Хлорамин ерітінділерін даярлау 2 страница



- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.

Қолғапты шешу

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді.

 

Хлорамин ерітіндісін даярлау

 

Мақсаты:аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері:санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.

Дайындаңыз:құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.

3. Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес).

4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).

5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз.

6. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.

7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.

8. Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.

- Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады.

- Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.

Хлорамин ерітінділерін даярлау

 

Ерітіндідегіхлораминніңқоюлық дәрежесі(%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердіңмөлшері

1л-ге

10л-ге

Хлораминнің мөлшері (г) Судың мөлшері (мл) Хлораминнің мөлшері (г) Судың мөлшері (л)
0,5 5 995 50 9,95
1 10 990 100 9,9
2 20 980 200 9,8
3 30 970 300 9,7
5 50 950 500 9,5

5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)

Ерітіндісін даярлау

 

Мақсаты:аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Дайындаңыз:0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киініз.

2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, агаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оныңқоюлық дәрежесін және ерітіндінің атың көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.

 

Ескерту:

- ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастынқолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

- негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттыңқұрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.

 

Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау

Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

10 л-ге

1 л-ге

Негізгі 5% ерітінді (л) Судың мөлшері (л) Негізгі 5% ерітінді (мл) Судың мөлшері (мл)
0,25 0,5 9,5 50 950
0,5 1 9,0 100 900
1 2 8,0 200 800
1,5 3 7,0 300 700

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

(ҚР ДСМ № 533 бұйрығы 23.07.2010ж.)

 

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандырупатогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.

Залалсыздандыру– бұл эәдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең – зарарсыздандыру,

2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең – залалсыздандыру.

 

I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз:зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

- ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

Ші ыдыста

- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

Ші ыдыста

- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне        60 минутқа салыңыз;

- ыдысты қакпақпен жабыңыз;

- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

- № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында            0,5 минут бойы жуыңыз;

- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

 

IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты:органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

 

ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ

компоненттің аттары ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері қолданылуы
- жуушы зат (Айна, лотос) 5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

- ауыз суы (см3) 1 л
- сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5% 17 мл

механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

- -жуушы зат (Айна, лотос) 5 гр
- -ауыз суы (см3) 1 л

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1979; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!