Металл иондары кофактор рет i нде 1 страница



Алынуы.

1. Галогендер гидролизі:

2. Алкендерді гидратациялау:

3. Құрамында қанты бар заттардың ашуы:

4. Метанның катализдік тотығуы

5. Целлюлозаны гидролиздеп алу

Химиялық қасиеттері.

Тотығу реакциялар:

1. Жану

Спирттер жанғанда энергия бөлінеді. Құрамында көміртек атомы көп спирттер жарқырап, тіпті қүйленіп жатады.

2. Мыс (II) оксидімен тотығып, альдегид түзу:

Біріншілік спирттердің сапалық реакциясы

3. Калий пермаганат ерітіндісімен тотығу:

4. Хром (VI) қосылыстарымен тотығу:

Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялары

1. Белсенді металдармен әрекеттесу:

Спирттер индикаторға әсер етпейді, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.

Гидроксил тобында жүретін реакциялар

2. Галогенсутектермен әрекеттесу:

Дегидратация

1. Молекула ішінде өтетін дегидатация:

2. Молекулааралық дегидратация:

Этерификация реакциясы

Физикалық қасиеттері. Қалыпты температурада С10 –ға дейінгі спирттер сұйық, өздеріне тән иісі бар заттар, С11-ден бастар қатты заттар. Спирттерде молекулааралық сутектік байланыстын болуына байланысты спирттер газ күйінде болмайды. Молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Спирттер – органикалық және бейорганикалық заттардың жақсы еріткіші. 

 

35 Полиоксиальдегидтер мен полиоксикетондардың классификациясын келтіріңіз, физика-химиялық қасиеттеріне, атқаратын қызметтеріне және алу жолдарына сипаттама беріңіз.

 

Көмірсуларға (карбогидраттарға) полиоксиальдегидтер және полиоксикетондар жатады. Бұл қосылыстардың кең тараған түріне қарапайым қанттар (немесе сахаридтер) жатады. Карбогидраттың атауы ежелгі болжамнан келеді, бұл заттар жалпы формуланың Сп(Н20)п (мысалы, глюкоза СеН120б) көміртегі гидраттары болып табылады . Сахароза(кәдімгі тамақ қанты) с12н2o11 басқа формуласы бар, яғни Сп (Н20)т. көмірсулар олардың қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсас, бұл оларды оңай анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте олар суда еритін қатты заттар болып табылады. Бұл қасиеттер олардың молекуласында бірнеше жоғары полярлы функционалдық топтардың болуын көрсетеді.

Қанттар полиоксиальдегидтер (альдоздар) және полиоксикетондар (кетоздар) болып бөлінеді. Карбонил тобы жоғары реакциялық қабілеті бар типтік реакциялық қабілеті бар артық электрондары бар топтардың қосылуы болып табылады, атап айтқанда —ОН-топтың (7-тарау, разд. 3). Егер қант тізбегі жеткілікті ұзын болса (4-6 уг).

Моносахаридтер полиоксальдегидтер немесе полиоксикетондар болып табылады. Оларды қант молекуласындағы көміртекті атомдардың саны бойынша жіктеуге болады, олар молекулада көміртектің үш, төрт, бес, алты немесе жеті атомы бар, тиісінше триоза, тетроза, пентоза, гексоза және гептоза деп аталады. Құрамында альдегид тобы бар қант альдозамға, ал кетон тобы бар қант кетозамға жатады. Oza жұрнағы негізінен альдозды белгілеу үшін қолданылады, ал ULOZA жұрнағы — кетоз үшін. Моносахаридтерге тән қасиеттер молекуладағы көміртекті атомдардың саны бестен кем қосылыстарда біртіндеп аз байқалатын болады, сондықтан көмірсулар тобының өкілдері ретінде пентоздар мен гексоздарды қарастыру керек.

  Алдын ала қорытынды жасаймыз. Моносахаридтер-бұл полиоксиальдегидтер немесе тікелей (әдеттегі жағдайларда) қаныққан көміртекті тізбекті полиоксикотондар. Гидроксильді топтардың бір бөлігі болмауы немесе басқа функционалдық топтарға ауыстырылуы мүмкін. Моносахаридтердің қалыпты жағдайы (және, әрі қарай көріп отырғандай, олардың маңызды табиғи және синтетикалық туындылары) циклда оттегінің бір атомы бар бес және алты гетероциклді құрайтын цикл.

 

36. Ароматты қосылыстарға, физика-химиялық қасиеттеріне және алу жолдарына сипаттама беріңіз

Ароматты қосылыстар -молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдар бір-бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды.

Топтастыру: Ароматты қосылыстарға негізінен ароматты көмірсутектер(мыс., бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен) және олардың туындылары (мыс., анилин, бензой қышқылы, фенол т.б.), сондай-ақ кейбір бензоидты емес (мыс., азулен) және гетероциклды (мыс., фуран, тиофен, пиридин т.б.) қосылыстар жатады.

Қолданылуы: Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады.

Химиялық қасиеттері .Барлық ароматты көмірсутектер орынбасу реакциясына бейімді, ал қосып алу реакциясына өте қиын түседі. Арендер галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу реакцияларына, ал гомологтары тотығу реакциясына қатысады. Бензол сақинасында π- электрон бұлттары біркелкі таралғандықтан нуклеофильдік реакциялар қиын, ал электрофильдік орынбасу реакциялары оңай жүреді.

1. Нитрлеу реакциясын жүргізу үшін, концентрлі азот пен күкірт қышқылдарының қоспасын алады. Бұл нитрлейтін агент нитроний ионын NO2+ береді.

НОNO2 + 2H2SO4 ↔ NO2+ + H3O+ + 2HSO4-

Электрофильдік орын басу реакциясы екі сатыда жүреді. Алдымен электрофильдік топ бензол сақинасының π- орбитальдарын шабуылдап, π-комплекс түзеді. Екінші сатыда π- комплекс, тұрақсыз σ- комплекске өтеді. Содан кейін пайда болған тұрақсыз карбкатионнан протон бөлініп, нитробензол түзіледі.

2. Галогендеу реакциясы. Бензол және оның гомологтары хлорланады, бромданады, йодталады. Реакция жүру үшін галогенді полярлайтын катализатор қажет: темір немесе алюминий галогенидтері.

3. Сульфирлеу реакциясы (күкірт қышқылын қосу):

бензолсульфоқышқылы

4. Алкилдеу реакциясы.Бензол сақинасына алкил тобын енгізу үшін бензолды галогеналкандармен әрекеттестіреді.

Этилбензол

Реакция тек катализатор қатысында жүреді. Катализатор ретінде алюминий хлориді немесе темір(III) бромиді қолданылады. Бұл катализатордың тиімділігін бірінші рет Фридель мен Дж. Крафтс ашқандықтан, мұндай реакцияларды Фридель-Крафтс реакциялары деп атайды.

37. Алкендерге, олардың физика-химиялық қасиеттеріне сипаттама және алу жолдарына сипаттама беріңіз.

Алкендер — молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкендердің ең қарапайым өкілі — құрамында екі көміртек атомы бар — этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендердің жалпы формуласын СnН2n (n= 2) деп есептеп, этиленнің молекулалық формуласын табуға болады:

C2H2•2=C2H4

ықшамдалған құрылымдық формуласы:

CH2=CH2

Алкендердің құрылысы. Алкендердің құрылысын олардың ең карапайым мүшесі—этиленнің (этеннің) С2Н4 мысалында қарастырайық. Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан .

Алкендерде көміртек атомдары sр2-гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s-және екі р-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты және бір гибридтенбеген р-электрон орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ-байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталімен қаптасып тағы бір σ-байланыс барлығы бес σ-байланыс [бір sp2 — sp2 (С — С) және төрт sp2— s(С — Н)] түзеді. Гибридтенбеген р- электрон орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) каптасып, екі π-электрондар арасында (С — С) бір π-байланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ-және бір π-байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134 нм, байланыс энергиясы 612 кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі.

Физикалық қасиеттері:

Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар (сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы) алкендердің қатарында да байқалады. Гомологтардың молекулалық масcаларының өсулеріне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары артады. Алкендердің алғашқы үш мүшесі (этен, пропен, бутен) газдар, пентеннен С5Н10 бастап сұйық, ал С18Н36-дан бастап қатты заттар.

Нормальді құрылымды алкендер тармақты изомерлерінен жоғарырақ температурада қайнайды. Цис- және транс- изомерлердің қайнау және балқу температураларында айырмашылықтар болатыны туралы өткен тақырыпта қарастырылды. Алкендер судан жеңіл, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері:

Құрамында қос байланыс болғандықтан, алкендер едәуір белсенді қосылыстар. Алкендердің химиялық қасиеттері, негізінен, молекула құрамындағы қос байланыспен анықталады. Қос байланыс екі молекулалық орбитальдан тұрады: біреуі σ-, ал екіншісі π-типті. Әр түрлі реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі.

Алкендердегі қос байланыстың электрондары бір-бірінен тебілуі нәтижесінде π-байланыстың электрон тығыздығы көміртек атомдарының ортасындағы осьтің бойынан қашығырақ орналасады. Сондықтан электрон беретін реагенттердің (теріс зарядты) жақындаулары қиын болады да, ал электрон қабылдайтын реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі.

Этилен мен оның гомологтары қосылу, полимерлену және тотығу реакцияларына түседі.

38. Ал ьдегидтерге және кетондарға, олардың физика-химиялық қасиеттеріне және алу жолдарына сипаттама беріңіз.

 

Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылыс. Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.

Физикалық қасиеттері. Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады. Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандық- тан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі

  Альдегидтер

 

Химиялық қасиеттері.Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ-байланыс, ал екінші π-байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.

 

1. Қосып алу реакциялары

а) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіледі.

 

 

Кетондар - құрамында екі көмірсутек радикалымен байланысқан карбонил тобы >C=O бар органикалық қосылыстар класы. Жалпы формуласы RCOR^1. Кетондар алифатты, алициклді, ароматты немесе гетероциклді қатарларға бөлінеді. Алифатты қатардағы ең қарапайым кетондар - ацетон CH3COCH3, ароматты қатарда - бензофенон C6H5COC6H5. Кетондар органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Кетондар реакцияларын екі түрге бөледі:карбонилге қосылу реакциялары (сутектің, көгерткіш қышқылдың т.б. қосылуы); карбонил топтағы оттектің орнын басу реакциялары (галогендермен, гидроксил амимен т.б. алмастыру). Кеттондарды алу әдістері альдегидтерге ұқсас. Оны екіншілік спирттерді тотықтыру, карбон қышқыл тұздарын құрғақ айдау т.б. әдістермен алады. Кетондар еріткіштер ретінде және түрлі органикалық синтезде кеңінен қолданылады.

 

Құрамында карбонил С=0 тобы бар қосылыстарды екі топқа бөледі: алъдегидтер және кетондар. Бұлардың бірбірінен айырмашылығы — альдегидтерде карбонил тобы радикалмен және сутек атомымен байланысқан, ал кетондар екі радикалмен байланысқан. Альдегидтер мен кетондарға қосылу реакциясы тән, қосылу реакциясы С=0 қос байланысты үзу арқылы жүреді.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 815; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!