Транспортты липопротеидтер құрылысы мен қасиеттері. Хм, тӨтлп, ТТЛП, тжлп



Тасымалдаушы липидтер-белоктық комплекстің құрамында болатын экстрацелюлярлық сұйықтық (қан,лимфа) арқылы бір-органнан екінші органга жеткізу қызметін атқарады. Оларды жиі Транспорттық липопротейндер (ЛП) деп атайды.Барлық транспорттық липопротейндер құрамы гидрофобтық мицела тәрізді құралған және олар гидраттық қабықшаны құрайтын дифильдік молекуларадан құралған фосфолипидтерден,гликолипидтерден триацилглицериндардан,холестеридтардан құралған гидрофобтық ядродан тұрады.

• Транспорттық липопротеиндердің типтері::

• - хиломикрондар(ХМ),

• - жоғарғы тығыздықты липопротеиндар (ЖТЛП),

• - өте төмен тығыздықтағы (ӨТТЛП),

• - төменгі тығыздықтағы липопротеиндар (ТТЛП).

1.Хиломикрондар (ХМ) ішек қабырғасында түзіледі,басқа липопротеиндардан айырмашылығы құрамында өте жоғары дәрежеде триацилглицериндер (85-90%), өте төмен дәрежеде холестериндер мен фосфолипидте және белоктардың (0,5-2,0%) болуы.

Қан құрамындағы хиломикрондар 0,5г/л- 2,0г/л көлемінен аспайды.

2.ТТЛП или b- липопротеиндар-қанда ӨТТЛП дан тұзіледі,және барлық организімдегі ондағы жасушалардағы,бауырдағы холестериннің негізгі формасы болып табылады сонымен қатар,жасуша қабықшасында арнайы ТТЛП арналған рецепторлар болады,ол жерде холестерин жасуша мембранасы құрылуына пайдаланылады.

Әсіресе b-липопротеидтар тамыр қабығына холестериндерді тасымалап тез енеді.

ТТЛП құрамындағы холестерин мөлшері 35-40 %, фосфолипидтер 21-25% және ақуыз 25% тұрады.

ТТЛП дені сау адамның қанындағы концентрациясы 3,0-4,5 г/л.

3. ӨТТЛП немесе пре-b-липопротеиндер, бауырда түзіледі кей жағдайда аш ішектің эпителиальдық жасушасында түзілуі мүмкін.

ӨТТЛП хиломикрондар тәрізді өте жоғарғы дәрежедегі триацилглицериндерге (64-80%).

ӨТТЛП эндогендік триацилглицериндерді синтездейтін маңызды транспорттық форма.

4. ЖТЛПнемесе a-липопротеиндер,гепатоциттерде қалыптасып,жоғарғы дәрежедегі фосфолипидтер (25-27%), холестеридтер (17-20 %) ақуыздармен (45-49%)сипатталады,және фосфолипидтерді бауырдан жасушаға тасымалдаушы негізгі транспорттық құрылымы

Осы себепті ЖТЛПхолестериннің кері транспорттық тасымалын қамтамасыз етеді,яғни тін қабатынан бауырға тасымалданады,және фосфолипидтердің тінге тасымалдануын жүзеге асырады.

Түзілген холестерин ЖТЛПның ядролық бөлігіне жеңіл еніп,оны одан әрі тығыздап, ЖТЛП сыртқы қабығын холестериннен босатады.

Қандағы альфа-липопротеиндер концентрациясы ер адамдарда 1,25-4,25 г /л, әйел адамдарда 2,5-6,5 г/ л құрайды.

 

49. Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.Дәрумен (лат. vіta – өмір), 1880ж. орыс дәрігері Николай Лунин ашты. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады.

Классификациясы

50. Суда еритін витаминдер:

Суда еритін витаминдер, дененің барлық суы бар жерінде орналасды, яғни қанда. Суда еритін витаминдер, қолданылмаса, онда олар денеден шығарылып тасталады.

витамин В1 (тиамин)- Қарт адамдар мен жүкті әйелдерде тиаминге деген қажеттілік артады. В1 қайнар көзі: Астық тұқымдастарында, жаңғақ, бұршақ тұқымдастарында, итмұрын, картоп, бұзау, шошқа еті, жұмыртқа, сүтте. Қызметі: Нерв жүйесіне жауап береді, бұлш.еттің жақсы жұмыс істеуі, бауырдың істеуі, иммунитет күшейтеді. Жетіспеушілігі: бас ауруы, ұйқыысыздық, нерв жүйесі, жүрек ауруы, есте сақтау нашарлайды.

Витамин В2 (рибофлавин)- суда жақсы ериді, қышқылдық ортаға төзімді, ультракүлгін сәуленің астында тез ериді. В2 қайнар көзі: Бауыр, ашытқы, итмұрын, жұмыртқа, сүт, өрік, қызанақ, қырық қабат. Қызметі: Жасушалардың өсуі, қалпына келуі. Язва, көптен бері қалпына келмеген жаралар мен сәулелік ауралар кезінде, ішек жұмысы бұзылған жағдайда рибофлавин ішуге кеңес береді. Жетіспеушілігі: Шырышты қабық ісуіне, тері күю, көз ауруы, көз жасының шығуы, дерматитке алып келеді. Ішек қарын жолының созыуы.

Витамин С (аскорбин қышқылы)- адам организміне түскеннен кейін 8-14 сағат сақталады. Қайнар көзі: цитрус, қауын, түрлі түсті қырыққабат, қызанақ, алма, шабдалы, өрік, итмұрын, бүйрек, суда пісірілген картоп. Қызметі: Тіс саулығы, жаралардың қалпына келуі, сүйек қалыптасуы, иммунитет жоғарлайды, ОРВИ, ОРЗИ ауруларының п.б. қауіпін төмендетеді. Жетіспесе: иммунитет төмендеуі, цинга ауруы.

Витамин Н (биотин)- Жоғ. температура мен сілтілі ортада еритін ақ кристалданған зат. Қайнар көзі: Жаңғақ, пісірілген жұмыртқа, соя, ірі қара мал бүйрегі, ашытқы, сүт, саңырауқұлақ, жемістерде. Қызметі: Қандағы қант мөлшері тұрақтандырады. В7 құрамында күкірт бар, ол тырнақ, шаш, теріге жауап береді. Ішек синтезіне қатысады. Жетіспеушілігі: Қандағы қант, хлестерин молшері көбееді, анемия п.б., депрессия, шаш түсуі, жүрек айнуы, терінің өте құрғақ болуы.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!