Сот сарапшысы біліктілігін беру. 12 страница



2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және сарапшының қорытынды беруі үшін қажетті зерттеу объектілерін және іс материалдарын ұсынады.

3. Тірі адамдарға сот сараптамасын тағайындаудың ерекшеліктері осы Заңның 4-тарауында айқындалады.

24-бап. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі шектеулер

1. Заңда көзделген негіздер болған кезде сот сараптамасы органына сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін емес, ал басталған сот сараптамасын жүргізу дереу тоқтатылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер болған кезде сот сарапшысы сот сараптамасын жүргiзуге қатысудан шеттетуге жатады, ал егер ол осы сот сарапшысына тапсырылған болса, оны жүргiзудi дереу тоқтатуға мiндеттi.

25-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзiмдерi

1. Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi сот сараптамасы органы, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын, сот сарапшысы ретiнде тартылған жеке тұлға сот сараптамасын және оның объектiлерiн тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды iс жүргiзуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көздеген ерекше жағдайлардан басқа, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.

Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.

Ерiктi түрде сот сараптамасына тартылатын адамдардың және сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту тәртібі осы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген.

3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу барысында зерттеу жүргізбей қорытынды беру мүмкін болмайтын қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігі туындаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына дәлелдi өтiнiшхат жібереді.

Көрсетілген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырмай тоқтата тұрады.

Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым және оны жүргізу үшін ұсынылған материалдар орындалмастан, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына жіберіледі.

5. Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама ол жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жiберiледi.

26-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процескеқатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға, өзі жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты сот сарапшысының түсіндірмесін алуға құқылы. Сот сараптамасын жүргізу кезінде аталған тұлғалардың қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.

2. Сот сараптамасын жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен қатысуы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) қатысуы міндетті.

3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сот сараптамасының жүргізілетін орны мен уақыты туралы хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сот сараптамасын жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулердің барысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер беруі мүмкін.

    5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарапшысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшыларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.

7. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысу ерекшеліктері осы Заңның 41-бабында айқындалады.

2. Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай - ҚIЖК) 240-бабына сәйкес, сараптама сарапшының арнайы ғылыми бiлiмнiң негiзiнде тек iс материалдарын зерттеуiнiң нәтижесiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайларда тағайындалады. Қылмыстық iстi жүргiзушi органның назары сараптама тағайындау мен жүргiзу кезiнде қылмыстық-iс жүргiзу заңын қатаң сақтаудың, осы орайда сараптама жүргiзiлуге қатыстырылған айыпталушының, жәбiрленушiнiң, сондай-ақ куәнiң және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты iс жүргiзiлiп жатқан адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiне аударылуы тиіс.

Сот сараптамасын жүргiзу ҚР ҚIЖК-нiң 243-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде және "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетiлген адамдарға ғана, атап айтқанда:

а) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;

б) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;

в) арнайы бiлiмi бар, сот сараптама жүргiзудi жүктеген өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.

  Iстi алдын ала тыңдау барысында сараптаманы тағайындау туралы қаулыны сот сараптаманы тағайындау дәлелдемелерге баға беруге байланысты болмаса, ал оны жүргiзу ҚIЖК-нiң 241-бабына сәйкес мiндеттi болса тек тараптардың өтiнiшi бойынша шығаруы мүмкiн.

Егер басты сот талқылауында арнайы ғылыми бiлiм негiзiнде анықтауды қажет ететiн мән-жайлар туындаса, сот тараптардың өтiнiшi бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша тиiстi сараптама тағайындауға мiндеттi.

Апелляциялық сатының соты, егер iс бойынша сотталған адамның психикасының жай-күйiн анықтау қажет болса, оның ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзу барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туса; жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау қабiлетiне күмән туған жағдайларда олардың психикалық жай-күйiн анықтау қажет болса сот психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы.

Iстегi және тараптар қосымша ұсынған, сот отырысында зерделеудi қажет етпейтiн материалдар бойынша сараптама жүргiзу мүмкiн болған жағдайларда ғана апелляциялық сатының соты басқа сараптама тағайындауы мүмкiн.

Сараптама жүргiзу кассациялық және қадағалау сатылары соттарының құзыретiне кiрмейдi. Материалдарды, оның iшiнде қосымша келiп түскен және дұрыс шешiм қабылдау үшiн маңызы бар материалдарды сараптамалық зерттеу қажет болған кезде, олар сот актiлерiнiң күшiн жойып, iстi жаңа сот қарауына жiбере алады. Сот сараптамаларын тағайындау туралы шешiм зерттелiп отырған мәселелер бойынша сараптама қорытындысы iсте болса да болмаса да қабылдануы мүмкiн.

Сот анықтау немесе алдын ала тергеу кезiнде сараптама жүргiзiлмесе, ал iс материалдары бойынша оны жүргiзу қажет болса, ҚIЖК-нiң 249 , 250-баптарына сәйкес жеке сарапшының қатысуымен комиссиялық не кешендi сараптама жүргiзудi тағайындайды.

Егер сараптаманың нәтижелерi анық болмаса және мұны сарапшыдан жауап алу жолымен жою мүмкiн болмаса не сарапшы өзiнiң алдына қойылған мәселелердi толық шешпесе немесе осының алдында жүргiзiлген зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда ҚIЖК-нiң 255-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес қосымша сараптама тағайындалады. Оны жүргiзу сол сарапшының өзiне тапсырылуы мүмкiн.

Егер сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмесе не оның дұрыстығы күмән туғызса не сараптама тағайындау мен жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары едәуiр бұзылса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган нақ сол нысандарды зерттеу және нақ сол мәселелердi шешу үшiн ҚIЖК-нiң 255-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес қайталама сараптама тағайындайды. Оны жүргiзудi сол сарапшының өзiне тапсыруға болмайды.

Қандай да болмасын мән-жайды жекелеген сараптамалар жүргiзу арқылы анықтау мүмкiн болмаған жағдайда ҚIЖК-нiң 250-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес кешендi сараптама тағайындалады. Әр түрлi арнайы бiлiмдердi пайдаланудың негiзiнде бiрқатар зерттеулер жүргiзу үшiн сараптама жасау әр түрлi мамандықтағы сарапшыларға тапсырылады.

  Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сарапшының қорытынды беруiне қажеттi мән-жайларды зерттеу үшiн заңмен көзделген шараларды қолдануға, содан кейiн тараптарға өздерi сарапшыға қойылуға тиiс деп есептейтiн сұрақтарды жазбаша нысанда берудi ұсынуға және iс жүргiзуге қатысып отырған басқа да адамдардың олар бойынша пiкiрiн тыңдауға тиiс.

Тараптар сонымен қатар қандай объектiлердiң сараптамалық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптаманы жүргiзу кiмге тапсырылуы мүмкiн екенiн көрсетуге және сарапшы ретiнде шақырылған адамға қарсылық бiлдiруге құқылы. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар сұрақтар соттың сараптама тағайындау туралы қаулысында тұжырымдалуға тиiс. Қаулыны шығару кезiнде сарапшының алдына қойылған сұрақтардың сараптама жүргiзу тапсырылған адамның арнайы бiлiмiнiң шегiнен аспауы керектiгiн назарда ұстаған жөн.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сарапшының құзыретiне кiрмейтiн құқықтық сұрақтарды, сондай-ақ iске қатысы жоқ өзге де сұрақтарды шешу туралы мiндет қойылмауға тиiс. Сараптаманы тағайындаған кезде сот сараптамалық зерттеу объектiлерiн табу, алу, тiркеу кезiнде ҚIЖК талаптарының орындалуымен қатар объектiлердiң iске толық тiркелгендiгiн тексеруге мiндеттi.

Егер сот қаулысы бойынша алынуға тиiс объектiлер сараптамалық зерттеуге жататын болса, олардың алынуы, буылып-түйiлуi және сараптамалық зерттеуге әкелiнуi сараптаманы тағайындау туралы сот қаулысының осы бөлiгiн орындау жүктелген тиiстi органдардың мамандарының қатысуымен жүргiзiледi.

Сараптамаға ұсынылған объектiлердiң сипаттамасы, олардың сыртқы түрi, мөлшерi, буылып-түйiлуi осы заттардың сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетiлген сипаттамасымен, бумалардағы жазбамен салыстырылып, бұл туралы сараптама актiсiнде көрсетiлуге тиiс.

Тараптар заттарды, құжаттарды және өзге де заттай айғақтарды сараптамалық зерттеу объектiлерi ретiнде ұсынуға құқылы. Заттарды осы сараптамалық зерттеу объектiлер қатарынан алып тастау үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган дәлелдi қаулы шығаруға мiндеттi.

Сараптамаға қатыстырылып отырған жәбiрленушi, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә және өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, егер оның психикалық жай-күйi мүмкiндiк берсе қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен сараптама жүргiзу кезiнде қатысып отыруға құқылы. Сараптама тағайындау туралы сот қаулысы сараптама мекемелерi үшiн де және сот сараптамалық зерттеу объектiлерiн алу, буып-түю және жеткiзу мiндетi жүктелген басқа да органдар (адамдар) үшiн де орындауға мiндеттi болып табылады. ҚIЖК-нiң 50-бабына сәйкес, сараптаманы тағайындау қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға негiз болады, сондықтан сот сараптама тағайындаған кезде қажет болған жағдайда iс бойынша тыңдауды кейiнге қалдыруға мiндеттi. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейiн iс бойынша iс жүргiзу жаңартылады және сот талқылауы жалғастырылады.

Соттар сараптама жүргiзу мерзiмдерiн бақылауға алып, қажет болған жағдайларда сараптама мекемелерiнен сараптама қорытындысының дайындығы туралы сұрауы керек. ҚIЖК-нiң 302-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес сот дәлелдi қаулысымен сараптама жүргiзуге байланысты өткен iстi қарау мерзiмiн ұзартады. Сарапшының қорытындысы зерттелуге әрi бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын зерттеу кезiнде оның басқа дәлелдемелерден қандай да болмасын артықшылығының жоқ екенiн, алдын ала белгiленген күшiнiң жоқ екенiн және ол iс бойынша басқа дәлелдемелермен қоса талданып, салыстырылып бағалануға жататынын назарда ұстаған жөн.

Сот сарапшының қорытындысымен келiспеген жағдайда өз пiкiрiн үкiмiнде немесе қаулысында тұжырымдап көрсетуге тиiс.

Соттарға сарапшы қорытындысына баға беру бiрқатар мәселелердi, олардың iшiнде маңызды болып табылатын мына мәселелердi:

а) сарапшыға сол iске қатысты зерттеу объектiлерiнiң ұсынылғаны не ұсынылмағаны және олардың сараптамалық зерттеу үшiн жеткiлiктiлiгiн;

б) сараптамалық зерттеудiң толықтығы бiрiн бiрi толықтыратын әр түрлi зерттеу тәсiлдерiн пайдалануға және сараптамаға ұсынылған барлық нысандарды зерттеумен толық қамтылуына тiкелей байланысты екенi назарға алына отырып сараптаманың толық жүргiзiлгенiн не жүргiзiлмегенiн;


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 920; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!