Экскреторлы ретроградты холангиопанкреатография



5. фиброгастродуоденоскопия

54. 64 жастағы әйел адам көп жылдар бойы жиі өт коликасын беретін сүлелі калькулезді холециститпен ауырады. Холецистографияда: өт қабында көптеген ұсақ тастар анықталған. Тиімдірек консервативті ем тағайындаңыз?

1. холеретиктер

2. холекинетиктер

М-холинолитик тер

4. ферменттер

5. Н2-блокаторлары

 

55. 50 жастағы семіздікке шалдыққан әйел адамда кенеттен оң жақ жауырын астына таралатын оң жақ қабырға астында қарқынды ауырсыну ұстамасы пайда болған. Қарағанда: өт қабы нүктесінде ауырсынады, Ортнер симптомы оң. Ең алдымен қандай зерттеу жасайсыз:

1. іш ағзаларын ультрадыбыспен зерттеу

2. ФГДС

3. ретроградты холангиография

4. дуоденалық сүңгілеу

5. хирург кеңесі

 

56. 56 жастағы әйел адам жіті холециститпен ауруханаға түсті. УДЗ: өт қабы қабырғаларының қалыңдағаны, көптеген конкременттер анықталған. Сіздің тактикаңыз?

1. ұзақ мерзімді антибактериялық терапия

2. ұзақ мерзімді ферменттік, спазмолитиктер терапиясы

3. литотрипсия

Холецистэктомия

5. ұзақ мерзімге урсодезоксихоле қышқылы дәрілерін беру

 

57. 51 жастағы ер адамда оң жақ қабырға астындағы ұзақ мерзімді ауырсынулар мен керу сезімі болған. Зерттегенде: сарғаю белгілері жоқ, Керр симптомы оң, дене қызуы субфебрильді, ЭТЖ-30 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз?

 1. жіті холецистит

 2. сүлелі холецистит

 3. сүлелі калькулезді холецистит

 4. өт жолдарының гипотониялық типтегі дискинезиясы

 5. өт жолдарының гипертониялық типтегі дискинезиясы

 

58.   49 жастағы әйел адам оң қолына таралатын оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар, запыран құсулар мазалаған. Қан анализінде: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті зерттеу – үш порциясында да – көбіктер, лейкоциттер, IV порциясында – лямблиялар анықталған. Қай дәрілер тиімдірек?

1. цефазолин

2. гентамицин          

3. левомицетин        

4. эритромицин       

Метронидазол

59. Семіздікке шалдыққан 50 жасар әйел адамды кенеттен оң жақ бұғана үстіне таралатын оң жақ қабырға астындағы қарқынды ауырсыну ұстамасы мазалаған. Мазасыз, төсекте тыныш жатпайды. Қарағанда: өңі бұзылмаған, өт қабы нүктесінде ауырсынады, Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі өзгеріссіз. Қай зерттеу толығырақ мағлұмат береді?

1. ирригоскопия     

2. холецистография

3. эзофагогастродуоденоскопия    

4. іш ағзаларын ультрадыбыспен зерттеу 

5. көздемелі биопсиялы лапароскопия

 

60. 74 жасар ер адам майлы және майға қуырылған тамақтан соң байқалатын және оң жақ жауырынға таралатын оң жақ қабырға астындағы тұрақсыз ауырсынуларға, жүрегінің айнуына, құсуға, басының ауыруларына шағымданады. Ауырғанын 3 жыл. Тілі ақ жалқықпен көмкерілген, өт қабы тұсы ауырсынады. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң нәтижелі. Температурасы 37°С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Болжам диагнозыңыз?

1. жіті аппендицит  

2. сүлелі дуоденит, өршуі   

3. өт қабының гипомоторлы дискинезиясы       

4. сүлелі тассыз холецистит, өршуі  

5. сүлелі токсикалық гепатит        

 

61. Ер адамды эпигастрий аумағында белдемелі сипаттағы қатты ауырсынулар, ішінің өтуі, метеоризм мазалайды. Қай дәрі қажет?

1. синафлан

2. сульфосалазин

3. сульфален

Сандостатин

5. соматотропин

 

62. Ер адамды эпигастрий аумағында белдемелі сипаттағы ауырсынулар, ішінің өтуі, метеоризм, жүдеуі мазалайды. УДЗ: ұйқы безі басының ұлғаюы, құрылымының біркелкі еместігі анықталған. Осы адамда қандай биохимиялық өзгерістер тосасыз?

1. билирубиннің артуы, амилаза мен сілтілі фосфатазаның төмендеуі

2. билирубин мен сілтілі фосфатазаның артуы, амилазаның төмендеуі

3. сілтілі фосфатазаның артуы, билирубин мен амилазаның төмендеуі

4. билирубин мен амилазаның, сілтілі фосфатазаның артулары

5. билирубин төмендеуі, амилаза мен сілтілі фосфатазаның артулары

63. 43 жасар ер адам майлы тағамнан кейін оң жақ қабырға астындағы ұстамалы ауырсынуларға, жүрегінің айнуына, құсуға шағымданады. Көз ақтығы мен өңі сарғайған. Кер, Мейо-Робсон симптомдары оң, нәжісі тұрақсыз. Емдік тактикаңыз:

1. спазмолитиктер +холеретиктер +Н2-гистаминоблокаторлар

2. фермент тер +спазмолитиктер + Н2-гистаминоблокатор лар

3. ферменттер + холеретиктер + Н2-гистаминоблокаторлар

4. Н2-гистаминоблокаторлар + холеретиктер + спазмолитиктер

5. холеретиктер + ферменттер + спазмолитиктер

 

64. 51 жастағы ер адам белдемелі сипаттағы және арқасына, жауырын арасына таралатын эпигастрийде ұзақ мерзімді ауырсынулар, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. УДЗ: сүлелі холецистит белгілері мен ұйқы безе құрылымының біркелкі еместігі анықталған. Емдеу кестесі:

1. фестал, циметидин, церукал

2. алмагель, омепразол

3. кларитромицин, трихопол, омепразол


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 485; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!