Е) Жедел обструктивті бронхит 3 страница



A) Жедел респираторлы инфекция

B) Жедел бронхит

C) Обструктивті бронхит

D) Жедел бронхиолит

E) Жедел пневмония

{Дұрыс жауабы}=D

$$$120

Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз:

A) Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым

B) Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым

C) Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым

D) Жүре пайда болған кардит, жедел ағым

E) Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

{Дұрыс жауабы}=D

$$$121

Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы:

A) Созылмалы кардит

B) Жүректің тума ақауы

C) Жүректің жүре болған ақауы

D) Эйзенменгер синдромы

E) Ревматизм

{Дұрыс жауабы}=C

$$$122

13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз:

A) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит

B) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз

C) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз

D) Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз

E) Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

{Дұрыс жауабы}=C

$$$123

12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз:

A) Перфорация

B) Малигнизация

C) Қан ағу

D) Өтімсіздік

E) Ұйқы безіне пенетрация

{Дұрыс жауабы}=C

$$$124

Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз:

A) Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ

B) Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ

C) Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

D) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең

E) Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

{Дұрыс жауабы}=C

$$$125

13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз:

A) Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік

B) Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік

C) Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік

D) Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік  

E) Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік

{Дұрыс жауабы}=C

$$$126

Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз:

A) Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

B) Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы 

C) Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

D) Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

E) Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$127

10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз:

A) Қант диабеті

B) Қантты емес диабет

C) Нейрогенді полидипсия

D) Екіншілікті пиелонефрит

E) Гипоталамусты синдром

{Дұрыс жауабы}=B

$$$128

37 жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге қызба, бас ауруы, ұстама тәрізді ауырсынумен, күйдірумен жүретін аяқтардың артқы беткейі бойынша берілетін, сол жақ жамбас аймағындағы бөртпелерге шағымданып келді. Объективті: сол жақ жамбастың артқы беткейінің терісінде қызарған ісікті фонда қатайған қақпақшасы мен мөлдір құрамды, көлемі 1-2 см дейінгі топталған қуысты элементтер орналасқан. Диагноздыкөрсетіңіз:

F) Белдемелітеміреткі, типтіктүрі

G) Белдемелітеміреткі, абортивтітүрі

H) Белдемелітеміреткі, жайылмалытүр

I) Белдемелітеміреткі, буллездітүрі

J) Белдемелітеміреткі, гангреноздытүрі

{Дұрыс жауабы}=D

$$$129

Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:

F) Микробты экзема

G) Себореялы экзема

H) Балалық экзема

I) Шынайы экзема

J) Кәсіби экзема

{Дұрыс жауабы}=D

$$$130

29 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:

A) Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

B) Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

C) Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

D) Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

{Дұрыс жауабы}=C

$$$131

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

A) БК-ға қақырық талдауы

B) Фтизиатрға жіберу

C) Антибактериалды ем жүргізу

D) Туберкулезге қарсы ем тағайындау

E) Пульмонология бөліміне жіберу

{Дұрыс жауабы}=A

$$$132

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз:

F) Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

G) Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру

H) Аналгетик тағайындап үйге қайтару

I) Жалпы қан талдауын жасау

J) Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

{Дұрыс жауабы}=E

$$$133

63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем тағайыңдайсыз:

F) Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

G) Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

H) М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

I) Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

J) Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$134

26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек:

A) Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет

B) Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет

C) Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн

D) Шұғыл хирургиялық араласу

E) Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}=A

$$$135

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

F) Жасырын қанға нәжісті тексеру

G) Баримен контрастты рентгеноскопия

H) Фиброгастродуоденоскопия

I) Ультрадыбысты зерттеу

J) Радионуклидті зерттеу    

{Дұрыс жауабы}=C

$$$136

Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1005, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек:

A) Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

B) Тамыр ішілік урография

C) Шолу урографиясы

D) Цистография

E) Компьютерлік томография

{Дұрыс жауабы}=A

$$$137

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

A) Ауырған буынның пункциясы

B) Қанның жалпы зерттеуі

C) Қанды зәр қышқылына тексеру

D) Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

E) Зақымдалған буынның УДЗ

{Дұрыс жауабы}=C

$$$138

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:

A) В12 витаминкүнаралта 200 мкг б/е

B) Преднизолон 20 мг/тәулігіне

C) Темір сульфаты 150 мг/тәул

D) Фолийқышқылы 5 мг/тәул

E) Е витамины

{Дұрыс жауабы}=C

$$$139

33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді:

F) ЭКГ

G) Қанды бактериологиялық себу

H) Көкірек аралық мүшелердің КТ

I) Т3 және Т4 деңгейін анықтау

J) АҚҚ тәуліктік мониторлеу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$140

Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

A) Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

B) Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

C) Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 83; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!