Липидтер классификациясы



 

Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлеміз:

1. Қарапайым липидтер

2. Күрделі липидтер

3. Стероидтар

Қарапайым липидтер триацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылы молекуласынан құралған күрделі эфир.


Май қышқылдары дегеніміз – карбон қышқылдары. Майлардың құрамына әр түрлі май қышқылдары кіреді. Жалпы формуласы: СпН2п+1СООН

1.Қаныққан май қышқылдары: Пальмитин17Н31СООН). Стеарин17Н35СООН). Арахин19Н39СООН).

2.Моноқанықпаған май қышқылдары(бір қос байланыс): Олеин17Н33СООН). Кротон3Н5СООН). Пальмитоолеин15Н29СООН).

3.Полиқанықпаған май қышқылдары(екі не одан да көп қос байланыс): Линоль17Н31СООН) – 2 қос байланыс.

Линолен17Н29СООН) – 3 қос байланыс.

Арахидон19Н31СООН) – 4 қос байл.

Клупанодон21Н33СООН) – 5 қос байл.

Күрделі липидтер екі топқа бөлінеді: фосфолипидтер(фосфоглицеридтер) және сфинголипидтер. Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге байланысты мынадай топтарға жіктеледі: фосфатидилхолин(құрамында холин бар) НОСН2-СН2-N+=(СН3)3 – холин, фосфатидилэтаноламин(құрамында этаноламин) НОСН2-СН2-NН3 – этаноламин,фосфатидилсерин(құрамында серин).

Ең маңызды рөлі белоктармен бірге клетка мембранасын құрайды, соның негізгі құрылымдық компоненті болып табылады.Клетка мембранасының липидтік компонентінің 90%-і фосфолипидтерден тұрады.

Стероидтар биологиялық активті қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклды спирт пергидроциклопентанофенантрен құрайды.


Биологиялық қасиеттер жағынан назар аударатындары стероидты спирттер, олар стероллдар д.а. Әсіресе маңыздылары холестерол.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 19; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!