Методология как основа развития науки. Понятие о методологии пед, науки.



Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасын түсіндіріңіз.

Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зертеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу, ғылымда-әдіснама деп аталады. Мемлекеттік тілдегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде жазылып келе жатқаны белгілі. Қалайда бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын,оның негізгі белгілі бір теорияны. Ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алатыны белгілі. Сол себепті педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады.

Әдіснама-ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын 4 деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Бірінші деңгей философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады. Үшінші деңгей-нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснамазерттеу әдістемесі мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.

Жалпы ғылыми әдіснама құбылыстар мен қоршаған шындық үрдістердің жалпылық байланысы мен өзара сабақтастығын бейнелейтін жүйелілік принципімен сипатталады. Жүйелілікпен қарау педагогикалық теорияны, экспериментті және практиканы бірлік принципінде іске асыруды қажет етеді. Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз-ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру, педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия.

Алым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.

 

Уровни методологии; философический уровень методологии; общенаучный уровень; конкретно-научная методология; технологическая методология.

Әдіснама (методология грек. мethodos – зерттеу жолы, теория) – тек білімдер жинағы туралы зерттеу емес, сондай-ақ танымдық әрекет саламы болып табылады. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу процесінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Философиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпығылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық концепциялар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Бұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.

Оқу-тәрбие процесінің қозғаушы күші - талап (қоғам, мұғалім, әкімшілік) пен оны тәрбиеленушінің орындау мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін алуан түрлі жағдайлар жасау педагогикалық процестің өзін жетілдіреді.

Дидактикада білімді меңгеру процесі танымның материалистік процесі негізінде қүрылады. Материалистік философия таным түйсіктен басталады дейді. Таным заңы - нақты бақылаудан абстрактылық ойға, одан практикаға өту. Жалпыға ортақ методология оқыту процесінің негізгі этаптары (кезеңдері) - қабылдау - үғыну - бекітуді анықтауға мүмкіндік береді. Педагогика ғылымының табысты түрде дамуы оның методологиясының дамуына тікелей тәуелді.

Теория түрінде дамитын педагогика ғылымы практикаға қызмет етеді. Ғылыми ақпараттарды жинақтап, талдап, қорытындылап, нәтижелерін педагогикалық практикада қолдану жолдарын қарастырады. Педагогикалық идеяларды практикаға енгізудегі басты міндет мектептің ғылыми білімдерді керек етуін, оған сұранысын қалыптастыру.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 699; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!