Студенттерге берілетін тапсырмалар



ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ Әлеуметтік пәндер кафедрасы                                                                               Тәжітаева Райя Сеиловна Білім  мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ  

Шымкент- 2014ж.

ЖО 321 (075.8)

ББК 66.01. я 73

 

Тәжітаева Райя Сеиловна. Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың әдістемелік нұсқауы.

 

Пiкiр жазғандар:

        

   Султанов С.А. - саяси ғылымдарының докторы, профессор        

   Есимова А.Б.- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

                        

 

 

 

© Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институт, 2014ж.

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны

1. Саясат табиғаты. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
2. Өркениет тарихындағы саяси білім дамуының негізгі кезеңдері.
3. Саяси билік және оны жүзеге асырудың механизмдері.
4. Саяси лидерлік. Саяси элита.
5. Қоғамның саяси жүйесі.
6. Саяси тәртіптер.
7. Демократия: тарихы және қазіргі жағдайы.
8. Сайлау және сайлау жүйелері.
9. Кұқықтык мемлекет және азаматтык когам.
10. Қазақстан Респубикасындағы көппартиялық: мәселелер мен даму.
11. Саясаттағы конфликті мен дағдарыстар.
12. Әлемдік саясат және халыкаралық катынас.
13. Қазіргінің ғаламдык мәселелері.
14.   Әлемдік геосаяси кеңістіктегі қазіргі Қазақстан. ҚР сыртқы саясат басымдықтары.
15.  Стратегия – 2050. Қазақстан Республикасының жаңа саяси бағыты

Кіріспе

«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты: – студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың негізгі міндеттері:

- студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу;

- қоғамның саяси өмірінде болып жатқан өзгерістермен таныстыру;

- саяси процестер мен құбылыстардың даму қарқыны жөнінде, саясаттанудың басты феномені – саяси биліктің негізгі механизмдері мен тармақтарының қызметі жөнінде және т.б. мәлеметтер беру;

- саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың бағдарламалары мен жұмыс бағыттарын түсіндіру;

- қоғамның саяси жүйесінің басты элементі болып табылатын мемлекеттің, оның түрлерімен және қызметтерімен таныстыру;

- Қазақстандағы қалыптасқан басқару формасының түрімен, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерімен, демократияның қалыптасу шарттарымен, азаматтық қоғаммен, Конституциямен, заңдар жинағы және нормативтік актілермен таныстыру болып табылады.

«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарда студент білуі қажет:

- саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін білуі қажет,

- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын білуі қажет;

- саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы ролін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді білуі тиіс;

- саясаттану пәнінің негізгі түсініктерін талдауды үйренуі керек;

«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарда студент меңгеруі қажет:

- саясаттанудың негізгі ұғымдарын, категориялары мен заңдарын;

- негізгі зерттеу әдістерін;

- реферат, эссе, глоссарий, кесте, сөзжұмбақ орындауды.


ТАПСЫРМАЛАРЫ

1-тапсырма. Мына ұғымдарды сәйкестендіріңіз

Ұғымдар Анықтамалар
1 Саясаттану ұғымының этимологиясы А қоғамдағы саяси қатынас болып табылады
2 Саясаттану обьектiсi Б саясат және саяси билiк, қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстері, халықаралық саяси қатынас туралы бiртұтас iлiмдердiң жиынтығын құрайды.
3 Саясаттанудың зерттеу пәнi В Саясаттану ұғымы гректiң «politik» және «logos» деген сөздерiнен шыққан
4 Саясаттану ғылымы... Г саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi болып табылады

 

2-тапсырма. Саяси билiк анықтамасының авторын табыңыз

Ұғымдар Анықтамалар
1 билiк - басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi; А Т. Парсонс
2 белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi; Б Г. Саймон
3 белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген; В Г. Лассуэл
4 басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі; Г Г. Лассуэл, А.Каплан
5 шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi Д М. Дюверже

 

3-тапсырма. Мына ұғымдардың қайсысы бір-біріне сай келеді?

А. Федерация                1 Биліктің өкілділік және заңшығарушы ұйымы
Б. Парламент                2 Белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірікке егеменді елдер орталығы.
В. Конфедерация        3 Белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одақтық жаңа мемлекетті құруы
Г. Мемлекет                  4 Мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке-дара бір  билеуші қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде берілетін түрі
Д. Республика              5 Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрі.
Е. Монархия                 6 Белгілі бір аумақ шеңберінде адамдар, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.
Ж. Унитарлы мемлекет 7 Монарх билігі парламентпен шектелінеді.
З. Абсолюттік монархия 8 Саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет  ішінде бөлек құрамдар жоқ.
И. Конституциялық             монархия                       9 Жоғары өкімет билігі тұтас, формальді түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған басқару формасы
К.Демократия               10 Күштеуге, жеке адам билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылыс
Л.Тоталитаризм                  11 Халық билігі
М.Авторитаризм    12 Қоғам, адам өмірінің барлық салалары толық  мемлекеттік бақылаудағы саяси тәртіп

4-тапсырма. Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның авторы кім?

А. Теологиялық теория                      1 Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский
Б. Патриархтық теория                       2 А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин
В. Қоғамдық келісім теориясы          3 К.Маркс, Ф.Энгельс
Г. «Зорлық жасау» теориясы             4 А. Августин мен Ф. Аквинский
Д. Географиялық теория                    5 Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо
Ж. Маркстік теория                       6 Р. Филмер

5-тапсырма. Мына ұғымдардың қайсысы бір-біріне сай келеді?

А. Саяси шешім                 1 Саяси билікті иелену мен мемлекетте билікті жүзеге асыруға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерікті одақ
Б.Саяси процесс                 2 Белгілі аумақ шеңберінде адамдар, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі
В.Мемлекет                         3 Саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын уақыт пен кеңістікке жағдайының өзгеруін білдіреді
Г. Саяси партия                   4 Екеуден кем емес саяси әрекеттің бірін таңдау
Д. Саяси процестің мәні     5 Қарама-қайшылық
Е. Саяси процестің қозғаушы 6 Саяси жүйе компоненттері мен саяси адамды өндіру, қайта күші өндіру
Ж. Парламент                        7 Атқарушы билік
З. Президент                          8 Жоғары заңшығарушы және өкілділік билік
И. Билік                                  9 Билікті халықтың мойындауы
К. Билік легитимациясы       10 Әлеуметтік топ, мемлекет жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету
Л. Мемлекет құрлысы            11 Монархия, республика
М. Басқару формасы               12 Унитарлы, федерация, конфедерация

 

6-тапсырма. Саяси режім туралы ғалымның пікірін анықтаңыз

  Ғалымның аты-жөні   Пікірлер
1 Е. Левенштейн A бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған.
2 М. Дюверже мен А. Ориу B режімді партиялар санымен байланыстырған
3 К. Бекстер C саяси режімді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада саяси режімді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырған
4 М. Дюверже D режім- басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы
5 Д .Истон E саяси режім - басқару жүйесi

 

7-тапсырма. Саяси режім туралы ғалымның пікірін анықтаңыз

  Ғалымның аты-жөні     Пікірлер
1 К. Бюрдо A билiк – шоғырландыру мен бөлудiң т процесi
2 В. Лакер B мемлекет органдарды конституциялық өзара қарым-қатынаспен байланыстырған
3 Е. Хамауи C режім – басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы
4 Д. Истон D саяси режім – басқару формасы мен партиялық жүйе
5 Н. Ботана E режімді үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен байланыстырған

8-тапсырма. Саяси режім туралы ғалымның пікір анықтаңыз

  Ғалымның аты-жөні   Пікірлер
1 М. Дюверже мен А. Ориу A режім – басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы
2 Е. Левенштейн B саяси режім – басқару жүйесi
3 К. Бюрдо C режімді партиялар санымен байланыстырған
4 В. Лакер D режімді үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен байланыстырған
5 К. Бекстер E режімді ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған

9-тапсырма. Саяси режім туралы ғалым пікірін анықтаңыз

  Ғалымның аты-жөні     Пікірлер
1 Е. Хамауи A саяси режімді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада саяси режимді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады.
2  Д. Истон B мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен байланыстырған
3  Н. Ботана C үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен байланыстырған
4 К. Бюрдо D билiкті шоғырландыру мен бөлудiң қызмет процесi деп санаған
5 М. Дюверже E режімді басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы деп санады.

10-тапсырма. Саяси партия жіктесінің негіздемесін табыңыз

А. Марксистер                          1 ең басым және орындау мүмкіндігі бар қызметі
Б. Институттық                         2 идеологиялық және саяси сипаты
В. Функционалистер                3 партияның таптық табиғаты
Г. Либералдық бағыт               4 ұйымдық-құрылымдық өлшем

11-тапсырма. Мына анықтамаларды сәйкестендіріңіз

А. Саяси партия түрлері                        1 американдық, жартылай президенттік, парламенттік
Б. Сайлау жүйесінің түрлері                 2 коммулятивті, лимиттік, балама
В. Дауыс беру түрлері                          3 ашық, жабық, тұрақты, базалық, шалғай
Г. Саяси процесс түрлері                       4 можаритарлық, тепе-тең
Д. Президент институтының моделдері 5 кадрлық, бұқаралық
Е. Партиялық жүйенің түрлері             6 республика, монархия
Ж. Басқару формасының түрлері         7 унитарлы, конфедерация, федерация
З. Мемлекеттік құрылыс түрлері          8 монопартизм, мультипаризм, бипартизм
И. Республиканың түрлері                    9 абсолюттік, конституциялық
К. Монархияның түрлері                      10 президенттік, парламенттік
Л. Саяси шешімнің түрлері                   11 саяси, мемлекеттік
К. Биліктің түрлері                                 12 декларация, директива, бағдарлама

12-тапсырма. Мына ұғымдардың қайсысы бір-біріне сай келеді?

А. Саяси шешім                 1 Саяси билікті иелену мен мемлекетте билікті жүзеге асыруға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерікті одақ
Б.Саяси процесс                 2 Белгілі аумақ шеңберінде адамдар, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі
В.Мемлекет                         3 Саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын уақыт пен кеңістікке жағдайының өзгеруін білдіреді
Г. Саяси партия                   4 Екеуден кем емес саяси әрекеттің бірін таңдау
Д. Саяси процестің мәні      5 Қарама-қайшылық
Е. Саяси процестің қозғаушы 6 Саяси жүйе компоненттері мен саяси адамды өндіру, қайта күші өндіру
Ж. Парламент                       7 Атқарушы билік
З. Президент                         8 Жоғары заңшығарушы және өкілділік билік
И. Билік                                 9 Билікті халықтың мойындауы
К. Билік легитимациясы     10 Әлеуметтік топ, мемлекет жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету
Л. Мемлекет құрлысы         11 Монархия, республика
М. Басқару формасы           12 Унитарлы, федерация, конфедерация

13-тапсырма. Мына анықтамаларды сәйкестендіріңіз

А. Сайлау нәтижесіне ықпал ететін факторлар 1 коммулятивті, лимиттік, балама
Б. Дауыс беру түрлері                                        2 экономикалық, әлеуметтік, рухани
В. Сайлау қызметтері                                         3 жаппай, тепе-тең, төте, жабық, бәсеке
Г. Сайлау қағидалары                                        4 артикуляциялау, бәсеке, өкілділік қатынасты қалыптастыру, саяси белсенділікті арттыру
Д. Сайлау жүйесі                                                5 монопартизм, мильтипартизм, бипартизм
Е. Саяси партияның түрлері                              6 можаритарлық, тепе-тең
Ж. Партиялық жүйе                                            7 кадрлық, бұқаралық
З. Партияның қызметтері                                   8 белгілі бір идеологияны таңдауы, ұйымшылдығы, билікке талпыну, бір әлеуметтік топ мүддесін қорғауы
И. Партия белгілері                                             9 билік үшін күрес, белсенділік арттыру, идеология, қоғамдық пікірді қалыптастыру, саяси тәрбие беру, кадр даярлау
К. Саяси партияның қалыптасу кезеңі             10 ашық, жабық, тұрақты, базалық, шалғай
Л. Саяси процесс түрлері 11 аристократиялық үйірме, саяси клуб, бұқаралық партия            
М. Саяси процесс рессурстар                             12 ғылым, білім, техникалық, қаржы, идеология т.б.

14-тапсырма. Мына анықтамаларды сәйкестендіріңіз

А. Саяси партия түрлері                       1 американдық, жартылай президенттік,                                                                 парламенттік
Б. Сайлау жүйесінің түрлері                 2 коммулятивті, лимиттік, балама
В. Дауыс беру түрлері                           3 ашық, жабық, тұрақты, базалық, шалғай
Г. Саяси процесс түрлері                       4 можаритарлық, тепе-тең
Д. Президент институтының моделдері 5 кадрлық, бұқаралық
Е. Партиялық жүйенің түрлері             6 республика, монархия
Ж. Басқару формасының түрлері         7 унитарлы, конфедерация, федерация
З. Мемлекеттік құрылыс түрлері          8 монопартизм, мультипаризм, бипартизм
И. Республиканың түрлері                    9 абсолюттік, конституциялық
К. Монархияның түрлері                      10 президенттік, парламенттік
Л. Саяси шешімнің түрлері                   11 саяси, мемлекеттік
К. Биліктің түрлері                                 12 декларация, директива, бағдарлама

15-тапсырма. Ғалымның саяси идеология ұғымына берген анықтамасын табыңыз

Ғалымның аты-жөні Анықтамасы
1 В. Парето А. Идеологияны саяси бірлестіктерді қандай да бір қолдануға бағытталған коммуникацияның көптүрлілігі
2 К. Маркс Б. Идеология саяси дамудың белгілі бір мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бір уақытта практикалық мәселелердің шешілуін қиындатады
3 К. Мангейм В. Идеология мен бұқаралық мәдениет бір деп санады
4 Д. Истон мен А. Конноли Г. Идеология тек күрделі саяси дағдарыстар кезінде ғана саяси аренаға шығады
5 У. Матц Д. Идеологияның құндылықтық мазмұны маңызды
6 А. Хабермас З. Идеология «ерікті мистификация» жүйесі
7 Л. Саджент К. Ең алдымен қоғамдық тұрмыс пен өндірістік қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестік сана формасы
8 Г.Лассуэл Н. Саяси идеологияны «сезім тілі» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам іс-әрекетінің оятушы мотиві

16-тапсырма. Саяси ағымның саяси даму туралы түсінігін анықтаңыз

Саяси ағымдардың түрлері Саяси даму туралы түсініктер
1 Либералдар А. Саяси іс-әрекеттегі моралдық басымдылық, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастық, билікті ұйымдастыруды базалық қалыптары мен қағидаларын сақтау
2 Консерваторлар Б. Жеке меншіктің қоғамдық меншікке ауысуы, жұмысшы табының гегемондығы және коммунистік партияның жетекшілік рөлінің артуы
3 Марксизм В. Адам құқығының жоғарылығы, мемлекеттің азаматтық қоғам бақылауында болуы, плюрализм мен рухани бостандықты алу

Cеминар №1. Саясат табиғаты. Саясаттанудың негізгі парадигмалары

Сабақтың жоспары:

1.Саясат ұғымы мен түсінігі.

2.Саясат табиғаты, көлемі мен мазмұны.

3.Саясаттың генетикалық негізі.

4.Саясаттану пәнi мен объектiсi.

5.Саясаттанудың қызметтерi мен заңдылықтары, құрылымы.

6.Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерi мен парадигмалары.

Сабақтың мазмұны

Саясат – бұл саяси биліктің қалыптасуы мен қызмет ету тұрғысынан үлкен әлеуметтік топтардың (класстардың, ұлттардың, мемлекеттердің) арасындағы қатынастар, және олардың қызығушылықтарын білдіретін қоғамдық маңызды талаптар мен қажеттіліктерді жүзеге асыратын қызмет.

Саяси қызмет – бұл билік қызметін атқаратын жеке тұлғалар мен топтардың ұйымдасқан өзара қарым- қатынасы.

Саяси қатысу – бұл мемлекеттік немесе үкімет аппаратын қалыптастыруда тікелей қатысы жоқ. саяси белсенді адамдардың олардың қызметіне ықпал етуге тырысатын әр түрлі формадағы кәсіби емес саяси қызметтері.

Саяси шешім – бұл ұжымдық және жеке формада жүзеге асырылатын саяси қызметтің, кезеңдердің, әдістердің міндеттерін анықтайтын процесс және олардың жетістіктері,

билікті жүзеге асыру байланыстары.

Саяси прогресс – бұл саяси жүйедегі әр түрлі әлеуметтік қызығушылықтардың көрінуінің көбеюі, саяси қатынастардың дамуын жетілдірудің бағыттары.

Саясат функциялары – бұл қоғамдағы саясаттың белгілерін көрсететін процестердің жиынтығы. Саясаттың негізгі функциялары:

қоғамның барлық топтары мен құрылымдарының билікке қатысты қызығушылықтарын бөліп көрсету

әр түрлі халықтың интеграциясын, қоғам жүйесінің тұтастығын, тұрақтылығын, тәртібін қолдау.

пайда болған қарама- қайшылықтарды шешу, қоғамдық процестерге жетекшілік ету және оны басқару.

мемлекет пен қоғам арасын өзара өркениетті қарым – қатынаспен қамтамасыз ету

жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру

Саясаттың субъектісі: жеке тұлғалар, әлеуметтік таптар мен топтар, ұйымдар, мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысушылар немесе оған ықпал етушілер. Саясат субъектісін шартты т ү рде ү ш деңгейге бөліп қарауға болады:

• ә леуметтік – тұлғалар және әр түрлі әлеуметтік таптар, оның ішінде жеке тұлға, кәсіби топтар, ұлттар, класстар, элита және т.б.

• институционалдық – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, саяси қозғалыстар, институтционалдырылған әр түрлі топтар және т.б.

• функционалдық – саясаттқа бірқатар ықпалы бар, саяси емес міндеттерді орындауға арналған әлеуметтік институттар (діни мекемелер, корпорациялар, спорттық ұйымдар, оқу орындары және т.б.)

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

1 тапсырма. Саясаттану ғылымының қызметтерінің анықтамалары:

Қызмет түрі Анықтамасы
1 Танымдық қызметi  
2 Бағалау /аксиологиялық/ қызметi  
3 Саяси әлеуметтендiру қызметi  
4 Реттеушiлiк, басқарушылық қызметi  
5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi  
6 Болжау қызметi  

2 тапсырма. Төмендегі кестені толықтырыңыздар:      

 

 

 


3 тапсырма. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдармен байланысын анықтаңыз:

 

Пәндер Байланысы
1 Философиямен  
2 Экономикалық теориямен  
3 Құқықтық ғылымдармен  
4 Әлеуметтанумен  
5 Тарихпен  

 

4 тапсырма. Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерiн анықтаңыз:

Әдіс түрі Анықтамасы
1 Шешiмдер қабылдау әдiсi  
2 Құрылымдық-функциональдi әдiс  
3 Нормативтi-құндылықтық әдiс  
4 Жүйелiк әдiс  
5 Бихевиористiк тәсiл  
6 Сандық әдiстер  

 

5 тапсырма. Саясаттану ғылымының негізгі парадигмаларын анықтаңыз:

 

Парадигма Анықтамасы
1 Тиiмдi-сыни  
2 Натуралистiк  
3 Теологиялық  
4 Әлеуметтiк  

 

Cеминар №2. Өркениет тарихындағы саяси білім дамуының негізгі кезеңдері.

Сабақтың жоспары:

1. Ежелгі Үндістан мен Қытайдағы саяси ілімдер.

2. Аристотель мемлекеттің түрлері мен қызметтері туралы.

3. Платон мемлекеттің жіктелуі туралы.

4. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдердің өзіндік ерекшеліктері.

5. Билікті демократияландыру идеялары /Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо/. Азаматтық құқық идеялары /Т.Джефферсон/.

6. Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы.

 

Сабақтың мазмұны:

Ежелгі д ә уірден қазіргі уақытқа дейінгі ойшылдармен қарастырылған негізгі м ә селелер:

мемлекеттің мәні, оның шығуы мен белгілері.

мемлекеттің жетілген және жетілмеген формалары.

мемлекет қызметтерінің шегі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері.

Құқық дегеніміз не: құдайдың құдіреті, билеушінің өкімі немесе ақыл– ойдың жетілуі.

Шындық неден тұрады. Әділетсіздікке төзуге бола ма немесе онымен күресу керек пе?

Саясат және мораль. Мемлекет қайраткері он қағиданы сақтау керек пе немесе оған барлық құқық берілген бе?

Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Платон пiкiрi бойынша мемлекеттiк құрылыстың «дұрыс» және «бұрыс» формалары кездеседi. Мемлекеттiң дұрыс формасы- монархия, аристократия, өйткенi олардың қызметi қоғамды келiсiм мен байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бұрыс формасы- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдiгi/, олигархия /азғана ғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдiгi/, демократия /көпшiлiк билiгi/, тирания /бiр адам билiгi/. Платон мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды.

Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектерiнде жинақталған. Ол саясатқа кең мағына бере отырып, мемлекет- табиғи дамудың өнiмi және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бiрақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету үшiн бiрiгедi. Ол да мемлекеттi «дұрыс» және «бұрыс» формаларға бөлдi. Дұрыс түрiне монархияны, аристократия мен политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бұрыс түрi деп санады. Мемлекеттiң дұрыс түрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет етедi. Ал, бұрыс түрiнде олар өздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын көрiнедi. Мемлекеттің ең дұрыс формасы полития деп санады. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы.

Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси ойлар.   Аврелий Августин (354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол «Құдай қала туралы» атты еңбегiнде саяси ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. А.Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады. Себебi оның ойынша адамдарға баста екi жолмен өмiр сүруге мүмкiндiк берiлген. Бiрi құдай жолымен, екiншiсi адам жолымен. Бiрiншiнi қалағандар құдаймен мәңгiлiк патшалық құрып бақытты өмiр сүрсе, екiншiлер жын-шайтандармен бiрiгiп азапқа түседi.

Фома Аквинский (1224-1274 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегiнде саяси билiктiң үш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып көрсеттi. Сонымен бiрге, ол өз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк, дiни, табиғи және оң деп бөлiп көрсеттi. Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебi. Сондықтан билiктi құрайтынның барлығы мейiрiмдiлiктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебi ол заңға сүйенедi деп есептеген.

 ХV және ХVl ғасырлар аралығы Батыс Европада «қайта өрлеу дәуiрi» деген атқа ие. Қайта өрлеу дәуiрiнiң саяси ойының жарқын жұлдызының бiрi италияндық Н.Макиавелли /1469-1527 ж.ж./ болып табылады. Оның «Патша» (1513 ж.), «Тита Ливлийдiң бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар» (1519 ж.), «Флоренция тарихы» (1532 ж.) т.б. атты құнды еңбектерi бар. Н.Макиавеллидiң саяси iлiм тарихы дамуына қосқан үлестерi:

· схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;

· саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси ғылымды өңдеді;

· феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;

· «мемлекет» және «республика» ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән бердi;

· папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;

· «мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды» қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырды. «Макиавеллизм» деген атқа ие болған бұл ілім саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді

Жаңа заманның саяси ой-пiкiрлерi. Табиғи құқық мектебiнiң iрi теоретигi нидерланд ғалымы Гуго Гроций (1585-1645 ж.ж.) «Соғыс пен бейбiтшiлiк туралы құқық. Үш кiтап» (1625 ж.) атты трактатында халықаралық құқықтың өзектi мәселелерiн шешу мақсатын қойды. Соғыс пен бейбiтшiлiктiң теориялық мәселелерiн шешу құқық, әдiлеттiлiк, олардың көздерi, өмiр сүру формасы, зерттеу әдiстерi сияқты жалпы мәселелердi қарастыруды қажет еттi. Нәтижесiнде Г.Гроций жаңа методологияға негiзделген құқық пен мемлекеттiң жалпы мәселелерiн тиiмдi шешушi саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырды. Оның iлiмiнiң бастама бөлiмi- адам табиғаты, адамның әлеуметтiк сапасы.

Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) еңбектерi «Левиафан, немесе материя, мемлекет формасы мен билiгi», «Азамат жөнiнде», «Дене туралы», «Адам туралы».

Мемлекет пен құқық туралы iлiмдi Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз iлiмiн адам табиғаты мен құмарлығын зерттеуге арнады. Т.Гоббстың адам табиғаты мен құмарлығы туралы ойлары писсимистiк болды. Адамға бақталастық (байлыққа құмарлық), даңқ құмарлық, сенiмсiздiк (қауiпсiздiкке талпыныс) тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады, «барлығының барлығына соғыс жағдайын» тудырады. Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын iздестiруге итермелейдi, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлекетке әкеледi. Т.Гоббс мемлекеттiң үш формасын монархия, демократия, аристократияны атайды, олардың iшiнен абсолютік монархияны қолдайды. Ең керемет басқару формасы абсолютік монархия деп санады.

Шарль Луй Монтескье (1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл. «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi. Оның негiзгi идеялары:

· саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды

· заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi

· билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол бермеу деп санадыжәне бұл идеясы американдық және француздық конституцияларда көрінісін тапты.

· бостандық- заң мен ерiк берiлген нәрсенiң бар iстеу құқығы

Ж.Ж.Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. «Адамдар расында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси экономия туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық принциптерi туралы» еңбектерi бар.

Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Руссо басқарудың демократиялық, аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару халықтың қолында болады. Ж.Ж.Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн. Аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi басқару формасы деп санады. Ж.Ж.Руссо бойынша мемлекеттің жүрегі- бұл заң шығарушы билік деп санады.Ол еңбектерінде еркіндік пен ашық қоғамды демократияның басым құндылығы деп сипаттады.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

1 тапсырма. Платон бойынша мемлекеттің формалары

 

Дұрыс формалары Бұрыс формалары
   

 

2 тапсырма. Аристотель бойынша мемлекеттің формалары

 

Дұрыс формалары Бұрыс формалары
   

Cеминар №3. Саяси билік және оны жүзеге асырудың механизмдері.

Сабақтың жоспары:

1. Саяси билік анықтамасы, теориялары.

2. Саяси биліктің ерекшеліктері, белгісі.

3. Билік лигитимділігі дегеніміз не?

4. Билiк жүргiзу әдiстерi мен түрлерi.

5. Билік ресурстары классификациясы.

6. Биліктің бөліну принципі.

Сабақтың мазмұны

Билік жалпы алғанда – бұл біреулердің екіншілердің іс–әрекетіне үстемдік ету немесе құқығын жүргізу мүмкіндігі, қабылеті. Биліктің түрлері – мемлекеттік және саяси.

Саяси билік – бұл бедел, құқық, күштеудің көмегімен адамдардың тәртібіне, қызметіне қандайда бір ықпал етуі, өзінің еркін жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті.

Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттің егемендігі жүргізілетін белгілі бір территориядағы арнайы мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылатын билік.


Биліктің белгілері:

билік еркінің үстемдігі

ерекше басқару аппаратының болуы

қоғам өмірін реттеу монополиясы

тәуелсіздігі

мәжбүрлеу құқығының болуы

легитимдігі.

Саяси биліктің қ ұ рылымы:

биліктің субъектісі

биліктің объектісі

биліктің көздері

билік ресурстары

билік функциялары.

Билік субъектілері (билік өкілеттілігін атқарушылар):

мемлекет және оның институттары

саяси элита және лидерлер

саяси партиялар.

Билік объектілері (биліктің ықпалы бағытталғандар):

тұлға

әлеуметтік топ

таптар

қоғам.

Биліктің к ө здері:

күш

байлық

жағдай, қоғамдағы орны

ұйым

білім және ақпарат.

Билік ресурстары – субъект мақсаттарына сәйкес, билік объектісіне ықпалын қамтамасыз етуге пайдаланатын құралдардың жиынтығы.

Билік ресурстарының типтері:

Экономикалық: материалдық құндылықтар, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар.

Күштеу: қару жарақ , күштеу аппараты

Әлеуметтік: биліктің пайдаланатын әр түрлі жеңілдіктері, кадрлық саясат.

Ақпараттық: білім және ақпарат, оларды алу мен таратудың құралдары.

Саяси – құқықтық: Ата заң, заңдар, саяси партиялардың бағдарламалық құжаттары.

Демографиялық: адам басқа да ресурстарды қалыптастыратын, әмбебап ресурс.

Билік функциялары:

қоғамды басқарудың стратегиясын талдау

қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдер қабылдау

қоғамдық процестерді шұғыл реттеу мен басқару

қоғам дамуының бағыттары мен тұрақтылығының маңызды параметрлеріне бақылау жасау

Саяси биліктің легитимдігі – бұл үстемдік етіп отырған биліктің заңдылықтарын халықтың мойындауы, өркениетті биліктің міндетті белгісі.

Биліктің легитимдігінің типтері:

• Ә дет – ғ ұ рып – ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрдің негізінде жүргізілетін билік.

• Харизматикалық – жеке тұлғалардың ерекше қасиеттерінің негізінде қалыптасқан билік.

• Қ ұ қықтық – демократиялық жолмен сайланатын және билік өкілдерімен әрекет ететін, заңның негізінде қалыптасқан билік.

Биліктің жіктелуі:

• қызмет ету саласы бойынша:

1. саяси

2. идеологиялық

3. әлеуметтік

4. экономикалық

5. құқықтық, заңдылық, соттық

6. рухани (діни)

7. зайырлы

• объектісі бойынша:

1. мемлекеттік

2. халықаралық

3. жанұялық және т.б.

    • субъектісі бойынша:

1. парламенттік

2. партиялық

3. таптық

4. қоғамдық, ұжымдық, жеке

• басқару т ә ртібі бойынша:

1. тоталитарлық

2. деспоттық

3. авторитарлық

4. демократиялық

5. бюрократиялық

          • ә леуметтік типі бойынша:

1. социалистік

2. буржуазиялық

3. феодалдық және т.б.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

1 тапсырма . Кестені толықтырыңыз:

 

 


2 тапсырма. Кестені толықтырыңыз:

 

 

Cеминар №4. Саяси лидерлік. Саяси элита.

Сабақтың жоспары:

1. Саяси ілімдер тарихында саяси элита мәселелері. 

2. Элитология негізін салушы классиктер.

3. Элита ұғымы, қызметтері, түрлері және қалыптасуы.

4. Қазақстандағы саяси элитаға тән сипаттар мен ерекшеліктер..

Сабақтың мазмұны:

Жетекшi /лидер ағылшынша жетекшi/- жеке ықпалымен әлеуметтiк және саяси процестерде шешушi рөлге ие ұйым немесе ұсақ топтың беделдi мүшесi. Жетекшiлiк- бұл топтық қызметтi интеграциялау механизмi, сонымен бiрге ұйым мен индивид мақсаты үшiн жеке адамдар мен топтарға тұлғалық ықпал етуге қабiлетi. Саяси жетекшiлiк- адамдардың саяси мiнез-құлқы мен саяси қызметiне ықпал етудiң жеке тұлғалық қасиетi. Оның негiзгi ерекшелiгi- билiк феноменiмен тығыз байланысты болуында.

Сонымен «саяси жетекшi» категориясы саяси қызмет субъектiсiнiң түрiн /субъект-лидер/, қызмет субъектiсi мен объектiсi арасындағы қатынасты /жетекшiлiк/ және саяси институт- көсемдiктiң әрекет етуi мен таратылуы механизмiн бiлдiредi.

Саяси жетекшiлiк категориясы екi аспектiнi қамтиды:

1) формальдi басқарушылық-қызметтiк статус, билiктi иеленумен байланысты.

2) субъективтi қызмет, әлеуметтiк рөл атқарумен байланысты.

Саяси жетекшi бiруақытта саяси процесс субъектiсi де, объектiсi де болып табылады. Субъект ретiнде өзiн қолдаған қауымдастықтың мүдделерiн iске асыру үшiн ол әлеуметтiк-саяси қозғалыс басында тұрады. Бұл үшiн жетекшiге билiк өкiлеттiлiгi және адамдардың еркiн, интелектiн бағыттау, материалдық, қаржы құндылықтарын пайдалану құқы берiледi. Саясат объектiсi жетекшi әр түрлi бағыттар тарапынан ықпал мен қысымдарға ұшырайды, оны қабылдауға және келiсiмге баруға ол дайын болуы керек. Әрбiр жетекшiлiк өзiн көрсетуге, көбiрек қолдаушылар табуға, қалыптасуға, сол кездегi саяси жүйеге енуге талпынады. Саяси жетекшiлiк эволюциясы- бұл қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс. Практикадағы оның кезеңдерi: бiрнеше қоғамдық қозғалыстардың пайда болуы және жетекшiнiң ерекшеленуi, ары қарай, партия құрылуы, бағдарламалық бағдар мен ұйымдық қағидалардың анықтауы, партиялық-саяси жетекшi иерархиясының қалыптасуы, соныңда билiк үшiн күрес; партияның билiкке келуi, партия жетекшiлердiң мемлекет қызметiне өтуi.

Саяси жетекшiлiк белгiлерi:

· өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;

· қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;

· бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;

 · қажеттi саяси мәдениет деңгейi;

 · сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;

· танымалдылық;

· көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;

· халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;    

 · өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;   

 · қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.

Студенттерге берілетін тапсырмалар

1-тапсырма. Жетекшінің түрлерін анықтаңыз

2- тапсырма. Саяси жетекшілік категориясының аспектілері?

 

3 тапсырма. Саяси жетекшіліку белгілері

Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар мыналар:

1.Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілетті бар кәсіби басқарушылар керек;

2.Адамдардың психологиялық /туа біткен/ және әлеуметтік /оқу, тәрбие/ теңсіздігі;

3.Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;

4.Бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы.

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асырулын бақылайды.

Саяси элитаның түрлері:

1.Мұрагерлік, мысалы аристократтар;

2.Құндылықтық, жоғары және ықпалды қоғамдық және мемлекеттік позицияға ие адамдар;

3.Биліктік, тікелей билікті иеленушілер;

4.Қызметтік, кәсіби-басқарушылар, осындай біліктілікке ие адамдар;

5.Билеуші, мемлкеттік билікке иелер;

6.Оппозициялық, контрэлита;

7.Ашық, қоғамннан шыққан;

8.Жабық, өз ортасынан шыққан, мысалы дворяндық

Элита сонымен бірге, жоғары және орта болып бөлінеді. Жоғары элита бүкіл мемлекет үшін маңызды шешім қабылдауға ықпал етеді. Орта элитаға тұрғындардың 5 пайызы жатады, мына үш белгісі бойынша ерекшелінетін- табыс, кәсіби статус, білім. Осы белгілердің бір немес екеуіне иесі маргинал элита деп аталынады.

Саяси элитаның қалыптасуының екі жүйесі бар:

1. гильдий жүйесі /социалистік елдерде кеңінен қолданылған/

2. антрепренерлік жүйе /демократиялық елдерде қолданылған/

Гильдий жүйесінің ерекшелігі:

1. Жабықтығы;

2. Таңдау процесінің институциализация деңгейінің жоғарылығы /партиялығы, жасы, стажы, білімі, басшы мінездемесі т.б./;

3. Бәсекенің жоқтығы;

4. Элита құрамының өзгеруі баяу.

Антрепренерлік жүйе ерекшелігі:

1. Ашықтығы;

2. Талаптардың аздығы;

3. Жоғары бәсекелік;


Дата добавления: 2018-10-25; просмотров: 1358; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!