Сот сарапшысы біліктілігін беру. 1 страница



13-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру

1. Сот сарапшысы біліктілігін беру оның біліктілік емтиханын тапсырып, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігінің берілуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2.Бастапқы сот сараптамасы.

Сарапшының қорытындысы іске тігіледі.

Сотта сараптаманы өткізу оның алдын ала тергеуде жүргізілмеген және сотпен алғашқы реттағайындалған жағдайларда ғана емес, сонымен бірге сараптама алдын ала тергеу сатысында жүргізілген кезде де жеке өзіндік іс жүргізу әрекеті болып табылады.

Осыған қарағанда, сотта жүргізілетін сараптама әрдайым негізгі және бастапқы болады. Сотта негізгі немесе бастапқы сараптамаларды жүргізгеннен кейін қосымша және қайталама сараптамалар тағайындалуы мүмкін, оны ҚІЖК-нің 354-бабы 10-бөлігінің мазмұнынан көруге болады, соған сәйкес ҚІЖК-нің 255-бабында көзделген жағдайларда сот талқылауында сараптаманы жүргізуге сәйкес, сот қосымша немесе қайталама сараптама тағайындауға құқылы.

Іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол күмән келтірмесе, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы (ҚІЖК-нің 354-бабы 11-6.).

3.Құжаттардың техникалық-криминалистік сараптамасының пәні, мақсат, міндеттері.

Жауабы: 5-3

Билет№12

Сот сарапшысын аттестаттау.

14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында, олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.
Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
15-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары

1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі.
2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия бас лицензия болып табылады.
3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.
4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді. 16-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру

1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта бастаудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
3. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысын тоқтатуды:
адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
адам қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензиядан айыру:
1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
Сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдардың негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.
Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған жеке тұлға қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

2.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары.

21-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары

1. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) егер:
сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе;
осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сот сарапшысы болмаса;
сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса;
осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе, тиісті дәлелдерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтаруға;
2) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға;
3) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы өтініш жасауға;
4) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптамасы ісін жүргізу мерзімін ұзартутуралы дәлелді өтініш жасауға құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.
2. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті зерттеу объектілерін дербес талап етуге;
2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;
3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқау беруге құқылы емес.

22-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына заң талаптарын ескере отырып іс жүргізуді тапсыруға;
2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;
3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;
4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

3.Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері.

ҚР сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері

Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының І-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функциялары жүктелген мемлекеттік мекемелер сот сараптама органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот сараптама органдарының толық тізбесі аталған заңның 4-бабында көрсетілген. Оларға:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, ҚР заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.

Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медицинасы орталығының директоры, олардың орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған белімшелерінің басшылары болып табылады. ҚР сот сараптамаларының өндірісіне арналған мемлекеттік сот – эксперттік органдарды ау жасалған:

- ЦСЭ және оның территориялық бөлімшенің

- ЦСМЭ және оның территориялық бөлімшенің

- органдардың мемлекеттік мамандандырылған бөлімшелері, функцияларға қайсылардың сот өндіріс апарып берілген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы 1951 жылдың сәуір айынан бастау алады. Себебі сол кезде Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің Заң комиссиясының жанында Алматы ғылыми-зерттеу криминалистік зертхана құрылған болатын.

1957 жылы сәуірде Алматы зертханасы Қазақ КСР Әділет министрлігінің Алматы сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Ол өзінің пайда болу реттігі бойынша КСРО-да үшінші сот сараптамасы институты болды. Алматы сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының құрылуы Қазақстандағы сот-сараптама қызметінің ғылыми дамуына жол ашып берді. Алғашында Алматы ССҒЗИ штатында заң білімдері де, жаратылыстану-ғылыми білімдері де бар 6 маман ғана болатын. Сарапшылардың шығармашылық жемісті еңбек етуіне арналған ғылыми-әдістемелік базаны іс жүзінде жасаған институттың бірінші директоры, заң ғылымдарының кандидаты Василий Андреевич Хван болды.

Алматы ССҒЗИ-ның қызметінің ғылыми және тәжірибелік нәтижелері, оның сот сараптамасының негіздерін әзірлеу саласында жеткен жетістіктері Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің 1966 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен Алматы ССҒЗИ Қазақ ғылыми-зерттеу сот сараптамасы институты болып қайта құрылды. Оның қызметкерлері республикадағы соттар мен құқық қорғау органдарының сараптамалық зерттеулерге деген барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырды.

1975 жылдан 1988 жылға дейін Қазақ ССҒЗИ-ға заң ғылымдарының кандидаты Мырзабек Бақыткерейұлы Уәлиев басшылық етті. М.Б. Уәлиев сарапшылардың кәсіптік және ғылыми деңгейін арттыруға барынша жағдай жасап отырды. Ол Казақ ССҒЗИ-ға басшылық еткен жылдары 14 адам диссертация қорғап шықты. 1975 жылдан бастап Институтта сараптамалық-профилактикалық бағыт дамыды, Қазақ ССҒЗИ-дың құрылымы өзгерді.

Алматы қаласында орналасқан және 6 бөлімді қамтыған басқару аппаратынан бөлек 1975-1978 жылдары 10 облыстық бөлімше құрылды. 1989 жылы Институтқа заң ғылымдарының докторы, профессор Александр Фидахметович Аубакиров басшылық етті. 90 жылдардың басы ҚазССҒЗИ жұмысының ғылыми бағытының күшеюімен сипатталады, сараптамалық зерттеулердің барлық түрлерін автоматтандыру процесі басталды.

Институт қызметін КСРО Әділет министрлігі де, Одақтың басқа сараптама мекемелері де жоғары бағаланды. Қазақ ССҒЗИ-дың оң тәжірибесі КСРО Әділет министрлігінің барлық сот-сараптама жүйесіне тарады. 1989 жылы Институт жанында аспирантура ашылып, кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңес құрылды. 1989-1995 жылдар аралығында Қазақ ССҒЗИ Мамандандырылған кеңесінде 12 адам диссертация қорғап шықты. Институт қызметкерлерімен бірге құқық қорғау органдарының және республика ЖОО-лардың қызметкерлері болды.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 263; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!