Секреторлы диарея. Холера. Этиология. Эпидемиология.



Холера (тырысқақ) — Тырысқақ ерекше өзіндік гастроэнтеритпен немесе энтеритпен, жалпы интоксикациямен, су-түз алмасуының бұзылыстарымен организмнің сусызданып, жүрек қан-тамырлар қызметінің қарқынды төмендеуімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.Басқа ЖІИ-дан ағымының ауырлығымен, өлімнің жоғарлығымен, қысқа мерзім ішінде кең аймақтағы тұрғындардың үлкен континентін залалдау қасиетімен ерекшеленеді.Осы ерекшеліктеріне қарай тырысқақгы аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.Әлемде тырысқақтың 7 пандемиясы белгілі. Бұрынғы ЕСЕР территориясында Эль-Тор тырысқағы 1968 жылы Қарақалпақстан мен Өзбекстанның Хорезм облысына, ал 1970 жылы Одесса, Астрахань, Керчке енген болатын.

Этиологиясы. Ауру вибрионның екі түрімен шақырылады: Vіbгіо сһоlеrае және Vіbгіо еltоr. Біріншісін 1884 жылы Р.Кох ашқан, екіншісі Ғ.Gоtsсһlісһ Эль-Тор-да табылған. Марфологиялық қасиеттеріне қарай Эль-Тор биовары классикалық түрінен ерекшелігі жоқ. Екі қоздырғышта грамша теріс, орталарда жақсы өседі.Тырысқақ вибриондары экзотоксин (холероген) түзеді, бастапқы синдромда диареяны пайда болдырады.Қоздырғыш қыздырғанда және залалсыздандырушы ерітінділердің әсеріне сезімтал, төмен температураларда өмір сүру қабілеті 1-2 айға сақталады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибри-отасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық кдтынас жолдарымен тарайды.

27.Инвазиялық диарея. Дизентерия. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.

Д и з е н т е р и я- дизентерия таяқшаларымен (шигеллалар) шақырылатын, тоқ ішектің зақымдануымен, интоксикация және колиттік симптомдармен сипатталатын жұқпалы ішек ауруы.Дизентерия барлық жастағы балаларда кездеседі. Қоздырғыштардың бүгінгі күнге 50-ден астам серотиптері белгілі. Солардың ішінде көбірек байқалатын түрлері: Григорьев-Шиг, Флекснер, Штутцер-Шмидт, Зонне қоздырғыштары. Дизентерия қоздырғыштары ылғалды, жылы, қараңғы жерлерде ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Оларға тікелей күн сәулелері, қыздыру, кептіру және дезинфекциялаушы ерітінділер әсер етеді.

Эпидемиоологиясы.Аурудың көзі науқас адам және қоздырғыш тасымалдаушылар болып табылады.әсіресе, аурудың дағдылы емес және жасырын түрлерімен науқастанған балалар айналасындағыларға мейлінше қауіпті. Аурудың жұғу жолдары- жанасымдық тұрмыстық жол- күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, тамақ өнімдері мен су арқылы және «кір қолдар» арқылы өтеді. Бала ауырып жазылғаннан кейін қалатын иммунитет тұрақсыз, дизентерия қоздырғышының басқа түрі жұққан жағдайда қайталап ауруы мүмкін.

28.Инвазиялық диарея. Сальмонеллез. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.

Балалар жасындағы инфекциялық аурулардың ішіндегі жедел респираторлы вирусты аурулардан кейінгі, ең кең таралғаны бұл жедел ішек инфекциясы.

Қазіргі танда бұл бактериалды инфекцияның таралуы тұрақталғанмен, әліде жоғары.

Ағымы әр түрлі — жасырын субклиникалықтан манифесті түріне дейін, жергілікті немесе аурудың жайылмалы түріне дейін.

Этиологиясы. Сальмонеллез (С) —полиэтологиялық ішек инфекциясы, себебі бактериялардың — сальмонеллалардың кең тобымен (2000-ға жақын серотиптері бар) шақырылады. Сонымен қатар С клиникалық көріністері сальмонелланың қай типімен шақырылуына байланысты емес сондықтан оларды этиологиялық вариантын анықтамай-ақ біртұтас терминмен "С" деп айтады.Қазақстандағы сальмонеллездің патогенезін, клиникасын, емін Т.И. Дмитровская (1971) зерттеген.Қазақстан териториясында "С" әр түрлі серотиптерінің ондаған түрлері тіркелген S.Typhy murium (тышқандар сүзегінің қоздырғышы), S. Cholerae suis киіз, S.heidellerg. S newport, S.enteritialis тағы басқалары.

Балаларда сальмонеллездің жиі қоздырғышы сальмонелла тифимуриум. Басым жағдайда сальмонелла серотипі табылған жердің географиялық атымен аталады. S. typhi, S. раrаtурһі А, S. раrаtурһі В дан басқа барлық сальмонеллалар потәнциалды биопатогелді болады, яғни тек қана адам организмінде ғана емес, жануарларда да паразиттән алады. Осыған сәйкес "С" іш сүзегі мен паротиптерге қарағанда антропоноз ғана емес, сондай-ақ антропонозооноз бо-лып табылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция резервуарына ауыл шаруашылық жануарлары жатады: сиыр, шошқа, үйректер, т.б. Негізгі берілу жолдары — залалданған жануарлар тектес өнімдер, жиі ет және етті өнімдер (фарш, құстар, жұмыртқа, жұмыртқалық ұнтақ, балық, сүт тағамдары т.б).Тағамдарды бөлме температурасында сақтағанда 5-6 сағаттан кейін сальмонеллалардың ауру тудыра алатын мөлшері жиналады.Залалдану көзі терең тексеру негізінде табылады.Ол кезде тағамның сақталу мерзімі, оның органикалық сипатамасы, сақтау жағдайы, қабылдау мерзімі, осы тағамды қабылдаған адамдардың бір уақытта ауыру сияқты жағдайлар анықталады.Тағамдық анамиезді тағамдық сан.инспекцияның қатысуымен жүргізілген эпидемиолгиялық зерттеу толықгырады. Бұндай зертгеуді топтасқан "С" кезінде шұғыл түрде жүргізіледі яғни егер бір түрлі бактериалды ластанған тағамды қабылдаған, бір топ адамдардың ауруы кездессе.Топтасқан "С"-мен қатар "спорадикалық" "С" деп аталатын, Науқастардың топтаспай ауырмай, жеке біреулердің ауырғаны да тіркеледі. Кейде бұл жағдайларды зерттегенде бір бактериалды ластанған тағамды бірнеше адам қабыддағаны және тек қана біреудің Науқастанғаны анықталады. Бұл, әрине, белгілі бір жағдайларда қабылданған тамақтың мөлшерінің әртүрлі болуына, сондай-ақ анамнездік мәліметтердің дұрыс емес болуына да байланысты.

29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.

Полиомиелит – жұлын миының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларының зақымдалуынан парез және салданудың дамуымен көрінетін манафесті форма, вирустың этиологиясы – жедел жұқпалы аурулар.Қоздырғыш – пиконавирус туысының энтеровирус түріне жататын полиомиелит вирусы. Полиомиелит вирусының мөлшері аз, РНҚ құрамына ие. Қоздырғыш үш антигенді типпен көрсетілген. 1-ші типті вирус ең қауіпті болып саналады. Қоздырғыш қайнатқанда, УФО, формальдегидпен өңдегенде тез жойылады, біраз мұздатқанда көптеген айлар бойы сақталады.

Полиомиелитті көбіне өмірінің алғашқы 4 жылындағы балалар қабылдайды. Инфекция көзі –науқас адам немесе нәжіс массасымен немесе кеңірдегі арқылы вирус бөлінетін тасымалдаушы. Кеңірдекте вирус 1-2 аптадан көп болмайды. Фекальмен вирустың бөлінуі бірнеше аптаға дейін, кейде бірнеше айға дейін созылады. Негізгі зақымдалу жолы – аурудың бірінші тәулігінде фекальды-оральды немесе тасымалдаушылық ауа-тамшылы. Әлсіз климатты мемлекеттерде жазда, күздің бастапқы айында тіркейді, оңтүстік елдерде-жыл бойы. Паралитикалық және паралитикалық емес формаларымен науқастың қатынасы 1:200 құрайды.

30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

Менингококкты инфекция – ауалы-тамшылы жолмен таралатын жедел инфекциялық ауру. Менингококкпен шақырылады және мұрын-жұтқыншақтың шырыш қабатын зақымдайды, сонымен қатар арнайы септицемияның жайылған түрінде және бас ми қабығының қабынуымен көрінеді.Менингококкты инфекцияның қоздырғышы- менингококкты (Neisseria menengitidis) – грам теріс, диплококк, кофенің дақылы тәрізді формада. Жасушаның ішінде және сыртында орналасады, спора түзбейді, жгут жоқ, аэроб. Серологиялық бір текті емес 11 серотоп қоздырғышы эпидемиологялық дүмпу кезінде жиі А және В топты менингококк болады, спородикалық ауруларда – С тобы. Жасушалық қабырғасын термолабильді компонетті құрайды, табиғаты липополисохаридті, яғни менингококкты токсикалық әсерімен көрінеді. Сыртқы ортада менингококк тұрақсыз, қайтқанда сол мезетте өледі, дезинфекциялық ерітінділерде бірнеше сағат ішінде өледі.

Көбінесе балалар ауырады (80%), жиі 5 жасқа дейінгі балалар. Менингококк инфециялық жоғарғы тыныс жолдары және мұрын-жұтқыншағының секретінің жұқтыруы арқылы беріледі. Инфекцияның көзі – науқас және бактерия тасымалдаушы. Инфекциялық берілу жолы - ауалы-тамшылы. Контагиоздық индексі -10-15%. Ауру шыңы -0,5%, бұл қоздырғыштың қоршаған ортаға тұрақсыздығын білдіреді. Тасымалдаушылық бірнеше аптаға созылады. Инфекциялық ошақтарда тасымалдаушылықтың таралуы 10-80%.

 

 

2 – денгей


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 936; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!