Сот сарапшысы біліктілігін беру. 3 страница



Хабардар адамды сарапшы етіп дербес тағайындаған кезде одан бас тартуға негіз болатын іс жүргізу сипаттагы кедергілердің жоқтығына сенімді болуы керек.

Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылған соң сарап­тама тапсыру ұйғарылған адам шақырылады.

Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады. Хабардар адам сарапшылық зерттеуге арналған материалдарды олардың жеткіліктігі туралы мәселені шешу үшін алдын ала оқып-зерттейді.

Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, ҚІЖК-нің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның қолымен куәландырылатын белгі қойылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық іс бойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесіне ие болады. Осылайша сарапшы жасаған шағым мен оның өтініші белгіленеді. Сараптама тағайындаған адам сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарады. Сараптама тағайындау туралы қаулының көшірмесімен бірге бір мезгілде сарапшыға зерттеуге арналған қажетгі іс материалдары қолхат ала отырып тапсырылады.

Занда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші орган комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті.

Билет№13

1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру.Жауабы: 12-1

2.Қосымша және қайталама сот сараптамаларын жүргізу.

30-бап. Қосымша және қайталама сот сараптамаларын жүргізу

1. Қосымша сот сараптамасы сот сарапшысының қорытындысы жеткілікті түрде анық немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады.
Қосымша сот сараптамасын жүргізу сол сот сарапшысына немесе өзге сот сарапшысына тапсырылуы мүмкін.
Қосымша сот сараптамасын жүргізуді тапсыру кезінде сот сарапшысына алдыңғы сот сараптамасының қорытындысы ұсынылуға тиіс.
2. Сот сарапшысының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген немесе оның қорытындылары күмән туғызған не сот сараптамасын тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда, сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін қайталама сот сараптамасы тағайындалады.
Қайталама сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда алдыңғы сот сараптамасының нәтижелерімен келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс.
Қайталама сот сараптамасын жүргізу сот сарапшыларының комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот сарапшылары қайталама сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы және комиссияға түсіндірмелер беруі мүмкін, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.
Қайталама сот сараптамасын жүргізуді тапсыру кезінде сот сарапшысына алдыңғы сот сараптамаларының қорытындылары ұсынылуға тиіс.
3. Егер екінші немесе кезектегі келесі сот сараптамасы бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша сот сараптамасына, ал басқалары қайталама сот сараптамасына жататын болса, мұндай сот сараптамасы қайталама сараптаманың ережелері бойынша жүргізіледі.

3.Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру.

45-бап. Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 242-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметін, оның ішінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын жүргізуге ақы төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Билет№14

1.Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері.

Жауабы: 12-2

2.Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

41-бап. Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, процеске қатысушылардың тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде, сондай-ақ осы Заңның 26-бабындаайқындалады.
2. Сот-психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу құпия жағдайда жүзеге асырылады.
3. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек қана сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу аталған зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.

3.Сараптамалық зерттеу кезеңдері.

2.Сараптамалық зерттеу кезеңдері

Сарапшылық зерттеу – сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:

-         дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);

-         сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;

-         салыстырмалы зерттеу сатылары;

-         зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын тұжырымдау сатылары.

Сарапшылық зерттеудің дайындық сатысы – сот сараптамасын жүргізудің бірінші сатысы, оның мазмұны сараптама жүргізу үшін негіз болатын іс жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудің технологиясын анықтау үшін сарапшыға ұсынылған материалдармен танысу, сондай-ақ сарапшылық болжамдар көтеру, зерттеу бағдарламасын жасау және қажетті техникалық, аспаптық, ақпараттық базаны дайындау болып табылады.

Бөлек сарапшылық зерттеу сот сараптамасы объектілірінің белгілерін бөлек оқып-зерттеуден тұрады. Осы сатысының барысында сот сараптамасының әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері анықталады. Мұнда дәлелдемелерді, содан кейін, қажет болғанда салыстырмалы материалдарды оқып зерттеу қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде әрбір объектіні жекелендіретін, оның мәнін, сапалық және сандық сипаттамасын, тиісті белгілерде көрінетін объекті қасиеттерінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асырылады.

Салыстырмалы зерттеу объектілердің анықталған белгілерінің сәйкес келуі немесе айырмашылығы анықталатын саты болып табылады. Ол салыстырылатын объектілер белгілерінің сәйкес келуі мен айырмашылығын анықтаумен аяқталады. Салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен құралады:

-объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа қатыстылығын анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;

-объектілердің жеке белгілерін салыстыру.

Сарапшының зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінің сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті. Осы сатыда сарапшы өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту әдістері, ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.

Билет№15

1.Сарапшының қорытындысы.

31-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасын сот сараптамасының органы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады.
2. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiлген зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi және тұжырымы көрсетiлуге тиiс.
3. Егер осы Заңның 32-бабында көрсетілген мән-жайлар сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған болса, қорытындыда сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.
4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер де, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

2.Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі.

38-бап. Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары
мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);
2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.
2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.
3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңдакөзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.
5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

3.Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері.

Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары туралы мәселе арнайы қарайтын тақырып, өйткені ол сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызымен тікелей байланысты.

Тұжырым сарапшылық зерттеудің іс бойынша дәлелдемелік мәнін анықтайтын оның түпкілікті мақсаты болып табылады.

Жалпы түрде тұжырымдар - қойылған сұрақтардың жауабы. Мұнда істің мән-жайы бойынша сұраққа жауап немесе сұрақты шешудің мүмкін еместігі көрсетілуі керек.

Логикалық аспектіде тұжырым — зерттеу нәтижелері бо­йынша жасаған сарапшының ой қорытындысы, оны ол анықтаған немесе зерттелетін объекті туралы ұсынылған алғашқы мәліметтер және тиісті білім саласының жалпы ғылыми ережелері негізінде анықтайды.

Тұжырымға /сарапшы қорытындысына/ қойылатын негізгі талаптар принциптер түрінде қалыптастырылған:

Біліктілік принципі. Бұл өзінің шешімі үшін арнаулы ғылыми білімдерді қажет етпейтін сұрақтар сарапшының алдына қойылмауы және онымен шешілмеуі керек.

Анықтылық принципі. Әр түрлі түсінік беретін әр мағынадағы тұжырымдарға жол бермеу.

Түсініктілік принципі. Дәлелдеу процесінде арнайы түсіндіруді керек етпейтін және тиісті арнаулы білімдері жоқ процеске қатысушылар үшін түсінікті тек осындай тұжырымдар пайдаланылуы мүмкін.

Сарапшының тұжырымдары әр түрлі негіздер бойынша, соның ішінде сарапшы шешетін міндеттердің деңгейіне қарай (диагностикалық, жіктеушілік, тендестірушілік, ситуалогиялық) жіктеледі.

Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша объектінің табиғаты мен жай-күйі туралы тұжырым жасалады. Жіктеушілік тұжырымдар объектінің белгілі бір класқа қатыстылығын анықтауда орны бар. Теңдестірушілік зерттеулерге тұжырымдардың екі түрі тән - жеке тепе-тендік туралы (бірыңғай шығу көзі) және тектік (топтық) қатыстылық туралы. Соңғы тұжырым жеке тепе-тендікті (бірыңғай шығу көзін) анықтау мүмкін болмаған жағдайда кездеседі. Ситуалогиялық зерттеулерде жеке немесе ортақ уақиғаның механизмі туралы тұжырым жасалады.

Тұжырымдарды мазмұны бойынша бөлумен бірге, олардың логикалық нысандарын ескеріп жүргізілетін өзгелері де болады:

шығарылатын ұйғарудың расталу дәрежесі бойынша - кесімді және ықтималды. Кесімді тұжырым - ол сарапшылық зерттеулердің нәтижелері толығымен расталуы. Ал ықтималды тұжырым ішінара негізделеді. Ол әдетте сарапшымен анықта­латын фактінің жоғары дәрежедегі ықтималдық кезінде шығарылады;

анықталатын фактіге қатысты - оң (расталған) және расталмаған. Расталмаған тұжырым анықталатын фактінің болмауын, ал он тұжырым оның болуын атап көрсетеді;


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 276; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!