықаралық саясат ұғымдары.

2.Геосаясат теориялары, концепциялары.

3.ҚР барлық бағыттардағы халықаралық өзара әріп-тестіктері.

4.Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

5.Орталық Азиядағы қауіпсіздік және сыртқы күштердің мүдделері

6. АТА саяси, экономикалық және мәдени мүмкіндігі, потенциалы, даму мүмкіндігі

Сабақтың мазмұны:

Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.

Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.

Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.

Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.

Сыртқы саясатты ж ү зеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.

Мемлекеттің сыртқы саясатындағы ә діс - т ә сілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.


Дата добавления: 2018-10-25; просмотров: 1390; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!