Металл иондары кофактор рет i нде 2 страница



 

     Кетондар

39. Алкадиендерге сипаттама беріңіз

Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.

Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.

H2C = C = CH — CH2 — CH3

Жоғарыда келтірілген атауларына қарап, алкадиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас екенін, бар айырмашылығы — қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -ен жұрнағының алдына оның саны көрсетіліп, -диен деп аталатындығын және бір қос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыстың орны көрсетілетіндігін өздерің де байқаған шығарсыңдар.

Молекулаларында қос байланыстарды бір жай байланыс бөліп тұратын алкадиендердің практикалық маңызы зор. Олардың ең маңызды өкілдері: бутадиен-1,3 (дивинил) С4Н6, ықшамдалған құрылымдық формуласы Н2С=СН — СН=СН2 және 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен).

Алкадиендердің құрылысы

Алкадиендердің құрылысын бутадиен-1,3-тің мысалында қарастырайық. Зерттеулердің нәтижесінде, бутадиен-1,3-тің молекуласындағы барлық атомдардың бір жазықтықта жататыны белгілі болды. С1 мен С2 және С3 пен С4 көміртектердің арасындағы қос байланыстар этиленнің қос байланысынан (0,134 нм) гөрі ұзындау (0,136 нм), ал ортадағы дара байланыстың ұзындығы алкандардың дара байланысынан (0,154 нм) гөрі қысқалау (0,146 нм) болатыны анықталды.

Алкадиендердің алынуы

Диен көмірсутектерінің маңызды өкілдері бутадиен-1,3-ті (дивинилді) және 2-метилбутадиен-1,3-ті (изопренді) алудың негізгі жолдарына тоқталайық.

1. Өнеркәсіпте бутадиен-1,3 пен 2-метилбутадиен-1,3-ті Сr2O3 катализаторы қатысында 600 — 650°С температурада cәйкес алкандарды дегидрлеп алады:

H3C - CH2 - CH2 - CH3 → H2OCH - CH=CH2 + 2Н2

2. Алғаш рет С. В. Лебедевтің тәсілімен 1932 жылы бутадиен катализатор ретінде алюминий оксиді мен мырыш оксидтерінің қатысында этил спиртін дегидратациялап және дегидрогендеп алынды. Кейін бұл әдіс өнеркәсіпте қолданылды:

2Н5ОН → Н2С = СН — СН = СН2 + 2Н2О + Н2

 

Физикалық қасиеттері

Диендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары алкендердің қасиеттеріне ұқсас.

Алкадиендердің химиялық қасиеттері

Молекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас, бұлар да қосылу және полимерлену реакцияларына оңай түседі.

Қосылу реакциялары Алкадиендер галогендерді, сутекті, галогенсутекті қосып алады. Молекулаларындағы қос байланыстары дара байланыспен бөлінген диендер қасиеттерінің ерекшеліктері бар. Бұл диендер реагенттерді бір немесе екі қос байланыстары бойынша (1,2 және 3,4 қосылу) да, молекуланың екі шетіне де (1,4 қосылу) қосып алады.

Диендердің қосылу реакцияларында, негізінен, екі қос байланыс үзіліп, галогендер мен галогенсутектерді молекуланың екі шетіне қосады (1,4-қосылу).

Броммен әрекеттесуі. Бутадиен-1,3-ті бромды су (бромның судағы ерітіндісі) арқылы өткізгенде, ерітінді түссізденеді. Бромның мөлшері жеткілікті болған жағдайдабарлық қос байланыстар үзіліп, бромның екі молекуласы қосылады.

Диендердің броммен әрекеттесіп, бромды суды түссіздендіруі еселі байланыстың сапалық реакциясы екендігін алкендер тақырыбынан білесіңдер.

Полимерленуі. Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі. Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі. Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы барысында молекулалар бір-бірімен 4- және 1-көміртек атомдары арқылы өзара қосылады.

Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.

 

40. Гетероциклды қосылыстарға сипаттама беріңіз. Құрамында азоты бар биологиялық манызды гетероциклды қосылыстарды мысалы ретінде келтіріңіз.

Гетероциклді қосылыстар циклге көміртек атомдарынан басқа да элементтердің атомдары кіретін қосылыстар. Ондай атомдарға азот, күкірт, оттек және т.б. элементтердің атомдары жатады. Гетероциклді қосылыстар мейлінше көп және әр алуан.

Көміртекпен бірге цикл құруға қатысатын элемент атомдары гетероатомдар деп аталады. Олардың санына байланысты моно-, ди-, три-, және т.б. гетероатомды қосылыстар болады.

Гетероциклді қосылыстар табиғатта көп таралған (витаминдер, алкалоидтар, пигменттер және жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрамды бөліктері). Азотты гетероциклді қосылыстардың биологиялық процестерде маңызы зор. Бес мүшелі, алты мүшелі қосылыстар тұрақты болады. Осы қосылыстарға тоқталамыз.

Пиррол. C4H5N — бес мүшелі азотты гетероциклді қосылыс:

Пиррол тас көмір шайырының құрамында болады, сондықтан одан фракциялық айдау арқылы алынады. Өндірісте фуран мен аммиакты әрекеттестіріп алады. Пиррол — түссіз сұйықтык, суда нашар ериді, ауада тез тотығып, қоңырайып кетеді. Пирролда екіншілік азот атомы (NH тобы) бар, екіншілік аминдерге ұқсас болғанымен, негіздік қасиеті әлсіз, қышқылдармен тұрақты түз түзбейді. Себебі, азот атомының жұп электроны ароматты-электронды жүйе құруға қатысады.

Пиримидин молекуласында екі азот атомы бар, алты мүшелі гетероцикл. Оның сақинасы көптеген биологиялық маңызды заттардың құрамына (нуклеин қышқылы, дәрі-дәрмектер, кейбір витаминдер) кіреді. Пиримидиннің оттекті туындылары — урацил, тимин және цитозин:

Бұларды жалпы атаумен пиримидин негіздері деп атайды.

Олар нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді (РНҚ, ДНҚ) және олардың гидролизі кезінде түзіледі.

Пиримидин (1) және имидазол (2) сақиналарынан тұратын күрделі гетероциклді қосылысты пурин деп атайды:

Пурин топтары көптеген қосылыстардың нуклеин қышқылы құрамына пурин негіздері — аденин (А), гуанин (Г) түрінде кіреді:

 

 

41.Өсімдік клеткалары мен ұлпаларын in vitro жағдайында өсіруге қажетті жағдайлар мен қоректік орта құрамы.

In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау үшін қолданылады. In vivo (лат. – тіршілікте) организмнің тіршілік процестерінің табиғи стерильді емес ортада өтуі. Өсімдік-регенерант дегеніміз асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені мәдени ортада қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.

1.Залалсыздандыру 2. Қоректік орталар 3. Клеткаларды өсіруге қажетті жағдайлар 4. Каллусты алу және оны өсіру 5. Клеткаларды сұйық қоректік орталарда өсіру

1. Экспланттарды залалсыздандыруға арналған заттар: Этил спирті, Натрий гипохлориді, Кальций гипохлориді, Хлорамин Б, Сулема.

Өсімдік мүшелерін залалсыздандырудың негізгі әдістері

Әдістеме

 
Мүшелер, ұлпалар Алдынала залалсыздандыру Залалсыздандыру

Соңғы залалсыз-дандыру

Тұқымдар Абсолютті этанолмен 10 сек немесе 1-1,5 % NaOCl 15 мин өңдеп, ДН2О –мен шайқау 1-1,4 % NaOCl 20 мин өңдеу ( немесе 10% кальций гипохлориді, 1% бромдалған су). Детергент ретінде 0,05% типол қосу

ДН2О –мен 3-рет шайқау

Сабақ немесе тамыр кесінді-лері Ағынды сумен жуу, 10 сек абсолютті спиртпен өңдеу 1-1,4 % NaOCl 20 мин өңдеу, Детергент ретінде  1-2 тамшы Tween-20-60

ДН2О –мен 3-рет шайқау

Тамыр жемістер Ағынды сумен жуып тазалау 1-1,4 % NaOCl 30 мин өңдеу

ДН2О –мен 3-рет шайқау

         

 

Өсімдік мүшелерін залалсыздандыру тәртібі

1.Ағынды және сабынды сумен20 минут жуу

2.KMnO4 әлсіз ерітіндісімен 30 минут өңдеу

3. ДН2О –мен 3 рет (5 минттан) шаю

4. 0,023 % анолит ерітіндісімен 15 минут залалсыздан-дыру немесе 0,1 % сулемамен залалсыздандыру:Жапырақтарды – 8 минут;Сабақ және бүршіктерді -15 минут;Гүл бүршіктерді -12 минут

5. ДН2О –мен 3 рет ( 5 минттан) шаю

2. Қоректік орталар құрамы

Ø Негізгі бейорганикалық заттар (макроэлементтер);

Микроэлементтер;

Ø Темір көздері;

Ø Органикалық қоспалар (витаминдер);

Ø Көмірсу көздері;

Ø Органикалық қосындылар

 (өсімдіктердің өсу регуляторлары)

 

Мурасиге-Скуг қоректік ортасы

Компаненттер Концентр., мг/л. Компаненттер Конц., мг/л.
Макроэлементтер   Na2MoO4× 2H2O 0,25
KNO3 1900 CoCl2 × 6H2O 0,025
NH4NO3 160 Темір хелаты  
MgSO4 × 7H2O 370 FeSO4 × 7H2O 27,8
CaCl2 × 2H2O 440 Na2ЭДТА 37,3
KH2PO4 170 Органикалық заттар  
Микроэлементтер   Мезо-инозит 100
MnSO4 × 4H2O 22,3 Тиамин – HCl 0,1
KJ 0,83 Никотин қышқылы 0,5
H2BO3 6,2 Пиридоксин - HCl 0,5
ZnSO4 × 7H2O 8,6 Сахароза 30000
CuSO4 × 5H2O 0,025 pH 5,6-5,8

 

Негізгі минералды тұздар Азот, фосор, күкірт, темір;кальций, калий, магний иондары;Бор, марганец, мырыш, мыс, молибден,кобальт т.б.ЭДТА (этилдиаминтетрасірке қышқылы)немесе Na2 ЭДТА –қоректік ортадағытемірдің сіңімділігін жақсартады.

In vitro жағдайында клеткалар гетеротрофты қоректенетіндіктен оларға көмірсулар қажет (2-3 % сахароза, глюкоза);

Витаминдер клеткалардағы биохимиялық процестерді ырықтандырып олардың тежелмеуіне және клеткалардың өсуіне әсер етеді.

В тобы (В1 - тиамин, В2 -рибофлавин,    В6 –пиридоксин, Са- пантотенат – В5 ); никотин – РР және аскорбин- С қышқылдары; мезоинозит.

Фитогормондар – клеткадағы барлық физиологиялық процестерді реттейді

- ауксиндер – ИСҚ, 2,4-Д, НСҚ;

- цитокининдер (БАП, кинетин, зеатин);

 - гиббериллиндер.

Комплексті органикалық қосылыстар

- экстракттар (ашытқыдан,картоптан, ісік

- ұлпаларынан т.б.);

- шырындар (қайың,томат,апельсин);

- пісіп жетілмеген эндоспермдер (кокос жаңғағы, каштан, жүгері);

 - казеин гидролизаты, амин қышқылдарының қоспалары.

Қоректік ортаның рН 5,5-6 (табиғи жағдайда рН 5,5-7,5)

- макромолекулалардың (ферменттердің) құрылымы мен ырықтығын әсер етеді;

- витаминдердің түрақтылығына және сіңімділігіне әсер етеді;

- рН төмен ортада агар қатпайды;

- Казеин гидролизаты мен ашытқы экстракты бар қоректік ортаның рН клеткалар өсе келе аз өзгереді.

Агар-агар – теңіз балдырларынан өндірілетін полисахарид.

- Бактериялық агар: Difco, Bacto-Agar қоректік ортаға 7-9 г/л қосады,

- Агар сумен қосылып - гель түзеді,

- 70-800C балқиды,

- 45-500С қатады.

3. Клеткаларды өсіруге қажетті жағдайлар:Температура

- каллустық ұлпаларды өсіру - 25± 2 0 С;

- клетка мен ұлпа культураларын өсіру және морфогенезді индукциялау- 18-20 0С;

Жарық (люминисцентті лампалар -1000 люкс);

- морфогенезді индукциялайды;

 - екінші реттік метаболиттердің синтезіне әсер етеді;

- жылу көзі;

Аэрация –суспензиялық культураларды өсіруде маңызы зор;

Ылғалдылық - 60-70 %;

Қоректік ортаның осмостық қысымы (полиэтиленгликоль, сорбит қосу ) – протопласттарды бөліп алғанда және оларды өсіргенде маңызды роль атқарады.

4. Каллусты алу және оны өсіру.Клеткалардың ретсіз бөлінуі нәтижесінде пайда болған ұлпаны каллус деп атайды.Клеткалардың бөлінуі арқылы көбейіп өсуін пролиферация деп атайды.

Дифференциация – даму прцесінде біртекті клеткалардан морфологиялық белгілері және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалардың түзілуі (клеткалардың мамандануы);

Дедифференциация – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған клеткалардың жаңадан проллифферацияға (бөлінуге) көшуі

Каллус ұлпасына сипаттама:түсі;тығыздығы;ылғалдылығы;борпылдақтығы; жылтырлығы;түйіршіктілігі;каллус бетінде басқа да ұлпалардың (ақ, сұр, жылтыр қырау тәрізді үлпек, түк) болуы.

Каллустың түзілуі:Экспланттың қоректік ортаға жанасқан бетінде;

Жарақаттанған жерінде;Сабақ кесіндісінің базалды немесе апикальді бөлігінде пайда болады;Сабақтың өне бойында пайда болады.

 Каллусстардың түрлері:Морфогенді;Морфогенді емес,Эмбриогенді;

Гистогенді

Каллус ұлпасының түзілуі мен пайда болған каллустың табиғаты:

 

ü  экспланттың тегінен,

ü экспланттың жас ерекшелігінен,

ü қоректік ортаның құрамынан,

ü фитогормондардың табиғаты мен концентрациясынан,

ü өсіру жағдайынан тәуелді.

 

42.Өсімдіктердің суспензиялық культураларын алу және өсіру әдістері

Сұйық ортада жасушаларды қолдан өсіру.

Сұйық ортада қолдан өсірілген өсімдік жасушысын суспензионды культура деп атайды. Жасушаларды белгілі бір өлшемде сақтау үшін оларды әртүрлі аппараттармен араластырып тұрады. Жасушалардың аэрациямен қамтамасыз етілуі ортаны араластырудың немесе шайқалуының немесе сұйық ортаның таза ауамен желдетуінің әсерінен болуы мүмкін. Жеке эксперименттерде жасушаларды инкубациялау үнемі қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрмайды, керісінше сұйық ортамен және ауамен біртіндеп қана қарым-қатынас орнатады. Мұндай жағдайда газ алмасу жақсарады.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 341; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!