Сот сарапшысы біліктілігін беру. 4 страница



зат пен белгі арасындағы байланысты пайымдаудағы көрінген сипаты бойынша — фактілердің мүмкіндігі туралы, шынайылығы, фактілердің қажеттілігі туралы және міндеттілігі ту­ралы. Фактілердің мүмкіндігі туралы тұжырымда белгілі бір жағдайларда қандай да бір уақиғаның мүмкіндігі атап көрсетіледі; шынайылық туралы тұжырымда фактілердің (объектілердің) шынайы өмір сүруі туралы сөз болады; фактілердің қажеттілігі туралы тұжырымда сарапшыға тапсырылған жағдайларда уақиға міндетті түрде болуы керектігі айтылады; міндеттілік туралы тұжырымда белгілі бір ситуацияда қай мінез-құлық қолайлы болуы анықталады;

тергеу мен оның негіздері арасындағы қатынастардың си­паты бойынша - шартты және шартсыз. Шартты тұжырымда оның шынайылығы қандай да бір шарттарға байланысты бола­ды, ал шартсызда - шарты болмайды.

логикалық одақтар және олардың типтерінің болуы (болмауы) бойынша - біржақты және баламалы. Баламалы тұжырым сарапшының жалғыз бір шешімге келе алмауы және зерттеудің қорытындысында бірнеше нұсқалар болғанда жаса­лады. Мұндай тұжырымдарда барлық мүмкін нұсқаларды санамалау талап етіледі және олар бірін-бірін жоққа шығаратын және бір деңгейлікте болуы керек.

         Сарапшының қорытындысы — іс жургізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі не­месе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бо­йынша жасалады. Сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптама­ны сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.

Билет

1. Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы.

41-бап. Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезіндепроцеске қатысушылардың қатысуы

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, процеске қатысушылардың тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде, сондай-ақ осы Заңның 26-бабындаайқындалады.
2. Сот-психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу құпия жағдайда жүзеге асырылады.
3. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек қана сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу аталған зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.

2. Сараптамалық қарау және сараптамалық эксперимент.

3. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу

Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары туралы мәселе арнайы қарайтын тақырып, өйткені ол сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызымен тікелей байланысты.

Тұжырым сарапшылық зерттеудің іс бойынша дәлелдемелік мәнін анықтайтын оның түпкілікті мақсаты болып табылады.

Жалпы түрде тұжырымдар - қойылған сұрақтардың жауабы. Мұнда істің мән-жайы бойынша сұраққа жауап немесе сұрақты шешудің мүмкін еместігі көрсетілуі керек.

Логикалық аспектіде тұжырым — зерттеу нәтижелері бо­йынша жасаған сарапшының ой қорытындысы, оны ол анықтаған немесе зерттелетін объекті туралы ұсынылған алғашқы мәліметтер және тиісті білім саласының жалпы ғылыми ережелері негізінде анықтайды.

Тұжырымға /сарапшы қорытындысына/ қойылатын негізгі талаптар принциптер түрінде қалыптастырылған:

Біліктілік принципі. Бұл өзінің шешімі үшін арнаулы ғылыми білімдерді қажет етпейтін сұрақтар сарапшының алдына қойылмауы және онымен шешілмеуі керек.

Анықтылық принципі. Әр түрлі түсінік беретін әр мағынадағы тұжырымдарға жол бермеу.

Түсініктілік принципі. Дәлелдеу процесінде арнайы түсіндіруді керек етпейтін және тиісті арнаулы білімдері жоқ процеске қатысушылар үшін түсінікті тек осындай тұжырымдар пайдаланылуы мүмкін.

Сарапшының тұжырымдары әр түрлі негіздер бойынша, соның ішінде сарапшы шешетін міндеттердің деңгейіне қарай (диагностикалық, жіктеушілік, тендестірушілік, ситуалогиялық) жіктеледі.

Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша объектінің табиғаты мен жай-күйі туралы тұжырым жасалады. Жіктеушілік тұжырымдар объектінің белгілі бір класқа қатыстылығын анықтауда орны бар. Теңдестірушілік зерттеулерге тұжырымдардың екі түрі тән - жеке тепе-тендік туралы (бірыңғай шығу көзі) және тектік (топтық) қатыстылық туралы. Соңғы тұжырым жеке тепе-тендікті (бірыңғай шығу көзін) анықтау мүмкін болмаған жағдайда кездеседі. Ситуалогиялық зерттеулерде жеке немесе ортақ уақиғаның механизмі туралы тұжырым жасалады.

Тұжырымдарды мазмұны бойынша бөлумен бірге, олардың логикалық нысандарын ескеріп жүргізілетін өзгелері де болады:

шығарылатын ұйғарудың расталу дәрежесі бойынша - кесімді және ықтималды. Кесімді тұжырым - ол сарапшылық зерттеулердің нәтижелері толығымен расталуы. Ал ықтималды тұжырым ішінара негізделеді. Ол әдетте сарапшымен анықта­латын фактінің жоғары дәрежедегі ықтималдық кезінде шығарылады;

анықталатын фактіге қатысты - оң (расталған) және расталмаған. Расталмаған тұжырым анықталатын фактінің болмауын, ал он тұжырым оның болуын атап көрсетеді;

зат пен белгі арасындағы байланысты пайымдаудағы көрінген сипаты бойынша — фактілердің мүмкіндігі туралы, шынайылығы, фактілердің қажеттілігі туралы және міндеттілігі ту­ралы. Фактілердің мүмкіндігі туралы тұжырымда белгілі бір жағдайларда қандай да бір уақиғаның мүмкіндігі атап көрсетіледі; шынайылық туралы тұжырымда фактілердің (объектілердің) шынайы өмір сүруі туралы сөз болады; фактілердің қажеттілігі туралы тұжырымда сарапшыға тапсырылған жағдайларда уақиға міндетті түрде болуы керектігі айтылады; міндеттілік туралы тұжырымда белгілі бір ситуацияда қай мінез-құлық қолайлы болуы анықталады;

тергеу мен оның негіздері арасындағы қатынастардың си­паты бойынша - шартты және шартсыз. Шартты тұжырымда оның шынайылығы қандай да бір шарттарға байланысты бола­ды, ал шартсызда - шарты болмайды.

логикалық одақтар және олардың типтерінің болуы (болмауы) бойынша - біржақты және баламалы. Баламалы тұжырым сарапшының жалғыз бір шешімге келе алмауы және зерттеудің қорытындысында бірнеше нұсқалар болғанда жаса­лады. Мұндай тұжырымдарда барлық мүмкін нұсқаларды санамалау талап етіледі және олар бірін-бірін жоққа шығаратын және бір деңгейлікте болуы керек.

Сарапшының қорытындысы — іс жургізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі не­месе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бо­йынша жасалады. Сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптама­ны сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.

Заң (ҚІЖК-нің 251-бабы) кұрылымын анықтамай-ақ сарап­шы қорытындысы мазмұнының негізгі элементтерін белгілейді. Алайда, сарапшылық практикада мұндай құрылым жасалған және ведомстволық нормативтік кұкыктық актілерде көрініс тапқан. Соңғыларға сәйкес, сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.

Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және қорытынды жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жүргізудің негізі (қаулыны кім, қашан және кай іс бойынша шығарды); зертеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарапта­ма жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесіні аты, іс жүргізу жағдайы); сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшының бастамасы бойынша қойылған мәселелер; сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандық бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы ту­ралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі.

Осында оған қосымша материалдар ұсыну туралы сарапшы­ның берген өтініші туралы, қорытынды беру үшін елеулі мәні бар іс мән-жайлары туралы, жүргізілетін сараптама түрі туралы ақпараттар болуға тиіс.

Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі; қабылданған зерттеу сұлбасы; пайдаланылған зерттеу әдістері мен оларды қолданудың техникалық шарттары туралы; сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы; сарапшының қатысқан тергеу әрекеттері және егер зерттеу үшін маңызы болса, олардың нәтижелері туралы; зерттеу барысында пайдаланылған нормативтік кұқықтық актілер мен анықтамалық әдебиеттер туралы; жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылық бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.

Зерттеу әдістемесі оны сарапшының толық қолдануы тура­лы айтуға және қажет болғанда, зерттеуді қайта жаңғырту арқы­лы тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге болатындай сипатталады.

Әрбір сұраққа зерттеу бөлімінің белгілі бір тарауы сәйкес келуі керек.

Сараптама актісінің зерттеу бөлімінде бейнелеу материалдары — қосымшада болатын фототүсірілімдер, сұлбалар, сызбалар, регистрограммалар, контактограммалар қоса беріледі. Бұл материалдар көрнекілікті қамтамасыз етіп, сарапшылар тұжырымдарының сенімділігін арттыруға бағытталады.

Қорытындыға мына бейнелеулер қоса беріледі:

олардың кейінде өзгеруі кезінде ерекше мәні бар зерттеу объектілерінің жалпы (алғашкы) көрінісінің түсірілімі;

анықталған белгілері көрсетілген объектілердің жеке бөліктерінің түсірілімі;

олардың бақылау түсірілімдері, өйткені үстінен басып жазу және шартты белгілер анықталған бөлшектерді қабылдап түйсінуде қиындық тудырады.

Әрбір түсірілім мәтіндегі егжей-тегжейлі түсіндірме жазбалармен қамтылуы керек. Бейнелеулер сарапшының (сарапшы­лардың) қолымен және сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

Синтездеу бөлімінде алынған нәтижелердің жалпы жиынтық бағасы мен сарапшы тұжырымдарының ғылыми негіздемесі келтіріледі.

Тұжырымда қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптары баяндалады. Әрбір сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Сарапшының бастамашылық көрсетуі кезінде тиісті тқжырымдар қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) сұрақтарының тұжырым-жауаптары соңынан беріледі.

Егер қорытынды берудің мүмкін еместігін растайтын мән- жайлар зерттеу барысында анықталса, онда сарапшының қорытындысы барлық сұрақтарға немесе қойылған сұрақтардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігі негізінде болуы керек. Сонымен бірге жүргізілген зерттеулердің расталмаған нәтижелері бойынша жасалатын сұрақты өз мәні бойынша шешудің мүмкін еместігі туралы тұжырымды қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламадан айыра білу керек.

Кешенді сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның кешенді сипаты, өткізілу және әрбір сарапшының орындаған зерттеуінің орны көрсетіледі. Кешенді сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыда әрбір сарапшының қандай зерттеу жүргізгендігі және оның қандай тұжырымға келгендігі көрсетіледі. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы анықтаған нақты деректерінің жиынтығы негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдап қол қояды.

Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері кешенді сараптама жүргізуге сәйкес рәсімделеді.

Қосымша сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның осындай екендігі, негізгі сараптама ту­ралы мәліметтер хабарланады (нөмірі, күні, орындаушысы, сондай-ақ түсініктемені және толықтыруды қажет ететін негізгі сараптаманың қорытындысы). Қорытындының зерттеу бөлімінде, егер сарапшы негізгі сараптаманы жүргізу кезінде сол әдістер мен кұралдарды пайдаланып және сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, ол зерттеу барысы мен нәтижелерін баяндамай, негізгі сараптама актісінің тиісті тарауларына сілтеме жасауына болады.

Қайталама сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның қайталануы туралы белгі, сондай-ақ бастапқы сараптама туралы мәліметтер болуы керек (нөмірі, күні, орындаушысы, сот сараптама мекемесініңатауы, кайталама са­раптаманы тағайындаудынтүжырымдары мен себептері). Қай­талама сараптама актісінің зерттеу бөлімінде сарапшы бастапқы сараптама қорытындысы мен зерттеу нәтижелерінің айырмашылықтарын, егер мұндай бар болса, болу себептерін көрсетеді.

Егер сарапшы зерттеуге кіріспей тұрып оның алдына қойылғган мәселелер өзінің құзыреті шегінен тыс екендігіне немесе қорытынды беру үшін ұсынылған материалдар жеткіліксіз екеніне және оларды ұсыну туралы өтініш қанағаттандырылмаған не ғылым мен техниканың қазіргі жағдайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтіндігіне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарла­ма жазып, оны сараптама тағайындаған органға (адамға) жібереді. Мұнда жасалатын құжат қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама деп аталады (КІЖК-нің 252-бабы). Аталңан құжат өзінің мәні бойынша сарапшылық зерттеу жүргізудің мүмкінсіздігі туралы хабарлама болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелермен қатар сарапшының алды­на оның шеше алатын сұрақтары қойылады, онда қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы арнаулы хабарлама жасалмайды да, тиісті ақпарат сарапшының жалпы қорытындысында беріледі.

Билет

Сот сараптамасы органдары.

20-бап. Сот сараптамасы органдары

Сот сараптамасы органдарына:
1) өкілеттіктеріне, оның ішінде сот, сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық ұйымдары жатады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 272; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!