С) ТЖА (ВПС). Эндокард фиброэластоз ы. 5 страница



Дұрыс жауабы}=В

$$$186

28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус.

Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар.

Сіздің диагнозыңыз?

A. Кардиомиопатия

B. Миокардит

C. Ревматикалық ауру

D. Перикардит

E. НЦД

Дұрыс жауабы}=В

$$$187

 65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда  тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет?

A. тұрақсыз стенокардия

B. миокардтың инфаркті

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. аорта аневризмасы

E.  нейроциркуляторлы дистония

Дұрыс жауабы}=В

$$$188

Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән?

A. ЖРВИ

B. жедел бронхит

C. жедел обструктивті бронхит

D. жедел пневмония

E. Эпиглоттит

Дұрыс жауабы}=С

$$$189

10-айлық баладағы салмақтың жетіспеушілігі, тұрақты жөтел. Анамнезінде: рентгенограммада 2 жағдайда пневмония дәлелденген. Ас қорыту жүйесінде тұрақты іш қату. Осы клиникалық жағдайдағы сіздің болжамды диагнозыныз?

A. Гиршпрунг ауруы

B. Муковисцидоз

C. бронхөкпелік даму ақауы

D. Функциональді іш қату

E. Туа біткен иммунодефицит

Дұрыс жауабы}=В

$$$190

Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай?

A. аорта коарктациясы

B. вегето-тамырлы дистония

C.феохромоцитома
D. ашық артериальды өзек

E. аорта өзегінің стенозы

Дұрыс жауабы}=А

$$$191

Бала 10 жаста, ауырғанына 3-ші күн, шағымы: іш ауруына, сол тізе және оң шынтақ буындарында ауырсыну және қимыл тежелуіне. 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Аурудың 1-ші күні қызуы 38,5 С, тобық буыны зақымдалған. Жүректің тұйық шектері кеңейген, тахикардия 120 рет. 1 мин, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систоликалық шум. Көрсетілген клиникалық жағдай қандай диагнозге сәйкес келеді?

A. ревматизм

B. жүйелі қызыл жиегі

C. ювенильды ревматоидты артрит

D. Рейтер ауруы

E. реактивты артрит

Дұрыс жауабы}=А

$$$192

39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: тұлғаның, жамбастың алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Термиялық күйік, II дәрежелі, күйіктік шок

В) Термиялық күйік, III дәрежелі

С) Термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок

D) Термиялық күйік, IV дәрежелі

Е) Термиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шок

Дұрыс жауабы}= С

$$$193

Науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара:

А) Электрлі дефибрилляция

В) Вена ішіне  лидокаин

С) Вена ішіне  атропин

D) Жүректің жабық массажы

Е) Вена ішіне амиодарон

Дұрыс жауабы}= А

$$$194

 Науқас 2,5 ай бойы сирақтың т/3 бөлігінің сынығымен емделді. Бақылаулы рентгендік тексеруде сынықтың толық емес бітімі көрінеді. Дәрігер емдеуді жалғастырды. Уақытша еңбекке жарамсыздығы парағында қанша мерзімге дейін болады?

А. 3 ай дейін

В. 6 ай дейін

С. 1жыл

Д. 5 ай дейін

Е. 4 айға дейін

Дұрыс жауабы}= Е

$$$195

Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 37 апта әйел жеткізілді. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілімен тексергенде оң жақта ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады. Диагноз қойыңыз:

А) ұрықтың ұзына бойы орналасуы, баспен келу, 1 позиция

В) ұрықтың көлденең орналасуы, 1 позиция

С) ұрықтың көлденең, 2 позиция

D) ұрықтың қиғаш орналасуы

Е) ұзына бойы орналасуы, жамбаспен келу

Дұрыс жауабы}= С

$$$196

Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамензінен : 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ.

Осы жаста қай екпені жүргізу керек?

A) Қызамық, қызылша, паротитке қарсы

B) Полиомиелитке қарсы

C) АКДС бірінші ревакцинациясын

D) вирусты гепатит  А қарсы

E) вирусты гепатит В қарсы

Дұрыс жауабы}= С

$$$197

17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн ?

A) Аралас тамақтандыруға көшіру

B) Қосымша тамақ енгізу

C) Ферментті препараттар тағайындау

D)Жасанды тамақтаандыруға көшіру

E) Емізу техникасының дұрыстығы

Дұрыс жауабы}=Е

$$$198

Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң.

А) 4 дан 6 апта.

B) 2 дан 4 апта.

C) 6 апта. жоғары

D) 1 дан 2 апта

E) 3 аптаға дейін

{Дұрыс жауап}= С

$$$199

Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады

A) экзоцитоз

B) спонгиоз

C) акантоз

D) гранулез

E) паракератоз

{Дұрыс жауап}= Е

$$$200

Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма?

A) болжамын

B) емін

C) диагностикасын

D) алдын-алу шараларын

E) себебін

{Дұрыс жауап}= В

$$$201

ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз.

A) ЖИА – мен науқастарда қан кетулердің жиілеуі

B) ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы

C) Жүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуы

D) ЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді.

E) Асқазан ауруларымен науқаста антиагрегант қолданғанда қосымша әсерлер болуы

{Дұрыс жауап}= В

$$$202

 Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған?

A. кардиологиялық амбулаторлық пациент

B. қабылдаудағы кардиолог дәрігер

C. туа біткен қос жармалы қақпашаның жетіспеушілігі фонында жүрек шамасыздығы бар жас науқас

D. еміне коррекция қажет пациент

E. ревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адам

{Дұрыс жауап}= С

$$$203

Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?

А. фуросемид

В. дигоксин

С. пенициллин

D. аспирин

Е. гентамицин

{Дұрыс жауап}= Е

$$$204

Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек?

А. бензил пенициллин

В. ампициллин

С. карбенициллин

D. метациклин

Е. оксациллин

{Дұрыс жауап}= Е

$$$205

25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.

Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.

Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.

Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.

Қандай ем қолдану қажет?

A. гликопептидтер

B. микотикалық дәрілер

C. макролидтер

D. фторхинолондар

E. цефалоспориндер

{Дұрыс жауабы}= В

$$$206

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. Дресслер синдромы

B. Аорта аневризмасы

C. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. Қайталанған миокардтың инфаркті

E. Инфарктан кейінгі стенокардия

Дұрыс жауабы}=А

$$$207

28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер9800.

Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды?

A. Ревмосынама

B. Антистрептолизин 

C. Ревмофактор

D. LE-клеткалар

E. Антинуклеарлы фактор

Дұрыс жауабы}=D

$$$208

68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.

Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.

Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады?

A. Амиодарон

B. Дигоксин

C. Верапамил

D. Магнезий сульфат

E. Этмозин

Дұрыс жауабы}=А

$$$209

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?

A. Кеуде клеткасының шолу R-графиясы

B. бүйректің УДЗ

C. бүйрек артерияларының УДЗГ 

D. Көз түбін қарау

E. Экскреторлық урография

Дұрыс жауабы}=С

$$$210

Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:

А) қарынша ішілік блокада

B) сол қарыншаның гипертрофиясы

C) сол жүрекшенің гипертрофиясы

D) оң қарыншаның гипертрофиясы

E) Гис будасысол тармағының блокадасы

Дұрыс жауабы}= D

$$$211

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?

А) Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

В) Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 66; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!