ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ ХХХ 10 страница



 

$$$002

40 жасар науқас әйел. Айқын бұлшық еттің әлсіреуі, бұлшық еттің тартылуы, парестезиялар. АҚ 180/100 мм. сын. бағ. Экстрасистолия типі бойынша ырғақтың бұзылуы. ЭКГ-да барлық бөліктерде теріс Т тісше. Зәр анализінде – изостенурия, зәрдің сілтілік реакциясы. Артериалды гипертензияның мүмкін болатын себебі: 

A) Біріншілік альдостеронизм

B)  Феохромоцитома

C)  Эссенциалды артериалды гипертензия

D) Бүйрек артериаларының фибромускулярлы дисплазиясы

E) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

Науқастың ЭКГ-сында V1-V4 бөліктерінде ST сегментінің көтерілуі мен QS комплексі байқалды. 2 аптадан кейінгі ЭКГ-да сондай. Науқаста дамыған мүмкін патология:

A) Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының аневризманың дамуы

B)  Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының қайталама инфарктысы

C)  Рецидивирлеуші миокард инфарктысы

D) Миокард инфарктысының типтік ағымы

E) Перикардит

(Дұрыс жауап) = А

$$$004

34 жасар науқас, ауруханаға физикалық күштемеге байланысы жоқ жүрек маңындағы ауырсынуға, ентігуге, жүрек маңындағы іркіліске, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы ішімдік ішеді. Аптасына 2-3 рет 500-700г арақ ішеді. Әсіресе соңғы жыл бойы ішімдікті көп қабылдайды. Тексеру кезінде жүрек жақтан өзгерістер анықталды. Жүрек шекараларының солға кеңеюі, ЭКГ-да электрлік осі өзгермеген, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бәсендеуі (PQ - 0,28с), кеуде бөліктерінде ST сегментінің төмендеуі, V4-V6 бөліктерде екі фазалы Т тісшесі. ЭхоКГ-да – сол жақ қарынша миокардының жиырылу қабілеттілігінің төмендеуі. Анағұрлым мүмкін диагноз:

A) Алкогольді кардиомиопатия

B)  Миокардит

C)  Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия

D) Жүректің ишемиялық ауруы

E) Жүрек ақауы

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$005

56 жастағы М атты науқас күрт әлсіздікті, қатты терлегенін, сол қолға берілетін төс артындағы қатты қысып ауырсынуды сезді. Нитроглицерин қабылдағанда ауырсыну басылды, бірақ 10-15 минуттан кейін ауырсыну қайталанды. Анамнезінде – ЖИА. Күштемелі стенокардия. Терапевт оны қарап, миокард инфарктісіне күдіктенеді және промедол екпесін жасады. 10 минуттан кейін ауырсынулар басылды. Әлсіздік, адиномия, тершеңдік жойылды. Тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 80 рет, АҚ 140/80мм с.б.б. Тексерілгенде: ЭКГ- да Гис будасының сол аяқшасының толық бөгемесі анықталды. Диагнозды анықтау үшін тексеру әдісін көрсетіңіз.

A) Коронарография

B) ВЭМ

C) ЭКГ динамикасында                               

D) ЭхоКГ

E) ЖҚА

 (Дұрыс жауап) = А

$$$006

45 жастағы науқас қалтыраумен өтетін фебрилді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы, бел тұсындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарда – петехиалды бөртпелер; «барабан таяқшалары» мен «сағат шынысы» симптомы. Зерттегенде: эритроциттер - 2,9 млн, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

A) Эхокардиография

B)  Бронхоскопия

C)  Сцинтиграфия

D) Буындардың рентгенографиясы

E) Өкпенің компьютерлік томографиясы

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$007

67 жастағы науқас ауыр ентігуге, кейде түнгі уақытта тұншығуға, жатқан кезде пайда болатын құрғақ аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше миокард инфаркты. Зерттегенде: өкпе артериясында ІІ тон акценті, өкпеде дауыссыз сырылдар, гепатомегалия, аяқтарда айқын ісінулер, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, аралық пердеде, жүрек ұшында және сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Лазикс

B)  Эгилок

C)  Вазилип

D) Моноприл

E) Дилтиазем

(Дұрыс жауап) = А

 

«Ревматология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_04_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

 Науқас 16 жаста дене температурасының 40С дейін жоғарлауына, ентігуге, жөтелге, білезіктің ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бұрын түсік тастаған. Объективті: тері асты май қабаты нашар жетілген, лимфоаденопатия, бетінде және мұрын қанатында эритема, балтырының терісінде «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері бар. Қанында: эритроцитер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/с, эритроциттер- 20-30 қарау алаңында. Екі спиралды ДНК-ға антиденелер – оң. Ең ақпаратты зерттеу әдісі:

A) Кардиолипинге антиденелерді анықтау

B)  Қанды бактериологиялық себу

C)  Ревматоидты факторды анықтау

D) Стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

E) Урогенитальды инфекцияға иммуноферментті анализ

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$002

40 жастағы әйел, 15 жыл бойы сырлаушы болып жұмыс істейді, кәсіби міндеттерін орындау барысында, қолдарының ұсақ буындарының ауырсынуымен құрысуларына шағымданады. Объективті: нормостоник, дисталды фалагааралық буындарының қозғалысының шектелуі және деформациясы, дисталдық және проксималдық фалангааралық буындардың сыртқы – щеткі беттерінде қатты түйіндердің бар екендігі, оң қолының І білезік – фалангалық буынында синовиттің белгілері анықталды. Рентгенограмма даостеоартриттер, буын саңылауларының тарылуы анықталды. Науқасты жүргізудің дұрыс тактикасы:

A) Хондропротекторлар + СЕҚҚП + петоксифиллин

B) Антибиотиктер + метаболикалық терапия + СЕҚҚП

C) Антиоксиданттар + антибиотиктер + глюкокортикоиды

D) Дипиридамол + жылытқышпен аппликация + антибиотиктер

E) СЕҚҚП+ цитостатиктер + жыныс гормондарының ультрафонофорезі

 (Дұрыс жауап) = А

$$$003

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Метил-преднизолонмен пульс-терапия

B) Преднизолонның мөлшерін тәулігіне 40-50 мг дейін көтеру

C) Азатиоприн

D) Циклофосфамид

E) Кризанол

(Дұрыс жауап) = А

 «Гастроэнтерология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_05_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Гипербилирубинемия неғұрлым ... тән.

A) созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

B)  созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасына

C)  созылмалы панкреатиттің латентті формасына

D) созылмалы панкреатиттің склероздаушы формасына

E) созылмалы панкреатиттің рецидивті формасына

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$002

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

B)  Өңештің қатерлі ісігі

C)  Кардия ахалазиясы

D) Өңештің дивертикулі

E) Өңештің пептикалық жарасы

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

A) Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

B)  Копрограмма

C)  Колоноскопия

D) Ирригоскопия

E) Нәжісті жасырын қанға зерттеу

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$004

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) Табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

B)  Сорбифер + алмагель + гепабене

C)  Фамотидин + панзинорм + но-шпа

D) Цизаприд + алмагель + мезим-форте

E) Домперидон + креон + бифидумбактерин

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$005

40 жасар науқас ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауырады. Емдәмді бұзғаннан кейін қатты белдемелі ауру сезімі, іш кебуі, құсу пайда болады. Жедел холецистит диагнозымен хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 2 күн бақылағаннан кейін қойылған диагноз алынып, созылмалы панкреатиттің өршуімен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Осы жағдайда ауру сезімін басу үшін қолданылмайды:

A) Морфин

B)  Баралгин

C)  Новокаин

D) Пантопон

E) Платифиллин

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$006

20 жастағы науқас тәулігіне 6 ретке дейінгі қан аралас іш өтуіне, әлсіздікке, арықтағанға шағымданды.Колоноскопия кезінде аш ішектің кілегей қабығының беткейлік зақымданулары, контактілі қан ағу, лейкоцитарлы инфильтрация анықталды. Ең тиімді терапия:

A) Преднизолон+сульфасалазин

B)  Координакс+ сульфасалазин

C)  Преднизолон+азатиоприн

D) Дебридат+эспумизан

E) Сульфасалазин+бускопан

(Дұрыс жауап) = А

 «Гематология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_06_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Науқас Д., 34 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: тері жабындары мен шырышты қабықтарының бозғылттануы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолдиялық шу. ЖЖЖ 119 соққы /мин. Қанда: эритроциттер-2,7 млн., Нв-82 г/л, ТК-0,75, лейкоциттер-4,8 мың., тромбоцитер-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,4 мкмоль/л. Тағайындалатын тиімді препарат.

A) Сорбифер пероральды

B) Преднизолон пероральды

C) Феррум-лек көк тамырға

D) Десферал бұлшықетке

E) Эритроцитарлы масса көк тамырға

(Дұрыс жауап) = А

 (Семестр) = 14

 

$$$002

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эритроциттер-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-9,3 мың, т-7%, сегметті ядролық-60%, эозинофильдер-4%, лимфоциттер-25%, моноциттер-4%, тромбоциттер-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Қан ағызу + дезагреганттар

B) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма

C) Дезагреганттар + хлорбутин

D) Дезагреганттар + алкеран

E) Дезагреганттар + гепарин

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

Науқас 36 жаста, тұмаудан кейін пайда болған бел аймағындағы ауырсынуға, қызбаға, зәр түсінің қараюына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: эритроциттер-3,1 млн. Нв-93 г/л, ТК-0,8 лейкоциттер-3,4 мың. тромбоциттер-96 мың. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Лейкоцитурия, гематурия. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма

B)  Десферал + ион алмастырушы шайыр (смола)

C)  Глюкокортикоидтар + гепарин

D) Глюкокортикоидтар + цитостатиктер

E) Спленэктомия

(Дұрыс жауап) = А

 

 

«Эндокринология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_07_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:

A) Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі < 7,0 ммоль/л

B)  HbA1с деңгейі< 8,0 %

C)  HbA1с деңгейі < 9,5 %

D) Зәрдегі глюкоза деңгейі > 0,5 %

E) Қандағы холестерин деңгейі < 6,0 ммоль/л

(Дұрыс жауап) = А

$$$002

Науқас әйел 25 жаста, құлақтарына берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жіті вирусты инфекциямен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа акырлықта, Т– 37,8С. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін үлкейген, тығыз, пальпацияда ауырсынады. Пульс – 96/мин, АҚҚ- 120/80 мм с.б.б. Анализінде: Нв - 134 г/л, Л - 9,8 мың, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Жітілеу тиреоидит 

B)  Диффузды токсикалық зоб

C) Фиброзды тиреоидит

D) Аутоиммунды тиреоидит

E) Іріңді жіті тиреоидит

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$003

17 жастағы науқас әйел бір жыл ішінде дене салмағының артуына, менструалды циклдің бұзылуына шағымданады. Сан, іш, сүт бездері терісінде қошқыл жолақтар. АҚ - 140/90 мм с.б. Глюкозаға төзімділік сынамасы: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен күштемеден кейін 2 сағаттан соң – 8,6 ммоль/л. КТ: екі бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8 –де 1060 нг/л (қалыпты – 260-720 нг/л), сағат 14 – те 1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Иценко-Кушинг ауруы

B)  Церебралды семіздік

C)  Гипоталамиялық синдром

D) Штейн-Левенталь синдромы

E) Экзогенді-конституциялық семіздік

(Дұрыс жауап) = А

 

$$$004

Науқас К. 24 жаста, қатты арықтағанына (1 айда 9 кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбет төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңкті, фурункулез бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа тағайындау қажет:

A) Актропит НМ 4ЕД

B) Диабетон 10мг

C) Манинил 5мг

D) Хумалогмикс 25

E) Лантус 12ЕД

 (Дұрыс жауап) = А

 

$$$005

45 жастағы науқас әйелді мертігуден кейін басының ауыруы, АҚ 150/90 мм с.б. дейін көтерілуі, дене салмағының тез артуы, терінің трофикалық бұзылулары мазалауда. Тері асты шел қабаты біркелкі емес, беті қызарған. Денситометрия: остеопороз белгілері. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8 де -1100 нг/л (норма – 260 -720 нг/л), ашқарынға гликемия - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 173; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!