Металл иондары кофактор рет i нде 10 страница



 

1. Донорларды іріктеу.

Таңдау кезінде негізгі крителийлерге мыналар жатады: биологиялық (жасы), физиологиялық (денсаулығы мен көбею қасиеттері), зоотехниялық (өнімділігі) ерекшеліктері.

 

2. Донорларда суперовуляцияны шақыру.

Суперовуляция деп аз күн ішінде көптеген аналық жасушаларды алу мен гормональды әсер ету арқылы овуляцияны алуды айтамыз. Суперовуляцияны табиғи немесе бір мезгілде ынтықта 8-14 тәулікте жүргізеді. Суперовуляция аналық жыныс безінің дамуын күшейтетін гормондар шаншуымен, буаз бие қан сарысуы арқасында жүзеге асады. Суперовуляциядан кейінгі донор жағдайын қалпына келтіру үшін простагландин Ф-2 шаншу жасайды. Соңғы жылдары суперовуляция шақыру үшін түрлі фирмалардың дайындаған гонадотропиндердің көптеген түрлері қолдануда. Бірақ, солардың ішінен бағасы жағынан тиімдісі СЖК (фоллигон) мен гипофизарлық фолликула стимулдеуші гормон ФСГ-n болып табылады.

 

3. Суперовуляцияланған донорларды ұрықтандыру.

Егер суперовуляция ФСГ немесе АХГ гормондарымен шақырылса, екінші ұрықтандыру кездегі овуляция мерзімін азайту үшін 3000-5000 МЕ АХГ еккен дұрыс. Егер донорға суперовуляция үшін ГСЖК егілген жағдайда, екінші ұрықтандыру кезінде ГСЖК қарсы қан сарысуын міндетті түрде егу қажет. Донорды ұрықтандыруды өте ұқыпты жүргізеді. Әсіресе стерильділікті жүргізу керек. Донорды көпеселі ұрықтандырудан жыныс жолына ауру тудырғыш микробтарды енгізуі мүмкін. Жыныс жолдарына түскен бактериялар белдеулікке алып келмесе де, эмбриондардың сапасы мен санын төмендетуі мүмкін. Қолдан ұрықтандыру кезінде аналық жыныс безі мен ондағы дамыған фолликулдарды тиюге және сипауға болмайды. Саусақтар әсерінен олар жарылып кетуі мүмкін, сонымен қоса ооциттер жетілмеген болуы мүмкін. Жетілмеген ооциттер ұрықтанбайды. Донордағы күйіттің басталуы мен ағының толық бақылау жағдайында, оны тек екі рет ұрықтандыруға болады. Бірінші рет күйіт басталғаннан соң 8-14 сағаттан кейін және 10-14 сағаттан соң ұрықтандырады.

 

4. Эмбриондарды алу және оны бағалау.

Ірі қара мал донорынан эмбриондарды алудың екі тәсілі бар: ота арқылы хирургиялық жолмен алу; жатыр мойны арқылы отасыз алу.

Хирургиялық тәсілде донордың бүйірін кеседі де жатырды мүйіздерімен қоса шығарып алады. Кейін жатыр мүйізіне өткір ине көмегімен ерітіндіні енгізіп, эмбриондармен қоса оны қайтадан сорып алады. Бұл әдістің кемшілігі болып, оның көптеген препараттарды, отаны жасау қабілеті мен арнайы бөлмені қажет етуі саналады. Одан басқа, ұрпағы құнды донорға 2-3 реттен көп отаны жасамаған жөн. Сондықтан да бұл әдіс кең таралмаған.

Эмбриондарды жатыр мойнынан құралдар көмегімен шайып алу ең оңай әрі тиімді тәсіл. Осы әдіспен ірі қара малдан ұрықтандырудан кейін 7 тәулікке эмбриондарын алады.

Эмбриондардың сапасын морфологиялық белгілері мен көрсеткіштері арқылы анықтайды. Бұл ретте анықтайды:

· даму жасы мен кезеңінің сәйкестілігі;

· эмбрион көлемі, өлшемі, түсі, мөлдір аймағы мен перивиталлинді қуыс;

· мөлдір аймақтың бүтіндігі;

· бластомерлердің саны, өлшемі мен жағдайы;

· жасушалардың тұтастығы, зақымдалған және қабықшадағы бластомер саны;

· бластоцель күйі.

Морфологиялық белгілері мен көрсеткіштері бойынша бағаланған эмбриондарды келесідей сапалық кезеңдерге бөледі:

· Өте жақсы. Олар дұрыс домалақ формалы, біртекті мөлдір және бүтін, жасуша бір бірімен тығыз байланысқан. Эмбрион ортасындағы қуыс айқын көрініп тұр. Эмбриобласттың жасушалық массасы сыртқы қабықшадан (трофобласт) айрықшалынады.

· Жақсы. Оларда аздап ауытқу байқалады. Контуры -жартылай шеңбер. Трофобласт пен эмбриобласт айқын емес айрықшаланады. Бірдей емес бластомерлер кездеседі. Бластула қуысы кішкентай, айқын байқалмайды. Кейбір бластулалар цитолемадан шыққан. Перивиталлинада гранулалар кездеседі.

· Қанағаттанарлық. Эмбрион құрылымында анық көрінетін, алайда терең зақымдалмаған. Оларға жатады: бластомер байланысы үзілген, цитолемадан шыққан бластомерлер бар, 1-2 жасуша дегенирация мен бұзылуға ұшыраған, бластоцель кішкентай және қысқа, ішкі масса мен қабық айқын айрықшаланбайды.

· Әлсіз. Эмбриондарда айрықша өзгерістер кезедеседі. Мөлдір қабығы бұзылған, перивиталлинді кеңістікте үзінділер мен гранулалар кездеседі. Кейбір бластомер цитоплазмасында фрагментация пайда болды. Әр түрлі өлшемді және дегенерациясымен жасушалар кездеседі. Үлкен ұйындылар кездеседі. Үлкен емес қуыс анық көрінеді. Осындай өзгерістен кейін эмбрионның жалпы массасы өзінің қаситеттерін жоғалтпайды.

· Жарамсыз эмбриондар. Оларға жетілмеген жұмыртқа жасушалары мен терең зақымдалған жасушалар жатады. Өлшемдері мен мөлдір қабығының бүтіндігі қатты зақымдалған, бластомарлері дегенерациядан қатты зақымдалған, әртүрлі өлшемді жасушалар зақымдалған, жасушалардың өз арасында байланыс үзілген, жетілу ауытқыған эмбриондардың көптігі.

 

5. Эмбриондарды рецепиенттерге көшіру.

Қазіргіэмбриондарды рецепиенттерге көшіру хирургиялық және хирургиялық емес жолмен жүргізеді. Хирургиялық тәсілде эмбриондарды көшіруде іштің ақ сызығы немесе ашбүйір аймағына іш жаруды жүргізеді. Іш жырту (лапаротомия) жануардың арқа күйінде жалпы наркозда жүргізіледі. Іштің ақ сызығы бойынша кесу ұзындығы 10 см құрайды. Эмбриондарды көшірудің хирургиялық тәсілінің тиімділігі 60-70% құрайды, ал донорға 3-4 бұзау санын құрайды. Хирургиялық емес көшіруде рецепиент дайындалуы донорларды эмбриондарды хирургиялық жолмен алудағыдай жүргізіледі. Осы тәсілдің негізгі артықшылығы болып, рецепиенттің бірнеше рет қолданылу мүмкіндігі саналады. Хирургиялық емес эмбрион көшірудің бірнеше тәсілі жасалған. Алайда оның барлығы – мойны арқылы жатыр мүйізіне эмбрионды енгізуге негізделген. Хирургиялық емес тәсіл үшін арнайы құралдардың бүтін қатарын қолданады.

Эмбриондарды көшіруден кейін рецепиенттерде қайтадан жыныстық күйіттің болу мүмкіндігіне мұқият бақылау жүргізеді. Сиыр-рецепиенттердің буаздығын анықтау үшін бірнеше әдісті қолданады: қандағы немесе сүттегі прогестерон деңгейі бойынша визуалды; ректальды пальпация жолымен клиникалық.

65. Жануарларды клондаудың тарихи зерттеулеріне тоқталыңыз.

 

Клон - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге фенотиптік және генотиптік бірдей ұрпақтар алуды айтады.
Клондау маманданған клеткалардың тотипотенттігі мәселесін шешуге көмектеседі
Жоғары сатыдағы жануарларда өнімділікке жауап беретін, арнайы гендер кешені өте сирек туындайды, әрі келесі ұрпақтарда олар айтарлықтай өзгеріске ұшырайды және де алатын ұрпақ саны аз болады.
Сонымен қатар, соматикалық жасуша аталған организмнің толық генетикалық ақпаратына ие екендігі белгілі, және егер осы ақпараттың іске асуы үшін жағдай жасасақ, онда белгілі бір дарақтың шексіз көп генетикалық көшірмелерін (клондарын) алуға болады.
Бірақ, көптеген сомалық жасушалардың ядролары дифференцияланған күйде болатындықтан, бұл мәселені ұрықтың белгілі бір даму кезеңінде олардың дифференциациясы жүрмей тұрғанда, эмбриондық жасушаларда пайдалана отырып шешті.
Бластомерлердің ядроларын пісіп жетілген ооциттерге көшіру осындай мүмкіндіктер береді, себебі, ооциттер цитоплазмасы көшірілген ядроны қайта бағдарлай алатын және жаңа эмбрионның даму бағдарламасын іске қосатын спецификалық факторларға ие.
1826 жылы орыс эмбриологы Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашты.
1940 жылдары атақты орыс эмбриологы Г. В. Лапашов трансплантация әдісін қолдану арқылы бақаның аналық клеткасына ядросын тасмалдаған, алайда жұмысы баспаға шықпады.
1950 жылдары американдық Р. Бриггс пен Т. Кинг ұқсас тәжірибелер жүргізді.

Ағылшын эмбриологы Дж. Гердонның ядроларды тасымалдау әдісін (алдыңғы тарауды қара) ойлап шығарғаннан бастап, мал эмбрион клонын алу проблемасы жаңа деңгейге көтерілді. Эмбрион клонын алу эукариоттық клетканың тотипотенттілік қасиетіне тікелей байланысты. Мал шаруашылығында эмбрион клондарын алу мүмкіндігін Ф. Сиделдің қоянға жүргізген классикалық тәжірибелері көрсетті: жалғыз бластомерді екіге бөлу арқылы екі қоян алынды. Көптеген зерттеулер 2-8 клеткалық эмбрион бластомераларын бөлу арқылы дамуы қалыпты мал төлдерін алуға болатынын дәлелдеді (Н. Мур және т. б., 1968; С. Уиладсен және т. б., 1981; X. Нагасима және т. б., 1987; Т. Мак Эвой және т. б., 1987 т. б.).

Мал шаруашылығында 1979 ж. С. Уиладсея әлемде алғаш рет монозиготалы қозыларды алды. Суперовуляциядан өткен қойлардан 2 клеткалық эмбриондарды екі бөлікке бөлді, 16 монозиготалы бластомераларды алды. Оларды 16 реципиент қойларға тасымалдау нәтижесінде бірінен-бірі айнымайтын бес жұп егіз және бес жалғыз қозылар алынды. Екі жылдан кейін С. Уиладсен және С. Полж алғаш рет бұзаулардың эмбриондық клонын алды: 8-бластомер сатысындағы эмбриондарды бөлу нәтижесінде бір үш монозиготалы және екіден монозиготалы қос бұзаулар алынды. Кейін жүргізіліген зерттеулерде монозиготалы құлын және лақтар алынды.

Сонымен мал эмбрионын екіге және одан көп бөліктерге бөліп, бірнеше монозиготалы егіздер алуға болады. Мұндай егіздердің үлкен артықшылығы – олар бір-бірінен генотипі бойынша ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл әдістің биотехнологиялық маңызы өте зор, тіпті, қазірдің өзінде АБШ, Канада және Жапон елдерінде монозиготалы егіздер алу коммерциялық сипатқа ие болды.

Болашақта биотехнология үшін генетикалық химераларды алудың маңызы өте зор. Гетикалық химера деп бернеше әр түрлі эмбриондарды біріктіру арқылы пайда болған организмдерді түсінеді. Барлық ата-аналық формалардың клеткалары бар генетикалық химералар аллофенді деп те аталады. Біз оны аллофенді тышқанды алу тәжірибесінде организм деңгейіндегі генетикалық инженерияның әдісі ретінде қарастырдық.

Мал эмбриондарын реконструкциялау әдістері ішінен биотехнология үшін ең перспективалы әдісі – трансгенді малдар құрастыру.

66. Эмбриондарды мал тұқымын асылдандыруда, медицинада трансплантациялаудың маңызына тоқталыңыз.

Мал тұқымын асылдандыру — малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика жетістіктеріне негізделеді. Асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып табылады. Аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады: 1) халық шаруашылығына қажеттілігі; 2) мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері; 3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады. Mал тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Трансплантация (ортағасырлық лат. transplantatіo – ауыстырып салу) –
адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу.

Ауыл шаруашылығы биологиясының негізгі жетістіктерінің үлесіне
– қолдан ұрықтандыру мен ұрықты сұйық азотта ұзақ уақыт
мерзімге сақтау әдістерін табуы. Бұл бағалы аталықтардың
генофондын максималды түрде пайдалануда маңызы зор.
Генетикалық зерттеулер бойынша ұрпаққа ата-ананың екеуінің де
әсері бар. Осы жағдайға байланысты асылдандыру жұмысын
жеделдету үшін ұрғашылардың генофондын қолдану қажет. Себебі
ол селекцияның одан әрі күрделеніп дамуына жол ашады.
Тәжірибелік селекцияда бұны биотехнологиялық әдістердің негізінде, Эмбриондарды трансплантациялау арқылы іске асыруға болады.
Эмбрионды көшіру өнімділігі жоғары ұрғашылардың ұрпақ санын жылдам көбейту мүмкіндігін туғызды.Асыл тұқымды аталықтарды алу кезіндегі
ұрғашыларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау мүмкіндігі де пайда болды.
Аналықтардан эмбриондарды алу мүмкіндіктері мол, себебі олардың аналық безінде бірнеше жүз мыңдай ооциттер бар, бірақ олардың қорындағы гендердің бір, екеуі ғана жетіліп ұрпақ береді. Мәселен, әрбір сиыр саулық қой тіршілігінің соңына дейін орташа есеппен 7-10 бұзау, саулық қой 5-6
қозы ғана береді.

Эмбрионалды трансплантациялау селекцияны ң келесі міндеттерін шешуде пайдаланады:
1. өнімділігі жоғары, бағалы тұқымдар мен мал топтарын
тез арада көбейту мәселесін қарастырады;
2. малдың бірнеше көшірмесін алу үшін, эмбрионды ертерек
бөліп алу. Олар генотиптің сыртқы орта байланысын,
қасиеттерінің тұқым қуалауын анықтауға мүмкіндік беруі;
3. мутантты гендердің кіші популяциясы мен тұқымдық
генофондын сақтап қалу;
4. генотипі бойынша бағалы, бірақ бедеу жануардардан
ұрпақ алу;
5. зиянды рецессивті гендер мен хромасомалық
құбылыстарды анықтау;
6. малдың ауруға деген төзімділік қабілетін арттыру;
7. ауруға қарсы күресу шарасы ретінде малдың импорты
мен экспортын, криоконсервіленген эмбриондардың
импорты мен экспортына ауыстыру;
8. шетелден әкелінген малдарды жерсіңдіру;
9. іштегі төлдің жынысын анықтау және қажетті
жынысты төлді алу;
10. түраралық көшіру;
11. химерлі жануарларды алу

67. Трансгенді жануарларды алу әдістерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар жануарларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.

Ал, трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 374; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!