Тыныс алу тізбегіндегі АТФ-синтетаза ролі.



Тотыға фосфорлану дегеніміз тыныстану тізбегінде электрондарды НАД Н пен ФАД Н2 ден млекулалық оттегіне ауыстырып алмастыру кезінде АТФ түзілу процесі.АТФ қосылысы АДФ мен бейорганикалық фосфаттан АТФсинтаза көмегімен түзіледі.

АДФ + Н3РО4 ---------АТФ синтаза--- АТФ + Н2О

АТФ синтетаза митохондрияның ішкі мембранасында орын алған.Ол екі үлкен қосарланған факторлар деп аталатын ҒоҒ1 белоктық бөлшектерден құралған.ҒоҒ1 комплекстің молекулалық массасы 450000 – 500000.

Тек қана ҒоҒ1 комплексте АТФ синтездейтін функция бар.Бұл комплексті кей уақытта протонды АТФ аза деп атайды.Ол АТФ ты гидролиздегенде бөлініп шығатын энергия протонды насос арқылы Н концентрация градиентіне қарсы қуалайды. ҒоҒ1 комплекстің негізгі қызметі мембраналық протондық градиент энергиясын пайдаланып, АДФ пен фосфаттан АДФты синтездеу.Сондықтан ҒоҒ1 комплексті АТФ синтетаза деп атайды.

 

41.Фотосинтез.Фотосинтетикалық аппарат.Хлорофилл, каратиноидтар.Дегидрогеназдар.

С3-цикл фотосинтездің негізгі жолы, бірақ ол СО2 тотықсыздануының жалғыз жолы емес. Австралия ғалымдары М.Д.Хетч және К.Р.Слэк 1967 жылы жүгеріде, қант қызылшасында, құиай және басқа тропиктік өсімдіктерде қараңғы сатысының 1 өнімі ФГҚ емес, оксалоацетаттың болатынын және хлоропластың граналы емес, аграналы болатынын анықтаған. Аграналы хлоропластар мезофилл бөлімде емес, өткізгіш шоқтардың сыртын қоршап тұратын паренхималық клеткаларда болады. Ол клеткаларды қоршау клеткалары деп атайды. Фотосинтездің С4 –жолы деп аталуының себебі, 4 молекулалы көміртегінен тұратын 1 өнім оксалоацетатты түзеді. Бұл циклде СО2–ң 1–ші акцепторы болып ФЕП есептеледі. Карбоксильдену нәтижесінде ФЕП оксалоацетатты және ортофосфатты түзеді: ФЕП + СО2 + Н20 → оксалоацетат + Фн Бұл реакцияны ФЕП-карбоксилаза катализдейді. Ол фермент цитозольде немесе хлоропластың сыртқы мембранасында болады. Оксалоацетат аграгалы хлоропласта түзіледі. Оксалоацетат хлоропластқа түсіп, НАДФН қатысуымен малатқа дейін тотықсызданады. оксалоацетат + НАДФН +Н+ → малат + НАДФ + Реакцияны НАДФ + - тәуелді малатдегидрогеназа катализдейді, ол хлоропласттың мезофилл бөлімінде болады. Кейбір өсімдіктерде оксалоацетат малатқа емес, аспартатқа айналады, аспартатаминотрансфераза ферментінің көмегімен. Оксалоацетат+ NН3 + НАДФН → аспартат+Н20 Малат немесе аспартат мезофилл бөлімінен қоршау клеткаларындағы хлоропластқа барады. Қайсы қышқылдың тасымалдануына қарай (малат,аспартат) өсімдіктерді малаттық және аспартаттық деп бөледі. Бұл қышқылдар қоршау клеткаларында декарбоксильденеді. Декарбоксильдену әртүрлі өсімдіктерде әртүрлі ферменттердің көмегімен өтеді. НАДФ+-тәуелді малатдегидрогеназа (НАДФ+-МДГ); НАД+-тәуелді малатдегидрогеназа (НАД+-МДГ), оны малик-энзим атайды. ФЕП-карбоксилаза. Осы ферменттерге қарай өсімдіктерді 3 типке бөледі: 1. (НАДФ+-МДГ) – өсімдіктер 2. (НАД+-МДГ) – өсімдіктер 3. ФЕП-КК-өсімдіктер; Малаттық типтегі өсімдіктерде қоршау клеткаларының аграналы хлоропластарында НАДФ+-МДГ болады және Мg мен Mn көмегімен малаттық тотығудың декарбоксильденуі жүреді: малат +НАДФ+ → пируват +СО2 + НАДФН + Н + Түзілген СО2 РуБФ-ң карбоксильденуіне жұмсалады (екінші карбоксильдену), яғни С3 циклге қосылады. Пируват мезофилл бөлімінде болады. Ол АТФ есебінен фосфорланып,
ПЖҚ айналады және циклмен тұйықталады. ПЖҚ +АТФ + Фн → ФЕП + АМФ + ФФн

Бұл реакцияны граналы хлоропласта болатын пируватортофосфаткиназа және аденилаткиназа катализдейд Бұл өсімдіктердің өкілдеріне: жүгері, қант қызылшасы, құмай, қызыл құмай тары. С4 – цикл келесі ерекшеліктерге ие: 1-ші өнім – оксалоацетаттан малат немесе аспартат түзіледі.

Цикл 2 кеңістікке бөлінген: цикл мезофилл клеткасында басталады және аяқталады, ал қоршау клеткаларында декарбоксильденеді.

С3 және С4 циклдер бұл өсімдіктерде бірге жүреді.

Циклдің бірлесіп жұмыс істеуін кооперативтік фотосинтез деп атайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 16; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!