Сот сарапшысы біліктілігін беру. 16 страница



Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы мәселені аяқтай отырып, дәлелдемелерді бекітудің тиісті құралдары жөнінде айту қажет.

Процесті жүргізуші орган үлгілерді алғаннан кейін, хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекет олардың жүргізілу ретімен, бұл үшін қолданылған ғылыми-зерттеу және өзге әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталып жазылады. Егер сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған аталған іс-әрекетке қатыскан барлық адам қол қояды және ол қылмыстық іске қосып тігу үшін тергеушіге беріледі. Алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде хаттамаға қоса тіркеледі.

33-бап. Үлгілер

1. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам), алу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілерді табыс етеді.

2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайларда, оны сот сарапшысы жүргізуі мүмкін.

3. Зерттеу барысында сот сарапшысы эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Сот сараптамасын тағайындаған адам осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл оның өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

 Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi қапталған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса береді.

2.Сараптама жүргізу тәртібі.

Сараптама — ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.

272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

 

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді.

4. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның заңды өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.

5. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады.

6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды.

Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы.

Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзінің іс жүргізуінде жатқан қажетті нәрселерді, материалдарды сарапшының билігіне береді.

7. Қылмыстық процестегі сараптама осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы адвокаттың сұрау салуы негізінде қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектісін талап етіп алдыру қажет болмаған жағдайларда жүргізіледі.

8. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің осы баптың жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы сұрау салуды жібергені туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол қажет болған кезде сарапшыға қосымша мәселелерді жолдайды. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы негізінде берілген сарапшының қорытындысы екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жолданады.

9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы.

10. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.

3.Сот сараптамасы органдарында сот сараптама қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

6-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНДАРЫНДА СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

45-бап. Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 242-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметін, оның ішінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын жүргізуге ақы төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

46-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық

         қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары

Сот сарапшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін арнайы жарақталған үй-жайлар болған кезде жүзеге асыра алады.

Билет№29

1. ҚР қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім институты - жалпы сипаттамасы

Арнаулы ғылыми білім – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы.

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді мақсатқа лайықты пайдаланудың тек теориялык ғана емес, сонымен бірге маңызды практикалық маңызы да бар. Оларды қолданудың мақсаттарын дәлелдеу процесінде анықтау іс жүргізу нысандары заңымен көзделген арнаулы білім түрлерін пайдаланатын адамдардың функциялары мен өкілеттерін дұрыс түсіну үшін, демек, оларды пайдалану практикасында зандылықты қамтамасыз ету үшін маңызы бар.

заңда арнаулы білімдерді пайдаланудың мынадай нысандары көзделген: оларды тікелей анықтаушының, анықтау органының тергеушінің, прокурор мен сот құрамының олардың іс жүргізу функцияларын орындау кезінде пайдалануы, маманның тергеу (сот) іс-әрекеттеріне қатысуы, сот сараптамаларын жүргізу, аудармашыны тарту, мылқау немесе саңырау адамнан жауап алу кезінде сөйлесу белгілерін түсінетін адамның қатысуы, дәрігердің қатысуы, кәмелетке толмаған процеске қатысушыдан жауап алу кезінде педагогтың қатысуы, сот сараптамаларына жатпайтын сараптамаларды жүргізу, ревизия жүргізу, хабардар адамдардың анықтамалық қызметі.

Заңмен көзделген арнаулы білімдерді пайдалану нысандарының мазмұны дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функциялары байланысынан, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде көмек корсетуден шыға отырып, дифференциациялануы мүмкін.

Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функцияларына процесті жүргізуші орган ие болады.

Сарапшының бір ғана функцияны іске асыру құқығы болады - ол дәлелдемелерді зерттеу. Алайда, сарапшының функциясы ретіндегі «дәлелдемелерді зерттеу» ұғымы дәлелдеу элементтерінің бірі болатын ұқсас ұғыммен тепе-тең емес, өйткені арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін сарапшылық зерттеудің тар шеңбері жайлы сөз болып отыр.

Маманның сонын ішінде дәрігер мен педагогтың іске асыратын функциялары (ҚІЖК-нің 84-бабы 1-бөлігін қараныз) дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалауды жүзеге асырудағы көмек болып табылады.

Арнаулы білімдерді қылмыстық процесті жүргізуші органның тікелей қолдануы, сот және тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға маманды тарту болып табылатын сот сараптамасында арнаулы білімдерді пайдаланудын ең кең тараған нысандарын талдамастан бұрын, арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге де нысандарына тоқталайық.

Құзыреті арнаулы білім ауқымындағы занда белгіленген, дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалауда көмек көрсететін іс жүргізушілердің бірі педагог пен дәрігер болып табылады.

Заң шығарушы кәмелетке толмағанды жеке өзінің құкығы мен заңды мүдделерін толық шамада қорғай алмайтын және көтерінкі құқықтық қорғауды қажет ететін адам ретінде қарастырады. Кәмелетке толмағанды бұлайша бағалау адам ағзасы дамуының жас ерекшелігіне, ең бастысы кәмелетке толмағанның жеке басының психофизиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты, сондықтан да оны қатыстырумен іс жүргізу іс-әрекеттерін жүзеге асыру ерекше тәсілді талап етеді.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!