ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ ХХХ 13 страница



A) Шеткері жүйкелердің көптеген зақымдануы

B) Алдыңғы мүйіздер

C) Артқы түбіршіктер

D) Артқы мүйіздер

E) Шеткері жүйкелердің біржақты зақымдануы

(Дұрыс жауап) = А

$$$007

Қабылдау бөліміне он жыл бойы жоғары АҚ - гипертоникалық аурумен зардап шегетін, физикалық күш түсіруден кейін қатты бас ауруы пайда болған, қайталама құсу, сосын есінен айырылған 55 жастағы науқас әкелінді . Неврологиялық статуста: кома 2, анизокория, сол жақ қарашық кең, оң жақ мұрын-еріндік қатпары тегістелген, жоғары бұлшықеттік тонус, сіңірлік рефлекс және Бабинский симптомымен оң жақтық гемиплегия. Желкелік бұлшықеттің ригидтілігі 1 см, Керниг синдромы екі жақтан 160 бұрышта. Жетекші синдром:

A) Жалпы милық

B) Менингеальді                

C) Қыртыстық

D) Ошақтық

E) Пирамидтік

(Дұрыс жауап) = А

$$$008

Науқас 32 жаста, жарты жыл бұрын жұмыс уақытында басынан соққы алған. Артынша басы қатты ауырып, құсу пайда болған. Ақырындап бас ауруы азайып, жарты айдан кейін науқас жазылып кеткен. Екі күн бұрын эмоционалдық күйзеліс кезінде тағы да басынан соққы алғандай күйге енді. Аяқ астынан қатты бас ауруы пайда болды. Сосын жүрек айну және бірнеше рет құсу болды. Клиникаға жатқызылды. Объективті: АҚ 150/70 мм.сын.бағ., пульс минутына 50, ырғақты. Жүректің үні таза, анық. Желке бұлшықетінің ригидтілігінің айқындылығы және екі жақтан Керниг симптомы анықталады. Көз тереңдігінде патология жоқ. Қол-аяқта парез жоқ. Профилактика әдістері:

A) Аневризманы клипстау

B) Артериялық гипертензияны емдеу

C) Тамырлық мальформацияны емдеу

D) Салауатты өмір салтын сақтау

E) Гиполипидемиялық терапия

(Дұрыс жауап) = А

«Психиатрия и наркология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_08_01_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Опиоидтарды артық мөлшерде бергенде қолданылатын опиоидтық рецепторлардың антогонисті:

A) Налоксон

B) Метадон           

C) Трамадол

D) Пентазоцин

E)  Ноцицептин

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$002

Науқас 29 жаста, инженер, басынан өткізген шизофрения талмасынан кейін үнімді психикалық симптомдарсыз ауруханадан шығарылған. Бірақ та, жұмысына қайтып оралмаған, себебі өзін жұмыс істеуге мәжбүрлей алмаған. Бұрын жақсы көрген жұмысына және адамдармен араласуға деген қызығышылығы жоғалған. Баласына және отбасына аз көңіл бөлген. Уақыт өте өзіне-өзі қарамай кеткен, біреу айтқанда ғана жуынып, таранатын болған. Күннің көп уақытын төсекте өткізген. Науқастың ауыратын синдромын ... деп анықтауға болады:

A) Апатико-абулиялық

B) Депрессивті параноидты

C) Психоорганикалық

D) Фантом синдромы

E) Астено-депрессивті

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

Науқас М – 42 жаста. Аурулы жағдайы 18 жыл бұрын басталған. Галлюцинаторлы – сандырақ синдромы клиникасымен бірнеше рет психиатриялық ауруханада емдеуде жатқан. Ауруханадан шыққан кездерінде жұмыс істемеген, ата-анасының қамқорлығында болған. Соңғы рет психиатриялық ауруханада 2 жыл бұрын жатқан. Бастапқы кезде тұйық, қабырғаға қарап күбірлеп сөйлейді. Ал соңғы кездері мінезі біркелкі, басын төмен түсіріп, халатпен бүркеліп палатаның бұрышында отырады. Сұрақтарға сыбырлап жауап береді, жауабы жиі сұрақтың аясында ғана, кейде дәрігердің соңғы сөздерін қайталайды. Мәжбүрлеп тамақтандырғанда ғана ас ішеді. Мүмкін болатын диагноз:

A) Шизофрения. Кататониялық түрі.

B) Шизофрения. Қарапайым түрі.

C) Шизофрения. Гебефрендік түрі.

D) Маниакалды-депрессивтік психоз. Депрессивтік фазасы.

E) Пик ауруы.

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$004

Жасөспірім Ч – 15 жаста. Әкесінің айтуынша кішкентай кезінен бері қатал тәртіпте тәрбиелеген. Тек «Темір» тәрбие ғана жақсы нәтиже береді деп санайды әкесі. Балаға аулада жүгіріп ойнауға болмайды, өткір құралдармен жұмыс істеуге рұқсат жоқ, ата-анасы сөзсіз бағындыруға тырысқан. Мектепке алғаш барғаннан тек жақсы оқуын талап еткен, «төрттік» баға алып келгенде жазалаған. Мектеп дәрігері баланың мінез құлқының ұялшақ, қорқақ, тек қана сыныптастары емес, төменгі сынып оқушылары да жиі ренжітетін. Сіздің диагнозыңыз, оңалту әдісіңіз:

A) Тұлғаның психоастениялық бұзылуы. Отбасылық психотерапия.

B) Астениялық невроз. Психостимуляторлар, транквилизаторлар, психотерапия.

C) Обссивті – фобиялық невроз. Антидепрессанттар, психотерапия.

D) Жеңіл дәрежелі ақыл кемдігі. Психостимуляторлар.

E) Тұлғаның истериялық бұзылуы. Психотерапия.

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$005

Науқас – 43 жаста, маскүнемдікпен 13 жыл бойы ауырады. Ауруханаға жатар алдында қозғалыс қозулары болған. Ауыздық автоматизмі симптомы байқалады: тұмсықтық рефлекс, кенеттен еріндерін алға қарай созу. Сонымен қатар, көздік симптомдар байқалады: нистагм, птоз, диплопия. Гудден симптомы расталған: миоз, анизокария, жарыққа реакциясы әлсіз. Өз өзімен күбірлеп сөйлейді. Жүдеу, жас шамасынан үлкен көрінеді. Дене қызуы Цельсий бойынша 40 гр. көрсетеді. Қанның жалпы анализінде- лейкоцитоз. Үлкен дәреті жиі әрі сұйық. Туыстарының айтуынша, жағдайы біртіндеп төмендей бастаған. Ұйқысыздық, есте сақтау қабілеті бұзылған, тәбеті жоғалған. Мүмкін болатын диагноз:

A) Энцефалопатия Гайе-Вернике

B) Корсаков психозы

C) Алкогольдік делирий

D) Алкогольдік псевдопаралич

E) Алкогольдік галлюциноз

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$006

Науқас Ж. 22 жаста, токсикология бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Есірткілік препараттарды инъекция жасау арқала қолданғаннан кейін жағдайы нашарлаған.. сананың тұнжырауы, науқастың көңіл күйітөмендеген., тері қабаты бозарған. Миоз, көз қарашығы жарыққа реакциясыз. Шайнау бұлшық еттерінің тризмі, сонымен қатар жағы қарысып қалу байқалады. Уланудың түрі, бұл науқасты емдейтін дәрігер:

A) Опийлік улану. Нарколог

B) Каннабиноидтық улану. Нарколог

C) Первитинмен улану. Реаниматолог

D) Өте ауыр дәрежелі алкогольдік улану. Реаниматолог.

E) Ұйықтататын препараттармен улану. Психиатр

(Дұрыс жауап) = А

 

«Жұқпалы аурулар» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_09_01_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарламаның жіберілу мерзімінің уақыты:

A) 5 минут

B) 12 сағат

C) 1 тәулік

D) 2 тәулік

E) 7 тәулік

(Дұрыс жауап) = В

 

$$$002

Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән келеді: Мүмкін болатын диагноз:

A) Тырысқаққа

B) Дизентерияға

C) Эшерихиозға

D) Жалған туберкулезге

E) Ішек иерсиниозына

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз құсу  ... тән.

A) Эшерихиозға

B) Дизентерияға

C) Тырысқаққа

D) Жалған туберкулезге

E) Ішек иерсиниозына

(Дұрыс жауап) = А

$$$004

Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39,4С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеулер:

A) Өтті ортаға қанды себу

B) Жалпы қан талдауы

C) Қан мен несепте диастаздарды анықтау

D) Иммунноферменттік анализ

E) Қанның биохимиялық талдауы

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$005

Қалалық онкодиспансерге 55 жастағы науқас шағымданып келді. 2 ай бұрын сүт безі обыры бойынша операцияланған. Ауруханадан шыққаннан кейін ґзін қанағаттанарлық сезінген. Бірақ соңғы аптада қатты әлсіреу сезімі, лоқсу пайда болып, тәбеті жоғалған, ірі буындардағы ауырсыну, зәрінің қараюы мазалаған. Қарағанда терісі мен шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады, шеті тегіс ауырсынусыз. Диагнозды негіздеу үшін қажет зерттеулер:

A) HBs Ag, anti HBcor Ig M, anti HBcor Ig G

B) anti HBcor Ig M, anti HAV Ig M

C) HBs Ag, anti HAV Ig M

D) anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M

E) antiHEVIgM

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$006

Науқас 22 жаста, студент, емхана дәрігеріне мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып келді. Аурудың басталуы туралы айта алмайды. Дене температурасы қалыпты. Қарағанда: жағдайы қанағаттаанарлық. Алдыңғы- және артқы мойын лимфа түйіндері 1,0см дейін, қолтықасты-1,5см дейін, шап-1,0см дейін ұлғайған, тығыз-эластикалы консистенциялы, ауырсынусыз. Қолында көптеген егу іздері бар. Ішкі мүшелер жағынан патология анықталмаған. Ішкі лимфа түйіндерінің ұлғаюы жоқ (іш қуысының УДЗ, кеуде қуысының рентгенографиясы). Неғұрлым болжамды диагноз:

A) АИВ-инфекция, біріншілік көріністер кезеңі

B) Жұқпалы мононуклеоз

C) Лимфогрануломатоз

D) Хламидиоз

E) Саркоидоз

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$007

22 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу, жарықтан қорқу, температураның 40С көтерулуі. Сырқат суықтануға байланысты. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 18*109/л, П-12%, С-72%, Л-16%, ЭТЖ-42 мм/ч. Алғашқыда тағайындалатын ем:

A) Пенициллин, преднизолон, маннитол

B) Диклофенак, супрастин, ципрофлоксоцин

C) Бисептол, фуросемид, лоперамид

D) Пенициллин, гентамицин, димедрол

E) Цефазолин, левомицитин, маннитол

(Дұрыс жауап) = А

03_01_01_­Хирургиялық инфекция және амбулаторлы хирургия _каз

$$$001

Газды гангренаның арнайы емес алдын-алу шарасы:

А) жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

В) массивті антибактериальді ем

С) гангрена қарсы сарысу енгізу

D) иммуномодуляторлар енгізу

Е) дезинтоксикациялық ем

{Дұрыс жауабы }=В

 

$$$002

Тырнақ маңындағы жастықшасы қызарған. Тырнақ шетінде тері астында ірің бар. Диагноз:

A) паронихий

B) тері панарициі

C) флегмона

D) абсцесс

E) тері панарициі

{ Дұрыс жауап }=А

 

$$$003

Науқас Л. 51 жаста, қабылдау бөліміне түсер алдында мас күйінде 6 сағат бойы ашық тереземен ұйықтап қалған. 2 күннен кейін жоғары температура, кеуде торындағы ауру сезімі, жөтел пайда болды. 3 аптадан кейін жөтел кезінде науқаста іріңді, жағымсыз иісті қақырық бөлінген. Болжам диагнозыңыз:

А) сол өкпе рагі ыдыраумен

В) сол өкпе абсцессі

С) жедел трахеобронхит

D) экссудативті плеврит

E) сол жақты пневмония

{Дұрыс жауабы }= В

 

$$$004

Науқас Р. 49 жаста, хирургиялық инфекция бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 2 аптада нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 110 соғу 1 мин. ТЖ 28 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-26,6х109, эритроциттер-3,5х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-51. Кеуде қуысының 2 проекциялы рентгенограммадасынан кейін анықталған: оң жақтан ауа және 5 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Тиімді диагноз:

А) пиопневмоторакс оң жақтан

В) іріңді плеврит оң жақтан

С) оң өкпе абсцессі

D) оң өкпе гангренасы

E) спонтанды пневмоторакс

{Дұрыс жауабы }= А

 

$$005

 Ер адам 57 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда ауыстырылды. Бес күн бұрын науқас ашы ішек жыртылуы мен жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128/1 мин, тыныс алу жиілігі 36/1 мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз. Науқас жағдайының аурлығы:

A) септикалық шок;

B) респираторлы синдром;

C) интоксикациялық синдром;

D) ішектің операциядан кейінгі парезі;

E) жүйелі қабыну жауабы синдромы;

{Дұрыс жауабы }= А

$$$006

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін түсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды гангренасын анықтады. Емдік тактикаңыз:

А) гемосорбция сеансын жүргізу

В) аяқтың біріншілік ампутациясын жасау

С) қосарланған антибактериальді терапия тағайындау

D) некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу

Е) озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу

{Дұрыс жауабы }= В

 

Жо спарлы хирургия _каз

$$$001

Курвуазье синдромы:

А) ұйқы безі басының ісігі

B) жедел холецистит

C) бауыр гемангиомасы

D) созылмалы панкреатит

E) сүт безінің кистасы

{Дұрыс жауабы }=А

 

$$$002

12 елі ішектің перфоративті жарасын тігу операциясынан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырлық сезімі, кекіру, қыжылдау, тұрып қалған қалдықтармен құсу пайда болды. Сіздің диагнозыңыз:

А) дуоденостаз

B) пилородуоденалды стеноз

C) созылмалы панкреатит

D) кардиоспазм

E) асқазан атониясы

{Дұрыс жауабы }=B

 

$$$003

Тиреоидэктомиядан кейін науқаста екінші тәулікте Хвостек, Труссо белгілері, сарысу концентрациясында ионизирленген кальцийдің төмендеуі анықталды. Асқынудың түрі:

А) жоғарғы көмей жүйкесінің салдануы

B) төменгі көмей жүйкесінің салдануы

C) операциядан кейінгі гипотиреоз

D) операциядан кейінгі гипопаратиреоз


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 182; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!