Сот сарапшысы біліктілігін беру. 10 страница



2. Осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәліметтер енгiзiлген сот сарапшысына тапсырады.

18-бап. Сот сарапшысының құқықтары

1. Сот сарапшысының:

1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге;

3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;

5) сараптаманы тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;

6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға;

8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.

2. Сот сарапшысы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды) хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша процеске қатысушылармен келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;

3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;

4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.

19-бап. Сот сарапшысының міндеттері

Сот сарапшысы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;

2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге;

3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге;

4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

20-бап. Сот сараптамасы органдары

Сот сараптамасы органдарына:

1) өкілеттіктеріне, оның ішінде сот, сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық ұйымдары жатады.

21-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары

1. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер:

сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе;

осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сот сарапшысы болмаса;

сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса;

осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе, тиісті дәлелдерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтаруға;

2) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға;

3) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы өтініш жасауға;

  4) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптамасы ісін жүргізу мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.

2. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті зерттеу объектілерін дербес талап етуге;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқау беруге құқылы емес.

22-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына заң талаптарын ескере отырып іс жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Алдын ала тергеуде сараптаманы тағайындау мен жүргізудің процессуалдық мәселелері.

Сот сараптамасы іс жүргізу құқығының институты болып табылады, сондықтан оны тағайындау және жүргізу мәселелері процессуалдық заң нормаларымен реттелген. Мысалы Қазақстан Республикасы ҚПК 270 бабына сәйкес, сараптама іс үшін маңызы бар жағдайлар бойынша арнайы ғылыми білімнің негізінде, сарапшының іс материалдарын зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін болған жағдайларда тағайындалады. Мұндай білімнің қылмыстық сот өндірісіне қатысушы өзге адамдарда да болуы, қылмыстық процессті жүргізуші адамды тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттілігінен босатпайды. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, сот сараптамасының процессуалдық институт ретіндегі ерекшелігі, қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау үшін сараптама жүргізусіз қажет болғанда, ол қылмыстық істі қозғағанға дейін тағайындала алады (ҚР ҚПК 242 бабының 2 бөлімі). Мұнымен қатар алдын ала тергеу (істі сотта қарау) кезінде заңда белгіленген арнайы жағдайларда қылмыстық процессті жүргізіп отырған орган алдында сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау немесе қабылдамау жөнінде мүмкіндік болмайды, басқаша айтқанда мұндай кездерде сараптама міндетті түрдетағайындалуы керек. Мысалы ҚР ҚПК 241 бабына сәйкес мыналарды анықтау қажет болғанда сараптаманы тағайындау және жүргізу міндетті болып табылады:

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

1. Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн;

2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

4) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

6) iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi.

2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамның психикалық жай-күйiне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті.

Алдын ала тергеу барысында барлық жағдайда сот сараптамасы институтын қолдану үшін оны жүргізуге негіздер бар екендігін ескеру керек. Бұған нақты (фактические) және құқықтық (юридические) негіздер жатады. Сот сараптамасын тағайындаудың нақты негізі процессуалдық статусы бойынша жүргізушісі сот сарапшысы болып саналатын, қылмыстық істі қозғау немесе алдын ала тергеу барысында арнайы ғылыми білімді қолдану болып табылады.

Сот сараптамасын жүргізудің құқықтық негізі оны тағайындау туралы қаулы немесе анықтама болып табылады. Мысалы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 23 бабына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның, соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуiнде жатқан органның (лауазымды адамның) заңда белгiленген тәртiппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот-сараптамалық зерттеулер жүргiзу және сарапшының қорытынды беруi үшiн қажеттi зерттеу объектiлерiн және iс материалдарын ұсынады.

Тiрi адамдарға сот сараптамасы ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Егер сот сараптамасы ерікті түрде жүргізілетін болса, онда сот сараптамасы органына сот-сараптамалық зерттеуге еркін білдіретін құжат жазбаша түрде берілуі керек. Егер сот сараптамасы кәмелетке толмаған немесе сот арқылы әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адамға қатысты тағайындалса, онда сот сараптамасын жүргізуге келісім олардың заңды өкілі немесе қорғаншы және қамқоршылық органдары арқылы беріледі.

Тірі адамдарға мәжбүрлі түрде сот сараптамасын жүргізуге заңда тікелей көрсетілген жағдайларда болады. Процессуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу кезінде сот сараптамасын тағайындау субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор болып табылады, прокурор сот сараптамасының нәтижесі қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін сараптама тағайындайды. Белгіленген тәртіпте сараптама тағайындау белгілі бір себептерге байланысты мүмкін болмағанда, сот сараптамсын бір реттік тағайындау заңда қарастырылған. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 12 бабы сот сараптамасын бір реттік тәртіптетапсыру мүмкіндігін келтірген. Онда мыналар келтірілген:

1) заңда көрсетілген сот сараптамалары түрлерiнiң тiзбесiнде көзделмеген сот сараптамасын тағайындау;

2) заңда көрсетілген жағдайларда шет мемлекеттің сот сарптамасы саласындағы маманын сарапшы ретінде тарту. Бұл жағдайда шет мемлекеттердің сот сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу ҚР азаматтық іс жүргізу Кодексімен, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен және осы Заңмен белгіленген тәртіпте іске асырылады;

3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiнің, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартулары қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.Сонымен, заң сот сараптамасын бір реттік тәртіпте тапсыруды тек ерекше жағдайлар үшін қарастырған.

3.Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау.

6-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылық

Сот-сараптама қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы қызметтің құқықтық негізін құрайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің талаптары дәл орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

7-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау

1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 241; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!