Тірі организмдегі углеводтар



Углеводтар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді.Углеводтар –барлық тірі организмде негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі.Ал көміртегі дегеніміз-бүкіл тіршіліктің негізгі элементі.

Сімдік гормондары

Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге қатысады.Түрлі зерттеулерде триптофанның өзгерістерге ұшырауы барысында өсімдіктер ағзасында никотин қышқылы түзілуі мүмкін.Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына айналуы жануарлар ағзасында дәлелденген.Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан басқа физиологиялық белсенді заттардың қажеттілігі өсімдіктен бөлініп алынған тамыр ұшын қолдан дайындалған, стерилденген қоректік қоспада өсіру нәтижесінде анықталды.

Гормоноидтар

Тестостерон мен андростерон еркек ағзаның нағыз жыныс гормондары Бұлар ұрық безінің жасушаларында ал шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында және аналық безінде түзіліп шығады Бұл екеуінің мейлінше активтісі тестостерон ал андростеронның активтілігі одан 10 есе кем

Андроген еркектердің жыныс гормондары Химиялық табиғаты жағынан бойынша стероидтық гормондар тобына жатады және холестеролдан түзіледі Андрогендердің туындыларына андростерон дегидроандростерон және тестостеронның жасанды түрі-метилтестестерон жатады Осы гормондардың тигізетін әсерінен еркектің ағзасына тән бірқатар белгілер –қосалқы жыныстық беогілер қалыптасады Себебі андрогендер белоктар синтезіне әсіресе бұлшық ет ұлпаларындағы белок түзілуіне дем береді жас жануарлардың сүйек қанқасының өсуін дамытады

Аналық жыныс бездері-эстроген атты гормон бөледі Эстрогендердің туындылары эстрон және эстриол Бұл гормондар қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады Прогестрон-төртінші жыныс гормоны

Гормоноидтар-әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың түзіледі Әсері өте қысқа мерзім ішінде өтеді Гормондардың гормоноидтардан айырмашылығы:гормондар тек белгілі бір мүшеде түзіледі,гормоноидтар әртүрлі ағзалар мен мүшелерде түзіледі.Гормоноидтар өкілдері:гастрин,секретин,нейрогормон,гистамин,ацетилхолин,серотонин т.б

Зат алмасуы заттар мен энергияның ағзада өзгерінің заңды тәртібі болып келеді.Белоктар мен майлардың алмасуының үдемелілігі көмірсулардың алмасуымен қамтамасыз етіледі және керісінше.Азықта майлар жетіспегенде олардың ағзаға деген қажеттілігін өтеу үшін белоктар мен көмірсулардың ыдырауы күшейе түседі және т.т.Сөйтіп ағза біртұтастықты қызмет етеді.

Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі ішкі секреция бездері арқылы реттеледі Реттелу феременттерімен гормондармен цАМФ-пен және биохимиялық реакциялардың жалпы өңімдерімен іске асырылады Әрбір ферменттік реакция белгілі бір метаболизм жолдарын құрса ал зат алмасуы сол барлық метаболизм жолдарының жиынтығы болып табылады Көптеген метаболиттік жолдардың жиынтығы болып табылады Көптеген метаболиттік жолдардың қиылысында тұрған торапты метаболитке пирожүзім қышқылы жатады Кей жағдайда күрделі заттардың ыдырауы осымен аяқталса ал екіншісінде одан түзілуі басталады Әртүрлі алмасулардың өзара байланыстары Кребс циклінің реакциялары арқылы іске асады


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 19; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!