Хирургические болезни ОВП_каз 15 страница



B) 20 бірлік қысқа әсер ететін инсулинді тері астына бір реттік енгізу

C) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын тері астына енгізу

D) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын к/к сағат сайын тамшылатып енгізу

E) Пролонгирленген инсулиннің бір инъекциясын анықтау кезінде енгізу

{Дұрыс жауабы}=D

 

Каз

$$$001

Ингаляциялық стероидтардың жиі жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

A) Ауыз қуысының кандидозы

B) Бүйрек үсті безі қыртысының жетіспеушілігі

C) Остеопороз

D) Гипергликемия

E) Иценко- Кушинга синдромы

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$002

Ревматикалық қызбаның негізгі диагностикалық критерилері болып табылады:

A) Ошақтық инфекция

B) Кардит

C) Жалпы әлсіздік

D) Артралгия

E) Қызба

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$003

10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ, Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз:

A) Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

B) Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

C) Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

D) Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі

E) Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$004

Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы  39ºС, анасын ембейді,дистанционды сырылдар. Объективті:терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

A) Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

B) Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

C) Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

D) Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

E) Бронх демікпесі, status asthmaticus

{Дұрыс жауабы}=D

 

$$$005

Туа біткен жүрек ақауымен 10 жасар бала жанұялық дәрігердің диспансерлік бақылауында тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Баланы қарағанда: жүрек ұшы соғуы және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде IV-V қабырға аралығы бойында, төстің сол жағы қатты-дөрекі тембрдағы систолалық шу естіледі. Клиникалық диагнозды атаңыз:

A) Жүрекше аралық перденің ақауы

B) Қарынша аралық перденің ақауы

C) Фалло тетрадасы

D) Ашық аортальді өзек

E) Аорта сағасының стенозы

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$006

Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:

A) Туа пайда болған жүрек ақауы

B) Ерте туа пайда болған кардит

C) Жүре пайда болған кардит

D) Пневмония

E) Бронхит

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$007

Он жастағы баланың анамнезі бойынша ауырғанына екі жыл болған. Ауруханаға келген кездегі шағымы: тамақ ішкеннен кейін, тұзды, ащы тамақ жегенде пайда болатын эпигастри аймағындағы тұйық, сыздаған ауырсыну болады. Кейде жүрегі айнып, құсады да. Құсығы қорытылмаған тамақпен және жеңілдік әкеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қыз бала арық. Ішін,эпигастрии аймағын сипағанда ауырсыну сезімі бар. Асқазан сөлін фракциялап тексергенде ашқарынға тұз қышқылының мөлшері 50 мг, 30 минут аралығындағы секрецияның базальді фазасында-37 мг, бір сағаттық күштемеде секреция 109 мг, ашқарындағы асқазан сөлінің мөлшері 32мл, базальді секреция-39мл, бір сағаттық күштемеде секреция-72мл. Асқазан рентгеноскопиясы: өңеш және кардии өтімділігі жақсы, асқазан тонусы төмен, ашқарынға біраз сөл жиналған, сөл тексеру барысында көбейе түсуде, перистальтикасы нашар, шырышты қабатының қыртысы иірілімді. Қарын пішіні тегіс. Пиязшық пен он екі елі ішектің ілмегі дұрыс формалы, жиырылуы жақсы. Дуодено-еюнальді өту жері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

A) Асқазан жарасы ауруы

B) Дуодено-гастральді рефлюкс

C) Асқазанның функциональдық бұзылысы

D) Созылмалы гастродуоденит

E) Жіті гастрит

{Дұрыс жауабы}=D

 

$$$008

15 жастағы қыз бала, жүрегінің қағуына, жүрегінің айнуына, құсуға, оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсыну. Рентгенологиялық өт қабының босауының жылдамдауы. Диагноз қойыңыз:

A) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гиперкинетикалық түрі

B) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі

C) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық түрі

D) Холецистохолангит

E) Холангит

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$009

Ұл бала 11 жаста. Дамуы жасына сәйкес. Қызылша, жел шешек, қызылша қызамығымен ауырған. Жиі суық тиіп ауырады. Тұмаумен ауырғаннан кейін кездейсоқтан дене қызуы 400С көтерілген дене температурасы 400С көтерілді. Бала ісініп, ішінде ауырсыну пайда болды. Тексеріп қарағанда жағдайы ауыр, ауырлық жағдайы ісіну және зәрлік синдромға байланысты. БҚА: гипоальбуминемия, гиперазотемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия. Зәр анализінде гиперпротеинурия, транзиторная микрогематурия, шамалы цилиндрурия. Диагноз қойыңыз:

A) Жедел цистит

B) Жедел пиелонефрит

C) Жедел гломерулонефрит

D) Созылмалы пиелонефрит

E) Созылмалы гломерулонефрит

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$010

Алты жасар қыз бала үнемі болатын оң жақ ішінің тұйық, ауырсынуына шағымданады. Екі жыл бойы балада пиурия байқалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық тексеруде патология жоқ. Зәр анализінде ақуыз, лейкоциттер анықталды. Цистоскопия жасағанда оң бүйрек қуысы мен ұршығы айтарлықтай ұлғайған, бүйрек қуысы-несеп жолы сегменті тарылған, несеп шығар жолының тік, тар, қалыпты екені көрінді. Диагнозды атаңыз:

A) Бүйрек ісігі

B) Гидронефроз

C) Гидрокаликоз

D) Пионефроз

E) Уретерогидронефроз

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$011

Үш аптаға созылған лихорадкалы қалтырауға шағымданып 10 жасар ер бала отбасылық дәрігерге келді. Полиартрит және бетінде, денесіндегі дақты-папулезды бөртпелер фебрильді кезеңдерді дамыта түседі. Объективті: минутына 110 соққылы тахикардия, жүрек тондары қалыпты. Бауыр және көк бауыр аздап үлкейген. ЖҚА: гемогл. - 94г/л, лейкоц. – 14,0х109/л, нейтрофилез, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Қанға себу сынамасы – таза. Екі апта аралығына тағайындалған антибиотикті ем нәтижесіз. Диагнозды атаңыз:

A) Ювенильді ревматоидты артрит

B) Жіті ревматикалы лихорадка

C) Түйінді периартериит

D) Жүйелі қызыл жегі

E) Жүйелі склеродермия

{Дұрыс жауабы}=А

 

$$$012

В. атты 13 жасар науқас бала, әлсіздікке, тершеңдікке, жүдегеніне, сол қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасынан 3см шығып тұрады, көкбауыр кіндік деңгейінде, қатты тығыздықта, ауырсынбайды. Қанда: эритроциттер – 3,0х1012/л, лейкоциттер – 96,0х109/л, миелобласттар– 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттер – 8%, таяқшаядролы – 12%, сегментоядерные – 52 %, эозинофилдер - 5%, базофилдер – 5%, лимфоциттер – 12%, тромбоциттер – 200,0х109 /л, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жедел миелобласты лейкоз

B) Миелоид типті лейкемоидты реакция

C) Созылмалы миелолейкоз

D) Созылмалы лимфолейкоз

E) Тромбофлебиттік спленомегалия

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$013

Қыз бала 9 жаста,эндокринологқа жолданды. Қанға толу сезімі, тершеңдік мазалайды. 3 ай ішінде 5 кг салмаққа арықтаған. Объективті қарағанда: эмоциональді тұрақсыз, қозғыш, жылағыш. Қозғалыс белсенділігі жоғарлаған – қол саусақтарының ұсақ треморы байқалады. Тері жабындылары ылғалды, ұстағанда ыстық; төмен қарағанда шатыраштың үстінде склерасының бөлігі көрінеді. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыз - эластикалық консистенциялы, және без үстінде тамырлық шу тыңдалады. Тыныштық жағдайында тахикардия, жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Нәжісі жиілеген. Болжам диагнозды көрсетіңіз:

A) Пароксизмальды тахикардия

B) Диффузды-токсикалық зоб

C) Гипотиреоз

D) Эутиреоидты зоб

E) Мишық атаксиясы

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$014

5 жастағы бала дене қызуы 380С көтеріліп, бұлшық еттерінде және жұтыну кезіндегі ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, көңіл күйі төмендеген. Тері жабыны таза, қалыпты түсте, шырышты қабаттары ылғалды. Аранында – жұтқыншақ артқы қабырғасында қызару, алдыңғы таңдай доғасында ұсақ везикулалар бар. Жүрек және өкпе жағында патологиялық өзгеріс жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға асты доғасынан 1,5 см, көкбауыр 1,0 см-ге шығып тұр. Физиологиялық бөлінулері қалыпты. Сiздiң диагнозыңыз:

A) Герпетикалық инфекция

B) Қызылша

C) Аденовирусты инфекция

D) Қызамық (краснуха)

E) Энтеровирусты инфекция

{Дұрыс жауабы}=E

 

$$$015

3 айлық баланы үйіне қарауға дәрігер келді. Баланың анасының шағымдануы бойынша 2 күн бойы жөтелге, субфебрильді қызуға, тәбетінің төмендеуіне, бүгін тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде клеткасының тартылуы байқалады. Сіздің әрекетіңіз, БЖАИЖ келісімімен:

A) Қауіпсіз заттармен тамақты сүртіп жеңілдету, 3-күннен соң келесі келуді тағайындау

B) Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, 5-күннен соң келесі келуді тағайындау

C) Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, қосымша сальбутамол, бірден ауруханаға жатқызу

D) Пневмонияға антибактериальды дәрілер тағайындау, 2күннен соң келесі келуді тағайындау

E) Пневмонияға 1 антибиотик тағайындап, бірден ауруханаға жатқызу

{Дұрыс жауабы}=E

 

$$$016

10-жастағы бала бронх демікпесіне байланысты амбулаторлы ем қабылдайды. Анасына 10 күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілді. Бірақ бала әлі толық жазылған жоқ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағына байланысты үлескелік дәрігер әрекеті:

A) Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жабу

B) Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге созу

C) Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге созу

D) Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге ашу

E) Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге ашу

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$017

Профилактикалық қарауға 14 жасар қыз бала келді. Анамнезі: 10 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен өткен алғашқы ревматизмді шабуыл болған. Әлсіздік, тез шаршау, физикалық күш түскенде ентігу, кешке қарай аяқтың сыртқы беткейінде ісінулер болатынын айтады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындысы таза, бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, жуан-дөрекі пансистолалы шу естіледі. Балтырлары пастозды. Сіздің әдісіңіз:

A) Диуретиктерді тағайындап, барысында бақылау

B) Ревматолог кеңесіне жолдама беру

C) Кардиохирург кеңесіне жолдама беру

D) Антибиотиктер мен диуретиктер тағайындау

E) Жүректің УДЗ және доплерография жасау

{Дұрыс жауабы}=E

 

$$$018

Ауруханаға 15 жасар М. атты науқас бала, ентікпеге, жүрек дүрсіліне, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінулерге шағымданып түсті. 11 жыл бойы «ревматизм» диагнозымен диспансерлік есепте тіркелген. Тері жабындысы бозғылт, акроцианоз, бетәлпетінің қызғылттануы байқалады. Өкпенің базальды бөлімдерінде – дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы жоғары және оңға қарай кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты; жүрек ұшында систолалы шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті естіледі. Тамыр соғысы минутына 96 рет, ЖЖЖ - минутына 140 рет. АҚ– 130/85 мм. сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыр қабырға доғасынан 3-4 см шығып тұрады. Аяқтарында ісінулер бар. Тәуліктік диурезі – 650 мл. Сіздің емдік шараңыз:

A) Диуретиктер

B) Антибиотиктер

C) Қабынуға қарсы дәрілер

D) Антиаритмиялық дәрілер

E) Калий дәрілері

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$019

10 жастағы ұл бала, іштегі толғақтәрізді ауырсынуға шағымданады. Рентгенологиялық көпіршік рефлексінің кеш болуы, тітіркендіргішті енгізгеннен кейін 45 минуттан кейін. Емдеу тактикасын көрсетіңіз:

A) Папаверин 0,02 г 3 рет күніне

B) Ампициллин 100 мг/кг 3 ретке бөліп

C) Де-нол 0,04 г 3 рет күніне

D) Аспирин 0,015 3 рет күніне

E) Цефазалин 40 мг/кг 3 ретке бөліп

{Дұрыс жауабы}=A

 

$$$020

Он төрт жасар балада асқазан ішек жолының жара ауруына күмән бар. Тексеру мақсатында ауруханаға жатқызылды. Клиникалық көрінісінде алғашқы орында ауыру синдромы, сосын диспепсиялық синдром және қозу синдромыбайқалады. Бұлшық ет қорғанысы оң, вегетативті жүйке жүйесінде бұзылыс бар. Баланы тексеруде негізгі жабдықты зерттеу:

A) Барий арқылы рентген

B) Ультрадыбысты зерттеу

C) Эзофагогастродуоденоскопия

D) Пакреатохолангиография

E) Компьютерлі томография

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$021

14 жастағы жас жігітте АГ байқалады, өте жоғары қан қысымымен, бала кезінен педиатрда тіркеуде тұрған. Жалпы тәжірибелік дәрігер бүйрек тамырларының патологиясы туралы ойлайды. Осыны анықтау үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі:

A) Бүйректің УДЗ

B) Бүйректің сцинтиграфиясы

C) Бүйрек артерияларының УДЗ

D) Бүйректік артериография

E) Контрастты урография

{Дұрыс жауабы}=D

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 386; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!