Сыртқы орта факторлардың әсері



Микроорганизмдердің өніп-өсуі, тіршілігі сыртқы орта жағдайларына тікелей байланысты. Орта жағдайы неғұрлым қолайлы болса, соғұрлым ол белсенді тіршілік етеді. Табиғатта микроорганизмдерге әсер ететің жағдайларды негізінен үш топқа бөлуне болады:
1. Физикалық фактор

2. хим-қ фактор

3. биол-қ фактор

Физикалық фактордың әсері.
Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор. Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлы температура;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі; макисаль - микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, тіршілік ете алмайды. Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Психрофилдер.
2. Мезофилдер.
3. Термофилдер.
Психрофилдер. (гректің психрос –сусыз деген сөзіненшыққан). Салқын сүйгіш бактериялар. Бұларға кейбір топырақ және теңіз бактериялары, сонымен бірге балық және су өсімдіктеріне ауру қоздырғыш микроорганизмдер жатады. Көптеген психрофилдер мезофилдер үшін қолайлы температураларда өсе береді. Бұл топтағы микроорганизмдердің кейбір өкілдері төменгі температурада өсуге бейімделген. 25оС және одан да жоғары температура тіршілігн жояды. Бұларды облигат психрофилдер деп атайды. Психрофилдер 5оС немесе одан да төмен температурада өсуге бейімделген.
Мезофилдер (гректің мезос – орташа, аралық деген сөзінен шыққан). Микроорганизмдердің басым көпшілігі осы топқа жатады. Олардың ішінде ауру қоздырғыштары да бар. Адам мен жылы қанды жануарларда солардың дене температурасы деңгейінде жақсы өніп-өседі.
Термофилдер (гректің термо-жылы деген сөзінен шыққан). Жоғарғы температурада тіршілік етуге бейімделген, жылу сүйгіш микроорганизмдер. Олар үшін ең төменгі температура 35-40 оС. Облигатты термофилдер 37оС және одан да төменірек температурада өсуге қабілеті бар. Термофиль микроорганизмдердің жоғары температурада тіршілік етуі олардың клетка мембранасында болатын липидтердің құрамының ерекшеліктеріне және белоктары мен ферменнерінің температураға өте шыдамдылығына байланысты.

Ылғалдылық әсері.
Микроорганизмдер ылғалды ортада ғана тіршілік ете алады. Суда еріген қоректік заттарды микробтар клеткасы сорып алып, қоректенеді. Мұнда суда еріген заттардың концентрациясыныңзор маңызы бар. Егер бұлзаттардың концентрациясы суда аз болса, онда оны гипотоникалық ерітінді деп атайды. Ал ол заттар концентрациясы оптималды болса, микроорганизмдер тіршілігі үшін жақсы жағдай жасалады. Заттар концентрациясы молайған сайын сыртқы ортадағы осмостық қысым арта бастайды. Ондай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды. Осмостық қысым жоғары ерітінділер микроб клеткасындағы ылғалды тартып алады да, клетка тіршілігін жоя бастайды. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Кейбір микроорганизмдерге ортаның жоғарғы осмостық қысымы олардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді. Олардың осмофильді, яғни жоғары қысымды “сүзгіштер” деп атайды. Бірқатар микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясында тіршілік етуге бейімделген. Оларды галофильдер, яғни тұздың жоғары концентрациясын “сүйгіштер” деп атайды.
Кептірудің әсері.
Микроорганизмдердің кептіруге төзімділігі олардың физикалық-химиялық қасиеттері мен спора түзу қабілеттілігіне байланысты. Споралар орташа ылғалы 40%-ке дейін жеткенше тіршілікке қабілеттелігін жойылмайды. Құрғақ күйінде споралардың жүздеген жылдар тіршілігін жоймай сақталатыны мәлім. Ал спора түзетін бактериялар орташа ылғалы азайғанда өз тіршілігің тоқтата бастайды. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтанжылддам бұзылатын ет, балық, жемістер, сүт шөпті құрғату арқылы сақтайды. Мұны сублимация деп атайды. Онда төменгі температура мен шапшан салқындату қатар жүргізіледі. Тағамдар осылай етіп өңдегенде екі жыл және одан да ұзақ сақталды.
Жарықтың микробтарға әсері.
Күн сәулесінің тікелей түсуі микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Бірақ микробтардың ішінде қарақошқыл күкірт бактериялары сәуледен өлмейді, қайта оны өз бойына сіңіре алады. Күн сәулесінің әсеріне, патоген, яғни ауру қоздырғыш бактериялар шыдамсыз болады. Сондықтан да жұмыста бөлмені желдетіп, күн сәулесін түсіріп алып тұрғанда, санитарлық жағдай жақсарып, зиянды микробтар қырылады. Микроорганизмдерге жойқын әсер ететің күн сәулесінің бір бөлігі –ультракүлгін сәуле. Міне оның бұл қасиетін лабораторияларды, емдеу мекемелерінің ішін зарарсыздандыру мақсатында кеңінен қолданады. Бактерияларға қарағанда вирустар ультракүлгін сәулеге төзімсіз.

Хим-қ фактор қышқылдық және сілтілік ортаның әсері рН оттегі әсері. Хим-қ заттардың зиянды әсерін дезинфекция мақсатында пай-ды, антисептик ретінде хим-қ заттар микробтар тобына бірдей әсер етпейді. Мысалы туберкулез таяқшасы хим-қ заттарға төзімді, өйткені олардың клетка қабықшасында май тектес заттар болады. олар хим-қ заттардың клетка ішіне енуін баяулатды. ортаның сілтілік, қышқылдық реакциясы микро-дер үшін әртүрлі болады. олар 3 топқа бөлінеді:

1) нейтрофильдер-ортаның бетарап жағдайында өседі, минималды рН - 4, оптималды рН-6,8-7,3, максималды рН-9 одан төмен. бқл топқа көбінесе бак-р жатады.

2) Адцидофильдер-қышқылдық ортада өседі, оптималды рН-4 немесе одан төмен. Бұларға сірке қышқылы бак-лар жатады.

3) Алкалофильдер-сіотілік ортаны қажет етеді. оптималды рН-9 немесе одан да жоғары. бұларға ішек таяқша бак-р тобынан және тырысқақ ауруының вибрионы жатады.

Жалпы бак-р үшін оптималды рН 6,8-7,3 -ке дейін. ал көбінесе зең саңырауқұлақтар мен ашытқылар үшін әлсіз қышқ.оптималды рН 5-6 дейін.

биол-қ факторлар табиғатта микробтар басқа орг-мен бірге бір тұтас экол-қ ортада тіршілік етеді. Әр түрлі микроб-ң арасында келесі қатынастар болады: симбиоз, мутуализм, метабиоз, паразитизм, комменсализм, антогонизм.

Симбиоз-бір тіршілік ортада орг-ң бір немесе бірнеше түрлері бір-біріне зиян асамай тіршілік етеді.

Мутуализм - симбиоздың бір көрінісі. Бұл жерде орг-м бірлесіп тіршілік еткенде, бір-біріне көмектеседі.

Метабиоз-микро-р тіршілік барысында бір-бірінің өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасауы.

Комменсализм-микробтар тіршілік еткенде бір-біріне қажеттілігі де, зияндылығы да болмайды.

Антагонизм немесе антибиоз-бір микроб екінші микроб бар жерде тіршілік ете алмауы. Бұл құбылысты 1877ж Пастер ашқан болатын. Антогонизм құбылысына антибиотиктер ашылуы негіз болған. Антагонизм 3 құбылысы бар:

1)бактериостатикалық-бак-ды құрытпайды, тек өсіп көбеюін тежейді.

2) Бактериоцидтік олар мик-ды құрытатындар

3) бактериолитикалық-мик-ды құртып және ерітіп жіберетіндер.

Паразитизм - 2 микробтың арасындағы қарым-қатынаста пайда көретін тек біреуі, ал екіншісіне зиян келеді немесе құртып жібереді


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!