Жедел вирусты В гепатиті. Клиникасы. Жіктелуі. Диагностикасы . алдын алу шаралары. Болжамы.



ВВГ-ның жіктелуі тап АВГ жіктелуіндегідей, типі, ауырлығы, ағымы бойынша. Ауырлығында қосымша қатерлі түрлері қосылады, ағымда созылмалы түрі қосылады.

Инкубациялык кезен ВВГ 60 күннен 180 күнге дейін, орташа есеппен 2-3 ай, 30-45 күнге дейін қысқаруы мүмкін, кейде 225 күнге созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы инфицирлеуші дозаға және аурудың жасына байланысты. Қысқа инкубациялық кезең массивті инфицирленгенде (қан құйылғанда) және 1-2 айлық балаларда кездеседі. Инкубациялық кезеңнің соңында қанда бауыр — клеткалы ферменттер мен ВВГ маркерлері (НbsАg, НbeАg, анти НbcАg -ІgМ) анықталады. Бастапқы (сарғаю алды) кезең, аурудың біртіндеп басталуы.

Дене қызуы әрдайым анықтама бермейді және аурудың бастапқы кезінде емес.

Ерте улану белгілері анықталады: енжарлық, әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі. Сирек жағдайларда — лоқсу, құсу, бас айналу, ұйқышылдық. Жиі диспепсиялық өзгерістер: метеәризм, іш өту, іштің ауруы, зәрдің түсінің өзгеруі және үлкен дәрет түсінің өзгеруі, бауырдың ұлғаюы. Улану белгілері бастапқы, немесе сарғаю алдындағы кезеңде сақталынады. Бұлшық ет буын аурулары балада сирек кездеседі, жиірек ересектерде. Аздап дене бөртпелері анықталауы мүмкін.

Барлық ауруларда бастапкы кезеңде аурудың 2-6 күнінен бастап бауырдың ұлғаюы, тығыздалуы және бастапқыда ауру сезімінің болуы анықталады. Бірен-саран ауруда көк бауыр үлкеюі мүмкін.

Сарғаю кезеңі. Сарғаю пайда болудан 1-2 күн алдында зәр және нәжіс түсі өзгереді. Көп ауруларда сарғаю пайда болғаннан соң улану белгілері өрши бастайды. Сарғаю біртіндеп, 5-6 күн бойы артады кейде екі және оданда көп апта бойы. Сарғаюдың айқындылық дәрежесі аурудың ауырлығына және холестаз синдромының дамуына байланысты. ВВГ сарғаю 5-10 күн ішінде деңгейіне жетіп ары қарай кері дами бастайды.

Қатерлі түрінің клиникалық белгілері әрқилы және ол бауыр некрозының көлеміне, олардың даму темпіне байланысты.

Патологиялық процесстің кезеңдері.

1. Бастапқы кезең

2. Бауырдың массивті некрозы кезеңі, прекома жағдайына сай келеді.

З. Бауыр функцияларының өрши дамыған кома I және кома II -сәйкес.

Диагностикасы: ВВГ клиник-лабораториялық мәліметтерге сүйене қойылады. Клиникалық белгілерден: аурудың біртіндеп басталуы, қалыпты немесе субфебрилді дене қызуымен, астәнизация симптомдары басым болады (әлсіздік, енжар, бұлшық еттердің немесе буындардың ауруы, бөртпелердің шығуы), сарғаю пайда болғаннан кейін жағдайының жақсармауы, керісінше нашарлауы тән. Тіректі диагностикалық белгілерге жататын белгілер: гепатолиенальды синдром, сарғаюдың өршуі, эпидемиологиялық мәлмсттердің көмектесетін жайлар: операциялардың болуы, гемотрансфузия, иньекциялар алу, ауру басталғанға дейінгі 3-6 ай алдыңғы уақытга, сонымен қатар созылмалы В вирусы гепатит ауруымен ауыратын шешесі НВ-вирус тасымалдаушыларымен тығыз қатынаста болуы.

Биохимиялық көрсеткіштерден тән өзгерістер - қалыпты немесе аздап жоғарлаған тимол сынамасы.

Спецификалық лабораториялық әдістер.

Оған қанда антигендердің табылуы ВГВ: НЬsАg, НЬеАg, анти НЬсАg Іg М және оларға қарсы антиген анти НЬs, анти НЬе.

Алдын-алу шаралары.

ВВГ алдын-алудағы шаралар: инфекция көздерін анықтау, табиғи және жасанды жұғу жолдарын тежеу, қауіпті топтарда арнайы алдын-алу шараларын жүргізу.

Қаупті топтарды (яғни гемотрансфузия алған ауруларды, гемобластозбен аурулар, қан құю, алу орталықгарын қатынайтын адамдарды, дәрігер-стомотологгарды, аурумен тығыз катынаста болған және жабық балалар мекемелеріңцегі балаларды) ВВГ маркерларына тексеріп отыру керек. Донорлар тиянақты тексерістен өтуі қажет. Нәресте ауырмауы үшін барлық жүкті әйелдер НЬsАg екі рет тексеріледі (әйедді есепке алғаннан кейін — 18 аптада, декретті демалысқа шыққанда — 3 аптада. Жүкті әйел аурулардан және НВ-тасымалдаушылардан аурудың жұғуын алдын-алу үшін олар ауруханаға жатқызылады.

Арнайы бір рет қолданылатын шприцтер, инелер, зондттар, катетрлар, жүйелер қолданулары қажет.

АИТВ. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. Болжамы.

АИТВ инфекциясы – адамның иммунды тапшылықты вируспен шақырылатын және созылмалы дамымалы ағымда иммунды жүйені зақымдаумен және полиморфты клиникалық көрініспен сипатталатын, екіншілік инфекцияның және ісік тәрізді үдерістің дамуымен байланысты, науқастың өліміне әкелетін ауру.

Жіктелуі:

· Инкубациялық кезеңі.

· Біріншілік көріну кезең.

· Екіншілік аурулар кезеңі.

· Аурудың ағым фазасы.

· Терминалды кезең.

Клиникалық көрініс: балаларда полиморфты және кең спектрлі асқынуымен, иммунды жүйенің қызметінің бұзылуы және көрінуімен сипатталады.

Ауру ағымының дәрежесі баланың ағзасына вирустың енуі мен жұқтырған уақытына байланысты.

АИТВ инфекциясының диагностикасында негізгі зертханалық әдіс – ИФА-ның көмегімен бөгде денені анықтау. Жұқтырғандардың көпшілігінде жұққаннан кейін бөгде денені анықтау. Жұқтырғандардың көпшілігінде жұққаннан кейін бөгде дене 3 айдан кейін, кейде одан да кеш анықталуы мүмкін. Анализдің нәтижесі оң болғанда зертханада екі рет жүргізеді.АИТВ инфекиясын толықтай зерттеу үшін ПЦР-ді қолданады.АИТВ инфекциясының кезеңін анықтау үшін барлық жалпы лимфоцит санын, Т-хелперлерді, Т-супрессор және 1,8-2,3 құрайтын сау адамдарда CD4+/CD8+ - қатынастары керек. АИТВ инфекциясының болжамын бағалау және дәрежесін анықтауда вирусты жүктемеге көп мағына береді, сонымен қатар нәруыз р24, АИТВ виремия, вирус типін және т.б. – инфекция маркерін анықтау. 

Алдын алу

Арнайы алдын алу құралдары жоқ. Барлық алдын алу шаралары берілу жолдарын үзуге негізделген. Осы мақсатпен ең алдымен, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді жыныстық сауаттылық негіздеріне оқыту жүргізіледі. Қоздырғыштың парентералды берілу жолының алдын алу үшін міндетті түрде донордың қанын,оның препараттарын, донордың мүшелерін тексереді, медициналық аспаптардың өңдеуін бақылайды, бір реттік медициналық құралдарды қолданады.

АИТВ-ның тік берілуінің алдын алу – АИТВ-ның жүктілік кезінде, босану кезінде немесе емшек емізгенде жұқтырған әйелден ұрыққа немесе балаға берілуінің алдын алу шараларының кешені. Барлық жүкті әйелдерді екі рет тексереді: бірінші қаралуға келгенде және жүктіліктің 34-36 апталығында.

Болжамы:

АИТВ инфекциясының ағымы кезеңділік: бір кезеңнен екінші кезеңге өту әр түрлі жылдамдықта болады, қайтар жолы жоқ. Ауру ұзақтығы кейбір жағдайларда 10 жылдан және одан да көп уақытты құрайды, бірақ өлімнен ешкім құтылмайды. АИТВ инфекцияның аса жедел және екпінді өтуін балаларда бақылайды.

 


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 332; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!