Методологические подходы и принципы в педагогических исследованиях.



Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы , оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Оларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу)т.б.

Педагогикалық бақылау әдісі.Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында болмасын қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыс пен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мыс; кейбір оқушылардың сабаққа деген белсенділігі жоғары , ал кейбіреулерінің сабаққа белсенділігі төмен екендігін аңғаруға болады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Оның мағанасыни былай түсіндіруге болады 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабаққа зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылу әдісі, осылайша нақты теориялық ой-пәкірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.

Әңгімелесу әдісі.Бұл әдәіс ғалым- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырсады. Егер, мыс; жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез-құлықтық қатынасын алатын болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөнінде өзінің пікірін пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн көреді. Бұл үшін мұғалім мен әңгімелесуді бірден –бір жол деп, сабақта кездескен құбылыстардың себебеін түсіндіріп беруді, мұғалімніңғ пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша мұғалім мен оқушы пікірлерінің өз ара сай келуі немесе алшақтығын анықтауға көмектеседі.

Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылығын зерттеу әдісі.Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын қарап отыру үлкен маңызға ие. Мыс; оқушылардың оқу –үлгерімімен танысу үшін сынып журналы, өткен жылғы табельдермен танысып шығу керек. Белгілі тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, оқушының дүниеге, қоғамға деген көзқарасын болжауға болады.

Педагогикалық эксперимент.Бұл арнайы ұйымдастырылған, алдын- ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғаліммен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттерге: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері жатады.

Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті- зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға мүмкіндік береді. Мыс, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы, зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа да әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінің анықтайды.Нәтежиеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қортынды жасайды.

Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және жинақтау және теориялық пайымдауға негізделген.

Методы педагогического исследования. Теоритические методы. Эмпирические ( практические) методы. Педагогический эксперимент

Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа-тәжірибе).

1.Бақылап-зерттеу-заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап- зерттеу құралдары видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі оған құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай ғана тас деп қарайды. Бүны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен қарайды, басымен көреді.

2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.

Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмір-баяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата- аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.

Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі - теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет.

 

 

Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.

Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлады және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық. және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір-бірімен диалектикалық байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.

30.  Состав методологического знания в педагогике.Структура и этапы педагогического исследования.

Зерттеу бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады:

Алғашқы кезең – зерттеу мәселесімен танысу, өзектілігін, зерттеу деңгейін анықтау. Мақсат, міндет, объекті, пәні анықталады.

Екінші кезең - әдіснама, таңдау кезеңі. Алдыңғы тұжырымдамалар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі.

Қолданылатын әдістер: жүйелілік, кешендік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік.

Үшінші кезең - болжам жасау. Зерттеудің болжамы болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет етіп, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.

Төртінші кезең – зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады.

Бесінші кезең – тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу.

Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді.

Жетінші кезең – практикалық ұсыныстар жасау.

Мысалы диссертациялық ғылыми зерттеуді қарастыратын болсақ, диссертациялық зерттеудің қамтитын мәселелері мыналар:

1. Зерттудің көкейкестілігі

2. Зерттеудің мақсаты

3. Зерттеу нысаны

4. Зерттеу пәні

5. Зерттеудің ғылыми болжамы

6. Зерттеудің міндеттері

7. Зерттеу көздері

8. Зерттеу әдістері

9. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы

10. Зертеудің практикалық мәні

11. Қорғауға ұсынылатын қағидалар

12. Алынған нәтижелердің шынайылығы

13. Диссертациялық жұмыстың құрылымы

14. Қорытынды

 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 646; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!