Coronary insufficiency 4 страница



E) миокард гипоксиясы

48 Миокард ишемиясы салдарынан байқалады

A) тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

B) АҮФ қорының тез таусылуы

C) миокардта гликогеннің жиналуы

D) ишемияланған жасушалардың ішінде К+ мөлшерінің жоғарылауы

E) кардиомиоциттерде креатинфосфат мөлшерінің жоғарылауы

49. Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысына тән

A) тоногендік дилятация

B) тыныштық жағдайдағы ентік

C) cоғулық көлемнің азаюы

D) жүрек қуыстарында қанның қалдық көлемінің жоғарылауы

E) миогендік дилатация

50. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде тахикардияның патогенезінде маңызы жоғы

A) симпатоадреналды жүйенің әсерленуінің

B) Бейнбридж рефлексінің

C) гиперволемияның

D) синустық-жүрекшелік тораптың өзіндік деполяризациясының артуының

Е) миокардтың адренореактивтілігінің артуының

51. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде тахикардияның патогенезінде маңыздысы

A) синустық тораптың өзіндік деполяризациясы жылдамдығы артуы

B) жүректің өткізгіш жүйесімен серпіндердің өтуінде бөгет болуы

C) зақымдану ағымының пайда болуы

D) миокардпен қозу таралуы жылдамдығының азаюы

E) миокард адренореактивтілігінің төмендеуі

52. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде қанда дезоксигемоглобиннің артуын тудырмайтыны

A) қанағымы жылдамдығының азаюы

B) өкпеде қанның оттегімен қанығуының азаюы

C) тіндермен оттегіні пайдалануының күшеюі

D) қанның оттегілік сыйымдылығының ұлғаюы

E) өкпеде қанның іркілуі

53. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде қанда дезоксигемоглобиннің артуын тудырады

A) қанағымы жылдамдығының артуы

B) өкпеде қанның оттегімен қанығуының артуы

C) тіндермен оттегіні пайдалануының күшеюі

D) қанның оттегілік сыйымдылығының ұлғаюы

E) тіндермен оттегіні пайдалануының азаюы

54. Синустық брадикардия патогенезінде маңызы бар

A) синустық-жүрекшелік тораптың өзіндік диастолалық деполяризациясы баяулауының

B) жүрекке симпатоадреналдық ықпалдар төмендеуінің

C) миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығының азаюының

D) зақымдану ағымдарының пайда болуының

E) жүректің өткізгіштік жүйесімен серпіндер өткізілуінің бөгелуінің

55. Синустық (тыныстық) аритмияның патогенезінде маңызы бар

A) серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасуының

B) кезбе жүйке межеқуаты толқуының

C) жүрекшелерден қарыншаларға қозу өткізілуі бұзылуының

D) "re-entry" тетігінің

E) пейсмекерлік жасушалардың шектік әлеуеті төмендеуінің

56. Экстрасистолия пайда болады

A) серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда

B) нағыз рефрактерлік кезең ұзарғанда

C) синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда

D) серпін өткізілуі баяулағанда

E) синустық-жүрекшелік тораптан серпіннің біркелкі емес шығуына

57. Экстрасистолия патогенезінде маңызы жоғы

A) көрші кардиомиоциттерде әлеуеттер айырмашылығының пайда болуы

B) миокардта зақымдану ағымының пайда болуы

C) кардиомиоциттердің барыншалық диастолалық трансмембраналық әлеуетінің шектік мөлшерге дейін төмендеуі

D) миокардтың электрлік біркелкі еместігі

E) синустық-жүрекшелік тораптың автоматизмі төмендеуінің

58. Қозу толқынының қайталап ену тетігі (re-entry) пайда болуына әкеледі

A) жыпылықтаушы аритмияның

B) ұстамалы брадикардияның

C) ұстамалы тахикардияның

D) жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің

E) синустық аритмияның

59. Ұзаққа созылған қарыншалық ұстамалы тахикардияны көрінеді

A) жүрек шығарымының ұлғаюымен

B) тоногенді дилатациямен

C) миокард гипертрофиясымен

D) систолалық артериялық қысымның жоғарылауымен

E) қарыншалардың лүпілдеуіне немесе жыпылығына ауысу қауіптілігімен

60. Жүректің толық көлденең бөгеті сипатталады

A) тахикардия ұстамаларымен

B) жүрекшелер мен қарыншалардың сәйкессіз жиырылуымен

C) жүрек жиырылуының біріне-бірі ауысатын жиілеу және сиреу кезеңдерімен

D) жүректің шалыс соғуымен

E) номотоптық жүрек ырғағымен

61. Жүрекшелік -қарыншалық толық бөгет кезінде қарыншалар үшін ырғақ қалыптасады

A) синустық торапта

B) жүрекшелерде

C) Гисс шоғырында

D) Гисс шоғырының сол аяқшасында

E) Гисс шоғырының оң аяқшасында

62. Жүректің толық көлденең бөгетіне тән

A) ҚМК артуы

B) Тахикардия

C) Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы дамуы

D) АҚ жоғарылауы

E) Қан ағымы жылдамдығының артуы

63. Қанайналымының ауыр бұзылыстары дамиды

A) синустық тахикардияда

B) синустық аритмияда

C) экстрасистолияда

D) қарыншалар жыпылығы кезінде

E) жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесінде

64. Қарыншалар жыпылығын патогенездік емдеудің әдісі болып табылады

A) жүрек дефибрилляциясы

B) жүрек гликозидтерін белгілеу

C) гипотензиялық дәрілерді қолдану

D) тыныштандыратын дәрілерді қолдану

E) орталықтық аналептиктерді қолдану

65. Кардиогендік сілейменің дамуына мүмкін болатын жағдай

A) Жұқпалы үрдіс

B) Жарақат

C) Қан жоғалту

D) Сол жақ қарыншаның инфаркті

E) Жәндіктердің шағуы

66. Кардиогенді сілейме кезіндегі олигурияның патогенезінде маңызы жоғы

A) Гипотензия

B) Қан айналымының төмендеуі

C) Жинақтаушы түтіктерде судың кері сіңірілуінің артуы

D) Шумақтың афферентті артериолалардың тарылуы

E) ҚМК-нің төменде

67. Кардиогенді сілейменің патогенезіндегі бастапқы тізбекті көрсетіңіз

A) Сол жақ қарыншаның соққылық көлемінің күрт төмендеуі

B) Кедергілік тамырлардың межеқуатының төмендеуі

C) Қанның дерттік қорлануы

D) Артериялық қысымның төмендеуі

E) Дерттік тамырдың тарылуы

68. Кардиогенді сілейме кезінде артериялық қысымның төмендеуінің патогенезінің негізгі тізбегі

A) Жүрек етінің жиырылғыштық қабілетінің төмендеуі

B) Кедергілік тамырдың межеқуатының төмендеуі

C) Қанның дерттік қорлануы

D) Гипоксия және ацидоз

E) Дерттік тамырдың тарылуы

69. Қандай сілейме кезінде АҚ-ның төмендеуі организмдегі бұзылыстардың патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

A) Жарақаттық

B) Постгеморрагиялық

C) Кардиогендік

D) Күйіктік

E) Сепсистік

70. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің, феохромоцитоманың, Конн синдромының, аорта коарктациясының, акромегалияның ортақ синдромы болып табылады

A) артериялық гипертензия

B) жүйелі васкулит

C) веноздық тромбоз

D) артериялық гиотензия

E) бітейтін эндартериит

71. Жасөспірімде айқын цианозбен қарыншааралық перденің ақауы,оң қарыншаның гипертрофиясы, өкпе артериясының толық тарылуы, қолқа қарыншааралық перденің үстінде орналасқандығы анықталды. Төменде келтірілген туа пайда болған қосымша ақаудың болуы жасөспірімнің өмір тіршілігін ұстап тұр?

A) Қолқа қақпақшасының қос жармалы болуы

B) Артериялық өзектің (Боталлов) бітпеуі

C) Қарыншаралық перденің бітпеуі

D) Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) Қолқа коарктациясы

72. Алғашқы артериялық гипертензияны дамытатын қауіп-қатер жайт

A) феохромоцитома

B) біріншілік әлдостеронизм

C) ми қанайналымының бұзылысы

D) гиперкортизолизм

E) психоэмоцияға стрессорлық ықпалдардың жиі теріс әсері

73. Айқын цианозбен қабаттасатын жүректің туа пайда болған ақауы

A) Өкпе артериясының өзегі тарылуы

B) Қарыншааралық перденің аздаған ақауы

C) Артериялық өзектің бітпеуі

D) Фалло тетрадасы

E) Қолқа каорктациясы

74. Миокардың диастолалық қызметінің төмендеуімен сипатталатын біріншілік кардиомиопатияға жататыны:

A) Дилятациялық кардиомиопатия

B) Рестриктивті кардиомиопатия

C) Стрессорлық кардиомиодистрофия

D) Постинфарктық кардиосклероз

E) жұқпалы миокардит


ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАҒДЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

 


1- нұсқа


1. Медико-биологиялық эксперимент –бұл

A) әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігін тексеру және өңдеу

B) нақты ғылыми зерттеулерді тексеру

C) зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

E) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

2. Үлгіге қойылатын талаптар:

A) дерт дамытуға және оны үлгілеуге қолданылатын себептің және жағдайдың сәйкестігі

B) дерттің функционалдық және морфологиялық айырмашылығы

C) сәйкес асықынулар дамуынан айырмашылығы жануарды бір түрін қолдану

3. Жануарларда медико-биологиялық эксперимент және клиникаға дейінгі зерттеулер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартына сәйкесжүргізіледі:

А) «Тиісті зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалар»

В) «Вивариийлерді құру, жабдықтау және күту санитарлық ережелері»

4.Кәмелеттік жасқа толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жазбаша түрде келісуі қажет

А) медициналық –әлеуметтік сарапшы комиссия тұжырымы

В) асырау және қамқорлық көрсету комиссиясы

С) ата-анасының келісу қажет емес

Д) олардың заңды ұстаушысы

5. Калибровка - бұл

A) прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы

B) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

C) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зертеу

D) әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

6. Ғылыми-техникалық зерттеуханалардың меңгерушілері қадағаламайды:

А) зерттеулердің жүргізіліуін

В) құжаттарды жүйелі түрде толтырылуын,

С) жинақталған мәліметтердің дәлелімділігі мен сапасын, алынған нәтижелердің өңделуін

Д) зерттеушілердің жеке басты қызығушылықтарын

 

7. «Қазақстар Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелері» 2007 жылғы 25 шілдедегі бұйрықтың номері

А. №523

В. №506

С. № 697

D. № 582

Е. № 124

8. Клиникалық зерттеуде басты маңыздысы

А) ғылыми қызығушылық

В) қоғамдық қызығушылық

С) зерттеушінің қызығушылығы

Д) зерттелушінің құқығы, қауіпсіздігі және денсаулығы

9. Зерттеудің немесе жеке бөліктерінің аяқасты тоқтатылатындығын зерттеу жетекшісі мәлімдеу қажет

А) денсаулық саласындағы меңгеру мекемесін және әдептілік сұрақтары бойынша комиссияны

В) адам құқығы бойынша комиссияны

С) медициналық-әлеуметтік комиссияны

Д) тергеу комитетін

10. Ақпараттық келісім –бұл

A) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

D) әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту


 

2 - нұсқа


1. Клиникаға дейінгі зерттеулер –

A) Клиникалық тәжірибеге енгізу алдында жүргізілетін биологиялық, токсикологиялық, химиялық, физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

2. Медико-биологиялық эксперимент келесі негізгі міндеттерді атқармайды:

A) жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет

B) ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады

C) клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстармалы гарант болып табылады

D) клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады

3. Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді:

A) ресурстар

B) сәйкес басқару

C) зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау

D) құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі

E) виварийде жануарларды сәйкессіз ұстау

4. К линикалық зерттеулер өткізуге тыйым салынбайды

А) әскери қызметкерлерге;

В) бостандықтан бас кешкендерге, тергеу айықтырғышта қамауда отырғандарға;

С) сот арқылы қабілетсіз деп анықталғандар

Д) зерттелетін адам жазбаша түрінде өз еркімен келісім немесе денсаулық сақтау ұжымымен келісім шарты бойынша

5. Валидация - бұл

A) бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

B) барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

C) дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технолгиялар, аурулардың алдын алу, дагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері

D) зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

6. Зерттелетін нәтижелері бойынша жауапты орындаушы құрастырады:

A) есеп

B) құжат

C) келісім шарт

D) кәсіптік хат

7. Есепте көрсетілмейді:

А) тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі

В) тәжірибе барысында өткізілген аудиттер туралы мәлімет

С) өлшемдік құқықтық құжаттарға және әдебиет көздеріне сүйенген қолданылған әдістердің сипаттамалары

Д) қызметкерлердің жеке мәліметтері

8. Сынақтан өткізілетін жеке тұлғаны анықтайтын мәліметтер лауазымды

А) ҚР заңы талаптарына сәйкес жеке бастың құпиясын сақтап қорғалады

В) БАҚ беттерінде жарияланады

С) интернет жүйесінде жарияланады

Д) халыққа жолдама ретінде жарияланады

Е) факс арқылы жіберіледі

9. Клиникалық зерттеулер мақұлданған сәйкестік хаттамаларымен жүргізіледі:

А) әдептілік сұрақтар комиссиясымен

В) адам құқығы бойынша комиссиясымен

С) сапа және тәжірибені тиімді өткізу сарапшы комиссиясымен

Д) медицина –әлеуметтік сарапшы комиссиясымен

10.Сынақтан өткізілетін – бұл:

А) зерттелетін заттардың клиникалық сынақтан өтетін науқас

В) қызығушылық танытқан студенттер

С) ғылыми қызметкер

Д) ауырған жануар


Аралық бақылаудың 2 – кезеңі – клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау

ситуациялық есептер (әр сабақтағы тапсырмаларды және СӨЖ қараңыз)

8. АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН (СӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

8.1.1№ 1 тақырып. Жүрек ырғағы бұзылыстарының патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері

8.1.2.Мақсаты:Өзін өзі жетілдіру құзыретін жетілдіру

Міндеттері:

1. Аритмиялардың этиологиясы мен патогенезін, балалардағы жүрек аритмиясының бұзылыстарының ерекшеліктерін өзіндік оқу.

2. ЭКГ бойынша жүрек ырғағы бұзылыстарының сипатын анықтай білу

8.1.3.Тапсырма:

1) Сұрақтар бойынша оқу материалдарымен жұмыс жасау:

1. Аритмиялар, түсінігі, жіктелуі.

2. Автоматизм бұзылысына байланысты дамыған аритмиялар, себептері, патогенезі, ЭКГ-дағы өзгерістер..

3. Өткізгішітіктің бұзылысына байланысты дамыған аритмиялар, себептері, патогенезі, ЭКГ-дағы өзгерістер..

4. Эстрасистолия, түсінігі, себептері, даму тетігі, ЭКГ-дағы өзгерістер.

5. Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмиялар туралы түсініктер. Аритмияның дамуында “re-entry” даму тетігінің маңызы

6. Балалардағы аритмиялардың даму ерекшеліктері

1) Тапсырманы орындау

2) Сынамалық тапсырмаларды шешу

8.1.4.СӨЖ-дің орындалу түрі:

Берілген әдебиеттер бойынша тақырыпты өзіндік оқу, сынамалық тапсырмаларды олрындау, ЭКГ талдау, қойылымдар, эссе, есептерді шешу.

8.1.5.Орындалу және 8.1.7.бағалау критерилері: «Білімді бағалау тәртібі және критерилері» 4.2.11 бөлімнен қараңыз

8.1.6.СӨЖ-ді тапсыру мерзімі

«Жүрек –қантамыр жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылауда

8.1.8.ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – С 460-524

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010

Қосымша

4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 490-502

5. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 350-356

6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 123-125

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 154-161.

8. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 409-417.

 

8.1.9.БАҚЫЛАУ

Тапсырмаларды орындау:

№ 1 тапсырма. Синустық-жүрекшелік торап жасушаларының кенеттен мембраналық потенциалының өзгерісінің суретін қолдана отырып, синустық тахикардия мен брадикардияның даму тетігін түсіндіріңіз.

 

 

№ 2 тапсырма. ЭКГ-да аритмияның түрін анықтаңыз.

 

№ 1

 

№ 2

 

 

№ 3

 

 

 


№ 4.

 

 

№ 5

 

 


№ 6

 

№ 7

 

№ 8

\

 

№ 9

 

№3 тапсырма. Тест тапсырмаларын шешу.

 

Аритмиялар


1. Жүрек ырғақсыздығы, бұзылуынан пайда болады (3)

A) автоматизмнің

B) қозғыштықтың

C) өткізгіштіктің

D) серпімділіктің

E) созылғыштықтың

2. Жүрек автоматизмінің номотоптық бұзылыстарына жатады (4)

A) синустық аритмия

B) синустық тахикардия

C) синустық брадикардия

D) синустық тораптың әлсіздігі синдромы

E) ұстамалы тахикардия

3. Синустық тахикардия пайда болады (4)

A) жүрекке симпатикалық ықпалдардың күшеюінде

B) жүрекке парасимпатикалық ықпалдардың күшеюінде

C) жүрекке симпатикалық ықпалдардың әлсіреуінде

D) дене температурасы жоғарылағанда

E) гипероксия кезінде

F) стресте

G) жедел артериялық гипотензияда

4. Синустық тахикардияға тән (3)

A) жүрек жиырылуының жиілігі 90 - 180/мин. жетеді

B) жүрек жиырылуының жиілігі200 л/мин асады.

C) синустық жүрекшелік тораптың өзіндік диастолалық деполяризациясының жылдамдауы

D) синустық жүрекшелік тораптың автоматизмінің жоғарылауы

E) Р өркеші түрінің айқын өзгерістері

5. Синустық тахикардия кезінде ЭКГ сипатталады (2)

a) R - R арақашықтығының қысқаруымен

b) Т - Р арақашықтығының қысқаруымен

c) Р - Q арақашықтығының қысқаруымен

d) миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығының азаюы

e) жүректің өткізгіштік жүйесімен серпіндер өткізілуінің бөгелуі

6. Синустық брадикардия дамиды (4)

A) дене температурасы төмендегенде


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 20; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!