Хлорамин ерітінділерін даярлау 13 страница



8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

Майлы таңғышты орындау

Мақсаты:емдік.

Қолдану көрсетілімдері:тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, дәрігер тағайындаған майды, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.

8. Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.

9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.

 

Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері:тері аурулары.

Дайындаңыз:дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.

7. Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.

Теріге майды сылап жағу

Мақсаты:емдік.

Қолдану қөрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.

6. Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

10. Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:

- дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

- егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

- науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.

-

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу

 

Мақсаты:емдік.

Қолдану қөрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

7. Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру

 

Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, 70% спиртті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, спиртке ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен тазартыңыз.

2. Қолынызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын саусақпен үйкенкіреп бекітіңіз.

7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз

 

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу

 

Максаты:дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті, егеуішті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).

5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.

6. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз.

8. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.

10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IVсаусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

14. Шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді            (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

15. Оң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығарыңыз. Шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

16. Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу

Мақсаты:дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70% спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

2. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

3. Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.

4. Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.

5. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.

6. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.

7. Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

8. Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.

9. Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.

10. Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.

6. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен ерткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

7. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті ерткішпен алыңыз.

8. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флаконнын ортасындағы тығынды тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

9. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ергенше.

10. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиоткті тағайындалған дозада сорып алыңыз.

11. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.

12. Дайындалған шприцті және спирттелген шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

13. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған котейнерге салыңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 918; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!