Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ



Мақсаты:диагностикалық.

Қолданукөрсетілімдері:туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері:инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Асқынулар:инфильтрат.

Енгізілетін жері:білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненіңканюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың                       ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

15. Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.

16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.

Тері астына инъекцияны орындау

 

Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері:дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге салыңыз).

7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.

9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

10. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз.

15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

Инсулинді енгізу

 

Мақсаты:қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

Қолдануға көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.

Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 700 спиртті, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз;

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

6. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз.

7. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

9. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

10. Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

13. Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

14. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

17. Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

20. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

21. Науқасты тамақтандырыңыз.

22. Қолғапты шешіңіз.

23. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

Бұлшық етке инъекцияны орындау

Мақсаты:бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолданылу көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері:бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

Асқынулар:иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі        5-10 мл бір рет пайдалынатын шприцті, инъекцияға арналған иненін ұзындығы 40-60 мм, қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

- иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек.

7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киіңіз.

8. Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).

9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

10. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

11. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.

14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

16. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді;

- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

 

Көк тамырға иньекцияны орындау

Мақсаты:емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері:дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Асқынулар:гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен өндеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).

5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салыңыз.

7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығарыңыз.

8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.

9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

10. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

11. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

12. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

13. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

14. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, колдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

15. Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

16. Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

17. Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап                   V саусақ – шприцтің поршенінде, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

18. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

19. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

20. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

21. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

22. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

23. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.

24. Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.

25. Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

26. Мақта шаригін контейнерге салыңыз.

27. Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

28. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

 

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін

бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру

 

Мақсаты:көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері:айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

5. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.

10. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілікерітіндімен толтырыңыз.

11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жәнеинъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігінерітіндімен ақырын толтырыңыз.

12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақтыкигізіңіз.

13. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып

Енгізуді орындау

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.

Асқынулар:сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын және ішекті босатуын ұсыныңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз.

4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

5. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.

7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз.

8. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.

9.  Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.

10. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бұрышын азайтыңыз.

11. Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

12. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.

13. Сол қолмен бұрауды босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.

14. Ине тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

15. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

16. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

17. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

18. Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз.

19. Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

20. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.

21. Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

22. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады;

- флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;

- енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

- науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.

 

 

ІХ. Пункциялар

 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

Мақсаты:диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, 70% спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

3. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

6. Болжамды тесетін жерді 5% йод ерітіндісімен, сосын 70% спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

8. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

10. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

11. Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

12. Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.

15. Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.

16. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.

17. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

19. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

20. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

21. Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

 

Ескерту:

- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

- плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

- ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.

 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау

Мақсаты:диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.

Қолданукөрсетілімдері:іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.

Қарсы көрсетілімдері:қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, 70% спиртті, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекеталгоритмі:

 

1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5% спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.

9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

10. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).

11. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

12. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

13. Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз.

15. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

17. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

18. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

19. Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

 

Ескерту:

- манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

- сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА дайындау

Мақсаты:диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

Қолдану көрсетілімдері:менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

8. Тесетін жердің терісін, 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін 70% спирт ерітіндісімен тазартыңыз.

9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5% новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз.

10. Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

17. Науқастың хал жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

18. Қолғапты шешіңіз.

19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

 

 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау

Мақсаты:диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері:қан өндіру жүйесінің аурулары.

Қарсы көрсетілімдері:инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70% спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

9. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2% новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.

10. Кассирскийдің пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спирттелген йод немесе 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз.

15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

17. Науқасты палатаға апарыңыз.

18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.

 

Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау

Мақсаты:диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

Қарсы көрсетілімдері:тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5% спирттелген йод ерітіндісін,         70% спирт ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.

5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5% спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70% спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

10. Инені алған соң, тесілген жерге 5% спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

11. Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

Тазарту клизмасын қою

 

Максаты:ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері:іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

9. Кушетка үстіне клеенканышылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

11. Сол қолдың Іжәне II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішеккеқарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытыбойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгізіңіз.

12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпентерең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканыжоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдамтүсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тартүбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалықозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжістіжақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

15. Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны)беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісінесалыңыз.

18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;

- агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

- егерде науқас нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

 

Сифон клизмасын қою

Мақсаты:ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері:улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер:асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты,           20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы,қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

6. Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз,құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегісұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

11. Құйғышты қайтадан сументолтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыруертіндісіне салып қойыңыз.

16. Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы,салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою

Мақсаты:тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

5. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаныңұштығына вазелин майын жағыңыз.

6. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

7. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

9. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

10. Сол қолмен алмұрттәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішеккеқарай итере қысыңыз.

11. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанынұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

12. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

13. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Жел шығаратын түтікті қою

Мақсаты:ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері:іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып,оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейдетазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және Vсаусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анустесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 смкіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыраотырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

11. .Жел шыкқанда(су көпіршіктің шығуы бойынша)көзіңізді жеткізіңіз,суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктіңсыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

12. Науқастыңқал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

Майлы клизманы қою

 

Максаты:емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері:тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері:асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Науқасты сол жаққырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз,қолғапты киініз.

5. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

7. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8. Майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сұраңыз.

15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту:

- емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

- майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

- наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

- майлы клизманы түнде қою қажет.

Дәрілік кЛизманы қою

Мақсаты:емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілікзатты енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.

3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.

7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

8. Сол колдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз.

13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

15. Науқасты ескертініз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ кырымен жатуы қажет.

16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсізжоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.

 

 

Тұзды (гипертониялық) клизманы кою

Мақсаты:ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері:операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

Қарсы көрсетілімдері:жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық

жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін,жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

7. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, еңалғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

10. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

11. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

12. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

13. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қалжағдайын сұраңыз.

14. Ұштыкты,жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысқа салыңыз.

15. Қолғапты шешіңіз.

16. Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнергесалыңыз.

17. Қолыңызды,жуып кептіріңіз.

ХІ. Құықты катетерлеу

 

Әйелдердің қуығын катетерлеу

Мақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, несеп жинайтын ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратқан.

5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

9. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

10. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

11. Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

13. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

14. Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

15. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

16. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

17. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.

18. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

19. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

20. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

21. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз.Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымызәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

22. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

25. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Қуықты жуу

 

Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз:науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

13. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны             1 сағат бойы бақылаңыз.

 

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.

 

 

ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау

 

Лабораториялық анализге саусақтан қан алу

Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.

Терінің тесетін жерлері:құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолғаптарды киіңіз.

4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.

7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

11. Қолданылған құралдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

- қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

- ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.

-

Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

Мақсаты:диагностикалық

Қолдану көрсетілімдері:науқасты зерттеу.

Асқынулар:гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды,    70% этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз.

5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

9. Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

10. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

13. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

14. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

15. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

16. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

17. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

18. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

19. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

20. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

21. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

22. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

23. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

24. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

25. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

26. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

27. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

28. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

- ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

- қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

-  шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

- жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

- қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.

 

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

Мақсаты:қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Дайындаңыз:

- таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

- тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруды немесе тік отыруды;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

- егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.

 

Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

Мақсаты:қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Дайындаңыз:

- таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;

- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

4. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау

Мақсаты:туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз:көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп         3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

Мақсаты:диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

10. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

12. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.

Жұтқыншақтан жағынды алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Дайындаңыз: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

14. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

17. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.

 

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

- бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

- егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

Мұрын қуысынан жағынды алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

Дайындаңыз:штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

15. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

 

Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.

 

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

Мақсаты:диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері:науқасты жалпы зерттеу

Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құра-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекеталгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.

5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

12. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.

-

Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

Мақсаты:диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банкіні, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.

4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.

 

Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.

 

Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

- лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

- цилиндрлер – жоқ.

 

Зимницкий байқауына зәрді жинау

Мақсаты:диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

- бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

- зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін

№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін

№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін

№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін

№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін

№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін

№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін

№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін

4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.

 

Ескерту:

- дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

- порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.

Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

- Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.

Диастазаға зәрді жинау

Мақсаты:диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсетілімдері:ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банкані; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.

3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.

 

Ескерту:қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды

 

Қантты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты:зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз:сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3. 3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5. Қолғапты киіңіз.

6. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

9. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

Мақсаты:зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:қант диабеті.

Дайындаңыз:зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

3. Резеңке қолғапты киіңіз.

4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).

Розин байқауын жүргізу

(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)

Мақсаты:диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Дайындаңыз:1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

5. Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

6. Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

8. Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау

Мақсаты:диагностикалық(зәрдегі билирубинді анықтау).

Қолдану көрсетілімдері:жедел және созылмалы гепатиттер.

Дайындаңыз:жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, шыны түтікті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

3. Қолғапты киіңіз.

4. Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

5. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.

7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

(әйелдерге)

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану керсетілімдері:бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.

3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

4. Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.

7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

11. Киініңіз.

12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

Ескерту

- бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

- материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

- зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

- егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

(еркектерге)

Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері:бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

 

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

2. Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.

3. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

4. Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

5. Зәрді жинауға арналған ыдысты алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.

7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.

9. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.

10. Ыдысты қағаз сүлгісіне қойыңыз.

11. Киініңіз.

12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

13. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

- жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды;

- микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде;

- егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша, қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

 

 

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері:ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз:таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

6. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

7. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

 

Ескерту:

- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

 

ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

Мақсаты:нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері:гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

Дайындаңыз:20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллин флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

4. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

5. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.

 

Ескерту:құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.

Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу

Мақсаты:ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Дайындаңыз: 20-30 мл кең мойынды құрғақ, таза шыны ыдысты (пенциллин флаконың), қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.

3. Науқастан немесе жанүя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

4. Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мүұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

5. Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.

6. Нәжіс жинау алдында резеңке қолгап киіңіз.

7. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

8. Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).

9. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.

10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз

Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті КӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу

Мақсаты:диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері:ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайынданыз:көректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгекті, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректіортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

- нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

- материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен»

нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағыадамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері:ішектің микрофлорасын зерттеу,өткір ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

-

Бактериологиялық зерттеуге

тікелей тік ішектен нәжісті алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағыадамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсетілімдері:ішектің микрофлорасын зерттеу,жедел ішек инфекциялары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10. Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет

Науқасты бронхоскопияға даярлау

Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.

Бронхоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

4. Зерттеудің алдында наукас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

9. Наукасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңі

Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау

 

Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.

 

ФГДС-ті дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады

 

Іс-әрікет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.

 

Ескерту:

- т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.

Науқасты колоноскопияға даярлау

Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз:колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.

 

Колоноскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекшіқызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

Ескерту:жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту –дайындықтың негізгіміндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.

науқасты РекторомАноскопияға даярлау

 

Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

 

Ректороманоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 

Ескерту:

- ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;

- ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

- егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

- науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.

 

Науқасты цистоскопияға даярлау

Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.

Цистоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші кызметін атқарады

Іс-әрікет алгоритмі:

1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.

7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.

Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек

 

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.

Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Дайындау ережесін бұзыуының.

3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

5. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

- науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

- 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;

- зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз.

 

науқасты Бронхографияға дайындау

Бронхография – тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.

Мақсаты:бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.

Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.

Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.

Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.

Бронхографияны дәрігер жүргізеді.

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

 

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты орындыққа отырғызыңыз.

2. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.

3. Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).

4. Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.

5. Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.

6. Науқасты палатаға апарыңыз.

7. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз

Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Дайындаңыз:Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.

 

Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Науқасты ирригоскопияға дайындау

 

       Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

       Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

       Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

       Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.

       Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).

       Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

 

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.

2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.

5. Дәрігердін тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.

6. Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

8. Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін      2 сағат аралығында.

9. Тәнертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен   2 тазарту клизмасын қойыңыз.

10. Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.

11. Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.

 

Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

12. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

13. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.

14. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

15. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Ескерту:

- ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды;

- тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.

 

науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау

Бүйректі және зәр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты:диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.

Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).

Пиелографияны дәрігер жүргізеді.

 

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.

4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.

5. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.

6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігітуралы наукасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.

7. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.

8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

9. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.

2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар

АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Мақсаты:диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері:асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

10. Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз.

11. Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

13. Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.

15. Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

16. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

17. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.

19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.

21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

22. Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

Ескерту:

- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

- егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

- сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу

Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері:диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері:өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар:асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

8. Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).

9. Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

10. Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

11. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап,сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз(егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).

13. Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейінжұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

14. Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№2, №3, №4, №5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1%0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастринерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

18. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№6 үлес).

19. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№7 үлес).

20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып,асқазан сөлін алыңыз (№8, №9, №10, №11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

21. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз,науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткаменсүртіңіз.

22. Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюғаарналған контейнерге салыңыз.

23. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге жәнеқоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет

э

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).

6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қаламұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

17. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (неесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

- асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.

ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Мақсаты:емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрға қақпағы бар банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

3. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егерде олар болса).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

ӘЛСІРІГЕН НЕМЕСЕ ЕССІЗ КҮЙДЕ ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА КӨМЕК КӨРСЕТУ

Мақсаты:емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфетканы, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ қақпағы бар банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігерді шақырыңыз.

2. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

3. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).

4. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

5. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.

6. Әрбір құсқаннан кейін, науқастың ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.

7. Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы

Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің

іс-әрекет алгоритмі

 

       Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінін сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

       Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

       Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

       Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):                             

- мәнгіру;

- есі шатасқан;

- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

- шеткері артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

- тыныс алуы жие, үстірт;

- ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясынын және реактивті соңғы көрністерінін жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

- тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

- жүректің жиырылуы жиеленеді;

- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

- жалпы тонустық құрысу;

- дене қызуы төмендейді;

- еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.

Клиникалық өлім – бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін қалі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

       Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.

       Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

       Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушылар өледіде, кенеттен есінен айырылады.

       Клиникалық өлімінің белгілері:

- есі болмайды;

- тыныс алуы тоқтайды;

- терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

- ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

- көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

- рефлекстері толық болмайды.

 

Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде өттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

- зардап шегушіні көлденен қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, неге десең жұмсақ бетке құтқарушының қимылдауымен серіптіреді және жүректі қысу қажеттілігін жетуіне жолы болмайды;

- кеуде торының алдынғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі.Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

 

 

А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету

       Бұл алғашқы реанимациялық шаралар, көбінесі барлық жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтын артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтын артқы қабырғасынын тілдін түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтын артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.

 

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:

- зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдынғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;

- ауызын ашыңыз;

- алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

- оң қолдын 2 (сұқ) және 3 (ортанғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарнын толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқияты түрде тазартыңыз;

- зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

 

П. Сафардың үш құрамды әдісі

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойынын артынан көтереді.

2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдынғы тістердін негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдын алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.

3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Барлық бұл әдістер ауыз қуысынын түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, сонын есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

 

В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы

Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңлаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

2. Вентиляциялауға сәйкесті тұрақты бақылау кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсіңін бақылау, дем шығарғаны өкпеден ауанын қозғалуын қабілеттігі естушілікпен қабылдау.

3. Есіңізде болсын, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде вентиляция болады.

Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі

 

       Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

       Қолдану көрсетілімдері:клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).

Іс-әрекет алгоритмі:

 

- бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

- осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

- екінші қолыңызбен иекті басыңыз зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

- терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерінінізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінін басын қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасалады.

 

Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі

 

- зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады;

- терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.

Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиелігімен жасалады ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.

С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау

 

Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

2. Онан қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінін төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз.

5. Өзіңіздің иығынызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

6. Төстін төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына сауқсақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.

7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

8. Төс сүйегінін төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтерінкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

 

Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиелігі минутына 60-80 соққы құрастырады.

Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.

Егерде реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.

Егерде реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.

 

Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері

Егерде тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:

- ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;

- көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;

- тыныс алуы қалпына келеді;

- терісінің түсі жақсарады.

Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.

 

Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мүзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.

Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылтқышпен немесе бутылқадағы жылы сумен айнала қоршаңыз.

Егерде барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қанайналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең. Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимациянын басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.

 

Биологиялық өлім – бұл қайтарылмайтын организмнің тіршілік қызметінің тоқтауы.

Бас миының қыртысынын жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:

- тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);

- қан айналымы тоқталады (асистолия);

- ес-түсі жоқ (кома);

- көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;

- «мысық көз» белгісі;

- дене қызуы төмендейді;

- өлік дағы пайда болады;

- өлік сіресіп қатып қалады.

ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

       Мақсаты:паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.

       Қолдану көрсетілімдері:науқастың өлімі.

       Дайындаңыз:сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін, контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызды жуып, жеке сүлгімен кептіріңіз. Қолғапты киіңіз.

2. Өлікті шешіндіріп, жастықсыз арқасымен аяқтарын жазылған күйінде жатқызыңыз.

3. Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.

4. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, төсекте 2 сағатқа қалдырыңыз (биологиялық өлімнің белгілерін айқындау үшін).

5. ПАБ жолдама толтырыңыз (өліктің аты-жөнін, ауру тарихының нөмері, диагнозын, өлген күнін).

6. ПАБ-қа жіберер алдында өліктің санына (аты-жөнін, ауру тарихының нөмерін) жазыңыз.

7. Өлімнің анық белгілерін анықтаңыз: өлік дақтарын, сіресіп қатып қалуын, көз алмасының жұмсаруын (биологиялық өлімді анықтау).

8. Өлген адамның туыстарына хабарлаңыз.

9. Дәрігердің қатысуымен өліктен бағалы заттарын шешіп, тізімін құрастырыңыз. Оларды сақтауға аға мейірбикеге немесе туысарына қол қойып беріңіз.

10. Егерде бағалы заттарын шешуге мүмкіндік болмаса, онда ауру тарихына тіркеңіз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: үйде өлген науқастың өлімін учаскелік дәрігер анықтайды, клиникалық диагнозын және өлу себебін көрсетілген анықтаманы береді.

 

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 23240; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!