Липидтердің қорытылуы.



Майлардың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық жіктеліп қорытылып бітпейді. Майлардың негізгі қорытылуы он екі елі ішекте өтеді, оған әсер етуші ұйқы безінің липаза ферменті. Липидтердің қорытылуында және олардың гидролизі өнімдерінің сіңуінде өт қышқылдары маңызды роль атқарады.

Өт қышқылдары. Төрт түрлі өт қышқылы белгілі: холь қышқылы, хенодезоксихол қышқылы, дезоксихол қышқылы, хенодезоксихол қышқылы, литохол қышқылы.

Қызметі: липидтердің эмульсияға айналуын және еруін дамыту. Сөйтіп липаза ферментінің әсерін жеңілдету.

 


Өттің өт қышқылы тауринмен (Н2N-СН2-SО2-ОН)немесе гликоколоммен (Н2N-СН2-СООН) байланысып жұптық комплекс түзеді.

Жұптық өт қышқылдары(гликохолилық, таурохолилық, гликодезоксихолилық, тауродезоксихолилық т.б) амфифильдің қасиеттерге ие,олар жеңіл активті заттар сондықтан майдың эмулденуі жүреді.


Триацилглицеролдардың қорытылуы.

Ұйқы безінің липаза ферменті триацилглицеролдар құрамындағы негізінен 1 және 3 жағдайдағы май қышқылдарын босатады да, 2-моноацилглицерол түзеді. 2-моноацилглицеролдар гидролизін ұйқы безінің басқа ферменті - эфирлік гидролаза катализдейді.

 

 

45. Май қышқылдарының бета-тотығуы:

Май қышқылдарынын тотығуы митохондрияда жүреді,ол үш кезеннен тұрады.Бірінші кезенде активтенген май қышқылы ацил-КоА β-тотығуға түсіп,молекуласынан екі көміртек атомы бар ацетил-КоА-лар бөлініп шығады.Екінші кезенде түзілген ацетил-КоА молекулалары лимон қышқылы циклымен тотығып,электрондар НАДН,ФАДН2 және СО2 ыдырайды.Үшінші кезенде электрондар НАДН,ФАДН2 тыныстану тізбегіне кіреді де,тотыға фосфорлану процесінде электрондардың энергиясы АТФ молекуласында шоғырланады.Енді май қышқылдарының β-тотығу механизмін қарайық.1904ж. Ф.Кнооп мынадай жағдайды анықтайды:май қышқылдары бірден көміртегінің екі атомын бөліп шығару жолымен тотығады.Нәтижесінде бастапқы қышқыл тиісінше көміртегінің екі атомына қысқарады екен.Кнооп бұл процесті β-тотығу деп атады.Өйткені әр жолы май қышқылдарының β-көміртегі атомы тотығады екен.Қазір Кнооп теориясының дұрыс екендігі анықталды.Бос май қышқылы тотықпайды.Оның активті түрі—ацил-КоА тотығады.Ацил-КоА-ның β-тотығу процесі кезектесіп іске асатын төрт реакциядан тұрады:

1)Ацил-КоА дегидрогенденуі.Ацил-КоА транс-қанықпаған туындыларының түзілуі.Бұл реакцияны ацил-КоА-дегидрогеназа ферменті катализднейді.Оның коферменті ФАД.

2)Қос байланыс бойынша транс-қанықпаған ацил-КоА гидраттанып, β-гидроксиацил-КоА L-стереоизомері түзіледі.Бұл реакция катализіне еноил-КоА—гидратаза ферменті қатысады.

3) β-гидроксиацил-КоА дегидрогенденуі, β-кетоацил-КоА түзілуі.Бұл реакцияны β-гидроксил-КоА-дегидрогеназа ферменті катализдейді,оның коферменті НАД+.

4) β-кетоацил-А-коферментінің ыдырауы,оған тиолаза ферментінің бос молекуласының қатысуы.Бұл реакция кезінде β-кетоацил-КоА ацетил-КоА және ацил-КоА-ға бөлінеді.Бастапқы активтенген май қышқылы молекуласымен салыстырғанда,пайда болған ацил-КоА молекуласында көміртегінің екі атомы кем.

Май қышқылдарының β-тотығуы айналымында осы төртінші реакция сонғы деп саналады.Бұдан әрі қарай қысқарған ацил-КоА-да баяндалғандай жолмен β-тотығудың жана айналымына кіріседі.

 

Кейін екі көміртек атомына қысқарған ацил-КоА молекуласының тотығуы жүреді:

Бета-тотығу процесінің биоэнергетикасы:

• Амин қышқылдары тотығуының биоэнергетикасы бета-тотығу циклында туындаған молекулалар мен әр циклда синтезделетін АТФ молекуласына тең:

• (Сn/2 -1) 5 = Х (АТФ)

• Мысалы, стеарин қышқылының бет-тотығу (Cn=18) кезінде АТФ: (18/2-1)5= 40 АТФ тең.

• Бета-тотыққандағы энергия + Кребс цикліндегі барлық ацетил-КоА молекуласының тотыққандағы энергиясы = амин қышқылдарының су мен CO2 толығымен ыдырағандағы энергия шығымына тең:

• (Сn/2-1)5 + (Cn/2) 12 = Х АТФ

• Мысалы, стеарин қышқылының толығымен тотығуы

• (18/2-1) 5 + (18/2)12= 40+108 = 148 АТФ.

46. Май қышқылдарының биосинтезі:

Май қышқылдары липидтердің негізгі құрылым бірлігі.Сондықтан липидтер анаболизмін май қышқылдары синтезінен бастаймыз.Май қышқылдарыныің синтезіне қатысатын ферменттер клетканың үш бөлігінде-цитозольда,эндоплазмалық ретикулумде және митохондрияларда жинақталады,өздері де сол жерде түзіледі.Молекула тізбегінің ұзындығы С-16 дейін баратын қаныққан май қышқылдарының (пальмитин қышқылы) синтезі цитозольда іске асады.Молекуладағы көміртегі атомдарының бұдан әрі қарай ұзаруы митохондрияда өтеді,ал ретикулумде қаныққан қышқылдар қанықпаған қышқылдарға айналады.Қаныққан май қышқылдары барлық тірі организмде синтезделеді.Сүтқоректі жануарларда ондай синтездер негізінен май ұлпаларында,бауырда және желінде жүзеге асады.

Барлық қаныққан және моноқанықпаған май қышқылдарының алғы заты ацетил-А-коферменті.Ацетил-А-коферменті жасалатын материал қызметін көмірсулар,амин қышқылдары және май қышқылдарының өздерінің ыдырау өнімдері жатады.Май қышұылының синтезі ацетил-А-коферментінен басқа АТФ,НАДФН,биокарбонат,Мn2+ болу керек.

Май қышқылдары синтезін реакция кезендері бойынша біртіндеп ретімен қарастырайық:

Синтездің қайнар көзі ретінде ацетил-КоАдан түзілетін малонил-КоА болып табылады.

• Ацетил-КоА амин қышқылдары бета-тотығуы кезінде түзіледі. Амин қышқылдары синтезі үшін митохондрийлерден тасымалданады.

• Ацетил-КоАның митохондирийден цитозольге жеткізілуі карнитинді челнок арқылы немесе цитрат көмегімен іске асады.

• Митохондрияларда ацетил-КоА және қымыздық-сірке қышқылынан цитрат синтезделеді. Цитрат митохондриялық мембрананың арнайы транслоказасы көмегімен цитозольге жеткізіледі.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!