Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу   27 страница



б) өкпеден қан кету, қан қақыру

в) перифокальды пневмония

г) өкпе абсцессі

д) келтірілгеннің бәрі

7. Бронхоэктазия ауруының өршу сатысында аускультацияда естіледі:

а) пневмосклероздық сырылдар

б) құрғақ ысылдаған сырылдар

в) крепитация, плевра үйкелісінің шуы

г) орташа – немесе ірі көпіршікті сырылдар

д) келтірілгеннің бәрі 

8. 28 жастағы әйелде қайталамалы түйінді эритема, сирақ-асық буындарының артриті, қызба, кеуде торының рентгенограммасында – бронхопульмональды лимфа түйіндері-нің екі жақты өскені көрінеді. Қандай болжам диагноз:  

а) бронхогендік рак

б) плевра мезотелиомасы

в) муковисцидоз

г) өкпе саркоидозы

д) өкпе силикозы

9. Саркоидтық гранулеманың морфологиялық негізі:

а) эпителиоидты клеткалар мен Пирогов-Лангханстың алып клеткалары

б) Березовский-Штернберг клеткалары

в) гистиоциттер

г) макрофагтар

д) эозинофильдер

10. Саркоидоздың жайылмалы түрінде процеске қатысады:

а) шеткі лимфа түйіндері, өкпелер, тері, сүйектер

б) бауыр, бүйректер, талақ, жүрек

в) сілекей бездері, көздер

г) орталық және шеткі нерв жүйесі

д) кез-келген орган әр түрлі қосарласып

11. Өкпенің іріңді ауруларында антибиотиктерді енгізудің ең тиімді тәсілі:

а) ингаляциялық

б) интратрахеялық

в) интраларингеальдық

г) эндобронхиальды

д) парентеральды 

12. Деструкциялы пневмониялар тудыратын микроорганизмдерді көрсетіңіз:

а) аэробты микроорганизмдер

б) анаэробты микроорганизмдер

в) аралас аэробты – анаэробты микрофлора

г) саңырауқұлақтар

д) көрсетілген микроорганизмдердің бәрі

13. Созылмалы іріңді аурулардың ең жиі асқынуы:

а) амилоидоз

б) гломерулосклероз

в) ретинопатия

г) энцефалопатия

д) келтірілгеннің бәрі

14. Өкпе абсцесінің басты рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз:

а) ішінде горизонтальді деңгейлі сұйықтық бар қуыс

б) шеттері айқын дөңгелек қарайғандықтар

в) ішінде ауа бар қабырғасы жұқа қуыс

г) ауқымды қарайғандық фонында көптеген қуыстар

д) суреті біркелкі емес, шеттері айқын емес дөңгелек қарайғандар

15. ӨАТЭ диагнозын қандай тексеру дәл дәлелдей алады:

а) қан газдарының анализі

б) кеуде торының рентгенографиясы

в) ЭКГ

г) өкпенің перфузиялық сцинтиграфиясы

д) өкпе ангиографиясы

16. ӨАТЭ дамуының қауіпті факторлары:

а) аяқ веналарының флеботромбозы

б) кіші жамбас веналарының тромбозы

в) операциядан кейін ұзақ уақыт иммобилизация болатын хирургиялық іс-әрекеттер

г) жүректің аурулары

д) келтірілгеннің бәрі

17. Туберкулезді плевритте плевра сұйықтығын зерттегенде табылады:

а) барлық клеткалардың 80-90% нейтрофильдер құрайды

б) холестерин кристалдары табылады

в) антинуклеарлық антиденелер титрінің көбеюі

г) клеткалардың 90-95% лимфоциттер құрайды

д) клеткалардың 40-50% эозинофильдер құрайды  

18. Диагностикалық плевра пункциясын жасау көрсетпелері:

а) тұрақты сұйықтық болу

б) плевра эмпиемасы туралы күдік

в) рак жөнінде күдік

г) сұйықтықтың себептері белгісіз

д) барлық жағдай

19. Плевра сұйықтығына біреуінен басқасының бәрі тән:

а) зақымдану зонасы үстінде тұйықтық

б) көкірекаралығының зақымдану ошағына қарай ығысуы

в) тыныс пен бронхофонияның әлсіреуі

г) сұйықтық сол жақта болғанда Траубе кеңістігінің әлсіреуі немесе жойылуы

д) дыбыс дірілінің әлсіреуі 

20. Құрғақ плевритте:

а) ауырғандық сау жаққа еңкейгенде күшейе түседі

б) ауырғандық ауру жаққа еңкейгенде күшейе түседі

в) ауырғандық ауру жақ бүйіріне жатқанда күшейе түседі

г) ауырғандық барлық көрсетілген жағдайда күшейе түседі

д) ауырғандық күшеймейді

21. Тыныс жетіспеушілігі дегеніміз:

а) қанның қалыпты газ құрамы қамтамасыз етілмейтін, немесе оған сыртқы тыныс аппаратының қызметін күшейту арқылы қол жеткізілетін және оның нәтижесінде организмнің функциональдық мүмкіншіліктері төмендейтін күй

б) шеткі тіндерге қажет оттегінің мөлшері жеткізілмейтін күй

в) тыныс көлемдерінің (ӨТС және т.б.) анағұрлым азаюы болатын күйлер

г) өкпенің функциональдық қабілетінің төмендеуі (обструктивті немесе рестриктивті өзгерістер) ентікпе тудыратын күй

д) жедел және созылмалы альвеолярлық гипоксия қоса болатын күй

22. Рестрикциялы тыныс жетіспеушілігіне ең тән көрсеткіш:

а) ӨТС азаюы

б) ТӨТС азаюы

в) диффузиялық қабілеттің (СО2 бойынша) азаюы

г) ТМК азаюы

23. Келтірілген факторлардың қайсысы тыныс жетіспеушілігінің себебі бола алады?

а) орталық немесе шеткі тыныс жолдарының обструкциясы

б) тынысты реттеудің орталық механизмдерінің бұзылуы

в) тыныс бұлшық еттерінің қалыпты қызметінің бұзылуы

г) альвеола-капилляр мембранасы қасиетінің өзгеруі (мембрананың қалыңдауы)

д) келтірілгеннің бәрі 

24. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы:

а) пневмококк (streptococcus pneumaniae)

б) стафилококк (s.aureus)

в) гемофилиялық таяқша (Haemofhilus influenzae)

г) көкшіл-ірің таяқшасы (Pseudomonas aeruginosa)

д) лиогенелла (L.pheumoniae)

25. Қандай микроб тудырған пневмония өкпе іріңдігін тудырады:

а) сальмонелла

б) стафилококктер

в) аденовирустар

г) шигелла

д) грипп вирусы

26. Тыныс тұншықпасында кездеседі:

а) b-адренергиялық жүйенің үстеме сезімталдығы

б) a-адренергиялық жүйенің блокадасы

  в) холинергиялық жүйе активтігінің төмендеуі

г) a- және b-адренергиялық жүйе тепе-теңдігінің бұзылуы

д) b2-адренергиялық жүйе активтігінің көтерілуі

27. Тыныс тұншықпасының мәні жөнінде қазіргі пікірге сай келетін мәлімет:

а) тыныс тұншықпасы – төменгі тыныс жолдарын зақымдайтын созылмалы қабыну ауруы

б) тыныс тұншықпасының симптомдарын ең алдымен сыртқы стимулдарға жауап ретінде пайда болатын бронхтардың бірінші ретті гиперреактивтігі тудырады

в) тыныс тұншықпасына тән белгі – фиброз бен бронх қабырғасының өзгерісіне байланысты туындайтын үдемелі қайтымды емес бронх обструкциясы

г) тыныс тұншықпасының даму себебі – іштен туа болатын және тыныс жолдарының тұтқыр секретпен толуына әкеліп соқтыратын a1-антитрипсиннің жетіспеушілігі

д) келтірілген мәліметтердің ішінде дұрысы жоқ

28. Екінші ретті деструкциялы жайылмалы өкпе эмфиземасы қандай аурудың асқынуы:

а) тыныс тұншықпасы

б) созылмалы катаральді бронхит

в) созылмалы обструктивті бронхит

г) ошақты пневмония

д) созылмалы фиброздаушы альвеолит

29. Бірінші ретті өкпе эмфиземасының дамуының негізгі патогенездік факторы:

а) тыныс жолдарының жедел аурулары

б) бронх-өкпе аппаратының созылмалы аурулары

в) тыныс аппаратына функциональдық күш түсу

г) өкпе тінінің серпінділігінің жасқа байланысты кері дамуы (инволюциясы)

д) a1-антитрипсин жетіспеушілігі

30. Өкпенің инволютивті эмфиземасының басты патогенетикалық факторы:

а) a1-антитрипсиннің жетіспеушілігі

б) тыныс аппаратының жедел аурулары

в) бронх-өкпе аппаратының созылмалы аурулары

г) тыныс аппаратына функциональдық күш түсу

д) өкпенің эластикалық тінінің деградациясы

31. Ауыр пневмосклероз және өкпе эмфиземасы бар науқаста көбейген:

а) өкпенің тіршілік сиымдылығы

б) тыныс көлемі

в) өкпенің максимальді желдетілуі

г) қалдық ауа

д) альвеола ауасындағы оттегі 

32. Созылмалы бронхиттегі бронхообструкциялы синдромға біреуінен басқасының бәрі жатады:

а) қырнап жөтелу

б) құрғақ ысылдақ сырылдар

в) қақырықтың қиналып бөлінуі

г) ентігу

д) қақырықта Куршман шиыршығының болуы

33. Созылмалы бронхит диагнозы төмендегідей белгілері болғанда қойылады:

а) науқас жылдың 3 айы ішінде қақырық бөледі

б) науқас соңғы 2 жылдың ішінде жыл сайын 3 ай қатар жөтеліп, қақырық бөледі

в) соңғы 3 жылдың ішінде жылына 2 рет жедел бронхит болады

г) жөтел мен қақырық бөлу жылына 4 ай ішінде байқалады

д) пневмониядан кейін 8 апта бойы жөтел мен қақырық бөлу байқалады 

34. Ем мақсатында бронхоскопиялық лаваж жасау ең тиімді:

а) қанда JgE жоғары деңгейі болатын тыныс тұншықпасы

б) созылмалы іріңді бронхит

в) a1-антитрипсин ингибиторы жетіспеуінен болатын үдемелі өкпе эмфиземасы

г) экзогендік фиброздаушы альвеолит

д) бронх-өкпе аспергилезі

35. Өкпенің толық үстінде ысқырықты құрғақ сырыл қандай патологиялық процесте естіледі?

а) өкпенің ауалылығы көбейгенде

б) өкпе ішіндегі қуыста сұйықтық болғанда

в) бронх өткізгіштігі бұзылғанда

г) өкпе тінінің тығыздалуы

д) өкпе тінінің ішінде қуыс болу

36. Созылмалы бронхитті антибиотиктермен емдеу керек:

а) күз-қыс мезгілінде

б) ұзақ уақыт

в) қолданбау керек

г) іріңді қақырық бөлінгенде

д) қан қақырғанда 

37. Созылмалы өкпе-текті жүрек туралы төменгі пікірлердің біреуінен басқасының бәрі дұрыс:

а) қан айналу жетіспеушілігі оңқарыншалық типті дамиды

б) өкпе артериясының сабауы мен ірі тарамдары кеңіген

в) қолқа өзгермеген

г) кіші қан айналымындағы гипертензияның посткапиллярлық сипаты болады

д) ІІ, ІІІ, avF тіркемелерінде Р тісшелері үлкейген 

38. Өкпе-текті жүрек туралы дұрыс емесі:

а) өкпедегі өзгерістерге байланысты оң жақ қарыншаның кеңеюі

б) оның дамуы үшін өкпе артериясы гипертензиясының болуы міндетті емес

в) аурудың ақыры өкпедегі ауруларға тәуелді, жүрек және циркуляция өзгерістерінің маңызы онша емес

г) жүрек гликозидтерінің тиімділігі аз 

39. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында өкпе артериясындағы гипертензияның ең маңызды механизмі:

а) өкпе тамырларының облитерациясы

б) альвеола мембранасының зақымдануы

в) солқарыншалық жүрек әлсіздігі

г) гипоксия

д) ацидоз

40. Өкпе артериясы гипертензиясының маңызды ЭКГ-ң белгісі:

а) жүректің электр өсінің солға ығысуы

б) жүректің электр өсінің оңға ығысуы

в) АВ-блокада

г) ІІ, ІІІ, avF тіркемелерінде биік тік ұшты Р тісшелерінің болуы

д) V1-2 тіркемесінде биік R тісшесі 

41. Табиғаты инфекциялық емес өкпенің жиі кездесетін гранулематозды ауруы:

а) силикоз

б) саркоидоз

в) гистиоцитоз

42. Өкпе диссеминациясының себебін анықтау үшін қолданылатын негізгі әдіс:

а) өкпенің нысанасыз пункциялық биопсиясы

б) торакоскопия арқылы орындалатын биопсия

в) өкпенің ашық биопсиясы

г) бронхоскопия арқылы орындалатын трахеобронхиальдық биопсия 

д) келтірілген әдістердің бәрі

43. Өкпенің диссеминациялы процестерін емдейді:

а) глюкокортикостероидтармен

б) цитостатиктермен

в) купренилмен

г) гемодиализбен

д) келтірілген емнің бәрі қолданылады

44. Өкпенің мембраногендік шемені бой көрсететін ересектердің респираторлық дистресс синдромының себептері:

а) жарақат шогі

б) суға кеткенде су жұту, кейін нәтижелі орындалған реанимация

в) ауыр іріңді ауруларда болатын инфекциялы – қабыну эндотоксикозы

г) ауқымды қан кету

д) келтірілгеннің бәрі

45. Келтірілген ем шараларының қайсысы ересектердегі респираторлық дистресс – синдромды емдеуде қолданылады:

а) эмпириялық антибиотиктермен емдеу

б) сыртқа тыныстаудың соңында оң мәнді қысым болатын өкпені жасанды желдендіру және оттегімен емдеу

в) негізгі ауруды емдеу

г) негізгі аурудың асқынуларының алдын алу

д) келтірілгеннің бәрі

46. Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы туралы қандай пікір дұрыс емес:

а) жедел тыныс жетіспеушілігінің себебі – агрессивті химиялық және физикалық факторлардың (тітіркендіруші және улы газдар мен булар, дәрілер т.б.) әсерінен, микроциркуляцияның терең бұзылысының әсерінен альвеола-капилляр мембранасының зақымдануы

б) негізгі клиникалық белгілері: ентігу, цианоз, шашыранды ылғалды сырылдар

в) қанның газ құрамының гипоксемия және гиперкапния түрінде бұзылуы

г) болжам әдетте жағымды

47. Ересектердің респираторлық дистресс-синдромында емдеуде біреуінен басқа төмендегі әдістер мен дәрілер қолданылады:

а) жүрек гликозидтері

б) өкпені жасанды желдендіру

в) кортикостероидтардың жоғарғы дозасы

г) өкпенің микроциркуляциясын жақсартатын дәрілер

48. Өкпенің жедел қабынуының созылмалы күйге ауысуын қамтамасыз ететін фактор:

а) алдында болған респираторлық аппараттың вирустық қабынуы

б) микрофлора қасиетінің өзгеруі

в) бронхтың обструкциясы

г) жоғары тыныс жолдары мен қосалқы қуыстардағы созылмалы қабыну процесі

д) кеш басталған және дұрыс жүргізілмеген пневмонияның емі

49. Созылмалы пневмонияның дамуына жағдай туғызатын факторлар:

а) жиі салқын тиюі

б) бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

в) ауаның шаңдануы мен газдануы

г) шылым шегу

д) келтірілгеннің бәрі

50. Созылмалы пневмонияны емдеуде біреуінен басқасының бәрі қолданылады: 

а) десенсибилизация емі

б) бронхтың дренаж функциясын жақсарту

в) организмнің реактивтілігін көтеру

г) антибактериялық ем

д) дезинтоксикациялық ем

51. Созылмалы пневмонияның диагнозын қою критерийлері:

а) процестің ошақты сипаты

б) рентгенологиялық белгілер: ошақты пневмосклероз, деформациялаушы бронхит

в) процестің бір жерде қайталауы

г) келтірілгеннің бәрі

д) келтірілгеннің бірі де емес

52. Айқын өкпе ауруы жоқ адамда спонтанды пневмоторакстың дамуы байланысты:

а) өкпе туберкулезімен

б) плевра мезотелиомасымен

в) буллалы эмфиземамен

г) өкпенің ұсақ абсцесімен 

53. Көкірекаралығының ығысуы бар пневмоторакс тудырған кеуде торының ауыр-ғанын тию үшін шұғыл қолданылатын ем:

а) нейролептоаналгезия

б) азоттың шала тотығымен наркоз беру

в) плевраны тесіп (пункция), ауа жіберу

г) оттегімен емдеу

д) торакотомия және өкпе резекциясы  

54. Біреуінен басқасының бәрі спонтандық пневмотракстың диагноз қою критерийлеріне жатады:


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 168; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!