Хирургические болезни ОВП_каз 16 страница



$$$022

Стационарға 7 жастағы қыз бала түсті. Шағымдары: ауырсынумен жүретін зәр шығару, зәр түсінің өзгеруі. Жағдайы орташа ауырлықта. Еріннің шырышты қабаты мен сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында герпетикалық бөртпелер. Зәрі қызыл түсті. Қан анализінде: Нв-102 г/л, Эр.-3,4х10-9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәр анализі: эритроциттер бірыңғай. Тағайындау керек:

A) Уросептиктер,физиоем, сульфаниламидтер

B) Уросептиктер,спазмолитиктер, глюкортикостероидтар

C) Уросептиктер,спазмолитиктер, зәр айдағыш заттар

D) Спазмолитиктер,уросептиктер, вирусқа қарсы заттар

E) Сульфаниламидтер,глюкокортикостероидтар

{Дұрыс жауабы}=D

 

$$$023

Он үш жастағы науқас бала, суық тигеннен кейін қолының буындарында ісіну мен ауыру сезімі пайда болғанын айтады. Жіті ауыру сезімдері басылғаннан кейін, таңертеңгілік құрысу пайда болды, зақымданған буындар саны көбейген. Натрий диклофенак тағайындалған. Сегіз айдан кейін бұл үрдістің белсенділігі аздап төмендеген, бірақ басқа да буындардың зақымдалуы байқалады. Рентгенде саусақтар буындарының сүйек-шеміршек деструкциясы көрінеді. Емдеу әдісін:

A) Диклофенакпен емдеуді жалғастыру

B) Стероидты емес қабынуға қарсы ем

C) Глюкокортикостероидты ем

D) Антибиотикотерапиялық ем

E) Физиоем тағайындау

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$024

Он үш жасар бала әлсіздікке, тершеңдікке, 2 жылда 8 кг-ға арықтағанына шағымданады. Объективті: барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығып тұрады, көкбауыр ұлғайған. Қан анализі: гемоглобин –85 г/л, эритроциттер –3,0 х 1012/л, лейкоциттер - 135,0 х 109/л, таяқша ядролы – 3%, лимфоциттер – 96 %, моноциттер – 1 %, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, тура билирубин - 11мкмоль/л. Сарысулық темір -28ммоль/л, Кумбс сынамасы оң. Негізгі диагнозды нақтылайтын зерттеу тәсілі:

A) Иммуноферментті анализ

B) Стернальді пункция

C) Трепанобиопсия

D) Лимфа түйіндерінің биопсиясы

E) Көкбауыр пункциясы

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$025

Ауруханаға 15 жасар қыз бала жүректің дүрсілдеуіне, ентігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдік, жүдеу шағымдарымен түсті. Бір жыл аралығында осы өзгерістерді байқайды. Ауыр стресс болыпты. Объективті: тынымсыз, көзжанары жақсы, қол саусақтарының треморы байқалады, Ромберг қалпы тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде - везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты дыбысты, тахикардия ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚ 140/50-160/40 мм. сын.бағ. Жиі іш өтулер байқалады. Науқасқа қандай зерттеу тағайындауға болады:

A) Баримен мойын R-графиясы

B) Қалқанша безінің УДЗ

C) Қанда Т3 пен Т4 анықтау

D) Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

E) С-реактивті белокты анықтау

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$026

4 жастағы бала, ауырғанына 2 күн болды, дене қызуы 37,7 С, мұрнынан су ағады, жөтел, тамағы қызарған, тыныс алу жиідігі минутына 25 рет, ЖСЖ – минутына 115 рет. Өкпесінің барлық жерінде бірдей таралған қатаң тыныс, сырылдар жоқ, перкуторлық дыбыс өзгермеген. Сіздің емдік әрекетің:

A) Антибиотиктер + қақырық шығарушы препараттар

B) Аналгетиктер + сульфаниламидтер

C) Жылы сұйықтық, қақырық шығарушы препараттар

D) Эуфиллин, сульфаниламидтер

E) Гистаминге қарсы препараттар, қақырық шығарушы препараттар

{Дұрыс жауабы}=C

 

Каз хирургические болезни

$$$001

Странгуляциалық ішек түйілуіне әкелетін ЕҢ жиі себебке жатады:

А) Ішек ілмегінің айналуы

В)Копростаз

С) Ішек қуысының ісікпен обтурациясы

D) Көкбауыр инфаркты

Е) Ішек парезі

{Дұрыс жауап}= A

 

$$$002

Төменде көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қандай жағдай дамуы мүмкін?

А) Бүйректік шаншу

В) Жара перфорациясы

С) Шажырқай тамырларының тромбозы
D) Қақпаша тарылуы

Е) Қолқаның ажырамалы аневризмасы

{ Дұрыс жауап}= В

 

$$$003

18 жасар бойжеткен. Көбінесе қыста болатын аяқ-қолдар саусақтарының ауруына және қышуына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары бозарған, құрғақ, аяқ-қолдарын ұстағанда суық, цианозды, қасу іздері бар. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінен ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

А) Спиртпен сүрту

В) Массаж

С) Жылы сұйықтық

D) Кешке жылы ванналар

E) Маймен сүрту

{ Дұрыс жауап}= D

 

$$$004

Қолқаның және оның тармақтарының аускультациясы маңызды

А) артериальды стенозда

В) венаның варикозды кеңеюінде

С) посттромбофлебитикалық синдромда

D) Рейно ауруында

E) Акроцианозда

{ Дұрыс жауап}= А

 

$$$005

Науқас сізге сол жақ жамбас аймағындағы және балтырындағы ауырсынуға шағымданып келді. Түскі ас кезінде қайнаған суды аяғына төгіп алды. Қарағанда: алдыңғы сол жақ жамбас аймағының беткейінде және балтыры қызарған, көпіршікпен жабылған. Күйік аумағы 16%. Сіз не істейсіз:

А) Жедел жәрдем шақырып науқасты хирургиялық стационарға бағыттау

B) Жедел жәрдем шақырып науқасты күйік орталығына бағыттау

C) Жедел жәрдем шақырып науқасты травпунктке бағыттау

D) Науқасты хирургқа кеңеске бағыттау

E) Науқасты травмотологтың кеңеске бағыттау

{ Дұрыс жауап}= А

 

$$$006

70 жастағы әйел эпигастрий, кіндік маңы аймағындағы кенеттен пайда болған жедел ұстамалв ауру сезіміне, көп ретті құсу, газдвң шықпауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші кепкен, оң жақ кіндік маңы аймақта тимпанит, «шалпылдаған шу», қарқынды перистальтика. Қанда: лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Ащы ішек түйілуі

В) Тоқ ішек түйілуі

С) Перитонит

D) Жедел аппендицит

Е) Мезентериальды тамырлар тромбозы

{ Дұрыс жауап}= А

 

$$$007

48 жасар әйел, эпигастрий аймағындағы үдемелі, арқасына берілетін ауру сезіміне, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін өтпен құсуға шағымданады. Көп мөлшерде алкоголь ішеді. Қарап: боз, пульсі минутына 90 рет, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.с.б.б., іші ассиметриялы кепкен, эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі бар, Керте және Воскресенский симптомдары оң. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ, зәр диастазасы 530 бір. Вольгемут бойынша, қандағы қант 6,5 ммоль/л. Көрсеілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу тактикасы қандай?

А) Спирт-новокаинды бөгет

В) Склеротерапия

С) Симптоматикалық ем

D) Лапароскопия

Е) Хирургиялық ем

{ Дұрыс жауап}= С

 

$$$008

67 жастағы ер адам, кенеттен пайда болған ұстама тәрізді іштегі ауру сезіміне, құсуға, газ шықпауына, үлкен дәретінің жоқ болуына шағымданады. Қарап тексергенде: бозғылт, адинамиялы, дене температурасы 35,80 С, тілі құрғақ. Іші ассиметриялы кепкен, сол жақ мықын аймағында Вале, Кивуль симптомдары оң, перистальтикасы қашықтықтан естіледі. Қанда: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілгендер ішінде қайсы диагностикалық зерттеу ЕҢ бірінші орында?

А) Ирригоскопия

В) Құрсақ қуысы рентгенографиясы

С) Ректороманоскопия

D) Колоноскопия

Е) Құрсақ қуысы лапароскопиясы

{ Дұрыс жауап}= В

{Семестр}=14

 

$$$009

67 жастағы әйел, гипертоник. Қабылдауда кенеттен сол аяғының ауырсыну сезіміне, бозаруына шағымданады. қарап тексергенде: мәрмәр реңді сол аяқ терісі біртіндер цкөгере бастады. Пульс анықталмайды.

 Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысы ЕҢ алғаш тағайындайды?

А) Кофеин 10% - 1 мл тері астына
В) Промедол 2% - 1 мл тері астына

С) Папаверина гидрохлорид 2%-2 мл тері астына
D) Фибринолизин 60000 Б көктамырға
Е) Эуфиллин 2,4 % - 10 мл көктамырға

{ Дұрыс жауап}= D

 

$$$0010

Ер адам 55 жаста, жүргізуші. Дефекация кезіндегі ауру сезіміне, нәжіспен араласпаған алқызыл қанның бөлінуіне, анус аймағындағы түйіндер мен қышуға шағымданады. Айтылған шағымдар кезеңді түрде физикалық күштемеден соң пайда болады. Соңғы айда түйіндер кез-келген күшенуде түсуі болады, қолмен салса, бірден қайтадан түседі. Қарап тексергенде: анус аймағында «үш және жеті сағаттарында» 2х2,5 см өлшемді түйіндер, тік ішекті саусақпен тексергенде тығыз және ауыратын домаланған түзілістер бар. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу әдісі қандай?

А) Инфрақызыл фотокоагуляция

В) Склеротерапия

С) Латексті сақиналармен түйіндерді лигирлеу

D) Консервативті ем

Е) Геморроидэктомия

{ Дұрыс жауап}= Е

 

$$$0011

Ер адам 69 жаста. Дефекация актінде қолмен жеңіл салынатын, тік ішектің азғантай учаскесінің түсуіне, газдарын ұстай алмауына шағымданады. Қарап тексергенде: жүресінен отырып күшенгенде конус түрінде тік ішектің шырышты қабығы түсуі көрінеді. Саусақпен тексергенде сфинктер әлсіреген.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу шарасы қандай?:

А) Ректопексия

В) Отырмалы ванна

С) Микроклизмалар

D) Іш қатулардың алдын-алу

Е) Склеротерапия

{ Дұрыс жауап}= A

 

$$$0012

48 жастағы науқас мынадай шағымдармен ауруханаға түсті: балтыр бұлшықетінің ауыруы,бөксе,бел,  20-30метр аралығында жүрісінде импотенция байқалады. 9 ай аралығында ауру болып табылады. 2 жыл бұрын кіші көлемді миокард, инфарктысымен ауырған. Объективті: беткі тері ұшы "піл сүйегіндей", сирақтың беткі түктері жоқ. Аяқтың артериялық пульсі анықталмайды. Аурудың клиникасы және науқастың аяқтық облитерациялық атеросклерозы объективті белгімен белгіленеді, Лериш синдромымен жүректің ишемиялық ауырумен байқалады,не істеуге болмайды?

А) реовазография

Б) термометрия

В) капилляроскопия

Г) ультрадыбыстық доплерография

Д) аортаграфия

{ Дұрыс жауап}= B

 

 

Науқас сізге сол жақ жамбас аймағындағы және балтырындағы ауырсынуға шағымданып келді. Түскі ас кезінде қайнаған суды аяғына төгіп алды. Қарағанда: алдыңғы сол жақ жамбас аймағының беткейінде және балтыры қызарған, көпіршікпен жабылған. Күйік аумағы 16%. Сіз не істейсіз:

Жедел жәрдем шақырып науқасты хирургиялық стационарға бағыттау

+Жедел жәрдем шақырып науқасты күйік орталығына бағыттау

Жедел жәрдем шақырып науқасты травпунктке бағыттау

Науқасты хирургқа кеңеске бағыттау

Науқасты травмотологтың кеңеске бағыттау

 

05_05_қаз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе-05

Тақырып «Психиатрия және наркология» 05

$$$001

Науқас Т. -68 жаста, экономика ғылымдарының кандидаты, ЖОО- оқытушы болған. Туысқандарына әйелі оның тамағына қүм қосатынын айтып шағымданған, “Әйелім мені уландырып, мен олген соң, жас көршіге тұрмысқа шыққысы келеді”. Өзі жоқта әйелі оның заттарын ақтаратынын байқаған. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Соматикалық тұрғыда: аускультация кезінде аортадан 2 тонға жоғары акцент байқалады. Қан қысымы 150\90 мм сынап бағанасы бойынша. Неврологиялық жағынан ешқандай өзгеріс жоқ. Диагноз қойып, оңалту әдістерін анықтау қажет.

А) Алкогольдік паранойя. Транквилизаторлармен психофармакотерапия жасау (феназепам, реланиум)

В) Инволюциондық параноид. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (азалептин, трифтазин, соналакс)

С) Параноидтық шезофрения. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (галоперидол, хлориротиксен)

Д) Алкогольдік параноид. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (галоперидол, транквилизаторлар, фенозепам, элениум)

Е) Тамырлық психоз. Тамырлық құралдармен фармакотерапия жасау ноотроптармен.

{Дұрыс жауабы} = B

 

05_05_қаз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе-05

Тақырып «Психиатрия және наркология» 05

$$$002

Психиатриялық клиникаға 30 жастағы жас келіншек жеткізілді, 2 ай бұрын бұл келіншек баласынан айырылған. Өз-өзіне қол жұмсау арқылы өлмекші юолған. Бһлімшеде бір нүктеге қарап қозғалыссыз отырады. Бет әлпетінде терең кұйзеліс, жыламайды. Сұрақтарға қинала отырып жауап береді. Өзін баласының өміріне кінәлі санайды. “Оған аз көңіл бөлдім”- деп санайды. Басқа екі баласына қамқорлық жасамайды. Бұл жағдай бір жарым айға созылған. Біртіндеп, колданған емшаралардың әсерінен науқас аурулық жағдайдан айығып шықты. Диагноз қою – оңалту әдістері.

А) МДП депрессивтік фаза. Антидепрессанттар, нейролептиктер.

В) Реактивті депрессия. Антидепрессанттар, психотерапия

С)  Шизотиптік бұзылу. Депрессивтік синдром. Антидепрессантар.

Д) Астениялық невроз, депрессивтік синдром, антидепрессанттар

Е) Бетперделік депрессия. Антидепрессанттар, психотерапия.

{Дұрыс жауабы} = B

 

05_05_қаз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе-05

Тақырып «Психиатрия және наркология» 05

$$$003

Науқас В- 78 жаста. Қызының айтуына қарағанда соңғы 2 жыл ішінде мінезі бұзыла бастаған : мазасыз, ұрысқақ, тұнжыраңқы болған, заттарының арасында қатқан нан, печенье, кампиттер, ескі- құсқы шүберектерді тығып қояды. Сол заттарды қайта қайта қопарып қарай береді, өзіне қарамайды, сырт кейпі ұсқынсыз, тамаққа тойымсыздық, мешкейлік байқалады. 7 жыл бұрын жұбайы қайтыс болған. Жаұында ұызынан жұбайы ұайда екенін сұраған:”Абай қайда кетті “ Қызына әкесінің жұмысына хабарласып, түскі асқа шақыруын сұрайды. Өзінің жағдайына сыны жоқ. Диагноз қойыңыз.

А) Лакунарлық деменция

В) Сенильдік деменция

С) аликалық ақыл-кемдігі.

Д) Эпилептикалық ақыл кемдігі.

Е) Инволюциялық ақыл кемдігі.

{Дұрыс жауабы} = B

 

05_05_қаз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе-05

Тақырып «Психиатрия және наркология» 05

$$$004

Қыз бала – 7 жаста, ата-анасының жалғыз баласы, көп емделуден кейін туған, көптен күткен бала. Сәби дүниеге келгеннен бастап отбасының кумиріне айналған, айтқанынң барлығын орындатып отырған, бетін қақпа»һй һсірген перзент. Анасы қонақтарға қызының жалған таланттарын жиі көрсеткен, ән айтқызып,өлең шумақтарын оқытқызып, қызының ерекше талантына таңданып отырған. Мектепке барған кезде ұстаздар қыздың бойынан мінез құлықтың ерекшеліктерін байқаған. Айлакер, қандай тәсілмен барлығының назарын өзіне аударғысы келген. Диагноз қойыңыз. Диагностикалық оңалту әдісін анықтаңыз:


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 567; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!