Приоритеттік функциясы бойынша:



1. әскери (полициялық)

2. құқықтық

3. әлеуметтік

Қ ұ қықтық мемлекет – бұл мемлекеттік биліктің қызметі және ұйымдастыру формасы, оған мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивидтер құқықты сыйлап оған деген қатынастары бірдей болады.

Қ ұ қықтық мемлекеттің айрықша белгілері:

1. қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемділігі

2. заң алдында барлығының теңдігі

3. тұлғаның құқығына кепілдік, оның еркін дамуына мүмкіндік

4. мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі

5. билікті заң шығарушы, атқарушы, сот деп бөлудің принциптері

6. азаматтық қоғам

Ә леуметтік мемлекет – мемлекет биліктің өзіне тән ұйымдастырылу формасы, азаматтардың тұрмыс-жағдайына қамқорлық, өмір сүруіне лайықты жағдайлар туғызу, олардың талаптарының іске асырылуына тең мүмкіндік және тіршілік ортасына жағымды жағдай жасау болып табылады.

Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттердегі адамзат қауымдастығының қалыптасуы және дамуы, өз еріктерімен қатысып құрылған мемлекеттік емес құрылымдар сеті (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциялар, одақтар, орталықтар, клубтар, фондалар) қоғамның өміршеңді барлық салаларының және мемлекеттік емес қатынастарының жиынтығы – экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері:

1. адамдар мен азаматтардың құқығын және еркіндігін толық қамтамасыз ету

2. өзін-өзі басқару

3. оның құрылымын құрастырушы және әртүрлі топтағы адамдардың бәсекелестігі

4. қоғамдық көзқараспен плюрализмнің еркіндігі

5. адам құқығының нақты жүзеге асуын жалпылама информациялау

6. экономиканың көп укладтығы

7. билік сипатының легитимдігі және демократиялығы

8. құқықтық мемлекет

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына ұғымдардың қайсысы бір-біріне сай келеді?

А. Федерация                   1. Биліктің өкілділік және заңшығарушы ұйымы.

Б. Парламент                    2.Белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін біріккен егеменді елдер

                                              орталығы.

В. Конфедерация              3. Белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың 

                                               бірігіп, одақтық жаңа мемлекетті құруы.

Г. Мемлекет                      4. Мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке-дара бір билеуші қолында          

                                               болып, ол әкеден балаға мұра ретінде берілетін түрі.

Д. Республика                  5. Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа

                                               сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын   

                                                мемлекеттік басқару түрі.

Е. Монархия                         6. Белгілі бір аумақ шеңберінде адамдар, әлеуметтік топтар, таптар  

                                              мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын,

                                               бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.

Ж .Унитарлы мемлекет        7. Монарх билігі парламентпен шектелінеді.

З. Абсолюттік монархия      8. Саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде бөлек 

                                                   құрамдар жоқ.

И. Конституциялық монархия 9. Жоғары өкімет билігі тұтас, формальді түрде шектел местен бір

                                                   адамның қолында тұрған басқару формасы.

К.Демократия                        10. Күштеуге, жеке адам билігіне негізделген мемлекеттік саяси 

                                                     құрылыс.

Л.Тоталитаризм                     11. Халық билігі.

М.Авторитаризм                    12. Қоғам, адам өмірінің барлық салалары толық мемлекеттік

                                                 бақылаудағы саяси тәртіп.

 

2-тапсырма. Мемлекеттің пайда болу туралы теориялардың мәні неде?

Теория Негізгі жағдайы
Теократиялық  
Патриархалды  
Қоғамдық келісім  
Зорлық жасау  
Географиялық  
Психологиялық  
Маркстік  

3-тапсырма. Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның негізін салушы кімдер?

А. Теологиялық теория                 1. Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский

Б. Патриархтық теория                  2. А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин

В. Қоғамдық келісім теориясы     3. К.Маркс, Ф.Энгельс

Г. «Зорлық жасау» теориясы        4. А.Августин мен Ф.Аквинский

Д. Географиялық теория                5. Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо

Ж. Маркстік теория                        6. Р.Филмер

 

Cеминар №10. Қазақстан Респубикасындағы көппартиялық: мәселелер мен даму

Сабақтың жоспары:

1. Саяси партия мәнi, белгiлерi, қызметi.

2. Саяси партия типологиясы.

3. Партиялық жүйелердiң мәнi.

4. ҚР көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.

Сабақтың мазмұны:

Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.

Партиялардың негізгі белгілері:

адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.

белгілі бір идеологияны ұстанушы.

бірлестіктің еріктілігі.

мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.

белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.

Партия қызметтері.

Ә леуметтік қызметтері:

мүдденің агрегирлігі - әлеуметтік мүдденің білдіруі,саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары.

әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге әртүтлі топтың қосылуы, әлеуметтік және саяси коммуникацияларының жөнделуі,конфликті мүдденің бітімі.

саяси әлеуметтену- партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.

Идеологиялық қызмет.

партиялық идеология мен партиялық пропаганданың жетілуі және жайылуы.

Саяси қызметтері.

мемлекеттік билікті жаулап алу.

саяси рекрутивтілік- партия кадрының фильтрациясы және алға жылжуы, саяси элитаның қалыптасуының сұрыптылуы.

Басшылық қызметі (коммунистік және дәстүрлі қоғамдағы тек авангардты партияның түріне арналған).

Партия қ ұ рылысы.

партиялық аппарат

қарапайым партия мүшелері (партиялық қауым)

партия жақтастары.

Партиялық ж ү йе-партия жиынтығы (оппозициялық және басқарушылық ),билік үшін күреске қатысу және оны жүзеге асыру.

Саяси қоғамдық қозғалыс-азаматтардың әлеуметтік топтың белгілі мүдденің бейімділігіне білдіру және қандай да бір саяси мақсатқа жету бағыты.

Саяси партиялардың саяси- қоғамдық қозғалыстардан айырмашылығы.

әлеуметтік қозғалыс базасы көбіне кең,аморфты,өткір;

саяси қоғамдық қозғалыстар тек бір саяси концепцияны ұстанады және ірі саяси мәселені шешуге қол жеткізеді, партия сияқты мақсаттар жиынтығын емес, тек бір мақсаты бар.

партия сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар ұзақ өмір сүреді;

саяси-қоғамдық қозғалыстар билікке ұмтылмай, оған әсер етуге тырысады, осы билікті өздерінің мәселелерін шешуге болады (билікке күресте саяси қоғамдық қозғалыстар саяси партияға өзгереді) бастама топтары, клубтар, одақтар қоғамдық саяси қозғалыста саяси белсенділіктің орталығы ретінде қатысады.

қоғамдық саяси қозғалыста ішкі формальды иерархия тұрақты мүшелік және соған сәйкес құжаттар (бағдарлама,жарғы т.б) жоқ.

Қысым көрсету тобы - өзінің мүддесін спяси билік құрылымының мақсатты әсерін белсенді қанағаттандыратын қоғамдық бірлестік.

Қысым көрсету тобының ә ралуындығы - нәсіби одақтар, кәсіпшілер ассоциациясы, кооператорлар одағы, тұтынушылар, ерісті қауым және басқа да қоғамдық бірлестіктері.

Лоббизм - протекционизм,мемлекеттік билік органдарында экономикалық немесе саяси мүдделердің насихаты және көрсетілімі.


Дата добавления: 2018-10-25; просмотров: 1336; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!