Хлорамин ерітінділерін даярлау 7 страница



11. Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

12. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

13. Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

14. Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

15. Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз.Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ

Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

7. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.

9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.

11. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәкесүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Көзді күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:

сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

11. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

12. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.

Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.

Мұрын қуысын күту

Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері:науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.

4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.

5. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.

6. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.

8. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).

9. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

10. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11. Қолғапты шешіңіз.

12. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Құлақты күту

Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.

Қарсы көрсетілімдері:құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.

3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.

4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.

5. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).

6. Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

7. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.

8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.

10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11. Қолғаптарды шешіңіз.

12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.

Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту

Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара браысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

4. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

5. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7. Науқастан тістерін сығыслыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

8. Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.

9. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

10. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.

11. Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

12. Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.

13. Пинцетті , шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз.

14. Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кетуқауіпі бар;

- халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

- Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.

 

V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау

Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу

Мақсаты:диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.

Қолдану кәрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.

Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 622; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!