Кларитромицин, креон, квамател



5. платифиллин, фестал

 

65. Әйел адам эпигастрий мен оң жақ қабырға астындағы ауырсынуларға, ішінің өтулеріне, метеоризмге шағымданады. Соңғы 5 жылда өт тасы ауруымен қадағалауда. Объективті:  оң жақ қабырға асты мен эпигастрийді, тоқ ішек бойын басқанда ауырсынады, іші құрылдайды. Копрограммада: креаторея, стеаторея, амилорея бар. Осы адамның қан анализінде қандай өзгерістер тосасыз?

1. креатининнің артуы

2. тура емес билирубиннің артуы

3. глюкозаның артуы

4. амилазаның артуы

5. оң нәтижелі тимол сынамасы

 

66. 49 жастағы әйел адам майлы ет пен тәтті тағамдардан соң эпигастрийде кенеттен қатты ауырсыну, тоқтаусыз құсулар пайда болған. Эпигастрийді басқанда аздап ауырсынады. Несептегі диастаза 1024 бірлікте. Тиімді емі қандай?

Платифиллин, Креон, Квамател

2. Фестал, Но-шпа, Омез

3. Морфий, Креон, Квамател

4. Платифиллин, Но-шпа, Квамател

5. Морфий, Фестал, Омез

 

67. 44 жасар ер адам оң жақ қабырға астында мен эпигастрийдегі ауырсынулар мен тоқтаусыз көп құсулар мазалайды. Науқас адам 3 күн бойы алкоголь ішкен. УДЗ: майлы гепатоз, ұйқы безі 35-23-20 мм, қырлары тегіс емес, құрылымы біркелкі емес, қатты тығыздалған. Осы адамның қан анализінде қандай өзгерістер тосасыз?

1. трансаминазалар мен билирубиннің артулары

2. сілтілі фосфатаза мен билирубиннің артулары

3. глюкозаның, үшглицеридтер мен липопротеидтердің артулары

4. амилаза мен сілтілі фосфатазаның артулары

5. креатинин мен жалпы белоктың артулары

 

68. Ер адам ішінің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға, ішінің кебуі мен шұрылдауына, тәулігіне 3-4 рет іш өтулеріне шағымданады. Копрограммада: стеаторея, амилорея бар. Осы адамдағы УДЗ қандай белгілерді тосасыз?

1. бауырдың ұлғаюы мен оның құрылымының біркелкі болмауы

2. өт қабы өлшемдерінің ұлғаюы мен қабырғаларының қалыңдауы

3. өт қабындағы тастар мен қабырғаларының қалыңдауы

4. ұйқы безі өлшемдерінің ұлғаюы мен құрылымының біркелкі болмауы

5. бауыр мен көкбауыр өлшемдерінің ұлғаюлары

 

69. Әйел адам эпигастрийдегі ауырсынуға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, өңінің аздап сарғаюына, жүрегінің айнуына, іш өтуі мен ішінің кебуіне шағымданады. Тілі жалқықпен көмкерілген. Эпигастрийі мен сол жақ қабырға астын басқанда ауырсынады. Осы адамның копрограммасында қандай өзгерістер тосасыз?

1. толық қорытылмаған өсімдік талшықтары мен нейтралды май көп мөлшерде

2. эритроциттер көп мөлшерде

3. көбік пен лейкоциттер көп мөлшерде

4. көбік пен эритроциттер көп мөлшерде

5. қорытылған өсімдік мен ет талшықтары көп мөлшерде

 

70. 63 жастағы ер адам қатты жүдегеніне, эпигастрий мен оң жақ қабырға астындағы үнемі ауырсынуларға, нәжісінің бұзылулары мен іш кебуіне шағымданады. Анамнезінде – сүлелі панкреатит. Өңі сарғайған. ҚЖА: анемия, ЭТЖ 54 мм/сағ. Түпкі диагнозын қоюға қай зерттеу көмектеседі?

1. іш ағзаларын ультрадыбыспен зерттеу

2. эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

3. іш қуысының шолулық R-графиясы

4. іш қуысының МРТ

5. іш қуысының КТ

 

71. Ер адам кіндіктен жоғары ауырсынуына, ішінің кебуіне, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Алкогольді көп ішеді. УДЗ: стеатогепатоз, ұйқы безінің құрылымы біркелкі емес. Осы адамнан биохимиялық қандай өзгерістер тосасыз?

Амилаза, щелочная фосфатаза, билирубин

2. трансаминазалар, билирубин, креатинин

3. трансаминазалар, креатинин, мочевина

4. сілтілі фосфатаза, трансаминазалар, мочевина

5. трансаминазлар, билирубин, креатинин

 

72. Ер адамды ішінің жоғарғы бөлігіндегі белдемелі сипаттағы қарқынды ауырсынулар, Шоффар мен Губергриц зоналарындағы ауырсынулар мазалайды. Осы симптомдар қайсысына тән:    

1. асқазанның жара ауруына         

2. сүлелі панкреатиттің ауырсынулық түріне     

3. сүлелі пиелонефрит пен бүйрек коликасы     

4. сүлелі панкреатиттің рецидив ті түріне   

5. сүлелі тассыз холециститке

73. 38 жастағы әйел адам анда-санда тамақты көп ішкенде немесе тоңғанда немесе жол жүргенде соққанда байқалатын және ношпа мен баралгин ішкенде басылатын бел аумағы мен ішінің сол жақ бөлігіндегі ауырсынуларға, жүрегінің айнуына шағымданады. Объективті: тілі ақ жалқықты, іші жұмсақ болса да сол жақ қабырға асты мен сол жақ қабырғалық-жоталық бұрышты (Мейо-Робсон симптомы) басқанда ауырсынады. Қай диагноз дұрысырақ?

1. асқазанның жара ауруы

2. сүлелі пиелонефрит        

3. несеп тасы ауруы, бүйректік колика    

4. сүлелі панкреатиттің ауырсынулық түрі

5. ұлтабардың жара ауруы 

 

74. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған пациентте диета бұзғанда болатын қабырға астындағы аурысынулар, жүрегінің айнуы мазалайды. Объективті: іші жұмсақ, ұйқы безі нүктесінде ауырсынады. ҚЖА: лейкоциттер - 9,8 мың, ЭТЖ - 22 мм/сағ, копрограммада – нейтралды май +++, өсімдік талшықтары ++. Қай диагноз дұрысырақ?         

1. сүлелі гепатит      

2. ұйқы безінің обыры        

3. сүлелі холангиттің өршуі

4. сүлелі панкреатиттің ауырсынулық түрі         

5. холецистэктомиядан кейінгі синдром, сүлелі панкреатит өршуі     

 

75. Бір жыл бұрын өт тасы ауруы бойынша холецистэктомия жасалған ер адамда сол жақ қабырға астында ауырсыну, жүрегінің айнуы мен іш қатуы пайда болған. Ауырсынулары ұстамалы сипатта, диета бұзғанда байқалады. Іші жұмсақ, эпигастрийдің сол жағын ауырсынады. ҚЖА: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ аруы, копрограммада – амилорея, креаторея, стеаторея бар. Емдік шаралар?  

1. спазмолитик тер + фермент тер      

2. анальгетиктер + спазмолитиктер

3. протеаз ингибиторлары + аштық         

4. анальгетиктер + протеаз ингибиторлары        

5. дезинтоксикация + анальгетиктер       

 

76. 43 жасар ер адам кенеттен ауырған, сол қабырға асты мен кіндік астында ұстамалы ауырсынуға, жүрегінің айнуы мен құсуға, осының бәрін майлы тағаммен және көп ас қабылдаумен байланыстырады. Кер, Мейо-Робсон симтпомдары оң, нәжісі тұрақсыз. Диагнозыңыз?

Жіті панкреатит ;

2. жіті холецистит;

3. жіті  гастродуоденит;

4. жіті колит;  

5. бауыр коликасы

 

77. Бауырдың сүлелі ауруларымен сырқат адамдарда тамыр жұлдызшалары мен пальмалық эритеманың дамуы қайсысына байланысты болады:

1. протромбин синтезінің төмендеуінен қан ұюының бұзылуы

2. гепатоцеллюлярлы жетіспеушіліктен жыныс гормондары метаболизмінің бұзылуы

3. бауыр архитектоникасының бұзылуынан бауыр гемодинамикасының бұзылуы

4. гиперспленизм салдарынан қан ұюының бұзылуы

5. бауыр тамырларының васкулиті салдарынан микроциркуляциясының бұзылуы

 

78. Порталы гипертензиясы бар адамның ҚЖА-де: эритроциттер 2,9×1012/л, Нb 72 г/л, ЦП 0,87, лейкоциттер 3,1×109/л, тромбоциттер 98×1012/л, ЭТЖ 37 мм/сағ. Осы гематологиялық өзгерістердің себебін атаңыз?

Гиперспленизм

2. алиментарлық генез

3. гепатореналық синдром

4. темір сіңірілуінің бұзылуы

5. эритропоэтин синтезінің бұзылуы

 

79. 40 жастағы ер адам екі жыл бұрын жіті вирустық гепатитпен ауырған. Көз ақтығы мен шырыш қабаттарының сарғаюына әкелетін оң қабырға астындағы қақсап ауырсынуларға шағымданады. УДЗ: бауыры диффузды өзгерген, өт қабы қабырғасы қалыңдаған. Емдік тактикаңыз:

1. интерферонотерапия

Гепатопротекторлар

3. холеретиктер

4. холекинетиктер

5. плазмаферез

 

80. Әйел адам көз ақтығы мен шырыш қабаттарының сарғаюына әкелетін оң қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға шағымданады. Күйеуінде С гепатиті бар. УДЗ: гепатоспленомегалия, бауыры диффузды өзгерген. Түпкі диагнозын қоюға қай зерттеу көмектеседі?

1. қанның жалпы анализі

2. қанның биохимиялық анализі

3. коагулограмма

4. ИФА арқылы қандағы вирустық маркерлерді анықтау?

5. ПЦР әдісімен қандағы вирустық генотиптерді анықтау

 

81. 4 жыл бұрын жіті гепатитпен ауырған ер адам оң қабырға астындағы ауырсынуға, көз ақтығының сарғаюларына шағымданады. Қанның биохимиясы: АлАТ 0,80, АсАТ 0,24, тура билирубин 46,27 мкмоль/л, тимол сынамасы 6,0 ед. УДЗ: бауыры диффузно өзгерген, һт қабы қабырғасы қалыңдаған. НВsAg (+), ДНК ПЦР гепатит В (+++). Қандай ем қажет?

1. преднизолон

Пегинтрон

3. плазмаферез

4. плаквинил

5. пенициллин

 

82. 55 тағы әйел адам терісінің қышуына шағымданады. Үнемі 15 мг преднизолон ішеді. Өңі сарғайған, пальмарлы эритема мен гепатоспленомегалия анықталады. Қан анализі: ЭТЖ 50 мм/сағ, тромбоцитопения, билирубин, сілтілі фосфатаза, гамма-глутамилтранспептидаза деңгейлері артқан. Осы дертке тән серологиялық маркерді атаңыз:

1. антинуклеарлы антиденелер

2. вирус маркерлері

3. антимитохондриялық антидене

4. антимикросомалық антидене

5. жаопақ бұлшықетке антиденелер

 

83. 24 жастағы әйел адам сарғаю мен оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мен ауырсынуға шағымданады. 3 ай бұрын косметологиялық шаралар жасатқан. Қандай зерттеу бауырдың зақымдану түрін анықтауға көмектеседі?

1. қандағы антинуклеарлы антиденелер

2. ПЦР әдісімен қандағы вирус маркерлерін анықтау

3. қанның биохимиялық анализі (АЛТ, АСТ, билирубин)?

4. қанның жалпы анализі

5. ұандағы беткейлік антигендерді анықтау

 

84. 62 жастағы ер адам әлсіздікке, сарғаюға, мұрыннан қан ағуына, ішінің кебуіне, ентігуге шағымданады. Жас кезінде вирусты гепатитпен ауырған. Денесінің жоғарғы бөлігінде тамыр жұлдызшалары мен пальмарлы эритема анықталады. ҚЖА: эр. 3,1 х1012/л, Нв80г/л, ЦП 0,9, лейк. 4,6 х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ, тромб. 90 х109/л. ҚБА: билирубин тура 62,88 мкмоль/л, тимол сынамасы 8,6 ед. УДЗ-де осы адамдағы бауыр өзгерістерін атаңыз?

1. гепатомегалия, жиектері қырланған, кальцинаттар

2. бауыры диффузды түрде біркелкі емес, порталы гипертензия

3. бауыры біркелкі емес

4. бауырдың майлы дистрофиясы, ұлғаюы

5. бауыры ұлғайған, қанға толған, тоқырау белгілері бар, асцит

 

85. Пациент әлсіздікке, жүдегеніне, эпигастрий мен оң қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. ҚЖА: Нв 85г/л, ЭТЖ 50 мм/сағ, АЛТ мен АСТ 0, 18, билирубин 30,46 мкмоль/л. УДЗ: бауыр құрылымы біркелкі емес, оң бөлігінде гиперэхогенді түзіліс бар. Диагнозын анықтауда қандай зерттеу қажет?

1. фиброгастродуоденоскопия

2. іш қуысының шолулық рентгенографиясы

3. іш қуысын УДЗ

4. іш қуысының МРТ

5. эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

 

86. 66 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, эпигастрийдегі ауырлық сезіміне, ішінің кебуіне, соңғы 2 аптада несеп көлемінің азаюына шағымданады. Жыл бойы денесінің қышуын айтады. Жағдайы ауыр халде, жүдеу. Өңі срағайған, денесінде қасыну іздері бар. асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы, қатайған, шеттері қырланған. Көкбауыры 2-3 см-ге ұлғайған, қатайған. Қан анализінде: Нв - 108 г/л, тромб. – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Осы дерттің ең алғаш дамитын белгісін атаңыз:

Асцит    ?

2. терісінің қышынуы

3. спленомегалия     

4. жүдеуі       

5. диспепсия

 

87. 45 жастағы әйел адамды соңғы 2 айда оң қабырға астындағы ауырсынулар, соңғы 2 аптада сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты гепатит В, алкогольды жақсы ішеді. Өңі жүдеу. Денесі сарғайған, телеангиэктазиялары бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, қатайған, басқанда ауырсынады. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, қатайған. Қан анализінде: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 34 мм/сағ; жалпы билирубин - 74 мкмоль/л, тура фракциясы айқын басым. Қай зерттеу толығырақ мағлұмат береді?

1. ЭРХПГ     

2. трепанобиопсия  

3. дуоденалық сүңгілеу      

4. бауырдың пункция лық биопсия сы

5. іш ағзаларын УДЗ           

 

88. 58 жастағы ер адам эпигастрийдің оң жағындағы тұйық ауырсынуға, ішінің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуына бейім екеніне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Жағдайының нашарлағанына 2-3 ай болды: іші біртіндеп ұлғая бастады, ауырсынуы басталды, өңештің варикозды веналарынан қан құсты. Көз ақтығы сарғайған, іш көлемі ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, қатайған, ауырсынады. Үлкен спленомегалия бар. Емдеу кестесін таңдаңыз?

1. эубиотик + прокинетик + витаминдер

2. витаминдер + интерферон индукторлары + ферменттер      

3. гепатопротекторлар + түтікшелік диуретиктер + прокинетик        

4. антивирустық дәрілер + витаминдер + прокинетик  

5. альдостерон а нтагонистері + гепатопротектор лар + эубиотик

 

89. 33 әйел адам оң қабырға астындағы ауырсынуларға, әлсіздікке, ұйқышыл-дыққа, тәбетінің төмендеуіне, денесінің қышынуына, соңғ 4 айда кеде танауынан қан ағуларына шағымданады. Анамнезінде – өкпе туберкулезі болған. Өңі сарғайған, қасыну белгілері бар. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 5-6 см шығыңқы, басқанда ауырсынады. Әлсіз спленомегалия бар. Қанында: билирубин -118,6 мкмоль/л, АЛТ-2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы-10 ед, сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Емдеу шараларыңыз:

1. эссенциале + креон + преднизолон      

2. гепабене + фестал + А, Е, К, Д витаминдері  

3. В витаминдері + ферменттер + гепадиф         

4. гептрал + А, Е, К витаминдері + холестирамин

5. антибиотиктер + преднизолон + холестирамин

 

90. Оң жақ қабырға астындағы ауырлық сеземі, тез шаршағыштық мазалайды. Тексергенде - гепатомегалия (+5 см). Бауыр пунктатында: гепатоциттердің гиперплазиялық ошақтармен араласқан майлы дистрофиясы, дәнекер тінінің басым өсуі, кейбір бөліктер ішіндегі архитектоникалық құрылымының жоғалуы, олардың ішіндегі эксцентрлік орналасуы немесе центролобурлярлы веналардың жоғалуы анықталған. Диагнозыңыз:

1. сүлелі критпогенді гепатит

2. алкогольдік емес стеатогепатит

3. бауырдың обыры

Бауыр циррозы

5. гемохроматоз

 

Уровень

1.  57жастағы ер адам төс артындағы күйдіріп ауырсынуға шағымданады. ФГДС: кардиялық қалтқының жетіспеушілігі, өңештің шырышы қызарып ісінген. Емдеу қағидасын таңдаңыз және түсіндіріңіз.

1. Дротаверин, Омез, Алмагель – асқазан секрециясын тежеу, өңештік клиренсті жақсарту мен ауырсынуды басу

2. Домперидон, Омез, Дротаверин – асқазан секрециясын тежеу, өңештік қалтқының тонусын күшейту мен ауырсынуды басу

3. Домперидон, Омез, Алмагель – өңештік қалтқының тонусын күшейту, асқазан секрециясын тежеу, өңештік клиренсті жақсарту

4. Дротаверин, Омез, Алмагель - асқазан секрециясын тежеу, өңештік клиренсті жақсарту мен ауырсынуды азайту

5. Дротаверин, Домперидон, Алмагель - өңештік клиренсті жақсарту мен ауырсынуды азайту және өңештік қалтқының тонусын күшейту

 

2. Ер адамда рН метрия жасағанда базалды секрециясының - 2,5, күшейтілген секрециясының – 3,0 екені анықталды. Осыған сәйкес эндоскопиялық қорытындыны табыңыз:

1. шырышы қызарып ісінген және фибриндік жалқықпен жабылған

2. шырышы жұқарған, ағарып бозарған, рельефі тегістелген

3. шырышы қызарып ісінген, эрозияланған

4. шырышы гигантты қатпарларланған, аса көп көбіктенген

5. шырышы ісінген, ақшыл-қызғылт, аса айқын көбіктенген 

 

3. Әйел адам аузына ащы дәмнің келуіне, ас ішу кезінде эпигастрийіндегі ауырсынуға шағымданады. ФГДС: өңештің шырышы қызарған, асқазанда көбігі көп, шырышы жұқарған және атрофияға ұшыраған. Асқазанның төменгі қалтқысы ашық. Осы адамдағы өңеш пен асқазанның рН-метриясынан қандай нәтиже тосасыз?

1. рН өңеште – 2,0 , рН-асқазанда – 1,0

2. рН өңеште – 3,0 , рН-асқазанда – 1,5

3. рН өңеште – 4,0 , рН-асқазанда – 2,0

4. рН өңеште – 5,0 , рН-асқазанда – 2,5

5. рН өңеште – 7,0 , рН-асқазанда – 3,0

 

4. Сүлелі беткейлік гастриті бар ер адамда оң нәтижелі тыныстық уреазды тест анықталды. Дәрілік емнің құрамын анықтап негіздеңіз:

1. Атропин, Омез, Алмагель – секрецияны тежеу мен антацидтік эффект алу

2. Амоксицик лин, Азитромицин, Омез – антибактери я л ық ж/е антисекре циялық эффект   

3. Омез, Алмагель, Амоксициклин – антибактериялық ж/е антисекрециялық эффект алу 

4. Амоксициклин, Азитромицин, Алмагель – антибактериялық ж/е антацидтік эффект алу

5. Атропин, Алмагель, Амоксициклин – антибактериялық, антисекрециялық, антацидтік 

эффект алу

 

5. Ұзақ жылдар бойы асқазанның жара ауруына шалдыққан әйел адамда соңғы 3-4 ай бойы ауырсынудың сипаты өзгерген, яғни ас ішкеннен соң байқалатын ұстамалы сипаттағы ауырсыну енді тұйық сипат алған. Рентгенде: асқазанның төменгі үштен бір бөлігінде кіші иіні бойында 1,5х0,8 см болатын жара ойығы анықталған. Жара ауруына қарсы емдік курстан соң жараның өлшемдері екі ес еге ұлғая түскен және ауырсынуы басылмаған. Қай эндоскопиялық қорытынды сай келеді: 

1. пішіні дұрыс емес, қырлары тегістелмеген, түбі кедір-бұдырлы, бозғылт жалқықты,

көлемі 1,5 х 2 см жара дефекті

2. өңеш шырышының қызаруы, асқазанында көбігі көп, шырышы жұқарған, атрофиялы,

                                 пилориялық қалтқысы ашық

3. асқазан шырышы қызарып ісінген, антралық бөлігінде бірен-саран геморрагиялары бар

4. асқазан шырышы қызарып ісінген, антралық бөлігінде гигантты қатпарлары бар

5. көлемі 2,1 х 2,5 см жара ойығы, шырышы жұқарған, ағарып бозарған, рельефі тегіс

6. 27 жасар әйел адам кейде қан мен көбік араласатын тәулігіне 3 рет болатын іш өтулерін, ИФА зерттегенде антинейтрофильді цитоплазмалық антиденелерді анықтау оң нәтиже берген. Қанның жалпы анализінің көрсеткіштерін оқып талдаңыз:

1. ЭТЖ артуы мен лейкоцитоз – ішектің іріңді инфекцияларынан дамыған

2. ЭТЖ артуы мен лейкоцитоз – ішектен қан кетуден дамыған

3. ЭТЖ артуы мен лейкоцитоз – аутоиммунды қабыну салдарынан

4. ЭТЖ артуы мен лейкоцитоз – паранеоплазиялық синдромы дамуынан

5. ЭТЖ артуы мен лейкоцитоз – ішектегі дисбактериоз салдарынан

 

7. 18 жасар студент нәжістің сипаты мен жиілігінің бұзылуларына шағымданады – аптасына 2 рет, яғни сирек, нәжісінің кедір-бұдырлы екеніне, метеоризмге, эндоскопияда – катаралды колит көрініс. Лабораторлық көрсеткіштері өзгеріссіз. Осы ішектік диспепсияның механизмі қандай?

1. Инфекциялық қабыну процессі

2. Асептикалық қабынуы 

3. Қабынудың иммунды механизмі

4. Ішек моторикасының нейрогенді реттеуінің бұзылысы

5. Белок пен көмірсулардың сіңірілуінің бұзылуы

 

8. 21 жасар әйел адам осы жылдың 4 айы бойы іш өтулері мазалаған. Іші кепкен. Дәрілік емді таңдап оны тұжырымдаңыз:

1. Левомицетин + Линекс – ішек инфекциясы мен дмсбактериозды басу үшін

2. Линекс +Мезим – ішектік асқорытуды реттеу мен метеоризмді басу үшін

3. Белсендір. көмір+Домперидон–метеоризмді басу, ішек моторикасын жақсарту үшін

4. Линекс +Лоперамид – метеоризмді басу, ішек моторикасын жақсарту үшін

5. Лоперамид +Левомицетин – ішектік инфекция мен моториканы басу үшін  

  9.  Ер адамды қарағанда өңінің сарғайғаны, терісінің қышуы, Керр, Ортнер симптомдары оң. Дуоденалды сүңгілеу – 2 порциясында – холестерин мен кальций билирубинат тұздары көп мөлшерде анықталған. Осы адамға сәйкес биохимиялық анализдерді атаңыз: 1. гипербилирубинемия, сілтілі фосфатазаның артуы, гипергликемия; 2. трансаминазалардың артуы, гипербилирубинемия, мезенхималы қабыну синдромы 3. гиперхолестеринемия, гипербилирубинемия, трансаминазалардың артуы 4. гипербилирубинемия, гаммаглютаматтранспептидаза мен сілтілі фосфатазаның артуы 5. гипербилирубинемия, гаммаглютаматтранспептидаза мен трансаминазлардың артуы

10. 18 жасар жігітті анда-санда ас ішкеннен соң оң жақ қабырға астында тұйық керіп ауырсынуларға, жүрегінің айнуына, запыран құсуларына шағымданады. УДЗ – өт қабы 85х39 мм, S-пішінді, холестероздың әсерінен қабырғалары қалыңдаған, қуысында лайлы тұнба анықталады. Емін тауып негіздеңіз:

1. Ампициллин, Но-шпа – антибактериялық,  спазмолитикалық мақсатта

2. Но-шпа, Церукал – спазмолитик, билиарлы дисфункцияны басу

3. Ампициллин, Церукал – антибактериялық, билиарлы дисфункцияны басу

4. Ампициллин, Урсосан– антибактериалық, холеретиктік мақсатта

5. Урсосан, Церукал – холеретик тік мақсат, билиар лы дисфункцияны басу

 

11.  35 жастағы әйел адам, офистік менеджер, оң жақ қабырға астындағы түйнеп ауырсынуға, жүрегінің айнуына, аузына ащы дәмнің келуіне, іш өтуіне, әлсіздікке шағымданады. Салмағы артық, өңі сарғайған. Бала кезінде В вирусты гепатитпен ауырған. Диета бұзылғаннан кейін ауырған. Осы дерт дамуының механизмін таңдаңыз және түсіндіріңіз:

1. Моторикасы бұзылуынан өт жолдарының дискинезиясы

2. Вирустық репликация салдарынан қабыну

3. Өт жолдарының д искинезия сы салдарынан өт қабының қабынуы

4. Нейроэндокринді бұзылыстардан функциялық диспепсия

5. Иммунды механизм салдарынан қабыну 

 

12. Ер адамды жүрегінің айнуына, аузына ащы дәмнің келуіне, запыран құсу мазалайды. Сүңгілеуді В және С порциялары алынбаған, холецистографияда – өт қабының өтті тез қуатыны байқалған. Осы дерт механизмін атап түсіндіріңіз:

1. Моторикасы бұзылуынан өт жолдарының дискинезиясы

2. Вирустық репликация салдарынан қабыну

3. Өт жолдарының дискинезиясы салдарынан өт қабының қабынуы

4. Нейроэндокринді бұзылыстардан функциялық диспепсия

5. Иммунды механизм салдарынан қабыну 

13. Оң қабырға астында арқасына таралатын ауырсынуы бар, іші кебетін, нәжісі бұзылған ер адамның копрограммасын оқыңыз:

1. глютен жетіспеушілігі, өсімдік талшықтары мен крахмал қорытылуының бұзылуынан болған амилорея

2. мальабсорбция синдромы мен белоктар сіңірілуінің бұзылуынан болған креаторея

3. өт ахилиясы мен май эмульгациясының бұзылуынан дамыған стеаторея

4. ферменттер белсенділігінің төмендеуінен болған стеаторея

5. дисбактериоз бен ішек инфекциясынан дамыған стеаторея, креаторея мен амилорея 

 

14. 59 жастағы ер адам эпигастрийі мен оң қабырға астындағы ауырсынуларға,  қыжылға, аузының құрғауына, ішінің кебуіне, нәжісінің бұзылуына шағымданады. Өңі сарғайған, терісі құрғаған. Шоффар зонасы мен Дежарден нүктесінде ауырсынады. Қандай биохимиялық өзгеріс тосасыз:

1. Гипербилирубинемия, трансаминазалар артқан, мезенхималық-қабыну синдромы

2. Гипербилирубинемия, гипергликемия, сілтілі фосфатазаның артуы

3. Гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперлипидемия

4. Гипергликемия, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия

5. Гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, сілтілі фосфатазаның артуы 

 

15. Ішінің белдемелі сипаттағы ауырсынуы, ішінің кебуі, қыжылы, іш өтуі бар адамның копрограммасында – амилорея, стеаторея, креаторея бар. Дәрілік емін таңдап негіздеңіз:

1. Аллахол, Атропин, Но-шпа – өт қуу, секрецияны басу, асқорытуды жақсарту

2. Линекс, белсендірілген көмір, Панкреатин – ішек флорасын қалыптастыру, ас қорытылуы мен сіңірілуін жақсарту

3. Но-шпа, Алмагель, Атропин – ауырсынуды азайту, секрецияны азайту, антацидтік әсер

4. Алмагель, Линекс, белсентірілген көмір – ішек флорасын қалыптастыру, токсиндердің абсорбциясы, нәжісті қалыптастыру

5. Атропин, Панкреатин, Но-шпа – секрецияны қалыптастыру, асқорытуды жақсарту, өзектердің спазмы азайту

16. 53 әйел адам терісінің қышуына, ішінің кебуіне, нәжісінің бұзылуына шағымданады, Қанның биохимиялық анализі – глюкоза – 5,7, билирубин прямой 24,6, ЩФ – 160, амилаза 28. Тері қышуының себебін атаңыз?

1. өт өзектерінің қысылуы

2. ішкі секрецияның бұзылу синдромы

3. трофологиялық жетіспеушілік синдромы

4. мальабсорбция синдромы

5. сыртқы секрецияның бұзылу синдромы

 

17. Өт тасы ауруы бойынша бір жыл бұрын холецистэктомия жасатқан әйел адам сол қабырға астында ауырсынулар, жүрегінің айнуы, ішінің қатуы шағымданады. Ауырсынулар диета бұзғанда ұстамалы сипатты болады. Іші жұмсақ, эпигастрийдің сол жағын басқанда ауырсынады. ҚЖА: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ артқан; копрограммада –  амилорея, креаторея, стеаторея бар. Емін таңдап негіздеңіз:

1. но-шпа+креон – өзек спазмдарын азайту, асқорытуы мен сіңірілуін жақсарту

2. атропин+но-шпа –  өзек спазмдарын азайту, ауырсынуды басу

3. контрикал+голодание – ұйқы безіне функциялық тыныштық беру

4.  димедрол+анальгин+контрикал – ауырсынуды басу, ферменттік функциясын азайту  

5. дюфалак+линекс – ішек флорасын қалыптастыру, токсиндер абсорбциясы, нәжісті қалыптастыру

 

18. 6 ай бұрын холекцистэктомия жасалған пациентдиета бұзғанда болатын оң қабырға астындағы ауырсынулары мен жүрегінің айнуына шағымданады. Іші жұмсақ, ұйқы безі тұсында ауырсынады. ҚЖА: лейкоциттер- 9,8 мың, ЭТЖ - 32 мм/сағ. Осы адамға сәйкес копрограмманы табыңыз:

1. нейтрал д ы май +++, өсімдік талшықтары ++, крахмал ++

2. лейкоциттер +++, қорытынмаған талшықтар+, крахмал+

3. бактериялар++, лейкоциттер+, крахмал+

4. холестерин криссталдары +++

5. нейтралды май +, крахмал+, өсімдік талшықтары +

19. 48 жастағы әйел адам өңінің сарғаюына, денесінің қышынуына, оң және сол қабырға астарындағы ауырсынуларға, әлсіздікке шағымданады. Қан биохимиясы – тура билирубин 38,62, сілтілі фосфатаза 240, ГГТП – 185. УДЗ – гепатоспленомегалия, бауыры диффузды түрде біркелкі емес, өт қабында гомогенді емес тұнба бар. Сарғаю синдромының механизмін табыңыз?

1. өт жолдарының бітелуінен болған механикалық сарғаю

2. билиарлы дисфункциядан болған сарғаю

3.  билирубин конъюгациясы бұзылуынан болған сарғаю

4. бауырішілік холестаздан болған сарғаю

5. клеткаішілік қарқынды гемолизден болған сарғаю

 

20. 53 жастағы ер адам ішінің ұлғаюына, керуіне, ауырсынуына, әлсіздікке, жүдегеніне, өңінің сарғаюына шағымданады. Көп жылдар бойы алкогольді жақсы ішеді. ҚЖА - лейкоцит 12,9, п -7%, с – 65%, м – 10%, л – 28%, ЭТЖ 40 мм/сағ. Б/х – АЛТ – 0,30, АСТ – 0,68, тимол сынамасы – 10,5, тура билирубин 48,62, ЩФ 180. Лейкоцитоздың себебін атаңыз:

1. мезенхимал ық - қабыну да н

2. цитолизден

3. холестаздан

4. сарғаю синдромынан

5. порталы гипертензиядан

 

21. Сүлелі С вирусты гепатиті бар ер адамда бетінде, кеудесі мен қолдарында радиусты тараған капиллярлар торы анықталған. ҚЖА: эр. 2,6, Нв – 100г/л, ТК – 1,04, Б/х – жалпы белок 50г/л, тура билирубин – 62,36, альбуминдер 44,6, АЛТ – 0,78, АСТ – 0,66, холестерин 6,2, глюкоза 5,9. Осы тері синдромының сипаты мен механизмі қандай?

1. май алмасуы бұзылуынан болған ксантомалар

2. геморрагиядан болған петехиялы бөртпелер

3. иммунды бұзылыстардан болған пурпуралық бөртпелер

4. гиперэстрогенемиядан болған телеагниоэктазиялар

5. терілік некроздаушы васкулиттен болған телеагниоэктазиялар

 

22. 49 жастағы ер адам сол қабырға астындағы ауырлық сезіміне, өңінің сарғаюына, әлсіздікке, жүдегеніне шағымданады. УДЗ – бауыры ірі түйіршекті, диффузды түрде біркелкі емес, қырлары жайдақталған. Көкбауыры 160х75мм., порталы венаның диаметрі 1,3см. ҚЖА – Нв 100г/л, эр. – 2,6, л – 3,2, тромбоцит – 80. Лабораторлық өзгерістердің себептері қандай?

1. Аплазиялық анемия

2. Гемолиздік анемия

Гиперспленизм

4. Постгеморрагиялық анемия

5. В12-дефицитті анемия

 

23. 21 жастағы жас әйел адам әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ұйқысыздыққа, жүдегеніне, тәбетінің жоғалуына шағымданады. Бала кезінде сары аурумен ауырған. Өңі сарғайған, беті мен денесінде «тамыр жұлдызшалары» мен «пальмарлы эритема» бар. Іші кепкен, бауыры Курлов бойынша 14х10х9см, басқанда ауырсынады. АФА антиядролық антиденелер титрі 1:120. Емі тауып тұжырымдаңыз:

1. Лактулоза, Урсосан, Преднизолон – бауыр энцефалопати ясын басу , гепатопротек тор, иммуносупрессиялық әсер

2. Пегинтрон, Урсосан, Преднизолон – антивирустық эффект, гепатопротектор,

                                                                        иммуносупрессиялық әсер

3. Лактулоза, Пегинтрон, Преднизолон – бауыр энцефалопатиясын басу, антивирустық

                                                                    және иммуносупрессиялық әсер

4. Лактулоза, Урсосан, Пегинтрон – бауыр энцефалопатиясын басу, гепатопротектор,

                                                                        антивирустық әсер

5. Верошпирон, Лактулоза, Урсосан – бауыр энцефалопатиясын, порталы гипертензияны

                                                                       басу, гепатопротекциялық әсер

 

24. Ер адам өңінің сарғаюы мен денесінің қышуына шағымданады. УДЗ – бауыр бұрыштары жайдақталған, құрылымы диффузды түрде біркелкі емес, тығыздығы артқан. Көкбауыры 180х95см. Порталы венасы -1,2см. Лабораторлық ИФА АМА – «+». Бәрілік емін таңдап негіздеңіз:

1. Аллохол, Урсосан, Холензим – өтті қуу, холеретик, гепатопротекция


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 454; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!