Хлорамин ерітінділерін даярлау 11 страница



 

Ескерту:

- сүлікнауқастың қанынаөзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

- сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

- асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

- сүлікті бір рет қана қолданады.

ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру

Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

- таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

- жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

- ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

6. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

10. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

11. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

12. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

13. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

14. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

15. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз.

16. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

17. Катетерді алап тастаңыз.

18. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

- қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

- ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

Мақсаты:ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері:әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

- оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

- жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

- оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

5. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

6. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

7. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

8. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

9. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

10. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

11. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техикасы сақталу қажет.

VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері

Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау

Мақсаты:емдік.

Қолдану көрсетілімі:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.

 

Ескерту:

- қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

- науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

- дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады

Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

(қоспалы сұйық дәріні) қолдану

Мақсаты:емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

- 1 шай қасықта – 5 мл

- 1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл

- 1 ас қасықта – 15 мл

5. Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

6. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңы

Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.

Даярлаңыз:дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

5. Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.

6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Науқасқа ұнтақты қолдану

Мақсаты:емдік.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады

МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ

Мақсаты:емдік

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

Іс-әрекет алгоритмі

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-370С дейін жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

6. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мұрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

7. Оң қолға мақта шаригін алып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

8. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

9. Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз.

10. Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

11. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

12. Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз.

13. Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.

14. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

15. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

16. Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

17. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).

Көзге тамшы тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 807; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!