Металл иондары кофактор рет i нде 11 страница



Трансгенді ағзалар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері бар жануарлардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылады. Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) генетикалық аппаратымен құрылымды ірі функциялы байланысқандықтан бұл процесс жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі. Трансгеноз жұмысы көпжақты және бірнеше сатылардан тұрады. Алдымен, екі пронуклеус стадиясындағы зиготаларды алу керек. Бұл үшін синхронды овуляция уақытылы қолдан ұрықтау немесе шағылыстыру керек, осыдан кейін белгілі уақыт өткеннен соң зиготаларды хирургиялық жолмен алуға болады. Трансгеннің клетка ДНҚ-мен байланысатын белгілі орны болуы керек, алайда, көптеген зерттеулер оның хромосомасының әр түрлі бөліктерімен байланысатынын дәлелдейді. Трансгеннің иесінің геномымен байланысуы кездейсоқ жүретін болса, онда ол хромосоманың гетерохраматинді бөліктеріне еніп,инактивизацияланып кетеді. Бұдан бөлек хромосома бөлігімен байланысқан трансгеннің активтілігі клеткалық ДНҚ-ң реттеуіш элементтеріне промотор, энхансер және силансерлерге-байланысты болуы да мүмкін. Трансгенді жануарлар алудың қолданбалы бағыттары үшін егеуқұйрықтың соматотропин генін тышқанның геномына енгізу тәжірибесінің маңызы зор.

Трансгенді жануарларды алу

Басқа геномға белгілі бір геномнан алынған немесе жасанды түрде құралған синтезделген гендерді экспертменталды тасымалдау – трансгеноз деп аталады. Геномына бөгде гендер енгізілген жануарлар трансгенді деп аталады. Трансгенді жануарларды алу технологиясы қазіргі кезде жақсы жолға қойылған. Клонданған гендерді жұмыртқа клеткаларына немесе алғашқақы сатыдағы эмбриондарға енгізудің бірнеше әдісі табылған. Бөгде ген реттеушісіне байланысты әртүрлі ткандарда қызмет атқарады. Мысалы, егерде тасымалданған генге, оның қайдан алынғанына байланыссыз қалыпты жағдайда бауырда қызмет атқаратын тышқан генінің реттеушісін жалғаса, онда көшіріп орнатылған ген трансгенді жануардың бауырында жұмыс атқарады.

Трансгенді жануарлар алу үшін рекомбинантты гендерді микротүтікше және микрокапиллярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі болып тышқан ооциттері цитоплазмасының мөлдір болуы саналады. Басқа жануарлардың, соның ішінде малдың ооациттері мөлдір емес, сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу өте күрделі және қиын іс. Трансгеноз жұмысы көпжақты және бірнеше сатылардан тұрады. Алдымен, екі пронуклеус стадиясындағы зиготаларды алу керек. Бұл үшін синхронды овуляция уақытылы қолдан ұрықтау немесе шағылыстыру керек, осыдан кейін белгілі уақыт өткеннен соң зиготаларды хирургиялық жолмен алуға болады. Алынған зиготаларға бөтен ДНҚ-ны енгізбестен бұрын, оны in vitro жағдайында әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы сақтау керек.Енгізу кезінде вазелин майының астында арнайы ерітіндінің тамшысына орналасады, бұл сұйықтықтың кеуіп кетуінен сақтайды. ДНҚ-ны зиготаға енгізу үшін диаметірі 0,5-2 мкм арлығындағы ең аз дегенде 10-" мл ДНҚ-ны зиготаға микраскоптан бақылап енгізеді. Микроинъекциядан кейін екі сағатқа жетпей жарамды зиготаларды алдын ала арнайы дайындалған аналық-рецепиенттерге тасымалдайды. Бұл кезеңде де зиготалардың көп мөлшері зақымданады. Аяғында трансгенді жануарлардың шығуы 1%-ке тең болады. Алайда мұның өзі трансформация және трансдукциямен салыстырғанда өте жоғарғы көрсеткіш болып саналады.

Генді алудың үш әдісі бар: табиғи генді тікелей бөлу, химиялық және ферменттік синтез. Бірініші әдісте табиғи генетикалық арнайы ферменттердің көбімен өажет ген кесіліп алынды. Бұл әдістің елеулі кемшіліктері бар. Біріншіден, ДНҚ-дан қажет генді танып, кесе алатын ферментті таңдап алу қиын. Фермент генді әрқашанда нақты шекарасында емес, әр қлы үзеді: не геннің екі жағынан артық нуклеотидтерді үзуі не түгел үзбеуі мүмкін, мұндай ДНҚ фрагменттерінің қызметі жеткіліксіз, сондықтан аоларды пайдалану мүмкін болмайды. Екіншіден, эукориоттық органаизм геномының экзон-интрондық құрылысы, олардың гендерін бактерияларға енгізгенде функциялық тұрғыдан қиындақ туғызады, өйткені бактериялық клеткада сплайсинг процесі өтпейді. Үшіншіден, егер ген барлық ДНҚ-ның аз ғана бөлігін құраса, онда оны бөлу мен анықтауда елеулі қиындықтар пайда болады. Сондықтан бұл әдіс негізінен гнетикалыө эксперименттер талабына сәйкес виру пен бактериялардың генін бөлуде қолданылады.

68. Гаметалар мен эмбриондардың криоконсервациясы, генетикалық қорды сақтаудың бір жолы ретінде жетістіктеріне тоқталыңыз.

Криоконсервация (грек. ксэпт-суық және лат. conservo — сақтаймын) — тірі биологиялық объектілерді ерітуден кейін олардың биологиялық функцияларын қалпына келтіру мүмкіндігімен төмен температуралы сақтау.

Криоконсервация — еріту кезеңінен кейін жасушалардың сақталуы мен өміршеңдігін қамтамасыз ететін сұйық азот көмегімен биологиялық материалды қатыру әдісі. Процедура келесідей: биоматериалы бар капсулалар тез мұздатылған сұйық азотқа салынады. Осындай төмен температура жасушаларда барлық биохимиялық процестерді тоқтатуға мүмкіндік береді және оларды ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 415; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!