Сот сарапшысы біліктілігін беру. 2 страница



«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысымен Қазақ ССҒЗИ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы болып қайта құрылды.

Осылайша, елімізде бірыңғай сараптама жүйесі құрылды. Жасалған өзгерістерді және сарапшының қылмыстық қудалау жүйесінен тәуелсіз болу идеясын одан әрі іске асыру мүмкіндігін нормативті бекіту үшін 1997 жылы қараша айында «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында сот сараптамасын тағайындаудың және жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындады. Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына, құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауға, сондай-ақ ғылым мен техниканың, сонымен бірге Орталықтың ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу базасының дамуына байланысты заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа заң қабылдау қажеттігі туындады.

Осыған байланысты 2010 жылы 20 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда заңнамалық тәртіппен сараптаманы жүргізу мерзімі, сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері, сот сарапшылары мен сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерінің мемлекеттік тізілімдерін жүргізу және т.с.с. анықталды. Осы заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 қаулысы және Әділет министрінің 10-нан астам бұйрығы бекітілді.

Қазіргі таңда Сот сараптамасы орталығы өз қызметін ғылыми-өндірістік (сараптамалық), ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік бағытта атқарады. Орталық құрылым жағынан басқару аппараты мен он сегіз ғылыми-өндірістік зертханадан, сондай-ақ аумақтық және желілік ішкі істер бөлімшелеріне қызмет көрсететін отыздан астам сараптамалық бөлімшелерден тұрады. Ғылыми-өндірістік зертханалар құқық қорғау органдары мен соттардың сот сараптамасының әртүрлі түрлеріне деген қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Сот сараптамасы орталығында қылмыстық және азаматтық істердің әртүрлі санатын тергеу және сотта қарау кезінде қажеттілік туындайтын барлық зерттеу түрлерін жүргізеді.

Сот сараптамасының жаңа түрлері: технологиялық, фоноскопиялық, жырылыс-техникалық, құрылыс-техникалық, қаржы-бюджет-тік, компьютерлік технология құралдары сараптамасы, порнографиялық сипаттағы объектілердің, психологиялық-криминалистикалық сараптамала-рының ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері қалыптастырылды.

Еліміздің сот сараптамасы органдарының да, ТМД елдерінің сот сараптамасы органдарының да сараптамалық тәжірибесінде қолданылатын авторлық әдістемелер жасалды. Кейбір қылмыстық және азаматтық істер бойынша жүргізілген сараптамалық зерттеулер дербес ғылыми әзірлемелер болып табылады. Сот сараптамасы орталығында өз қызметкерлерінің де, соттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің де сот сарапатмасы саласында біліктілігін арттыру бағытында оқыту-әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

Орталықтың авторлық коллективі қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары, сот сараптамасының процессуалды және ұйымдастыру негіздері, сарапшылық мамандықтар саласында білімдерді қамтитын өзіне тән арнайы бағдарламалар бойынша жүргізілетін сарапшы кадрларын бастапқы кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі әзірленген. Сонымен бірге Сот сараптамасы орталығы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің сот-сараптама мекемелерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» туралы ЕО жобасы шеңберінде тәжірибе алмасып отырады.

2008 жылы 2 желтоқсанда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің Сантк-Петербургте өткен 12-ші отырысында «ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әділет министрліктерінің сот-сараптама мекемелерінде зерттеу жүргізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралды.

2009 жылы 23 қазанда Шолпан-Атада өткен 14-ші отырыста Кеңес Сот сараптамасы жөніндегі үйлестіру-әдістемелік комиссияны құрып, оның ережесін бекітті. Сот сараптамасы жөніндегі үйлестіру-әдістемелік комиссия қызметінің негізігі мақсаты – ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер әділет министрліктерінің сот-сараптама мекемелеріндегі ғылыми және оқу-әдістемелік қызметті үйлестіру.

«Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» туралы ЕО жобасы шеңберінде тоқсан сайын семинар ұйымдастырылып өткізіледі. Онда ЕО-ның сот-сараптама мекемелелерінің өкілдері өз тәжірибелерімен алмасып отырады.

2.Сараптамалық мекемеде сараптама жүргізу

Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 245-бабында сараптамамен, ұйымдастырушылық - ведомстволық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен, нұсқаулықтармен) реттеледі. Әділет министрлігінің сот сараптама органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 24 қазандағы № 158 бұйрығымен бекітілген Қазақ­стан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамалары мен мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөніндегі Нұсқаулық қолданылады.

Процесті жүргізуші орган сот сараптамасы органына сарап­тама жүргізудің тапсырған кезде онын басшысына сараптама та­ғайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды жолдайды. Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз Сот сараптамасы орталығынын директоры, Сот медицинасы орталыгының директоры, олардың орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сарап­тамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы таға­йындау туралы қаулы мен ұсынылған материалдарды, егер олар тиісінше ресімделмеген және бұл сараптама жүргізуге мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптама­сы органымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал- жабдықтары болмаса, себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.

Сот сараптамасы орталығының бірінші басшысы нақты қыл­мыстық іс материалдарына, тағайындалатын сараптаманы жүргізудің қиындық дәрежесіне, сондай-ақ өзге де факторларға байланысты кез келген аймақтық бөлімшелердің бірінде са­раптама жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Жоғары білікті сарапшылар комиссиясының қатысуын қажет ететін қайталама сараптамалар, негізінде, орталық немесе ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханалары базасында ұйымдастырылады, соны­мен бірге оларды жүргізу үшін Орталықтың әр аймақтық бөлімшелерінен сарапшылар тартылуы мүмкін.

Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:

сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;

сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды;

сарапшы тәуелсіздігінің принциптерін бұзбай, сарапшы­лық зерттеудің толықтығы мен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;

сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Сараптаманы жүргізу қаулыда көрсетілген сот сараптамасы органының қызметкеріне тапсырылады. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды және бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.

ҚІЖК-нін 249-бабы 2-бөлігінде және 250-бабы 1-бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы екі не одан да көп сарапшылардан комиссия құрайды. Олардың біріне комиссия қызметін үйлестіру жүктеледі.

Сараптама жүргізудің мерзімі алдағы зерттеулердің қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер талаптарын ескере отырып белгіленеді. Мысалы, техникалық күрделі әдістерді пайдалануды көздейтін комиссиялық коп объектілі зерттеулерді жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асырылады, қысқартылған мерзім (3-7 күн) техникалық күрделі зерттеулерді қажет етпейтін аз мөлшердегі объектілер үшін белгіленеді.

Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен артық мерзім қажет бол­ған жағдайларда, онда сарапшының алдын ала іс материалдарымен үш күн ішінде танысқан және оның сараптама жүргізуге қажетті уакытты бергеннен кейін, аймактық бөлімше басшысы нақты мерзімін белгілейді. Сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы шешім сараптама тағайындаған органмен келісу және оның келісуі жазбаша түрде расталуы керек.

Егер сарапшы қосымша материалдар алу қажеттілігі туралы тұжырымға келсе, ол сот сараптамасы органының басшысымен келісе отырып, үш не бес күн (көп объектілі сараптамалар үшін) мерзім ішінде сараптама тағайындаған органнан сұралады. Ерекше жағдайларда, мерзім 5 күннен асуы мүмкін. Атал­ған жағдайда өтінішті жасау күнінен бастап қосымша материалдар немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама алған күнге дейін сараптама жүргізу тоқтатыла тұрады.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда сарапта­ма тагайындаған органмен келісе отырып, қаулының сұрақтары бастапқыда ұсынылған іс материалдары жол беретін ауқымда шешіледі немесе сараптаманы тағайындау туралы қаулы орындаусыз қайтарылады.

Сарапшының қорытындысы екі данада жасалынады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі - сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады.

Сарапшы болып тағайындалған сот сараптамасы органының қызметкері өз атынан қорытынды шығарады және ол үшін жеке жауап береді. Сондықтан да сарапшыға зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтін нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ. (КІЖҚ-нін 245-бабы З-б.) Алайда, сарапшының қорытындысы немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы сараптама тағайындаған органға тек сот сараптамасы орга­нының басшысы арқылы жолданады.

Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат қоса тіркеледі, онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің кұны, қорытынды мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады.

Сарапшының ұсынған қорытындысын оқып-зерттеу кезінде, сот сараптамасы органының басшысы қорытындының жеткілікті түрде негізделмегенін, сараптаманы жүргізу мен оның нәтижелерін рәсімдеу кезде әдістемелік және іс жүргізу бұзушылықтарын анықтаған немесе қорытындының дұрыстығына күмән келтірген жағдайларда, ол тиісті өзгертулер енгізу үшін қорытындыны сарапшыға қайтаруға құқылы.

Егер сарапшы өз зерттеуінің және оның нәтижелерінің дұрыстығына сенімді болса, сот сараптамасы органының басшы­сы алғашқы зерттеу жүргізген сарапшыны қатыстыра отырып, сараптама жүргізуді сарапшылар комиссиясына тапсырады. ҚІЖК-нің 249-бабы 4-бөлігіне сәйкес комиссиялық сараптама жүргізу барысында сарапшылық комиссияның әрбір мүшесі жеке зерттеулер көлемін жүргізеді, содан соң комиссия мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келгенде қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі ко­миссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңы медициналық мекемеде сарап­тама жүргізудің арнайы тәртібін белгілейді (ҚІЖК-нін 247-бабы).

Егер сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сарапта­ма тағайындалған немесе жүргізілген кезде стационарлық байқау қажеттігі туындаса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә медициналық мекемеге орналастырылуы мүмкін, бұл тура­лы сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. Жәбірленуші, куә медициналық мекемеге ҚІЖК-нін 241-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 4) тармақтарында көзделген реттерден басқада тек олардың жазбаша келісімімен ғана орналастырылуы мүмкін.

Сот сараптамасын жүргізу үшін күзетпен ұсталмайтын сезіктіні, айыпталушыны, сондай-ақ жәбірленуші мен куәні сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру сот шешімі бойынша не прокурордың санкциясымен, ал сот-психиатриялық сараптама - сот шешімі бойын­ша жүргізіледі. Адамды медициналық мекемеге орналастыру осыған байланысты қолданылатын ведомстволық нұскаулықтарды ескере отырып сарапшылық зерттеу жүргізуге қажетті мерзімде жүргізіледі. Адамның медициналық мекемеде одан әрмен болуының мақсатқа лайықсыздығы жөнінде сарапшы немесе оның ұсынысы бойынша мекеме әкімшілігі қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарлайды.

Сот сараптамасы органында сарапшылық зерттеу жүргізу үшін ұсынылған материалдарды пайдаланудың іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті торағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 658 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген «Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыс­тық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы» Нұсқаулықпен нақтыланған.

3.Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізу.

Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 246-бабында көрсетілген.

Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, оны тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейін қыл­мыстық процесті жүргізуші орган сараптама тапсыруды белгілеп отырған субъектінің жеке басы мен кәсіптік сапаларын анықтауға міндетті.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 299; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!