Полиомиелит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.



Полиомиелит нейротроптық вирус әсерінен жұлынның алдыңғы мүйізі басымырақ зақымдалатын шұғыл инфекциялық ауру.

Аурлық дәрежесіне қарай: (Интоксикация және қозғалыс бұзылыстарының айқындылығы бойынша) Жеңіл Орташа Ауыр Ағымы бойынша: жағымды, жағымсыз.

Клиникалық көрінісі.

Иннапаранттық. Клиникалық көрініс бермейді, уақытша вирусқа қарсы антиденелердің пайда болуымен сипатталды.

Менингиалдық түрі. Ми қабықтарының зақымдануы білінбейді. Катаральды белгілер көрініс береді.

Ас қорту ағзалары функциясының бұзылуы: Құрсақ ауру.Іш өту. Бас ауру.Жалпы улану белгілері, адинамия.

Диагностика.Эпидемиологиялық анемнез жинау; клиникалық белгілерін ескеру (катаральды белгілерден кейін бір апта ішінде парез, параличтер пайда болуы); лабораториялық тексеріс тер жүргізу: жұтқыншақтан жағындыны алғашқы 5 күннен кешіктірмей алу керек; нәжісті ауру басталғаннан 14 күнге дейінгі мерзімде тексеріске алуға болады. арнайы шыны флаконға 4-5 гр нәжісті жинап, резеңке қақпағының сыртынан лейкопластырмен бекітіледі де, мұздатқышқа қойылады. Лабораторияға 72 сағат ішінде жеткізілуі керек, тасмалдау кезінде де температура +4, +8 градустан жоғары болмауын қамтамасыз ету керек (жаз айларында арнайы термоконтейнерлерде), өйткені полиомилит қоздырғыштары жоғары температураға шыдамсыз келеді. жұлын-ми сұйықтығы тексеріліске 2-3 рет мл көлемінде алынып, қысымы, клеткалар мен белоктар мөлшері анықталады; серологиялық тексерістер жүргізу үшін көк тамырдан қан алынады (қандағы антиденелерді анықтау, олардың титрінің келесі тексерісте жоғарлағандығын байқау); электромиография (бұлшық ет күшін тексеру) полиомиелитке диагноз қоюға көмектеседі.

Полиомиелит профилактикасы немесе алдын алу - 2, 2,5 және 5 айлық нәрестелерге 3 валентті вакцинация. 1-2жас аралығында қайталамалы вакцинация

28.Дизентерия (шигеллез). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Асқынуы.

Шигеллездер – тегінің микробтары шақыратын, қысқа уақытты жалпы интоксикациямен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен. Дистальды колиттің клиникалық-морфологиялық көріністерімен жиі жедел өтетін созылмалыға қарағанда.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 7 күнге дейін. Ауру клиникасы интоксикация симптомдарынан және жергілікті процесстән тұрады. Токсикоз синдромы және жергілікті процесс қоздырғышқа байланысты. Мысалы Флекснер, Григорьев-Шиг шигеллездеріне нейротоксикоз тән, Зонне шигеллезіне — токсиқалық және гиповолемиялық шок тән.

1 жастан асқан балаларда жергілікті процесс Флекснер және Григорьев-Шиг шигеллезы кезінде дистальды колит түрінде, ал Зонне, Бойд шигеллезі кезінде гастроэнтероколит түрінде көрінеді.

Шигеллездер жіктелуі А.А.Колтыпин принциптеріне негізделеді. Типтік, атиптік түрлерін ажыратады. Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр болып бөлінеді. Ағымы бойынша жедел, созылынқы және созылмалы деп бөлінеді.

Типтік түрде айқын дистальды колитгік синдроммен сипатталатын шигеллездердің барлығы жатады. Колиттік синдром: тенезімдер (немесе оның эквиваленттері), ауру сезімі, спазмды сигма тәрізді ішек; сфинктерит, қан мен шырыш қосылған нәжіс. Атиптік түріне жасырын, диспепсиялық, субклиникалық және гипертоксикалық шигеллездер жатады.

Шигеллездер ауырлығының критерийлері — инфекциялық токсикоз дәрежесі және жергілікті өзгерістер. Типті орташа және ауыр ағымда аурудың ауырлығы жалпы улану белгілеріне (тип А) немесе жергілікті көріністерге (тип В), немесе тән дәрежедегі токсикозға және дистальды колитке (аралас тип В) байланысты. Жеңіл, атипті түрлерде А.Б,В типтеріне бөлмейді.

Жеңіл түрінде (50-60%) интоксикация әлсіз дамиды, қызуы 38,5°С-тән жоғары емес, үлкен дәреті 5-6 реттән көп емес, сұйық, құрамында шырыш, қан болады.

Тенезімдер әлсіз дамыған, сигма тәрізді ішек ауру сезімді, спазмдалған. Сфинктерит болады.

Орташа ауыр түрінде (40%) интоксикация симптомдары айқындалмаған, қызуы 38,5-40°С, қайталамалы құсу,тәулікте 9-15 рет іші өтеді, дәреті нәжістік сипатын жоғалтып, аз көлемде болады, көп мөлшерде шырыш және қан қоспшіары. Іш толғақ тәрізді ауырады, тенезмдер, сигма тәрізді ішек спазмдалған.

Ауыр түрі (5%). А типі. Басталуы жедел, қызуы 39,5-40°С және оданда жоғары. Нейротоксикоз пемесо инфекциялық-токсикалық шок дамуы мүмкін. Колиттік сидром бірнеше сағаттан кейін немесе бірінші тәулік соңында пайда болады, олсіз дамиды және жағдайының ауырлығын анықтамайды.

В типі. Гипертермиядан, іштің ауруынан, жиі іштің өтуінен (өте көп), аз нәжістік масса — бозғылт шырыш, жасыл ірің, қан қоспасы бар. Жедел басталады. Өте айқын тенезмдер болады. Бала дәретке жиі отырады, ауру сезімнен жылайды. Анус ашық. Сигма спазмдалған. Тік ішектің түсуі мүмкін.

Көмескі түрі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қызуы қалыпты жағдайда. Қысқа уақытқа (1-2 күн) үлкен дәреті сұйықталуы мүмкін (тәулікте 1-2 рет). Сигма тәрізді ішек шамалы қатайған, анустың сыртқы сфинктері әлсізденеді.

Диспепсиялык түрде (6 айға дейінгі балаларда болады): тәбеті темендейді, құсу, субфебрильді немесе қалыпты қызба болады, үлкен дәреті сұйық, күрамында қан болмайды.

Гилертоксикалык түрі, Аурудың бірінші сағаттарынан бастап, гипертермия, құрысу синдромы болады, тез арада жедел бүйрек үсті безінің және бүйрек жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром дамиды. Кеп жағдайларда дистальды колит дамығанға дейін Науқас өліп кетуі мүмкін. Бұл түрі балада алдын ала болған сенсибилизация фонында дамиды.

Шигеллездердің диагностикасы 2 сатыдан тұрады, басқада ЖІИ сияқты:

1. Біріншілік диагноз (клиникалық-анамнездік мәлеметтер бойынша диареяның инфекциялық тегі, оның түрі — инвазивті, секреторлы, зақымдалу деңгейі және ауру ауырлығы анықталады).

2. Қорытынды диагноз. Мүмкіндік бойынша бактериологиялық және иммунологиялық әдістерді қолданып, этиологиялық диагноз қойылады. Қобымша әдістер — көп рограмма (лейкоциттер 50-ден көп, эритроцитгер, май қышқылдары, сабывдар), қанның лейкоцитарлы формуласы (лейкоцитоз, нейтрофиллез, формуланың солға қарай ағысуы).

Шигеллез диагнозын қою үшін бактериологиялық әдіс қолдануға болады — нәжісті керекті ортаға егу, Григорьев-Шиг таяқшасын қанды егіп табуға болады, себебі 7-8%-те бактериемия орын алады.Серологиялық әдістер де жүргізуге болады — антигендік диагностика:

1. ИФА

2. Антигендік гемагглютинация реакциясы (РАГА)

3. Зардегі шигеллалардың антигендері

4. Коаглютинация реакциясы

5. Латекс-агглютинациясы

6. Тікелсй гемагглютинация реакциясы РПГА

Алдын алу

1. Диагнозды ерте қойып, Науқасты жеке бөлу

2. Санэпидстанцияға жедел хабар беру

3. Ағынды және қорытынды дезинфекция (ошақта).

4. Қатынаста болған адамдарды 7 күн бақылау (термометрия, үлкен дәретін қарау). Карантин салынбайды, көрсеткіштер бойынша ішек ауруларына тексеру.

5. Шигелла тасымалдаушылар балалар мекемелеріне толық санацияға дейін жіберілмейді (дизентериялық бактериофаг 5-7 күн, эубиотиктер, иммунокорректорлар). Комплекстік иммуноглобулиндық препарат (КИП) 1-2 мөлшері күніне, 1-2 рет 5-7 күн бойы.

6. Ошақта 1-3 жастағы балаларға 1 таблетка дизентериялық бак-териофаг, 3 жастан жоғары 2 таблетка күніне 2 рет немесе КИП.

7. Балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы төртіпті қатал сақтау, жеке гигиена ережелерін сақтау. Тағам енімдерін дайындау технологиясын және тарату ережелерін қатал сақтау.

8. Арнайы спецификалық алдын алу өңделмеген.

 

29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.

Тырысқақ ерекше өзіндік гастроэнтеритпен немесе энтеритпен, жалпы интоксикациямен, су-түз алмасуының бұзылыстарымен организмнің сусызданып, жүрек қан-тамырлар қызметінің қарқынды төмендеуімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Клиникасы. Тырысқақтың инкубациялық кезеңін 1-2-5 күн құрайды. Тырысқақ вибрионымен залалданғанда әр түрлі клиникалық керініс болады — сау вибриотасымалдаушыдан алгидке дейін. Тырысқақ кенеттән профузды іш өтуден басталады. Сирек кездерде әлсіреуден, тәбетінің төмендеуінен, бас айналудан, іштің құрылдауынан басталады. Тырысқаққа нәжістің жағымсыз иісі болмайды, ол бетінде үлпегі жүзіп жүрген сулы сұйықтық — "күріш қай-натпасына" ұқсайды. Сирек нәжістің түсі не сары, не қоңыр, не қызылда болады.

Алдымен дәрсті жиі емес нәжістік сипаты мен иісі сақталған, ал кейін ботқа тәріздес, соңында су сияқты болады. Осы уақыттан бастап нәжісі үздіксіз және еріксіз жүреді іш өтуінде ауру сезімі мен тенезмалар болмайды немесе болса да өте айқын емесе. Соңыра іш өтуге құсық қосылады, құсу жүрегі айнуынсыз болады. Алдымен құсықта тамақ қалдықтары болады, кейін ол өт қосындысы бар сулы сүйыкқа айналады.

Зәр бөлу күрт төмендейді. Олигоурия анурияға өтеді.

Дене салмағының 8-10% құрайтын сұйық жоғалғанда және натрий хлоридімен, калий жоғала беретін болса, Науқаста алгид дамиды. Ол артериалды қысымның төмендеп жоғалуымен, әлсіз жиіленген тамыр соғуымен, күшті ентігуімен терісінің цианозымен, аяқ-қолдың топикалық құрысуымен, шайHAV бұлшық еттерінің құрысуымен олиго-ануриямен сипатталады. Бет сызықгары үшкірленген, көзі мен ұрты түсіп кеткен, тілі құрғақ, ауыз шырышты қабаты құрғаған дауысы қырылдаған не болмаса афония. Дене температурасы төмен. Терісі салқын тургәр төмендеген, тері қатпарлары жазьшмайды. Қол бас және табан саусақгары әжімделген, кір жуушы қолы секілді.

Қышқылды - сілтілі орта — ҚСО (КЩС) бұзылған, метаболикалық ацидозбен гипокапниямен және тыныстық алкалозбен сипатталады.

Қанда — гипокапния, гипонатриемия, гипохлоремия.

Лабораториялық дигностиканың бактериологиялық әдісі шешуші маңызға ие. Серологиялық зерттсу Әдістері аглютинация реакциясы вибриоцидті анти денелерді табу реакциясы (ИФА) люминисценті — серологиялық әдіс және фагтың адсорбциялық реакциясы (ФАР) - диагностикалық қосымша әдістеріне жатады. Соңғы жылдары ПЦР әдісі қосылды.

 

30.Менингококкты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.

Клиникалық көріністері: Жедел назофарингит ең жиі кездесетін түрі. Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық, бактериологиялық мәліметтерге қарап қойылады. 3-8 күннен кейін ауру не жазылады немесе аурудың жайылған түріне өтеді. Диагноз қою қиын. Жайылған түрінде продромальды кезеңі-2-3 күн.

Жайылған түрі: Менингоккцемия - 15,5%. Дене қызуы 2-3 күннен 8-10 күнге дейін созылады. Аурудың басынан 6-24 сағат өткенде денесіне бөртпе шығады кейде 2-3 тәуліктән кейін бөртпе некроздармен болады. Осы ауруға тән осындай бөртпеден басқа соңғы жылдары полиморфты бөртпе де шығуы мүмкін деп санайды — мысалы үшін — дақты, розеолезді, папулезді, скарлатинадағыдай, герпестегідей, негізінен геморрагиялық, жұлдыз тәрізді бөртпе, балтырында, санында, жамбасында, қабаттарында көп орналасады. Жалпы қан анализінде — лейкоцитоз, солға қарай жылжыған, СОЭ өте жоғары. Ауыр түрлерінде коагулограммада күрт өзгерістер болады. Емі ерте басталса-ауру сауығып кетеді.

Менингит 33%. Жедел басталады, шешесі ауруының басталған уақытына дейін айтуы мүмкін. Ем кеш басталса, жарты шаралардан қабыну мидың негізіне өтеді, бұл кезде бас ми нервтері кабынады — көру, есту, көз қимыддататын нерв, бет нервтері. 25% балаларда пирамидті белгілер болады — анизәрефлексия, Бабинский синдромы, тремәр, клонусоид. Ликвәрда — плеоцитоз, нейтрофилді белок жоғары. Нәтижесі — дер кезінде ем басталса 7-10 күндері ликвәрдағы өзгеріс қалпына келеді.

Аралас түрлері ≈ 48,7%.

Менингоэнцефалит ≈ 2,8%. "Жедел басталады, дене қызуы жоғары, айқын білінетін жалпы улану белгілері, қатты бас ауру, есі бұзылады, аурудың алғашқы күндерінен — ақ бас ми нервтерінің зақымдалу белгілері болады" - салданулар мен парездер. Болжамы, нәтижесі — нашар, өлім дәрежесі бұл түрінде өте жоғары. Қалдықты көріністер қалуы мүмкін — гидроцефалия, салданулар, ақыл есінің дамуы артта қалуы мүмкін. Аурудың орташа ұзақтығы — 4-7 апта.

Әсіресе ауыр түрлері — менингококкцемияның тез дамитын түрі найзағай тәрізді - өте тез басталады, дене қызуы — 40-41°С, қалтырап дірілдейді, гиперестезия, тремәр, кұрысулар, сандырақтау, есінен тануы мүмкін. Өте тез бөртпе шығып, тез арада көбейеді, нейкроздар, тахикардия, АҚҚ төмендейді, ентікпе, анурия, ДВС синдром, ИТШ дамиды.

ИТШ I дәрежелі-дене қызуы — 39-40°С, қалтырау, гиперестезия, еріндері көгереді, тері қабаттары бозарады, тахикардия, аздап АҚҚ жоғарылайды, аздап ентігу, диурез қалыпты немесе аздап азайған. Бөртпе өзінің кездесетін жерлерінде ғана орналасқан кеудесінде, бетінде.

ИТШ ІІ-ші дәрежелі-дене қызуы төмендейді субфебрильді немесе қалыпты. Бала әлсіз, есенгіреген, есінен танған, акроцианоз, аяқ қолдары салқын, тахикардия, АҚҚ 20-30 мм түскен төмен, жүрек үндері бәсендеген, тынысы бсткейлі, олигоурия, бөртпе шырышты қабаттарда да кездеседі.

ИТШ III дәрежелі-гипөтермия, тотальды цианоз, өліктің дақ-тары шығады, тахикардия өте айқын, аритмия, АҚҚ-40 /0-20/, пульс жоқ, анурия, тыныс-патологиялық, есінен танған-комада. ДВС-қан кетулер болады.

Лабораториялық диагностика — бактериологиялық, серологиялық - қос сары су әдісін қолданады (РПГА, РСК, ИФА). Әйнекте қанның жуан тамшысы: диплококктар табылады.

Алдын - алу шаралары.

Науқасты немесе бак.тасымалдаушыны ерте изоляциялағанның үлкен маңызы бар.

Аурудың әр жағдайында СЭС-ға шұғыл хабар беріледі. Науқас табылған коллектинтсрде 10 күнге карантин салынады. Осы уақыт ішінде жаңадан немесе уақытша болмаған балаларды қабылдауға, балалар және қызметкерлерді басқа топтарға ауыстырута тиым салынады.

10 күн бойы мұрын - жұтқыншақгы, теріні қарау, температураны күнделікті өлшеу арқылы клиникалық бақылау жүргізіледі. Бак. зерттеу 3-7 күнде 2 рет жүргізіледі. Табылған тасымалдаушылар жекеленіп, емделеді, одан кейін 3 күннен соң қайтадан 1 рет бактериологиялық зерттеледі.

Қатынаста болғандар коллективке бірінші теріс нәтижелі бак. анализден соң жіберіледі.

Жайылмалы түрімен ауырған Науқастардың стационардан шығуы толық клиникалық сауығуға байланысты, бак. анализ алынбайды.

Менингококкты инфекцияның реконвалесценттері мектепке дейінгі балалар мекемесіне, мектепке, мектеп - интернатқа, санаторийлерге, оқу орындарына, ауруханадан шыққаннан 5 күн өткеннен кейінгі тапсырған бак. анализдің теріс нәтижесі болғанда ғана рұқсат етіледі.

Белсенді иммунизация үшін менингококкты вакциналар қолданады. Ресейлік А — вакцина және және кубалық В — вакцина. Олардың антигендік құрамының шектеулілігі — жетіспеушілікке жатады.

 

 

Денгей

 

 

Есеп №1

       Нәресте 4 жаста бала-бақшасына барады. Бала-бақшасында 3 ай бойы вирусты гепатит болған. Қарағанда баланың жағдайы орташа ауырлықта, терісі таза сары түсті, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, жұмсақ таңдайдың кілегей қабаты ихтериялық, тыныс алу және жүрек тамыр жүйесінде өзгерістер жоқ. Іші жұмсақ ауырсыну байқалмайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см. шығыңқы. Көк бауыры ұлғаймаған. Дәреттері мезгілімен, кіші дәреті сыра түсті, нәжісі ағарған.

Сұрақ

1. Алғашқы диагноз қойыңыз?

2. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?

3. Емдеу жоспарын құрыңыз?

 

 Жауабы:

1. Вирусты гепатит А сарғаю формасы

2. Қанның биохимиялық анализі

Жалпы билирубин

Тікелей билирубин

Тимолды және сулема сынамасы АВС антигенге протронбинды индикске анти а-НАV – IgМ.

3. Стол №5

Төсектік режим. Көп су ішкізу (шай, шырын). Аскорбин қышқылы 0,2х3 рет. Холоссас 1 ас қасық х 3 рет

 

Ситуация №2

 

Нәресте 2айлық,ауруханаға анасының мына шағымдарымен түскен:дене қызуы көтерілген мазасызданған,әлсізденген, тәбеті төмендеген,лоқсыған,терісі сарғыш болған,несиебі қызарған 2ші күні нәжісінің түсі өзгерген.

Аn.vitae :дер кезінде туылған,салмағы 3600г., дер кезінде жылаған, емшекке 1ші күні берген, 10 күндігінде пневмониямен ауырған, 3апта емделген, плазма және қан құйылған. Ауру адаммен контакта болмаған. Ауруханаға 4ші күні жатқызылған. Қарағанда: Жағдайы өте ауыр, Т-39,6,есін білмейді, бетінің бұлшық еттері дірілдійді, құсығы қан араласқан, терісі сарғыш, тері - асты майлары нашар дамыған, тургоры төмен, ине еңгізген жері қанайды, көзі сары. Бауыры түскен кезде 4,5 см үлкейген, 12 сағаттан соң 2,5 см кішірейген, қамыр тәрізді, көк бауыры 1,5 см үлкейген. Биохимиялық анализінде: жалпы билирубин –197,6 ммоль\лАСТ –2,7, протромбинды индекс-37,4% .

Сұрақ

1. Клиникалық диагнозын койыңыз.

2. Емін тағайындаңыз.

Жауап

1.Вирусты гепатит В.Типті,ауыр түрі.

2.Дезинтоксикациялық терапия.Гормондар(преднизолон 10мг\кг),протеолитикалық ферменттер.Атибиотиктер.Криоплазма.Калий препараттары.

.

Ситуация №3              

Марат есімді нәресте 6 айлық, ауырғанына 5 күн болған. Жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі байқалған. Ауруханаға түсер алдында жалпы жағдайы нашарланған әлсіздік, құсқан, несебі қарайған, склераның сарылығы байқалған. 3 ай бұрын емханада пневмония диагнозымен емделген 2 рет қан қабылдаған, аурумен қарым-қатынаста болмаған. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр, әлсіздік, құсу, терісі және склерасы сары, бауыры 2 см көк бауыр 1 см-ге үлкейген. Интоксикация симптомдары және сарылық белгісі жоғарланған. Б/х анализінде жалпы билирубин 78,2 ммоль\л, тікелей билирубин 68,2 ммоль, тікелей емес билирубин 10 ммоль, АЛТ-25, тимол сынамасы 10 ЕД.

 

Сұрақтар

1. Клиникалық диагнозды қойыңыз?

2. Қандай зерттеу жүргізіледі?

3. Емнің жоспары

 

Жауабы:

1. Вирусты гепатит В типті.

2. вирусты гепатиттің және басқа маркерлерін анықтайды.

3. Стол №5

Дезинтоксикациялық терапия. Аскарбин қышқылы 5%, преднизалон         5 мг\кг. Калий препараты ішке, Эссенсиале 1 мл х в/і + 50 мг 5 % глюкоза ерітіндісін там\п.

 

Ситуация № 4

 

У ребенка 9 лет на 8 день от начала заболевания краснухой внезапно повысилась Т до 39, повторная рвота, головная боль, возбуждение. Вскоре ребенок потерял сознание , появились кратковременные судороги. При осмотре масса 29 кг, Т – 39,4, пульс – 106 в 1 мин, Д – 30 в 1мин. Ребенок без сознания, выявлена очаговая симптоматика в виде левостороннего гемипареза, ассиметрии носогубной зкладки слева. Кожа суховата,без элементов сыпи. Дыхание затруднено, в легких жесткое дыхание. Тоны сердца чистые, учещены, живот мягкий, безболезненный. Печень и селезенка не увеличены. Анализ крови. Л – 7,8 * 10*9\л, э – 1%, п – 45% , Л – 49%, М- 5 % , СОЭ – 12мм\час. 

 

Вопросы.

1. Оформулируйте предварительный диагноз.

2. Какие допалнительные исследования необходимо назначить больному?

3.  Лечение.

 

 

Ответы

1. Энцефалит краснушной этиологии.

2. Вирусологическое, серологические исследования. РТГА в парных сыворотках с интервалом в 10 дней. Спиномозговая пункция, рентгенотерапия черепа.

3. Дезинтоксикационная терапия. Глюкокортикоиды. Диуретики. Витамины С,В.

 

Ситуация № 5

 

Ребенок 1,5 лет переносить тяжелую форму коклюша. При очередном приступе кашля он потерял сознание, начались судороги.

1. О каком осложнение нужно думать?

2. 2.Тактика врача ?

3. Назначьте лечение. 

 

 

Ответы.

1.Энцефалопатия. Судорожный синдром.

2.Выложить в больницу.

3.Антибиотикотерапия. Дегидротация. Антисудорожные препараты.

 

 

 

Есеп №6

       Науқас Байжанов Марат 3 жаста жедел ауырып қайталама құсулармен, ішінің ауырсынуына, тәбеті төмендеп, басы ауыруына шағымданып қалалық ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр ауырлықта. Тәулігіне 10-12 рет үлкен дәретке барады нәжіс сұйық кілегей аралас. Түскен кезде дене температурасы жоғары, жүрек тондары аздап тұйықталған. Сигма тәрізді ішектің спазмы пайда болып, пальпацияда ауырсынады. Нәжіс кілегей аздап қан араласқан.

1. Жіктемесіне байланысты диагноз қойыңыз?

2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізіледі?

3. Диагнозды негіздеңіз?

 

Жауабы:

1. Жедел дизентерия, ауыр формасы.

2. Бак пасев, РПГА

3. Тәулігіне 10-12 рет үлкен дәретке барады нәжіс сұйық кілегей аралас. Түскен кезде дене температурасы жоғары, жүрек тондары аздап тұйықталған. Сигма тәрізді ішектің спазмы пайда болып, пальпацияда ауырсынады. Нәжіс кілегей аздап қан араласқан.

 

 

Есеп №7

       Науқас Батырбекова Айжан 5 айлық ауруханаға дене температурасы жоғарлап, тынышсыз күйде күннің 2-ші жартысында іші өтіп нәжісі жасыл түске еніп, кілегейлі аздап қан араласқан сонымен қатар, тенезмдер,орташа ауырлықта байқалады. Обьективті қарағанда: дене температурасы жоғары, тері түсі өзгеріссіз, Аңқасы таза. Перкуссияда: өкпелік дыбыс, аускультацияда: везикулалық дыбыс естіледі. Жүрек үндері: айқын, ырғақты, пульс қалыпты, іші жұмсақ, бауыры, көк бауыры үлкеймеген. Анус босаңысқан айналасы қызарған. Менингиальді белгілері жоқ. Анасында ішек дисфункциясы болған.

1. Алғашқы болжам диагноз қойыңыз?

2. Қандай зерттеулер жүргізу керек?

3. Емдеу жоспары

 

Жауабы:

1. Жедел дизентерия, орташа типті ауырлық формасы

2. РПГА, капралогиялық зерттеу, ЖҚА, Бак пасев.

3. Ауруханаға жатқызып, оральді регидратация 300 мл., канамицин 50мг тәулігіне 3 рет, поливитаминдер.

 

Есеп №8.

Сарсен 4 жасар ,жедел ауырған Т-37,8 қөтерілген,лоқсыған,іші ауырған, өткен 6 рет. Қарағанда: жағдайы орташа, әлсіз, Т-37,8, тілі ылғал, өкпеде, жүректе өзгерістер жоқ, іші жұмсақ, ауырсыну байқалмайды, бауыры, көк бауыры үлкеймеген. Нәжісі сұйық, сары-көкшіл, ірің арласқан. Капрограммада: нәжіс сүйық, сары-көкшіл, ірің бар, майлы қышқылдар, эпит. жасушалары бар.

Сұрақ

1.Қандай диагноз қоясыз?

2.Қандай зерттеулер жүргізіледі?

3.Қандай ем қолданасыз?

 

Жауап

1.Сальмонеллез, орташа ауырлықта.

2.Нәжістің бак.зерттеуі.

3. Дезинтоксикация, антибиотикотерапия.

 

Есеп №9

Нәресте жедел ауырған,Т-39,5, құсқан.Ауру 4 сағат бұрын басталған қақталған балық жегеннен соң. Іші ауырған, өткен 3-4 рет (көкшіл-сары түсті, іріңді). Ауруханаға түскеннен соң 2-ші күні жағдайы ауырлаған,мазасызданған, құсқан. Терісі боз, таза, акроцианоз байқалады.Жүрек соғысы ырғақты, дыбысы төмен. Пульс 146 мин.ҚҚ 60/30. Ішінде ауырсыну байқалады. Салмағы 25 кг .

Сұрақ

1.Қандай диагноз қоясыз?

2.Қандай зерттеулер жүргізіледі?

3.Қандай ем қолданасыз?

Жауап

1.Сальмонеллез.

2.Нәжістің бак.зерттеуі, ҚЖА, капрограмма, РПГА.

3. Дезинтоксикация, антибиотикотерапия.

 

Есеп №10

       3 жасар Нұрсұлтан бөлімшеге лакунарлы ангинамен түскен. Ауырғанына 2 күн болған, араны қызарған, миндалиндері ісінген, миндалина үстінде ақ-сұр жамылғымен жабылған дақтар көрінеді. Жергілікті лимфа түйіндері екінші дәрежеге дейін ісінген. Дене қызуы 37,6 0С.

1. Диагнозы қандай?

2. Қандай лабораториялық зерттеулер жүргізіледі?

3. Алдын-алу жолы?

 

Жауабы:

1. Диагнозы: Аран дифтериясы, жергілікті формасы.

2. Аңқа және мұрыннан бак пасев алынады.

3. Күл ауруына қарсы сары су еңгізу 40мың МЕ.

 

 

Есеп №11

4 жасар Саматты қарағанда жақ асты безі үлкейген. көгершінің жұмыртқасындай,ауырсыну байқалады.Аранында жамылғы бар,алынуы қиын және қанайды. Ауырғанына 2 күн болған.Дене қызуы –37,5 көтерілген.Егулер салынбаған.

Сұрақ

1.Қандай ауру туралы ойладыңыз?

2. Қандай лабораториялық зерттеулер жүргізіледі?

3.Алдын-алу.

 

Жауап

1.Аран дифтериясы,жергілікті түрі.

2. Аңқа және мұрыннан бак пасев алынады.

3. Күл ауруына қарсы сары су еңгізу 40мың МЕ.

 

 

Есеп №12

Жергілікті учаскелік дәрігерге 4 жасар баланы алып келді . Шағымдары: дене қызуы көтерілген, жұтынғанда ауырсыну байқалады. Қарағанда:араны кызарған, миндалиндері ісінген қалын ақ-сұр жамылғы бар ,қиын алынады,орны қанайды. Бала ауылдан келгеніне 1 апта болған , егулер жайлы мәлімет жоқ.

Сұрақ

1.Алғашқы диагнозын қойыңыз.

2.Кезекші дәрігердін іс-әрекеті.

 

Жауап

1.Аран дифтериясы,жергілікті түрі.

2.СЭСке хабар беру, баланы жұқпалы ауруханаға жатқызу, 40 мың МЕ күл ауруына қарсы сары су еңгізу,жұқпалы ауру шыққан ошақты залалсыздандыру.

 

 

Есеп №13

Бала 2 жасар жаймен ауырған,жөтелген,Т-37,5 болган,емдеген, бірақ жағдайы жақсармаған, 3-ші күні жөтелі күшейген, жуандаған, дауысы қарлыққан, 4-ші күні дауысы жоғалған. Тынысы тарылған,дистантты шу естілген. Нәресте бозғылт, тұмаумен контакта болмаған, үйінде үлкен баласы баспамен ауырған. Егулер АКДС 7,8,9 айларында алған.

Сұрақ

1.Диагнозын қойыңыз.

2.Емі.

3.Жедел жердем қалай жасайсыз?

 

Жауап

1.Көмей дифтериясы, дисфония дәрежесі.

2. Күл ауруына қарсы сары су еңгізу 80 мың МЕ.

3.Интубация.ЖӨЖ.

 

 

Есеп № 14

Ермек 2-жаста,соматикалық бөлімшеде пневмониямен емделіп жатқан, 12- ші күні желшешек ауруы басталған.

Сұрақ

1.Бөлімшеде қандай эпидемиялық шаралар жасау қажет?

Жауап

1.Дереу үйіне шығару.

2.Карантин 21 күнге белгілеу. Контактілерді бақылау.

3.Әлсіз ауруларға иммуноглобулин салу карантинның 5-6 күніне дейін.

 

Есеп №15

       Кеңес 5 жасар ,жел шешекпен ауырған,7 ші күні Т-39,4 көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта, ұйқышылдық, құсу пайда болған, соған байланысты ауруханаға жатқызған. Қарағанда:терісінде қөп қабыршақтар болған, басы аурады, айналады, жүргенде теңсетіліп жүреді, сүйеумен тұрады. Сынамаларды:саусақ-мұрын, тізе-өкше жасай алмайды. Парез бен паралич жоқ. Менингеальды симптомдары теріс. Анализ: ликвор-ақ уыз 1,2г\л, цитоз-7м\мм, мазокта лимфоциттер бар.

Сұрақ

1.Диагноз қойыңыз.

2.Диагнозды негіздеңіз.

 

Жауап

1.Жел шешек,орташа ауырлықта .

2. Терісінде қөп қабыршақтар болған, басы аурады, айналады, жүргенде теңсетіліп жүреді, сүйеумен тұрады.

 

 

Есеп №16

       7 жасар бала (салмағы 22 кг., бойы 120 см), 1 –сыныпта оқиды, жедел ауырған. Мұрынмен дем алуы қиындап, жөтеліп, басы ауырып оған сандырақ қосылған, жағдайы ауыр, дене температурасы 38,5,  соңғы 3 күн бойы жөтелі күшейіп, қызуы 37,1-37,3 болған. 4-күні кешке қарай бетінде бөртпелер пайда болды, мұрнынан кілегейлі бөлінділер бөлінеді. Ауруханаға түскенде бала селқос болған. Температурасы 39,5. Беті домбығып, қабақтары ісініп, жарыққа қарай алмай, көздері жасаурап тұр. Екі жақты коньюктивит. Дөрекі әрі құрғақ жөтел. Жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың кілегей қабатында жас мөлшерде, ашық түсте дақты энантема. Ұрттың кілегей қабатты гиперемиялы, араны да гиперемия. Бетінде дақты-папуллалы, құйылмалы бөртпелер. Өкпесінде құрғақ сырыл, жүрек тондары айқын. Қан анализінде Эр-3,6*1012/л, Нв-122г\л, түс көр -0,9, Лейк -4,2*109/л, Эози -2%, таяқшада яд - 1%, сегмент яд - 31%, лимф - 59%, Мон - 7%, ЭТЖ – 5мм/сағ.

       Жанұясында қызылшамен ауырмаған 4 жас 6 айлық және 15 жасар балалар бар.

1. Клиникалық диагнозды қойыңыз?

2. Аурудың болжамымен алдын-алуы.

3. Жанұясымен, мектептегі эпидемиялық іс-шара ұйымдастыру.

 

Жауабы:

1. Қызылша,ауыр дәрежелі, бөртпелі саты.

2. Қолайлы, 12- айда белсенді иммунизация. Мектепте балаларды реваксинация жасау.

3. Жанұяда 21 күн карантин, контакттағы балаларға қызылшаға қарсы гамма глобулин егу. Шұғыл СЭС-ке хабар беру. Сыныпта қарым-қатынаста болғандарды бақылау.

 

 

Есеп №17

7 жасар бала жедел ауырған, дене қызуы 37,4. Қарағанда аран доғасында әлсіз гиперемия, мұрыннан аздап кілегей бөлінеді, шүйде мен мойнының артында лимфа түйіндері ұлғайған. Арқасында, бөксесінде, аяқ-қолдарының бүгіп жазатын жерлерінде ұсақ дақты бөртпе, жарыққа қарай алмайды,конъюктивит, тері түсі өз қалпында. Бөртпелер төгілмеген, қызғыш түсті. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары ырғақты, айқын, іші жұмсақ, бауыр қабырға қырында пальпацияланады. Қан анализінде: Лейк – 10,0х109/л, Эоз -4%, Лимф- 50%, Моно - 1%, плазмалық жасушалар - 2%, ЭТЖ – 8мм/сағ.

1. Болжам диагноз жасаңыз?

2. Қандай мәліметтерге сүйенен отырып диагноз қоясыз?

3. Қандай аурулармен салыстырмалы диагноз жасау керек?

 

Жауабы:

1. Қызылша.

2. Мойын, шүйде лимфа түйіндері ұлғайған. Ұсақ дақты бөртпе, мұрын жұтқыншақта әлсіз катаральді қабыну, гемограммада плазматикалық клеткалар.

3. Қызылша, АВИ, ЭВИ. Иерсиниоз, аллергиялық бөртпе.

 

 

Есеп №18

Балада қызылша, 1ші күн бөртпелер шыққан, бала-бақшада 2 күн алдын болған.

Сұрақ

1. Не істеу керек?

Жауап

1.Карантин 21 күн,қызылшамен ауырмаған және егілмеген балаларды қадағалау. 2.Қызылшамен ауырмаған және егілмеген балаларға қызылшаға егулер жасау.

3.Баланы жұқпалы ауруханаға немесе үйіне жіберу .

4.СЭСқа хабарлау.

 

 

Есеп №19

Нәресте 1жас 5айлық ЖРВИ диагнозымен жолдамасы бар.Қарағанда: аузының кілегей қабатында Филатов –Коплик дақтары табылған.

Сұрақ

1.Диагноз қойыңыз.

2.Балаға қандай әрекет жасаймыз?

3.Қандай эпидемияға қарсы шаралар жасаймыз?

Жауап

1.Қызылша.

2.Боксқа жатқызу немесе үйіне жіберу керек.

3. Карантин 21 күн, СЭСқа хабарлаймыз .

 

Есеп №20    

       Т.Айгүл 7 жаста жедел ауырып, дене қызуы 40с-жоғарлап, қайталамалы құсулар болған, түнде ұйқысыздық, жағдайы ауыр, сандырақ байқалған. Ауруханаға түскенде Т-40,6с. Санасы бұлыңғыр, терісі көкшіл әсіресе дистальды бөліктерде және майда бөртпелер байқалады. Аранда шектелген гиперемия, еріні құрғақ, тілі ақ сары жабындымен жабылған, пульс минутына 140 рет жүрек тондары тұйықталған. АҚ-115\70 мсб, ішінің ауырсынуы байқалады. Клиникалық диагноз қойыңыз және қандай мәліметтерге сүйенен отырып диагноз қоясыз?

 

Жауабы:

1. Типті скарлатина, ауыр формасы.

2. Дене қызуы 40с-жоғарлап, қайталамалы құсулар болған, бұлыңғыр, терісі көкшіл әсіресе дистальды бөліктерде және майда бөртпелер байқалады. Аранда шектелген гиперемия, еріні құрғақ, тілі ақ сары жабындымен жабылған.

 

 

Есеп №21

Қабылдануға мектеп – интернатқа бала келген. Үйінде жәншаумен контакт болған. Жасы 10 да.

Сұрақ

1.Не істеу керек?

 

Жауап

1.Карантин 10 күн үйінде бастауыш сынып оқушыларына.

 

 

Есеп №22

       Науқас Жанар. Жасы 1,5. Ауруы жедел басталған: t0 37.8 C, мұрны бөліндімен бітелген, жөтел мазалаған. ОРВИ себебімен амбулаторлы ем қабылдаған. 5 күнге дейін t037,5 С болған, мойын аймағында ісіну байқалған. Нәресте инфекциялық стационарға госпитализацияланған. Преморбидті фоны асқынбаған. Түскен кездегі жалпы жағдайы орташа, салмағы 11,100, пульсі 125 минутына, тыныс алу жиілігі 28 рет/мин. Мұрнымен тыныс алуы қиын, бөлініс жоқ. Аңқада миндалиналары ісінген. Желке алды, арты лимфа түйіндері «шынжыр» тәрізді ұлғайған. Өкпесінде везикула тынысы. Жүрек үндері таза, ырғақты. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см. шығыңқы, көкбауыры 2 см.ұлғайған. Үлкен, кіші дәреті өзгермеген.

       Қан анализі : Эрит – 3,5х1012л, 120г/л, түс көрс. 0,9, лейкоцит 20х109л, Э - 1%, п – 2 %, Л - 53%, М - 10%, стрепток.монокулеар - 17%.

1. Клиникалық диагнозын қалыптастырыңыз?

2. Қандай негіздерге сүйеніп диагноз қойдыңыз?

 

Жауабы:

1. Инфекциялық мононуклеоз, орта ауырлықты дәрежесі.

2. Қызба, мойын лимфадениті, гепатолиенальді синдром, гемограммада атипті мононуклеарлар.

 

 

Есеп №23.

Аруна 7 айлық. Үйінде әкесі мен шешесі тұмаумен ауырған. Ал нәрестеде тәбетінің төмендеуімен басталған, лоқсыған, аздап құсқан, мазасызданған, ұйқысы бұзылған, мұрны бітелген.Т-37,2. Қарағанда: терісі боз, мұрнының кілегей қабаты ісінген, тамағы қызарған. Өкпесінде- қатан тыныс, құрғақ сырылдар естіліді.

 Сұрақ

1.Диагноз қойыңыз.

2. Қандай зерттеулер жүргізіледі?

3.Емі.

 

Жауап

1.Тұмау , катаральды түрі.

2.Вирусалогиялық және серологиялық.

3. Көп су ішу.Витамин С, инголяция, мұрнына интерферон тамызу, бөлмені желдету, тазартып тұру. 

 

 

Есеп № 24

 Бала-бақшада дені сау 7 жасар балада мұрынынан бактериалды зерттеуде менингококк тапқан.

Сұрақ

1.Дәрігер балаға қандай шаралар қолданады?

 

Жауап

1.Баланы үйінде бөлек ұстау.Санация жасау (ампициллин 100мың ЕД\кг ішке 4рет, 4күн.)

2. 7 күн бақылау. 1ші бак. тазалығында бала-бақшаға жіберуге болады.                                                                                                                                             

 

 

Есеп №25

       Бала 7 жаста, бала-бақшада жедел түрде басының ауыруы, температурасы 38,50С жоғарлауына, құсуға шағымданады. Қараған кезде: Менингиальді симптомдар оң мәнді, терісінде гемаррагиялық бөртпелер байқалады.

1. Клиникалық диагноз қойыңыз?

2. Науқасқа алғашқы көмек көрсетіңіз?

3. Инфекция ошағында қандай іс-шаралар жүргізу керек?

 

Жауабы:

1. Менингакоккты инфекция, жайылмалы формасы, менингит, менингококсемия

2. Тез арада госпитализация

3. Дезинфекция, 7 күнге дейін оқшаулау керек.

 

           

Есеп №26

Б.Ғалымжан 6,5 жаста 10 күн алдын құрғақ жөтел болған, жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы болмаған, жөтел тұрақты 4 аптаға дейін сақталған, туылғаннан көптеген жемістерге және дәрілерге аллергиясы болған, себебі егулер алмаған, жалпы жағдайы қанағаттанарлықта.Аранда айқын гиперемия, өкпені тыңдағанда құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары өзгеріссіз айқын ритмді, іші жұмсақ пальпацияда ауырсынбайды. Нәжіс, зәр шығаруы өзгеріссіз. Бала айдың аяғында көкжетел болған, бала-бақшаға барады.

1. Алғашқы болжам диагнозыңыз.

2. Қандай қорытынды тексерулер жүргізіледі.

3. Емдеу жоспары.

 

Жауабы:

1. Көкжөтел, жеңіл форма.

2. Жалпы қан анализ, өкпені шолу рентгенограмасы, мұрын, жұтқыншақ шырышынан Борде-Жаньшу таяқшасына бакпасив, сералогиялық зерттеу.

3. Таза ауаға жиі шығу, поливитаминдер (1 др х3 рет), келиверин 0,5т х 3 рет. Қақырық түсіруші микстура 1 дисертті қасықа күніне 3 рет.

 

 

Есеп №27

Мұхит бала-бақшаға барады , көк жөтелмен ауырды. Үйінде екі бала бар –1 айлық және 14 жасар.

Сұрақ

1.Сіздің эпидемияға қарсы шараларыңыз.

Жауап

1.Ауру баланы ауруханаға жатқызу.

2.Контакты егу алмағандарға иммуноглобулин еңгізу.

3.14күн балаларды бақылау.

4.Бөлменің ауасын тазартып тұру. 

 

 

Есеп №28

Нышанкүл 7 айлық. Салмағы 5400 г. Ауруханаға дене қызуы көтерілгеннен кейін түскен, температурасы 37,8-ден түспейді, жөтеледі. Ауруханаға осы уақытқа дейін 3-4 рет жатқан пневманиямен. Нәресте 4-ші жүктіліктен 4-ші туылғаннан. Туылған кезіндегі салмағы 3400г. «Д» есепте жұмсақ және қатты таңдайының жетіспеушілігімен және қоян ерін жырығымен тұрады. Гипотрофия ІІ-ІІІ дәреже. ИФА-да цитомигаловирусты инфекция оң.

 

1. Емін тағайындаңыз.

2. Диагноз қойыңыз

 

Жауабы:

1. Вирусқа қарсы ем.

2. Асқынуға қарсы ем

3. Хирургиялық ем

4. Цитомегаловирусты инфекция.

 

Есеп №29

       Маржан 6 айлық. Салмағы – 3800г. Бойы 54 см. Туылған кезіндегі салмағы 3400, бойы 50 см. Ауруханаға дене қызуының көтерілуімен жөтелмен түскен. Салмақты жасына байланысты қоспаған, гипотрофия Ш дәрежелі.ИФА-да цитомигаловирусты инфекция оң.

1. Диагнозын қойыңыз.

2. Емін тағайындаңыз.

 

Жауабы:

1. Цитомегаловирусты инфекция.

2. Вирусқа қарсы ем.

3. Асқынуға қарсы ем

4. Диетатерапия

                              

 Жауабы: Цитомегаловирусты инфекция. 

 

 

Есеп №30

       8 жасар бала жедел ауырған, қызуы – 39С. Басы ауырады, 2 рет құсқан. Жағдайы орташа ауырлықта. Ауруханаға түскенде оң және сол құлақ маңында ісіну және ауырсыну болған. Менингиальды симптомдар оң мәнді.

1. Диагноз қойыңыз?

2. Лабораториялық зерттеулерді тізім беріңіз?

 

Жауабы:

1. Паротитті инфекция, орташа ауырлықта, қосарланған форма. Паротит. Менингит.

2. Қанның жалпы анализі. Ликворограмма.

 

 


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 681; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!