Хлорамин ерітінділерін даярлау 9 страница



- Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

- Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

- Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

- Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.

Нәтижесінің бағасы:

 

80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

- Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

- Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.

VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру

ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

 

Мақсаты:науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері:төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.

2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз

4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

8. Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

 

 

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгсі арқылы тамақтандыру

Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері:асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3. Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

4. Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

7. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

8. 30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.

9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

10. Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

11. Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12. Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13. Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

15. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16. Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

17. Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

Ескерту:жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

- -38-400 су моншасында тамақты жылытады;

- қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

- герде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

- сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.

Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

НАУҚаСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Мақсаты:науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері:ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-450С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырьді

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

3. 35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.

7. Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.

8. Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

9. Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.

10. Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.

11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

13. Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Гастростоманы күту

Мақсаты:емдік.

Қолдану көрсетілімдері:операциядан кейнгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет

VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу

Жылытқышты қолдану

Мақсаты:дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері:қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері:іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

       Қоятын жерлері:инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Дайындаңыз:резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.

3. Жылытқыштыңмойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 634; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!