С) ТЖА (ВПС). Эндокард фиброэластоз ы. 3 страница



A) Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

B) Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы 

C) Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

D) Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

E) Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$127

10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз:

A) Қант диабеті

B) Қантты емес диабет

C) Нейрогенді полидипсия

D) Екіншілікті пиелонефрит

E) Гипоталамусты синдром

{Дұрыс жауабы}=B

$$$128

37 жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге қызба, бас ауруы, ұстама тәрізді ауырсынумен, күйдірумен жүретін аяқтардың артқы беткейі бойынша берілетін, сол жақ жамбас аймағындағы бөртпелерге шағымданып келді. Объективті: сол жақ жамбастың артқы беткейінің терісінде қызарған ісікті фонда қатайған қақпақшасы мен мөлдір құрамды, көлемі 1-2 см дейінгі топталған қуысты элементтер орналасқан. Диагноздыкөрсетіңіз:

A) Белдемелі теміреткі, типтік түрі

B) Белдемелі теміреткі, абортивті түрі

C) Белдемелі теміреткі, жайылмалы түр

D) Белдемелі теміреткі, буллезді түрі

E) Белдемелі теміреткі, гангренозды түрі

{Дұрыс жауабы}=D

$$$129

Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:

A) Микробты экзема

B) Себореялы экзема

C) Балалық экзема

D) Шынайы экзема

E) Кәсіби экзема

{Дұрыс жауабы}=D

$$$130

29 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:

A) Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

B) Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

C) Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

D) Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

{Дұрыс жауабы}=C

$$$131

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

A) БК-ға қақырық талдауы

B) Фтизиатрға жіберу

C) Антибактериалды ем жүргізу

D) Туберкулезге қарсы ем тағайындау

E) Пульмонология бөліміне жіберу

{Дұрыс жауабы}=A

$$$132

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз:

A) Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

B) Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру

C) Аналгетик тағайындап үйге қайтару

D) Жалпы қан талдауын жасау

E) Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

{Дұрыс жауабы}=E

$$$133

63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем тағайыңдайсыз:

A) Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

B) Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

C) М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

D) Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

E) Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$134

26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек:

A) Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет

B) Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет

C) Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн

D) Шұғыл хирургиялық араласу

E) Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}=A

$$$135

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

A) Жасырын қанға нәжісті тексеру

B) Баримен контрастты рентгеноскопия

C) Фиброгастродуоденоскопия

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Радионуклидті зерттеу    

{Дұрыс жауабы}=C

$$$136

Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1005, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек:

A) Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

B) Тамыр ішілік урография

C) Шолу урографиясы

D) Цистография

E) Компьютерлік томография

{Дұрыс жауабы}=A

$$$137

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

A) Ауырған буынның пункциясы

B) Қанның жалпы зерттеуі

C) Қанды зәр қышқылына тексеру

D) Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

E) Зақымдалған буынның УДЗ

{Дұрыс жауабы}=C

$$$138

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:

A) В12 витаминкүнаралта 200 мкг б/е

B) Преднизолон 20 мг/тәулігіне

C) Темір сульфаты 150 мг/тәул

D) Фолийқышқылы 5 мг/тәул

E) Е витамины

{Дұрыс жауабы}=C

$$$139

33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді:

A) ЭКГ

B) Қанды бактериологиялық себу

C) Көкірек аралық мүшелердің КТ

D) Т3 және Т4 деңгейін анықтау

E) АҚҚ тәуліктік мониторлеу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$140

Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

A) Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

B) Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

C) Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

D) Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

E) Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

{Дұрыс жауабы}=D

$$$141

Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі:

A) Cпирография

B) Өкпе рентгенографиясы

C) Бронхография

D) Бронхоскопия

E) Пикфлоуметрия

{Дұрыс жауабы}=A

$$$142

Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын-ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады:

A) Эхокардиография

B) Электрокардиография

C) Фонокардиография

D) Жүрек рентгенографиясы

E) Спирография

{Дұрыс жауабы}=A

$$$143

ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды:

A) Оксигенотерапия

B) Глюкокортикоидтар

C) Зәр айдаушы препараттар

D) Жүрек гликозидтері

E) В-адреноблокаторлар

{Дұрыс жауабы}=E

$$$144

Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі:

A) Элетрокардиография

B) Фиброгастродуоденоскапия

C) Сигмоидоскопия

D) Энцефалография

E) Клиникалық қан анализі

{Дұрыс жауабы}=B

$$$145

14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз:

A) Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы 

B) Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп

C) Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет

D) Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

E) Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп

{Дұрыс жауабы}=A

$$$146

Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз:

A) Лапароскопия

B) Ретроградты пиелография

C) Экскреторлы урография

D) Бүйрек УДЗ

E) Бүйрек ангиографиясы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$147

Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39°С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз:

A) Тізе буынының рентгені

B) Қандағы ВР

C) АСЛ-О, АСГ титрі

D) Райт-Хеддельсон реакциясы

E) Тізе буынының пункциясы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$148

Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз:


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 66; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!