Coronary insufficiency 3 страница



№ 3 есеп. Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.

  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?
  2. Анықталған дерттің дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?
  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

№ 4 есеп. Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырады. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзін қанағаттанарлық деп сезінген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жақта кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы.

  1. Науқас жүректің қандай ақауымен ауырады?

№ 5 есеп. Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Анықталды: полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17‑оксикортикостероидтің мөлшерінің жоғарылауы.

1. Осы науқаста АҚ-ның жоғарлауының себебі қандай?

2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?

3. Соңғы диагнозды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

№ 6 есеп. 40 жасар туберкулезбен ауыратын науқас З. ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отырады), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., тыңдағанда: жүрек тондары тұйық, өкпесінің базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі минутына 26 рет, мойын көктамырлары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, сипағанда ауырады, аяғы домбыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.

1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Ол туралы не мәлімдейді?

2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

3. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.

7.6. Таратылытын материалдар тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулармен бірге

7.7..ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – С 460-524

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010

Қосымша

4. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2010.- т. 2С. – С. 106-121, 140-158

5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154

 

7.8.«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. Аудиториялық және аудиториядан тыс (өзін өзі жетілдіру) өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау бойынша машықтық дағдысын, ситуациялық есептерді сараптауы бойынша коммуникативті дағдысын бағалау

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Атеросклероздың этиологиясы

2. Атеросклероздың дамуының жаңа теориялары

3. Атеросклероздың патогенезі

4. Аеросклероздың асқынулары

5. Атеросклероздың алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

6. Коронарлық жеткіліксіздік, түсінігі, түрлері (нағыз, салыстырмалы), патогенезі

7. Коронарлық қанайналымының қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының сипаттамасы, себептері, патогенезі

8. Коронарлық қанайналымының қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінде жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері.

9. Артериялық гипертензия, түсінігі, түрлері

10. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін оқу. Екіншілік (әйгіленімдік) артериялық гипертензиялар, түсінігі.

11. Біріншілік артериялық гипертензияның қауіп- қатер жайттары

12. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезі.

13. Артериялық гипертензияның алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

14. Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.

15. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, себептері, көлеммен (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен (жүрек соңылық жүктеме) зорығуының себептері.

16. Жүре пайда болған жүрек ақаулары, анықтамасы, түсініктеме, этиологиясы, қанайналымы өзгерістерінің патогенезі.

17. Балалардағы туа пайда болған жүрек ақаулары (жүрекше аралық, қарынша аралық қалқанның ақауы, Фалло тетрадасы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі).

18. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

19. Жүрек қызметінің коронарогенді емес жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.

20. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық механизмдері (мембрана мен ферменттік жүйелердің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз ету және реттелуінің бұзылыстары).

21. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.

22. Жүрек ырғақсыздықтары туралы түсінік, жіктелуі.

23. Автоматизм бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

24. Өткізгіштік бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

25. Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму тетіктері, түрлері, ЭКГ өзгерістері.

26. Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмия туралы түсінік. Аритмиялар дамуында “re-entry” тетігінің маңызы

27. Балалардағы аритмиялар дамуының ерекшеліктері

 

Аралық бақылаудың 1 – кезеңі – тестілеу (тест тапсырмалары)


1. «Көпіршік жасушалардың» түзілуі майлардың жиналуына байланысты

A) нейтрофилдерде

B) макрофагтарда

C) лимфоциттерде

D) эритроциттерде

E) эндотелий жасушаларында

2. Атеросклероздың асқынуларына жатпайтыны

А) артериялардың тромбозы

В) веналардың тромбозы

С) тромбоэмболия

D) қолқа қақпақшаларың жеткіліксіздігі

Е) жүректің ишемиялық ауруы

3. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебне жатпайтыны

A) тарылтатын коронаросклероз

B) ұстамалы тахикардия

C) тәж артерияларының тарылуы

D) миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

E) тәждік артериялардың тромбоэмболиясы

4. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебі болуы мүмкін

A) тарылтатын коронаросклероз

B) ұстамалы тахикардия

C) гиперкатехоламинемия

D) миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

E) тәждік артериялардың b-адренорецепторларының белсенденуі

5. Жүректің коронарогендік зақымдануынан дамиды

A) миокардит

B) миокард инфаркты

C) идиопатиялық кардиомиопатия

D) эндокардит

E) перикардит

6. Миокард ишемиясы салдарына жатпайтыны

A) тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

B) гликолиздің күшеюі

C) сүт қышқылының азаюы

D) АҮФ қорының артуы

E) ишемияланған жасушалардың ішінде К+мөлшерінің жоғарылауы

7. Миокард ишемиясы салдарынан байқалады

A) гликолиздің күшеюі

B) тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

C) сүт қышқылының азаюы

D) АҮФ қорының артуы

E) ишемияланған жасушалардың ішінде К+ мөлшерінің жоғарылауы

8. Айқын цианозбен қабаттасатын жүректің туа пайда болған ақауы

A) Өкпе артериясының өзегі тарылуы

B) Қарыншааралық перденің аздаған ақауы

C) Артериялық өзектің бітпеуі

D) Фалло тетрадасы

E) Қолқа каорктациясы

9. Миокардтың реперфузиясынан соң микроциркуляцияның қалпына келуін тудырады

A) лейкоциттердің оттегінің белсенді түрлерін және қабыну дәнекерлерін түзуі

B) эндотелий жасушаларының ісінуі

C) ұсақ қан қатпарларының түзілуі

D) кіші қан тамырлары қабырғасының зақымдануы

E) артериялық гиперемияның пайда болуы

10. Коронарлық жеткіліксіздік кезінде майлардың асқан тотығуының белсенділенуіне кедергі жасайды

A) миокардта прооксиданттар мен МАТ-ның субстараттарының мөлшерінің артуы

B) антиоксиданттардың белсенділігінің төмендеуі

C) ишемиядан кейінгі реперфузия

D) жүректе катехоламиндердің мөлшерінің артуы

E) жүрек ет жасушаларында супероксиддисмутазаның және каталазаның белсенділігінің жоғарылауы

11. Миокар инфарктының арнайыланған маркерлері болып табылады

a) миоглобин

b) TnT және TnI тропониндер

c) КФ-МВ-2/ КФ-МВ-1 ара-қатынасы

d) ЛДГ-1/ЛДГ-2 ара-қатынасы

12. Қантамырларының шеткі кедергісінің жоғарылауын және гипертензияны туындатады

A) брадикинин

B) ангиотензин II

C) аденозин

D) азот тотығы

E) простациклиндер

13. Қантамырларының шеткі кедергісінің төмендеуін және гипотензияны туындатады

A) катехоламиндер

B) тромбоксан А2

C) ангиотензин II

D) эндотелиндер

E) азот тотығы

14. Дәрі-дәрмекті қабылдағаннан соң науқаста артериялық қысым жоғарылады, ал қан ағымына жалпы шеткері кедергі төмендеді. Мүмкін, бұл дәрі туындатты

A) вазоконстрикцияны және ҚМК азаюын

B) вазодилатацияны және ҚМК жоғарылауын

C) вазоконстрикцияны және ҚМК жоғарылауын

D) вазодилатацияны және ҚМК азаюын

E) вазоконстрикцияны, ҚМҚ өзгермейді

15. Алғашқы артериялық гипертензияны тудырмайтыны

A) психоэмоцияға стрессорлық ықпалдардың жиі теріс әсері

B) мембраналық иондық сораптар жұмысының тұқым қуалайтын ақауы

C) бүйрек артерияларының тарылтатын атеросклерозы

D) симпатоадреналды жүйенің гиперергиясы

E) тұзды артық пайдалану

16. Артериялық гипертензияның даму тетіктеріне жатпайтыны

A) ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділенуі

B) калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

C) депрессорлық жүйкелер бойымен қолқа және ұйқы синустары барорецепторларынан келетін афференттік серпіндер жүруінің әлсіреуі

D) глюкокортикостероидтардың артық өндірілуі

E) минералокортикостероидтардың артық өндірілуі

17. Гипертониялық аурудың патогенезінде маңызы жоғы

A) симпатикалық жүйке орталықтарында қозғыштықтың тұрақты жоғарылауының

B) эмоциялық орталықтардың созылмалы қозуының

C) мый қыртысының қан тамырларының қозғалтқыш орталығына тежегіш ықпалы төмендеуінің

D) қан тамырлары миоциттерінің мембраналық иондық сорабының тұқым қуалайтын ақауының

E) бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметі жеткіліксіздігінің

18. Жасушалық мембраналардың иондық сораптарының тұқым қуалайтын ақауы кезінде АҚ жоғарылауының патогенезінде маңызыжоғы

A) бүйрекпен организмнен натрий және су шығарылуының төмендеуінің

B) қан тамырларының миоциттерінде натрий мен кәлций жиналуының

C) организмде натрий мен су мөлшері жоғарылауының

D) қан тамырлары миоциттерінің катехоламиндерге сезімталдығы жоғарылауының

E) айналымдағы қан көлемі азаюының

19. Қан тамырлары миоцитерінің жасушалық мембраналарының тектік ақауы, гипертензияға әкеледі

А) жасушалар цитоплазмасында кәлций мөлшері жоғарылағанда

В) жасушалар мембранасының электрлік әлеуеті ұлғайғанда

С) жүйке тармақтарының дәнекерлерді қайтадан қамтуының жылдамдығы жоғарылағанда

D) миозиннің АҮФ-азалық белсенділігі тежелгенде

Е) қан тамырлары қабырғасына дәнекерлер әсер ету уақыты азайғанда

20. Алғашқы артериялық гипертензияға тән

A) артериолалар межеқуатының тұрақты көтерілуі

B) бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

C) ренин өндірілуінің төмендеуі

D) азот тотығының өндірілуінің жоғарылауы

Е) гповолиемия

21. Алғашқы артериялық гипертензияның тұрақтану кезеңіне тән

A) азот тотығының аз өндірілуі

B) бүйрекпен ренин сөлденісінің жоғарылауы

C) калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

D) натрийурездік гормон өндірілуінің жоғарылауы

E) бүйрекпен простагландиндер Е1 және Е2 өндірілуінің жоғарылауы

22. Әйгіленімдік артериялық гипертензиялардың арасында аса жиі кездесетіні

A) эндокриндік

B) бүйректік

C) орталық нейрогендік

D) рефлекстік нейрогендік

E) қанайналымдық

23.Реноваскулалық бүйректік гипертензияның патогенезінде маңызы бар

A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

B) бүйрек ұлпасының азаюы

C) бүйректе депрессорлық заттар өндірілуі азаюының

D) бүйректік кининдер сөлденісі жоғарылауының

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі азаюының

24. Реноұлпалық артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар

A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

В) эритропоэтин сөлденісі төмендеуінің

С) бүйректе судың кері сіңірілуі жоғарылауының

D) бүйректік кининдер, простагландиндер сөлденісі азаюының

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі жоғарылауының

25. Мый жарақаты кезіндегі артериялық гипертензия жатады

A) эссенциалдық артериялық гипертензияларға

B) нейрогендік артериялық гипертензияларға

C) эндокриндік артериялық гипертензияларға

D) дәрі-дәрмектік артериялық гипертензияларға

E) бүйректік артериялық гипертензияларға

26. Гипернатриемия кезіндегі артериялық гипертензия байланысты

A) рениннің гиперсекрециясына

B) гиперволемия дамуына

C) гематокриттің төмендеуіне

D) қан қоюлануына

E) эндотелиоциттермен простациклин түзілуінің белсенділенуіне

27. Артериялық гипертензия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі

Стресс → кортикостероидтардың көбеюі → ангиотензиноген және ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуінің жоғарылауы →? → қан тамырларының тарылуы → ЖШТК жоғарылауы → артериялық гипертензия

A) бүйректе судың кері сіңірілуінің жоғарылауы

B) қан тамырлары миоциттерінің катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы

C) ангиотензин ІІ түзілуінің жоғарылауы

D) қан тамырларының шеткері жалпы кедергісінің (ҚШЖК) жоғарылауы

E) әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы

28. Артериялық гипертензияны үлгілеу әдісіне жатпайтыны

A) Людвиг – Цион және Геринг «депрессорлық» жүйкелерін екі жақты кесу

B) бүйрек үсті бездерінің екеуін де алып тастау

C) бір бүйректі алып тастау және екіншісінің артериясын қысып тастау

D) ұйқы артериясының тармақтарын байлау

E) неврозды үлгілеу

29. Артериялық гипертензияны патогенездік емдеуде қолданылмайтыны

A) ауыру сезімін басатын дәрілер

B) тыныштандыратын, ұйқы шақыратын дәрілер

C) АПФ –тің тежегіштері

D) зәрайдағыштар

E) альфа-адреномиметиктер

30. Жүректің қызметінің сүлде жеткіліксіздігінің себебі

A) жүректің бітелуі

B) кардиосклероз

C) жедел миокардит

D) гипертрофияланған миокардтың жедел теңгерілмеуі

E) ұстамалы тахикардияның ұстамасы

32. Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі бола алады

A) үлкен қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

B) кіші қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

C) жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркты

D) жүректің қос жарғақты қақпақшасының жеткіліксіздігі

E) миокардит

33. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән емес

A) іш шемені

B) күре тамырларының ісінуі

C) аяқ-қолдың ісінуі

D) гепатомегалия

E) өкпе ісінуі

34. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән

A) өкпе ісінуі

B) іш шемені

C) қан құсу

D) жүректік астма

E) кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы

35. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі

A) қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

B) созылмалы пневмония

C) кіші қанайналымы шеңберінің гипертензиясы

D) үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) өкпе эмфиземасы

36. Жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі көрінеді

A) үлкен қанайналым шеңберінде қанның веналық іркілуімен

В) күре тамырларының ісінуімен

С) өкпе ісінуімен

D) іш шеменімен

E) гепатомегалиямен

37. Жүректің қан көлемімен зорығуы дамуы мүмкін

A) қолқа коароктациясы кезінде

B) артериялық гипертензияда

C) артериялық гипотензияда

D) қақпақша тесігі тарылғанда

E) жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде

38. Жүректің «кедергімен» зорығуы дамиды

A) жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігінде

B) қанның көлемі ұлғайғанда

C) артериялық гипертензияда

D) физикалық жүктеме кезінде

E) гипергидратацияда

39. Жүрек жеткіліксіздігін теңгерудің жүректік тетіктеріне жатпайтыны

A) жүрек жиырылуы күші жоғарылауының гетерометрлік тетігі

В) жүрек жиырылуы күші жоғарылауының гомеометрлік тетігі

С) миокардтың гипертрофиясы

D) миокардтың адренореактивтік қасиетінің жоғарылауы

Е) эритроцитоз

40. Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілуінде жүректік тез тетігі болып табылады

A) Франк-Старлинг тетігі

B) Тыныстың жиілеуі

C) миокард гипертрофиясы

D) симпато-адреналдық жүйенің әсерленуі

E) қан өндіру жүйесінің әсерленуі

41. Жүрек гиперфункциясының апаттық сатысына тән

A) гипертрофияланбаған миокардтың гиперфункциясы

B) кардиомиоциттердің гипертрофиясы

C) дәнекер тіннің өсіп-өнуі

D) миогендік дилятация

E) миокардтың бірлік салмағына шаққанда оттегіні пайдалану, қажым және нәруыз түзілуінің қалпына келуі

42. Кардиосклероз патогенезінде дерттік гипертрофия кезінде маңызы жоғы

A) гипертрофияланған кардиомиоциттердің беткейі мен салмағының сәйкессіздігінің

B) гипертрофияланған кардиомиоциттердің ядросы мен цитоплазмасының сәйкессіздігінің

C) гипертрофияланған кардиомиоциттердің жүйкелік нәрленісінің бұзылуының

D) гипертрофияланған кардиомиоциттердің қанмен сәйкес қамтамасыз етілуінің

Е) гипертрофияланған кардиомиоциттердің қажыммен қамтамасыз етілуінің бұзылуының

43. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі пайда болады

A) үш жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігінде

B) В1 витаминінің (тиаминнің) жеткіліксіздігінде

C) гипертониялық ауру кезінде

D) гиперволемияда

E) жүректің қақпақшалық тесіктері тарылғанда

44. Миокардтың коронарогендік емес жеткіліксіздігі дамиды

A) коронарлық қан тамырларының тарылуында

B) коронарлық қан тамырларының тромбозында

C) коронарлық қан тамырларының атеросклерозында

D) коронарлық қан тамырларының эмболиясында

E) жүрек бұлшық етінде зат алмасу үрдістерінің алғашқы бұзылыстарында

45. Дилатациялық кардиомиопатия сипатталады

A) диастолалық жүрек жеткіліксіздігімен

B) жүректің систолалық жеткіліксіздігімен

C) жүрек қарыншаларында қысымның төмендеуімен

D) жүрек көлемінің кішіреюімен

E) қарыншалар қабырғаларының серпімділігінің жоғарлауымен

46.Кардиомиоциттерде кәлцийдің жиналуы қабаттасады

А) миофибрилдер босаңсуы мен жиырылуының бұзылуымен

B) кардиомиоциттердің адренореактивтік қасиетінің төмендеуімен

С) кардиомиоциттердің адренореактивтік қасиетінің жоғарылауымен

D) мембраналық фосфолипазалардың белсенділенуімен

Е) тотығулық фосфорланудың белсенділенуімен

47. Кардиомиоциттердің қажыммен қамтамасыз етілуі бұзылуының патогенезінде маңызы жоғы

A) Кребс оралымында заттардың аэробтық тотығу үрдістері күшеюі

B) креатинфосфаттық жүйенің тасымалдау қызметі бұзылуы

C) тотығу мен фосфорлану ажырауы

D) қажым пайдалануы бұзылуы


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 82; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!