Сот сарапшысы біліктілігін беру. 11 страница



2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер тек қана заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі.

3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге әкеп соқты деп санаған адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Билет№23

1. Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай - ҚIЖК) 240-бабына сәйкес, сараптама сарапшының арнайы ғылыми бiлiмнiң негiзiнде тек iс материалдарын зерттеуiнiң нәтижесiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайларда тағайындалады. Қылмыстық iстi жүргiзушi органның назары сараптама тағайындау мен жүргiзу кезiнде қылмыстық-iс жүргiзу заңын қатаң сақтаудың, осы орайда сараптама жүргiзiлуге қатыстырылған айыпталушының, жәбiрленушiнiң, сондай-ақ куәнiң және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты iс жүргiзiлiп жатқан адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiне аударылуы тиіс.

Сот сараптамасын жүргiзу ҚР ҚIЖК-нiң 243-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде және "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетiлген адамдарға ғана, атап айтқанда:

а) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;

б) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;

в) арнайы бiлiмi бар, сот сараптама жүргiзудi жүктеген өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.

  Iстi алдын ала тыңдау барысында сараптаманы тағайындау туралы қаулыны сот сараптаманы тағайындау дәлелдемелерге баға беруге байланысты болмаса, ал оны жүргiзу ҚIЖК-нiң 241-бабына сәйкес мiндеттi болса тек тараптардың өтiнiшi бойынша шығаруы мүмкiн.

Егер басты сот талқылауында арнайы ғылыми бiлiм негiзiнде анықтауды қажет ететiн мән-жайлар туындаса, сот тараптардың өтiнiшi бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша тиiстi сараптама тағайындауға мiндеттi.

Апелляциялық сатының соты, егер iс бойынша сотталған адамның психикасының жай-күйiн анықтау қажет болса, оның ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзу барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туса; жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау қабiлетiне күмән туған жағдайларда олардың психикалық жай-күйiн анықтау қажет болса сот психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы.

Iстегi және тараптар қосымша ұсынған, сот отырысында зерделеудi қажет етпейтiн материалдар бойынша сараптама жүргiзу мүмкiн болған жағдайларда ғана апелляциялық сатының соты басқа сараптама тағайындауы мүмкiн.

Сараптама жүргiзу кассациялық және қадағалау сатылары соттарының құзыретiне кiрмейдi. Материалдарды, оның iшiнде қосымша келiп түскен және дұрыс шешiм қабылдау үшiн маңызы бар материалдарды сараптамалық зерттеу қажет болған кезде, олар сот актiлерiнiң күшiн жойып, iстi жаңа сот қарауына жiбере алады. Сот сараптамаларын тағайындау туралы шешiм зерттелiп отырған мәселелер бойынша сараптама қорытындысы iсте болса да болмаса да қабылдануы мүмкiн.

Сот анықтау немесе алдын ала тергеу кезiнде сараптама жүргiзiлмесе, ал iс материалдары бойынша оны жүргiзу қажет болса, ҚIЖК-нiң 249 , 250-баптарына сәйкес жеке сарапшының қатысуымен комиссиялық не кешендi сараптама жүргiзудi тағайындайды.

Егер сараптаманың нәтижелерi анық болмаса және мұны сарапшыдан жауап алу жолымен жою мүмкiн болмаса не сарапшы өзiнiң алдына қойылған мәселелердi толық шешпесе немесе осының алдында жүргiзiлген зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда ҚIЖК-нiң 255-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес қосымша сараптама тағайындалады. Оны жүргiзу сол сарапшының өзiне тапсырылуы мүмкiн.

Егер сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмесе не оның дұрыстығы күмән туғызса не сараптама тағайындау мен жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары едәуiр бұзылса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган нақ сол нысандарды зерттеу және нақ сол мәселелердi шешу үшiн ҚIЖК-нiң 255-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес қайталама сараптама тағайындайды. Оны жүргiзудi сол сарапшының өзiне тапсыруға болмайды.

Қандай да болмасын мән-жайды жекелеген сараптамалар жүргiзу арқылы анықтау мүмкiн болмаған жағдайда ҚIЖК-нiң 250-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес кешендi сараптама тағайындалады. Әр түрлi арнайы бiлiмдердi пайдаланудың негiзiнде бiрқатар зерттеулер жүргiзу үшiн сараптама жасау әр түрлi мамандықтағы сарапшыларға тапсырылады.

  Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сарапшының қорытынды беруiне қажеттi мән-жайларды зерттеу үшiн заңмен көзделген шараларды қолдануға, содан кейiн тараптарға өздерi сарапшыға қойылуға тиiс деп есептейтiн сұрақтарды жазбаша нысанда берудi ұсынуға және iс жүргiзуге қатысып отырған басқа да адамдардың олар бойынша пiкiрiн тыңдауға тиiс.

Тараптар сонымен қатар қандай объектiлердiң сараптамалық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптаманы жүргiзу кiмге тапсырылуы мүмкiн екенiн көрсетуге және сарапшы ретiнде шақырылған адамға қарсылық бiлдiруге құқылы. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар сұрақтар соттың сараптама тағайындау туралы қаулысында тұжырымдалуға тиiс. Қаулыны шығару кезiнде сарапшының алдына қойылған сұрақтардың сараптама жүргiзу тапсырылған адамның арнайы бiлiмiнiң шегiнен аспауы керектiгiн назарда ұстаған жөн.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сарапшының құзыретiне кiрмейтiн құқықтық сұрақтарды, сондай-ақ iске қатысы жоқ өзге де сұрақтарды шешу туралы мiндет қойылмауға тиiс. Сараптаманы тағайындаған кезде сот сараптамалық зерттеу объектiлерiн табу, алу, тiркеу кезiнде ҚIЖК талаптарының орындалуымен қатар объектiлердiң iске толық тiркелгендiгiн тексеруге мiндеттi.

Егер сот қаулысы бойынша алынуға тиiс объектiлер сараптамалық зерттеуге жататын болса, олардың алынуы, буылып-түйiлуi және сараптамалық зерттеуге әкелiнуi сараптаманы тағайындау туралы сот қаулысының осы бөлiгiн орындау жүктелген тиiстi органдардың мамандарының қатысуымен жүргiзiледi.

Сараптамаға ұсынылған объектiлердiң сипаттамасы, олардың сыртқы түрi, мөлшерi, буылып-түйiлуi осы заттардың сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетiлген сипаттамасымен, бумалардағы жазбамен салыстырылып, бұл туралы сараптама актiсiнде көрсетiлуге тиiс.

Тараптар заттарды, құжаттарды және өзге де заттай айғақтарды сараптамалық зерттеу объектiлерi ретiнде ұсынуға құқылы. Заттарды осы сараптамалық зерттеу объектiлер қатарынан алып тастау үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган дәлелдi қаулы шығаруға мiндеттi.

Сараптамаға қатыстырылып отырған жәбiрленушi, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә және өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, егер оның психикалық жай-күйi мүмкiндiк берсе қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен сараптама жүргiзу кезiнде қатысып отыруға құқылы. Сараптама тағайындау туралы сот қаулысы сараптама мекемелерi үшiн де және сот сараптамалық зерттеу объектiлерiн алу, буып-түю және жеткiзу мiндетi жүктелген басқа да органдар (адамдар) үшiн де орындауға мiндеттi болып табылады. ҚIЖК-нiң 50-бабына сәйкес, сараптаманы тағайындау қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға негiз болады, сондықтан сот сараптама тағайындаған кезде қажет болған жағдайда iс бойынша тыңдауды кейiнге қалдыруға мiндеттi. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейiн iс бойынша iс жүргiзу жаңартылады және сот талқылауы жалғастырылады.

Соттар сараптама жүргiзу мерзiмдерiн бақылауға алып, қажет болған жағдайларда сараптама мекемелерiнен сараптама қорытындысының дайындығы туралы сұрауы керек. ҚIЖК-нiң 302-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес сот дәлелдi қаулысымен сараптама жүргiзуге байланысты өткен iстi қарау мерзiмiн ұзартады. Сарапшының қорытындысы зерттелуге әрi бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын зерттеу кезiнде оның басқа дәлелдемелерден қандай да болмасын артықшылығының жоқ екенiн, алдын ала белгiленген күшiнiң жоқ екенiн және ол iс бойынша басқа дәлелдемелермен қоса талданып, салыстырылып бағалануға жататынын назарда ұстаған жөн.

Сот сарапшының қорытындысымен келiспеген жағдайда өз пiкiрiн үкiмiнде немесе қаулысында тұжырымдап көрсетуге тиiс.

Соттарға сарапшы қорытындысына баға беру бiрқатар мәселелердi, олардың iшiнде маңызды болып табылатын мына мәселелердi:

а) сарапшыға сол iске қатысты зерттеу объектiлерiнiң ұсынылғаны не ұсынылмағаны және олардың сараптамалық зерттеу үшiн жеткiлiктiлiгiн;

б) сараптамалық зерттеудiң толықтығы бiрiн бiрi толықтыратын әр түрлi зерттеу тәсiлдерiн пайдалануға және сараптамаға ұсынылған барлық нысандарды зерттеумен толық қамтылуына тiкелей байланысты екенi назарға алына отырып сараптаманың толық жүргiзiлгенiн не жүргiзiлмегенiн;

в) сарапшы қорытындысының ғылыми қағидаларға дұрыс негiзделгенiн;

г) сараптаманы бiлiктi адамның жүргiзгенi, сарапшының өз құзыретiнiң шегiнен шыққан-шықпағанын;

д) сараптаманы тағайындау және жүргiзу кезiнде қылмыстық-iс жүргiзу заңының талаптарының сақталғаны не сақталмағанын тексеруге байланысты екенi түсiндiрiлсiн.

2. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу

Комиссиялық сараптаманың мынадай айрықша белгілері бар:

-         оны бір мамандықтағы екіден кем емес сарапшылары жүргізеді (мамандандыру).

-         оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады (пайдаланылатын әдістеменің аса қиындығы, іс үшін сараптама нәтижелерінің аса мәнділігі) (ҚПК-нің 281-бабы 2-6.);

-         сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.

           Заң қайталама сараптамаларды, сондай-ақ адамның есі дұрыстығы туралы сұрақ бойынша сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізудің міндетті комиссиялық тәртібін көздейді (ҚПК-нін 281-бабы 3-б.).

Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады. Егер сараптама тағайындаган органның қаулысында ол комиссиялық болып белгіленбесе, комиссиялық сараптама жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы.

Практикада зерттеуге біртекті объектілердің біраз мөлшерін ұсынған кезде, көбінде комиссиялық сараптама қате тағайындалатындығына назар аудару керек. Бұл жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы немесе жетекші сарапшы объектілерді комиссия мүшелеріне бөліп береді, ал олар бөлінген топтар аукымында оларды жеке зерттейді және ортақ тұжырым шығарады. ҚПК-нің 281-бабы 2-4 бөліктерінің мазмұнында комиссиялық сараптаманы тағайындаудың шарты оның күрделілігі және шешімді қабылдаудағы алқаластығы айтылған, демек әрбір сарапшы барлық объектілерді толық көлемде зерттеуге және зерттеу нәтижелері бойынша тұжырым шығаруга қатысуы керек.

3. Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру.

1. Сот-наркологиялық сараптама - қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу кезінде наркология мамандығы бойынша арнайы білім қажет болған жағдайда тағайындалатын азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық сараптаманың бір түрі.

2. Сот-наркологиялық сараптаманы медициналық сараптаманың тиісті түрін атқаруға лицензиясы бар емдеу-алдын алу ұйымдары жүзеге асырады.

3. Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жауапкершілігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларына жүктеледі

4. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының облыстық, қалалық наркологиялық ұйымдарының құрамында арнайы медициналық комиссия ұйымдастырылады.

7. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның жұмыс кестесін ішкі істер органдарымен келісе отырып, наркология ұйымының басшысы бекітеді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жеткізілген адамдарды куәландыру үшін, еркінен айыру орындарында немесе денсаулық сақтаудың мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінде оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану іс-әрекетіне белгіленген күндер бөлінеді.

8. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның дербес құрамын жыл сайын денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары бекітеді.

9. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық комиссиясы төрағасының функциясы психиатрия және наркология бойынша арнайы дайындықтан өткен және мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар дәрігер-наркологқа жүктеледі. 20. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган сарапшыларға сараптама жасалатын нәрсеге байланысты қылмыстық іс материалдарын, медициналық құжаттарды, сондай-ақ тиісті қосымша мәліметтерді ұсынуға міндетті. Комиссия ұсынған қылмыстық іс материалдары қорытынды жасау үшін жеткіліксіз болған жағдайда сарапшылар қорытынды беру мүмкін емес екендігі және сараптама жүргізу үшін оларға атап айтқанда қай құжат қажет екендігі туралы арыздануға құқылы.

21. Сот-тергеу органдары қойған мәселе сарапшының арнайы танымы шегінен шыққан жағдайларда комиссия мүшелері үшкүндік мерзімде бас тарту дәлелін нақты түсіндіре отырып, қорытынды беру мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы сараптама тағайындаған органға жазбаша түрде хабарлайды.

Билет№24

1. Сот сараптамасын жүргізудің негіздері.

23-бап. Сот сараптамасын жүргізудің негіздері

1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), прокурордың, нотариустың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргізуге негіз болып табылады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 322; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!