Тағамдық улану



Тағамдық токсикоинфекция (астағы бактерия уыттарымен - токсиндерімен улану) – тағамда экзотоксин түзетін, негізінен шартты патогенді микроорганизмдермен қоздырылатын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, жалпы уыттанумен, диспепсиялық белгілермен күрт басталатын ішек инфекциялары тобына жататын кесел. Астан жедел уланудағы негізгі патологиялық фактор тағамға түскен бактериялардың көбеюі барысында бөлінген экзотоксинге байланысты. Аурудың «инфекциялығы» ауру туғызушы удың микроорганизмдердің тіршілігі барысында бөлінген «өнім» екендінде. Аурудың себебі организмнен тыс ортада көбейіп, көбеюі барысында экзотоксин бөлетін миктроорганизмдер. Олар ботулизм бациллалары, алтын түстес стафилококк және шартты патогенді микроорганизмдердің көптеген тұқымдастықтары (протей, клебсиелла, цитробактер, серрация, энтеротоксинді стрептококтар т.б.) Аталған микроорганизмдердің бәрі абиотикалық ортадағы көбею барысында энтро- және цитоксин синтездейді. Энтротоксин мен цитотоксин асқазан-ішек жолдарының эпителий торшаларын зақымдап, диспепсия, жалпы уланудың себебі болады.

Тағамдық токсикоинфекция туғызушы микроорганизмдер белгілі бір тағам түрлерінде, яғни олар үшін қолайлы қоректік орта болып табылатын тағам түрлерінде, сақталу температурасы 20-40°С деңгейінде бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі мерзімде экзотоксин түзіп жинақталады. Көп жағдайда тағамның түсі мен иісінің өзгермеуі де мүмкін. Жұқпа көзі дені сау тасымалдаушы, ауру адам немесе жануарлар. Шиқан, күбірткелі шыққан адам тағамды дайындау, өңдеу барысында асты залалдайды, жануарлардан қоздырғыштар сүт безі қабынғанда, іріңді қабыну ауруы бар жануарлар еті жеткілікті термиялық өңделмегенде түседі.

Негізгі берілу механизмі нәжістік-ауыздық. Бұл механизмнің жүзеге асу жолы - тағам жолы. Улану көп жағдайда сүт пен сүт тағамдарын, ет және ет тағамдарын, салаттарда, балық консервілерін, крем қосылған тағамдарды қолдануға байланысты болады. Стафилакокк экзотоксиндері бар тағамның сыртқы түрі, түсі өзгеріп, иістенбейді, сондықтан күдік туғызбайды. Басқа да көптеген қоздырғыштар тағамды көрінетіндей өзгеріске ұшыратпайды. Сөйтіп бұл тағамдарды қолданушылар улануға ұшырайды.

Улану жылдың барлық мезгілінде кездеседі, бірақ өте жиі жаз-күз мезгілдерінде тіркеледі. Тағамдық токсикоинфекция індетінің басты эпидемиологиялық ерекшелігі- кенеттен көп адамның ауруға шалдығуы және барлық ауырғандардың ауруға шалдығуының бір тағам түрімен немесе бір ошақпен байланысты болуы, клиникалық сипатының ұқсас болуы. Токсиндердің организмге ену қақпасы асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты. Энтеротоксиндер мен цитотоксиндер асқазан мен ішектің кілегей қабатының эпителиалды жасушаларының мембранасын зақымдап, онда белок синтездеу процесін бұзады, қабыну туғызады, су мен электролиттердің ішек қуысына қарай өтуін, ішектің жиырылуын арттырады, сөйтіп іш өткізеді, құстырады. Сонымен қатар, ішектен қанға өткен токсиндер ауруды жалпы уыттануға (интоксикация) ұластырады. Әр түрлі микроорганизмдердің токсиндерінің әсер ету механизмі ұқсас болғандықтан да, аурудың басты клиникалық белгілері микроб түріне қарамастан ұқсас.

Ауру қайта қайта құсу, лоқсу, іш өту, іштің бүріп ауруы, жалпы әлсіздік, бас ауру, дене қызуының көтерілуі белгілерімен көрінеді. Стафилококкта улану, перфрингенс клостридиялармен улануда басылмайтын лоқсу мен құсу, қысқа уақытқа ғана дене қызуы көтерілуі, қанды іш өту сияқты ерекшеліктері болуы мүмкін. Тәжірибелі клиницистер клиникалық ерекшеліктеріне қарай этиоагент түрін болжай алады.

Емдеу принциптері. Асқазан-ішек жолдарын токсиндерден тазарту (асқазанды шаю, сифонды клизма, абсорбенттер ішкізу), су тұз алмасу бұзылысын қалыптастыру.

Алдын алу шаралары. Эпидемия отбасына және қоғамдық тамақтану орындарына байланысты болғандықтан үйде де, қоғамдық тамақтану орындарында да тағамды тасымалдау, сақтау, өңдеу санитарлық және технологиялық ережелерге сай болуы қажет. Әсіресе жаз, күз айларында дайын тағам өнімдерін, жартылай дайын тағам өнімдерін, сусындарды сақтау мен тасымалдау, термикалық өңдеу қатаң бақылауға алынуы тиіс. Балалар мен ересектердің жазғы демалыс орындарында тағам мен сусынның санитарлық талапқа сай өңделуі мен сақталуын қадағалау өте маңызды. Отбасылық індет бұрқ ете қалуының алдын алу үшін, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу, тағамның жеткілікті термикалық өңделуінің, сақталу жағдайы мен мерзімінің назарда ұсталуының керектігін, тағам өнімдерін сатушыларға талаппен қарау керектігін жеткізу қажет.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!