Стероидты гормондардың әсер ету механизмі.



Стероидты гормондар -кортикостероидтар,андрогендер және эстрогендер арнайы белоктармен,негізінде арнайы глобулиндермен,тағы басқа белоктармен қанда тасымалданады.

Стероидты гормондардың рецепторлары клетка ішінде-цитоплазмада орналасқан. Нысана-клеткамен кездескен кезде өзінің май еріткіштігіне және шағын мөлшеріне (М 300 шамасындай) сәйкес стероидты гормондар цитоплазма мембранасы арқылы өтіп кетеді. Клетка ішіне енгеннен кейін стероидтар арнаулы рецепторлармен (М 40000-100 000 белоктар) байланысады.Осылайша құралған гормон-рецептор жиынтығы әрі қарай ядроға өтеді.Ядроға енген гормон-рецептор жиынтығы хроматиннің арнайы бөлігімен (сірә,гистон емес табиғаты бар қышқыл белоктармен) байланысады және белгілі бір гендер транскрипциясының жылдамдығын өзгертеді. Транскрипцияны қолдау мРНҚ молекуласының көбеюіне себеп болады да,ондай молекулалар ядродан цитоплазмаға шығады. Мұнда арнайы белоктар (ферменттер) синтезі күшейеді. Мұндай стероидты гормондардың көмегімен іске асатын процесс индукция дейді.

Кортикостероидтар әсерінің механизмі. Кортикостероидтар нысана-клеткаларға енеді де, арнайы рецепторлармен қосылады. Рецепторлармен бірге клетка ядросына енеді де, сол жерде генді айқындап реттейді және транскрипцияны жеделдетеді.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!