Сот сарапшысы біліктілігін беру. 13 страница



в) сарапшы қорытындысының ғылыми қағидаларға дұрыс негiзделгенiн;

г) сараптаманы бiлiктi адамның жүргiзгенi, сарапшының өз құзыретiнiң шегiнен шыққан-шықпағанын;

д) сараптаманы тағайындау және жүргiзу кезiнде қылмыстық-iс жүргiзу заңының талаптарының сақталғаны не сақталмағанын тексеруге байланысты екенi түсiндiрiлсiн.

3. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі

Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 Бұйрығы.

2-тарау. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу

6. Сот-наркологиялық сараптама жүргізуге негізі болып қылмыстық істі жүргізуші органның, Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен шығарылған қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сараптамасын өндіруші органның (лауазымды тұлғаның), соттың сот-наркологиялық сараптаманы тағайындауы туралы қаулысы, анықтамасы қызмет етеді.

7. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары сот-наркологиялық сараптама органының жайларында орнатылған сигнал берумен жабдықталған сейфтерде сақталады.

8. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде сот-наркологиялық сарапшылары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес тіркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы мәліметтер енгізіледі.

4-тарау. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі

16. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі барлық қажетті іс материалдары және тексеру объектілерімен сот-наркологиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыны, анықтаманы өндіруге қабылдаған күннен бастап есептеледі. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс.

17. Жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс бойынша істі жүргізу кезінде қорытынды беру мерзімі сот-наркологиялық сараптаманы өндіру үшін қажетті объектіні берудің жеткіліктілігі жағдайында үш күннен аспауы тиіс.

Жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс істері бойынша, ғылым және сараптама практикасының жағдайы сот-наркологиялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға жауап беруін мүмкіндік бермесе, бір тәулік ішінде көрсетілген мерзімде қорытынды беру мүмкін еместігі туралы дәлелденген хабар беріледі.

18. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіруді тоқтата тұру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімін тоқтата тұру туралы сараптама тағайындаған органға хабар жіберуі арқылы жүргізіледі.

19. Сот-наркологиялық сарапшы қорытынды беруге қажетті қосымша материалдарды беру қажеттілгі жағдайында, сот-наркологиялық сарапшылары жеті тәуліктен аспаған уақыт ішінде қосымша материалдар беру туралы жазбаша өтініш жолдайды, ал жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс істері бойынша – сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған органға (тұлғаға) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда екі тәуліктен аспайтын уақыт ішінде жіберіледі.

20. Күрделі жағдайларда (сот-наркологиялық сараптамаға жіберілген тұлғаға қатысты тексерудің клиникалық, зертханалық, аспаптық әдістері мәліметтерінде қайшылықтар анықталған кезде) стационарлық жағдайларда комиссиялық немесе кешендік сот-наркологиялық сараптама жүргізіледі.

Билет№25

1.Сот сараптамасы органдарында сот сараптама қызметін қаржылық қамтамасыз ету.

6-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНДАРЫНДА СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

45-бап. Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 242-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметін, оның ішінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын жүргізуге ақы төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

46-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары

Сот сарапшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін арнайы жарақталған үй-жайлар болған кезде жүзеге асыра алады.

2.Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі.

38-бап. Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.

 3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

3. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу.

Машинкамен басып жазылған құжаттардың тәжірибеде кездесетінін ескере отырып, бұл объектілердің өзіне тән қасиеттерін білу кажет.

Машинкамен жазылған мәтіндер техника-криминалистикалық жағынан зерттеледі және келесідей жағдайлар анықталады:

1. құжат немесе ондағы жеке бір жазбалар қандай типтегі (класс,марка, модельдегі) машинада немесе қандай маркілі шрифтпен жазылғандығы (жазба машинкасының қай топқа жататындығын анықтау);

2. машинкамен басылған мәтін осы машинкамен басылып жазылды ма (нақты жазу машинкасын идентификациялау);

3. құжаттағы мәтін бір жазу машинкасымен жазылған ба, әлде әртүрлі машинкамен бе;

4. мәтіннің жазылу мерзімі қандай;

Сонымен қатар, криминалистикалық зерттеу процесінде басқа да мәселелер шешіледі. Мысалы: құжат неше данада жасалғандығы туралы, кейбір жағдайда құжаттағы мәтінді орындаушы туралы мәселелер шешілуі мүмкін.

Іздестірудегі жазу машинкасының маркасын, моделін және оның шрифтінің маркісін анықтау жеке мәселелердің біріне жатуы мүмкін немесе идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады.

Машинкамен жазылған мәтін бойынша машинканың маркасы мен моделін анықтау үшін жалпы белгілер қолданылады. Жалпы белгілеріне жазу машинкасының және оның шрифт механизмінің жұмысын сипаттайтын белгілер: максимальды ұзындығы. Бұл белгі зерттеліп отырған мәтіндегі жолдың ұзындығы тексерілетін машинкадағы жолдың ұзындығынан асып кеткен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

5. Шрифт маркасы белгі суреті мен оның өлшемініңт ерекшеліктерімен анықталады. Шрифт маркілері мемлекеттік стандарт бойынша реттеледі.

Мәтін бойынша жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау кезінде жоғарыда аталған барлық белгілердің жиынтығы зерттеледі.

Жазба машинкасының жекеленген детальдары мен механизмін бірыңғайлау және стандарттау қазіргі уақытта жазба машинкасының нақты маркасын анықтауды қиындатады.

Қай топқа жататындықты анықтайтын криминалистикада қалыптасқан әдістеме бойынша жазба машинкаларды келесідей топтарға жіктеуге болады: механикалық және электромеханикалық; рычаксыз монолитті литертасушы; жазу автоматтары; кеңселік; теретін-жазба машинкалары мен автоматтары; көлемі кіші – портативті және жол машинкалары.

Жазу машинкасының әрбір типінің нақты маркасы болады, ал әрбір марка бір немесе бірнеше модельге бөлінеді (мысалы: “Оптима”, “Ятрань ”).

Қазіргі кезде жазу машинкасының маркасы мен моделін анықòау жұмыстарын ақпараттық-іздестіру жүйесі жеңілдетеді. Онда барлық отандық жазу машинкаларының маркасы мен модельдері, оларға арналған шрифт маркасы, сондай-ақ шетелдік жазба машинкалары мен шрифттары туралы мәліметтер жинақталған.

Жазу машинкаларын идентификациялау. Әрбір жазба машинкалары жоғарыда көрсетілген жалпы белгілерімен қатар жазба мәтінінен көрініс табатын жеке белгілермен де сипатталады. Жазба машинкасын ұзақ уақыт қолдану салдарынан, оның механизмдерінің немесе шрифтарының өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болған белгілер жатады: а) белгінің бойлық осінің вертикальдан ауытқуы; б) белгінің вертикаль немесе горизанталь бойынша жылжуы; в) белгі таңбаларының қосарланып немесе жағылып түсуі; г) белгінің біркелкі емес боялуы, ол жұмыр біліктің сыртқы қабатының тегіс болмауына және клавиштердің айқасып қалуына байланысты; д) қағаз шығару механизмінің дұрыс істемеуі нәтижесінде жолдардың паралельді болмауы. Осы өзгерістер жөндеу жүргізу нәтижесінде жөнделуі мүмкін.

Мәтін бойынша нақòы жазу машинкасын идентификациялау жалпы және жеке белгілерді салыстыру және зерттеу жолымен жүзеге асады. Бұл белгілер зерттеліп отырған мәтіннен және тексерілетін жазба машинкасының еркін және экспериментальды үлгілерінен көрініс табады.

Жаңа машинкаларды идентификациялау кезінде зерттелетін мәтіндегі таңбалардан көрініс табатын литер микрорельефінің белгілері қолданылады. Бұл белгілер жоғары жиілікті электð алаңында фотоға түсіру әдістермен анықталады (фотографирование в поле токов высокой частоты ТВЧ).

Жеке белгілердің сәйкес келуі мен айырмашылығын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі көмекші әдістердің бірі – проективтік геометрияда математикалық аппаратты пайдалануға негізделген графикалық идентификациялық алгоритм болып табылады.

Машинкада жазылған мәтіннің орындалу мерзімі белгілі бір уақыт аралығында еркін үлгіде машинкада жазылған мәтіннің жеткілікті мөлшерде болуына байланысты анықталуы мүмкін.

Билет№26

1. Сараптама жүргізу кезінде сезікті мен айыпталушылардың құқықтары мен міндеттері.

Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің сараптама тағайындау және жүргiзу кезiндегi құқықтары

1. Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің:

1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;

3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;

4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;

5) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен, ҚІЖК-нің 246-1-бабында көздел­ген тәртіппен сараптама жүргізу кезінде қатысуға;

6) көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.

2. Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да және психикалық жағдайы мүмкiндiк берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адам да ие. Қылмыстық істі қозғау сатысында тізбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адам ие болады.

3. Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның осы Кодекстің 254-бабында көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.

4. Жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасау­дан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже ҚІЖК 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.

5. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде де аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын дәлелді қаулы шығарады.

2. Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі.

Сараптаманы бірінші сатыдағы сотта тағайындаудың қажетгілігі істі алдын ала тындау барысында да, сондай-ақ тікелей басты сот талқылауында да анықталуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы «Кылмыстык іс бойынша сот сараптамасы туралы» №16 Нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес істі алдын ала тыңдау барысында сараптама тағайындау дәлелдемелерді бағалаумен байланыссыз, ал оны жүргізу ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес міндетті болғанда, тараптардың өтініші бойынша сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 277; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!